ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚАТЕРЛІ ІНДЕТ


ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚАТЕРЛІ ІНДЕТ
Ы. Қ. Азимханов
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Елбасы осыдан он шақты жыл бұрын-ақ «Сыбайлас жемқорлық - қай мемлекет үшін де өте зиянды, саяси, экономикалық реформалардың аяққа тұрып кетуіне кедергі жасайды, әлеуметтік жағдайды әлсіретеді»-деп сыбайлас жемқорлықтың ауыр кесапаты туралы ашып айтқан еді. ТМД елдері бойынша ең алғаш сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдаған біз екеніміз әрине, мақтаныш, бірақ бұл алпыс екі айлалы, араны апандай әбжыланды турап кескілеп арамыздан лақтырып тастауға әлі әлемде қауқарлы күш табылмай тұр.
Жалпы бұл індет - адам баласы жаратылғаннан бері пенделік тойымсыз ашкөздіктің үлкен элементі ретінде қоғам дамуымен бірге әртүрлі айла-шартпен қабаттасып келеді. Әлемді кез келген мемлекет бұл індетпен өз шама шарқынша күресіп жатыр. Қоғамның, мемлекеттің, ұлттың, жалпы адамзат өркениетінің ізгілікті жолымен дамуына ең басты кедергінің бірі ретінде қазір осы кесапат аталады.
Кезінде Ұлыбританияның бойтұмарына айналған «Темір леди» Маргарет Тэтчер ханым «Бәрінен де мені Сыбайлас жемқорлық қатты алаңдатады. Бұл қарапайым бұқара халықтың елге, Үкіметке деген сенімін аяқ асты етеді. Демек, ол - өте қауіпті» деген екен. Халық сенімімен ойнау - құрдымға апаратын жол. Әсіресе әлем халқы жетпіс жылдан соң қайталанып жатқан бүкіл дүниежүзілік қаржы дағдарысы кезінде Тэтчер сөзін жиі тілге алатын болды.
Жасыратыны жоқ, Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық Үкімет кеңселерінде де ауыз сала бастады. Жаңа капиталистік қоғам құру кезеңінде «қолдан жасалған» қазан буржуйлары араласты. Осыған байланысты «Нұр Отан» ымырасыз күреске шақырып жатыр. Парламентте де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дау қабылданды. Осының нәтижесінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында елімізде жемқорлыққа батқан салалардың алғашқы орнында жер төлемін беру, ипотекалық жүйе салалары болып шықты.
Әрине бұл соңғы жылы құрылған экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес өзектігі жұмысының жемісі мықты ау тастағаннан кейін шабақтар мен қатар бүгілдері оған шортандар да ілігіп жатыр. Тіпті Солтүстік Қазақстанда осы агенттік бөлімінің басшысы да қылмысқа қатысы бар болып дүйім жұртшылық алдында масқара болды. Мәселеге өткен жылы 1581 жемқорлыққа жататын қылмыс жасалыныпты. Осы бойынша 520 адам түрмеге жабылып, 990 адам тәртіптік жазаға тартылды. Барлық деңгейдегі әкімдердің 69-ы жемқорлыққа бой ұрыпты. Қарап отырсақ, аз жұмыс жасалмаған, құлқынын ақша тескен талай лауазымды адамдар лайықты жазасын алған. Алайда жақын арада бұл жемқорлардың таусылар түрі байқалмайды. Қазір туысы келгенде бұл қылмыс мемлекетіміздің дамуына тұрақтылығына қатер төндіруде.
Неге бұлай? деген сауал туады. Мәселе осы сауалға келгенде үлкен бір проблеманың басы шығады. Ол - адамдардың бойында қалыптасып қалған «біреуге бірдеме бермей, ештеңе тудыра алмайсың» деген тоғышарлық жалған ойдан туған жаман пікір. Қазақтың «аяқ ұшынан жалғасу» әдетінен арылмасақ бұл кеселден арылу қиын. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана қолынан келмейді. Әрқайсының Отанға, заңға, адамгершілікке деген мәдениетімізге де тәуелді. Өткен жылы Астанада «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен жемқорлыққа қарсы форумда сөйлеген сөзінде Елбасымыз дәл осы проблемаға ерекше тоқталғандығы да осының айғағы болса керек. Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің жалпыұлттық жоспарын қабылдау қажет екендігін айта келе, халық саласын түбегейлі өзгертуді басты буын есебінде атап көрсетуі де сондықтан. Әрине, мемлекет басшысының саралап берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнаманы, мемлекеттік басқару қызметін жетілдіру, мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын жақсарту, жемқорлықтың қаржы-экономикалық салаға делдеп еніп кетуіне тосқауыл қою, мемлекеттік тексеру жүйесін бір ізге келтіру тәрізді басты бағыттардың орны бөлек екеніне сөз жоқ.
Заң кез келген тұлғаға ортақ тәртіп. Десек те, біздің ойымызша ұсақ-түйек жұмыстарды теріп, оған жемқорлық сипатын жапсыра салу, аудан, облыс деңгейіндегі орта буын басшыларына әлдебір қолдан жасалынған жәбірленушілер арқылы пара бергізіп, жоғары жаққа пәлен адам ұстанды деп ақпарат жөнелту жаттанды құбылысқа айналып кетпесе екен дейміз. Осыған орай жемқорлықтың желкесінен тежейтін, сөйтіп, қатып қалған тұжырым логикаға сілкініс тудыратындай пәрменді шаралардың жетерлік екендігі де белгілі. Соның ең тиімділісі де, қуаттысы да - жариялылық жемқорлар мен парақорлар жарықтан қорыққан жапалақша жариялылықтан қашанда жаны түршігеді. Мұны әрине, тек БАҚ-та ғана істейді.
Сыбайлас жемқорлықты сынып тастауға септігін тигізетін тағы да бір жол - қолында билігі бар жандардың барлығын да өз табысты жария етуге мәжбүрлеу. Олар тапқан табысын жұрттан жасырмау қандай да сатып алған дүниесін қайдан келгені ашық түрде дәлелдеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz