ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ФАКТОРЛАРЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ФАКТОРЛАРЫ

Ө.Ә. Теңізбаев, Г.Н. Нұрланова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Жемқорлық дегеніміз бұл – қызметтік тұлғаның берілген қызметті өз
мүддесіне сай заңға қайшы пайдалануы [1].
Жемқорлықтың өзіне тән белгісі – ол қызмет адамы мен жұмыс берушінің іс-
әрекеттеріндегі қайшылық немесе сайланған тұлға мен қоғам мүддесі
арасындағы қайшылық (қақтығыс). Жемқорлықтың көптеген түрлері қызметтегі
адамның мемлекетке қарсы қылмыстар категориясына жататын алаяқтық
жасауынан келіп шығады.
Қарамағына кірмейтін ресурстарды өз мүддесіне сай таратып беру
мүмкіндігіне ие, қолында билігі бар кез келген адам жемқорлыққа тап болуы
мүмкін.
Макроэкономикалық және политэкономикалық зерттеулерге қарағанда,
жемқорлық экономикалық өсу мен дамуға және қоғамдағы жаңа өзгерістердің
орын алуына үлкен кедергі келтіреді, тіпті мемлекеттің ұлттық
қауіпсіздігіне де нұсқан келтіреді. Ал бұл Қазақстан секілді дамушы, жас
мемлекеттерге тікелей қатысты мәселе. Сол себепті Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуының
басты кепілі бола алады деп баса көрсетілуі тегін емес [2].
Мемлекеттің қауіпсіздігі жөніндегі мәселе бүгінгі күнге дейін
саясаттанушылардың, экономистердің, заңгерлер мен тарихшылардың назарын
аударып келген өзекті мәселердің бірі болып табылады. БҰҰ-ның
классификациясы бойынша, мемлекетте адам қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін
жағдайлардың тізімі жасала отырып, ұлттық қауіпсіздіктің келесі салалары
анықталған: экономикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, жеке бастың
қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, саяси қауіпсіздік[3]. Қазақстанның
бүгінгі жағдайына қарай отырып, бұл тізімге ұлттық қауіпсіздіктің негізгі
қауіптерінің бірі болып табылатын жемқорлықты да жатқызуға болады.
Жемқорлықтың көптеген түрлері бар: пара алушылық, непотизм (кумовство),
фаворитизм, протекционизм, лоббизм, қоғамдық ресурстар мен фондтарды заңсыз
бөліп беру (тарату), қоғамдық ресурстарды заңсыз түрде өз пайдасына шешу,
заңсыз түрде меншіктеп алу (приватизация), саяси құрылымдарды (партиялар,
саяси қозғалыстар, бірлестіктер және т.б.) заңсыз қолдау мен қаржыландыру,
жеңілдетілген (льгота) несиелер мен тапсырыстарды заңсыз түрде беру, заңсыз
тендерлер өткізу, қандай да бір жеке байланыстарды қоғамдық ресурстарды,
кіріс көздерін, жеңілдіктерді иемдену үшін өз мақсатына сай заңсыз
пайдалану, туған-туыс, дос-жаран, тамыр-таныс және т.б. жақындарға заңсыз
қызмет көрсету.
Қазақстанда орын алып отырған жемқорлықтың аясына жоғарыда
аталғандардың барлығы кіреді.
Жемқорлық қоршаған әлем секілді ескі әрі ежелден қалыптасқан құбылыс.
Егер адамзат қоғамы қалыптасуының ең алғашқы сатыларында реципрокты
айырбас, яғни мен-саған, сен-маған принципі адамдар қауымының өмір
сүруінің экономикалық нормасы болса, онда жоғарыдағы жағдай мемлекеттің
пайда болуы, қалыптасуы және даму кезінен бастап өзгере бастаған. Өз
қолдарында шоғырланған артық өнімді тарату немесе бөліп беру құқығын
иемденген жоғарғы саты өкілдері, яғни билеушілер төменгі саты өкілдерінен
қатаң мөлшерленген жалақы есебінен күн көруді талап етті. Бұл, өз
кезегінде, төменгі сатыдағы шенеуніктердің де қызметтік міндеткерліктерінің
көлемін ұлғайтпай-ақ, өз кірістеріне қосымша көздерді табу мүмкіндіктерін
іздеуге талпынысын тудырды.
