ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

А.Қ. Абдилданова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі
мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму
тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да
қатты алаңдататыны анық. Жемқорлық дегеніміз не, онымен күресу қағидалары
дегенде жемқорлық, сыбайлас-жемқорлық ұғымға мән берген жөн.
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық
жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес
қарастырылады. Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және
оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және
әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады. Жемқорлық құқық бұзушылықты
хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға
мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы
ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға
Қазақстан Республикасының Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда,
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат
салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сыбайлас-жемқорлық
деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны параға сатып алу, пара
ретінде, corruptio деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Рим құқығында сондай-ақ corrumpire түсінік болған, ол жалпы сөзбен
айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу
деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің
түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды
адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР
Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей
анықтама береді. Ол: ...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-
ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің
лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз
құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен
қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ
жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға
заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу. Қазақстан сыбайлас
жемқорлықтың әлеуметтік- экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру,
инвестициялар тарту процесін баяулататынын және демократиялық мемлекеттің
саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігін, елдің даму
болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін сезінеді.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін
әзірлеуде алдыңғы қатарлы орын алады. 1998 жылғы 2 шілдеде Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР Заңы қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңын,
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N
903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының
10.25-тармағын іске асыруға бағытталған. Еңбек пен қаржы ресурстарының
теңгерімділігі және іс-шаралардың қосарлас жүргізілуін болдырмау мақсатында
осы Бағдарлама Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың ауқымын
қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 -
2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасында
2005 - 2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы күрес бағдарламаларымен үйлестірілген. Сыбайлас жемқорлық
мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда
демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық
беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның
демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген
сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың
стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала
іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен
қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын
қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды;
сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік
қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді;
азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас
жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді
көздейді. Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын
құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі
таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және
конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты
бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-
жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан
құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия -
Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды
құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005
жылғы 23 желтоқсандағы N 1686 Жарлығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты
мақсаты мен міндеттері мемлекеттік органдардың және азаматтық   қоғам
институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам
өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету,
азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
нысандарын, әдістерін және құралдарын оңтайландыру; азаматтық қоғам
құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және
жандандыру. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы
14 сәуірдегі N 1550 Жарлығына сәйкес қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік
құқықтық актілерге оларда сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жағдай жасайтын
нормалардың болуы мәніне тексеріс жүргізілді. Тексеріс 1991-2004 жылдар
аралығында қабылданған және әділет органдарында тіркелген 5126 заңға
тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қамтыды. Тексеріс барысында сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай жасайтын нормалары бар немесе
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін 230
нормативтік құқықтық акт, оның ішінде Үкіметтің 35 қаулысы, 41 ведомстволық
бұйрық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
Өндіріс орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Саяси сыбайлас жемқорлық
Пәндер