Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субьектілері


ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
А. О. Ағымбай
И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Елімізде жемқорлыққа қарсы күрестің жарияланғанына да біраз жылдардың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығындағы атқарылған жұмыстарды ақыл таразысына салып өлшесеңіз желпіндіретін жетістік те аз емес, тасада қалып отырған кемшілік те жетерліктей екен. Ең бастысы, заң шыққанға дейін қу дүниені көрсе көзі тұнып, жалаңдаған аш нәпсінің дегеніне көніп жүре беретін шенеуніктердің алды тойымсыздықтың торға түсіретінін ұғынып, тәубеге келе бастады. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс болып ҚР ҚК 176 баптың үшінші бөлімінің г) тармағы; 193 баптың үшінші бөлімінің а) тармағы; 209, 307 баптың үшінші бөлімінің а) тармағы; 308, 310-315 баптардың төртінші бөлімінің в) тармағы, 380 бап қарастырған қылмыстар мойындалады. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы сыбайлас-жемқорлық және басқа қылмыстар ҚР ҚК 13 тарауында болады. Сыбайлас-жемқорлық қылмыстар, әлеуметтік-құқықтық іс болып, қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады. Мұндай қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға әрекет және қоғамның мүшелеріне саяси, материалдық және басқа зиян келтіреді. Соңғы үш жылда сыбайлас-жемқорлық қылмыстардың өсуі байқалды. Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілеттелген адамдарға және оларға теңелген адамдарға қатысты қылмыстық істер саны 23, 8% (922-ден 1141-ге дейін) . ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, сыбайлас-жемқорлық қылмысқа жататын қылмыстың жеке түрлері арасында пара алу фактілері 8, 3%(302-ден 327-ге дейін) бөтен мүлікті иемдену немесе шығындану -33, 3%(99-дан 132-ге дейін) билікті және лауазымды құзіретті асыра пайдалану -5, 3%(57-ден 60-қа дейін), қызмет бойынша әрекетсіздік- 2, 1(17-ден 36 ға дейін), қызметтік жалған іс- 27, 6% (453 тен 579-ге дейін) өсті. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық қылмыс негізінен сот арасында жіберілген (0-ден 22-ге дейін), ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында -79, 7%(59-дан 106-ға дейін) ; әділет -13, 6 (22-ден 25-ке дейін), Қорғаныс министрлігі-3, 5 рет (2-ден 7- ге дейін), селолық округтер мен аудан әкімдері 22, 9%(83-тен 102-ге дейін) . Пара алу негізінен бүкіл мемлекеттік органдарда кеңінен таралған жағдай болып қалуда. Сыбайлас-жемқорлыққа жақын тұратын мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету саласы, инвестициялық және жекешелендіру үрдістері, рұқсат беру және лицензиялау жүйелері, бюджеттік қаражат пен жерді бөлу, салық жинау, басшылық органдарға тағайындау және мемлекеттік қызметке орналасу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі. Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе; мұндай қылмыстардың субьектілері ретінде арнайы субьектілер шығады - жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс. Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субьектілері, ҚР Жоғары соттың 2007 жылғы 13 желтоқсанындағы «Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» № 8 нормативтік Қаулысына сай, мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдармен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзретін тікелей орындалу үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және маслихат депуттартары, соттар дәне барлық мемлекеттік қызметшілер жатады. «Сыбайлас -жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдары қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
-сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады.
-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгіленген тәртібі бойынша беріледі.