Орталықтанған билік әлсіздік танытқан жерлерде, өз қызмет дәрежесін
тұрғындардан салық жинау мақсатында пайдалану үрдісі жалпыға бірдей сипат
ала бастады. Мемлекет неғұрлым орталықтанған болса, соғұрлым азаматтардың
бостандығына шектеу қоюға мүмкіндік басым болды, бірақ бұл шенеуніктердің
де іс-әрекеті қатаң бақылауға алынады деген сөз емес. Көп жағдайда
шенеуніктердің іс-әрекетінің қажетті нормалардан аспауын бақылауға алып,
қадағалап отыруға үкіметтің күші жеткіліксіз болды. Сондықтан, сол
әдеттегідей жемқорлықтың шыдамдылық нормасын қолдаумен, яғни жемқорлықтың
тек аса ауыр көріністерін ғана жоюмен шектелді.
Бұл шыдамдылық нормасы әсіресе өндірістің азиялық әдістеріне ие болып
отырған қоғамдарда көрініс тапты (әрине салыстырмалы түрде) және мұны
тарихи тұрғыда да түсіндіруге болады.
Жоғарыда біз адамзат қоғамы қалыптасуының алғашқы сатыларында өмір
сүрудің экономикалық негізі айырбас болып табылғандығын атап өткен
болатынбыз. Өндіргіш күштердің дамуына, күрделенуіне, сондай-ақ артық
өнімнің пайда болуына байланысты, осы өнімді пайдалануға деген белгілі бір
мүдделілік немесе құқықтық билік қалыптасты (редистрибуция). Бұл-кез келген
қоғамға да (шығыстық немесе батыстық) тән заңдылық. Бірақ Шығысқа қатысты
айтатын болсақ, бұл құқық тарих ғылымында жекеменшік-билік деген жүйеге
немесе түсінікке айналды [4].
Жекеменшік-билік дегеніміз не және ол жемқорлық деңгейіне қалай ықпал
етеді?
Жекеменшік-биліктің қалыптасуына негізгі себеп, Шығыста дамыған
нарықтық-жекеменшік шаруашылықтың болмауы. Бұл жерде жекеменшік туралы
түсінік мүлдем болған жоқ. Жекеменшік туралы түсінік жер өңдеушілер мен
көшпенділердің арасында белгілі бір ресурстарды (белгілі бір топтарға
тиесілі деп есептеліп, оның мүшелері тарапынан шаруашылық процесте
пайдаланушылық) өз қажеттілігіне пайдалану құқығы деп түсінілді.
Тұтас коллективтің тағдыры мен мүддесі тоғысқан осы ресурстарға деген
қатынастың негізі биліктің мынандай терминдерінен көрініс тапты: Бұл-бізге
тиесілі; бұл-біздікі. Мұның мәні осындай жекеменшіктің экономикалық
мазмұны мен заңдық формасы – иелену болып шығады және иеленудің нәтижесі –
билік болып табылады. Алғашында тек ресурстарға ғана билік ету орын алса,
артық өнім пайда болған соң, оны бөлу мен таратып беруге деген құқық қайда
болды. Бірақ бұл билік коллективтікі емес, тек оның бір бөлігінің ғана
билігі болып шығады. Редистрибуция – бұл бірінші кезекте билік болып
табылады және ол билік экономикалық (топ ресурстарын иемдену), заңдық
(белгілі бір коллективтің атынан іс-әрекет ету, оның мүлкін және артық
өнімін пайдалану) негізге сүйенеді. Билік (иелік ету) меншік туралы
түсінікті қалыптастырды. Билік және меншік біртұтас құбылысқа айналды.
Осылайша билік-меншік феномені қалыптасты.
Билік-меншік европалық жекеменшікке қарағанда өз мағынасындағы меншік
түсінігі ғана емес, сондай-ақ билік дегенді де білдіреді. Себебі мұндағы
меншік иесінің функциясы, оның билікке деген қатынасы болып табылды немесе
қызметіне байланысты анықталып отырды [5].
Тұтас мыңжылдықтар бойы Шығыста қалыптасқан билік-меншік феномені
шығыстық менталитеттен де көрініс тапты. Жемқорлыққа деген мемлекеттің және
қоғамның шыдамдылықпен қаруы да осыдан келіп шығады.
Қоғам тарапынан мемлекеттік шенеуніктердің жеке кірістеріне деген
ерекше қызығушылық жаңа кезеңде Батыс Европада орын алды.
Қоғамдық келісім идеологиясы бойынша мемлекет заңдар шығарады және
олардың орындалуын қадағалайды, ал халық оның есебіне мемлекетке салық
төлейді. Жеке қарым-қатынастар таза ресми тұрғыда ғана жүргізіле
бастағандықтан, шенеуніктің өз жалақысынан басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық туралы
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Сыбайлас жемқорлық түсінігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат реферат жасау
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Ғаламдық мәселелер
Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі ретінде
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Пәндер