Өйтпесе жемқорлық дерті ауа жайылып, кез келген мекеменің жабағынан сығалай бастайды. Күрес әлі де жүріп жатыр, ол жуырақта күн тәртібінен түсе қоймайтын да секілді. Олай дейтініміз, құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы түзген статистикалық көрсеткіштеріне көз салсаңыз жемқорлық дерті жалынын сипаттық түгілі қайта жылдан жылға отқа май тамызғандай өршіп, қаулап бара жатқандай. Үстіміздегі жылдың алты айында бір ғана Алматы облысының аумағында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 4338 қылмыстық дерек тіркеліпті. Оның қомақты бөлігі ішкі істер органдарымен, 356-сы қаржы полициясымен, 71-і Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты құралдармен әшкереленіп, ашылған. Тіркеуге алынған қылмыстардың да сыр- сипаты мен мән-мағынасы егіз қойдай ұқсас. Шенеуніктің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан таражға салып, иелініп кетуі, кейбір ұлықтардың қызметтік өкілдерін асыра пайдалануы, пара алу және пара беру, парақорлыққа делдалдық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы, экономикалық контрабанда секілді бұрыннан жаттанды қылмыстардың салмағы әдеттегідей қалтылдаған таразы басын тарта түседі. Заңдық тұрғыдан қарасаңыз, имандылықтан ада, обал сауапқа жат бұл әрекеттерді қылмыс емес деп ешкім айта алмайды. Опырын жеу міндет емес, пайдакүнемдікпен өңештен өткізген он теңгенің өзі қылмыс. Осы қылмыстардың ішінде пара алғаны үшін Қылмыстық кодекстің 311-бабымен жауапқа тартылып, істі болғандардың қара құрасы тіптен көп. Парақорлықтың 3 дерегі ішкі істер органдары, 13-ін ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдары ашқан. Көбінесе тасада қалып кететін пара беру және парақорлыққа делдалдық жасау секілді қылмыстардың саны да жоғарыдағы көрсеткішпен қарайлас. Ал енді билік тізгінін ұстаған басшылардың кертіп жеп, кекірек атуына қолайлы мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы, экономикалық контрабанда секілді қылмыстардың ашылу пайызы көңіл көншітпейді. Әлде айналамыздағы әкім қала аралардың арасында мемлекет қаржысын жырымдап, өзгенің атындағы өзінің кәсіпорында құйтұртқы жолдармен асырып жіберетіндер аз емес. Қаржылық мәселесімен тығыз сабақтасып жататын нақ осындай қылмыстық әрекеттер пара алушылық пен пара берушілік төңірегіндегі аспандап тұрған көрсеткішпен неге әлдеқайда көп төмен. Қадағалау органы өкілдерінің өздері кәсіпкерлік, салық заңдылығы, мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттерін асыра пайдаланып, салық төлеуден жалтаруы секілді жемқорлық сипатындағы әрекеттерді әшкерелеп, аша беруге тістері бата бермейтіндігі ашып айтады. Мәселен осы алты ай бойы 2 судья мен 1 аудан әкімі орынбасарының, 10 ішкі істер органы қызметкерінің, 4 салық қызметкерінің, 3 кеден, 8 әділет басқармасының, 10 пара беру және парақорлыққа делдалдық жасау секілді әрекеттерге барған тұлғалардың үстерінен қылмыстық іс қозғалған. Айып тағылды деген аты болмаса кінәлі деп табылған кейбір тұлғаларға қатысты тергеу амалдары әлі күнге жалғасуда. Үстіміздегі жылдың 27 наурызы күні сыбайлас басқармасымен алакөл ауданы әкімі орынбасары О. Нұғымовтың үстінен Қылмыстық кодекстің 307-бабы 3- бөлігімен іс қозғалған. Алдын ала жүргізілген тергеу амалдары барысында анықталғандай, аудан шенеунігі 2007-2008 жылдар аралықта бел бүгіп, бейнет сіңірмесе де 113, 643 теңге көлемінде айлық алған, әсіресе тағылып отырған айыптың соңына кесімді нүкте қойылмағаннан кейін оның түпкі нәтижесі туралы кесіп, пішіп, пәлендей пікір айту да қиын шығар. Десе де істің шала зерттелді деген ұйғарыммен қайта тергеуге жіберілуінің өзі талай күмәнді ойға жетелейтіндей. Ал есесіне 281 928 теңгені жымқырған Іле ауданы № 2 Екпінті орта мектебінің директоры Т. Жылысова айыпты деп табылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталған. Тек белгіленген жазаның орындалуы оның баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырған. Шынын айту керек, жемқорлық сипатындағы қылмыстар көрсеткішінің деңгейі тым жоғары болғанымен нағыз жемқорлықтың маңдайына жел тимей жүргендігін Елбасымыздың өзі де талай рет қадап айтақанымен одан әзірге айтарлықтай нәтиже шыққан жоқ. Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне жүгінсек, торға түскен әкімдер мен алпауыт шенеуніктердің арасында көздері жылтырап, абақтыда отырғандары некен саяқ. Тәжірибе көрсетіп отырғандай жемқор ұрлықтың қылмысы тергеу амалдары арысында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz