Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының ресурстары

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының пайдаланатын негізгі шикізат
көзі
1.1 Тоқыма талшықтарының жіктелуі мен олардың түрлері және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Кәсіпорындарда бұйымдардың жасалуы және олардың
құрамы ... ... ... ... .8
2 Кәсіпорында бұйымдардың жіктелуі және олардың кейбір бөлшектерін өңдеуден
өткізу
2.1 Бұйымдардың өзіндік белгілерге қарай
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Ұсақ бөлшектерді өңдеуден
өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3 Кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы және оларды
басқару стратегиясы
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурсының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .17
3.2 Кәсіпорынның өндірістік
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мақтаның сапасын жақсарту, яғни ұзындығын, беріктігін, ауруға қарсы
тұру қабілетін көтеру және өнімділігін көбейтуге селекциялық және
агротехникалық жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізуге болады.
Мақта – мата өндірісінде ең негізгі мақсат бұл – берілген өнімді
өндіргенде еңбек шығындарын азайту, жұмысшылардың қол еңбегін жеңілдету
және оны тартымды ету болып саналады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Тоқыма өнеркәсіптерінің соның ішінде: тоқыма талшықтарды алғашқы
өңдеу өндірісі, мақта иіру өндірісі, мақта тоқу өндірісі, бояу өңдеу
өндірістерінде орындалатын барлық операциялардың яғни өндірістік процестің
дұрыс орындалуы, ресурстарының тиімді пайдаланылуы.
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық іс – әрекетінің маңызды бір бөлігі
өзінің өндірістік экономикалық жағдайын сақтау және әрі дамыту болып
табылады.
Кіріспе
Тоқыма материалдарының технологиясы - талшықтар мен жіптерден иірім
жіп, ширатпа жіп, мата, беймата материалдар мен басқа тоқыма бұйымдар
өндірісінде қолданылатын жабдықтар мен процестер туралы.
Тоқыма өнеркәсібінің барлық саласы бірнеше өндірістен тұрады.
Мақта – мата өнеркәсібінің құрамына кіретін өндірістерге келесі
түрлері ждатады:
1) Тоқыма талшықтарды алғашқы өңдеу өндірісі. Бұл өндіріске шитті
мақтаны тазарту және талшықты тұқымынан бөліп алу, оларды будаларға буып –
түю, мақта тазарту заводтары жатады.
2) Мақта иіру өндірісі – мақта және химиялық талшықтардан иірімжіп
қалыптастыруды қамтамасыз ететін пневматикалық және механикалық
технологиялық процестердің жиынтығы.
3) Мақта тоқу өндірісі – негізінен жалаң қабатты немесе ширатпа мақта,
мақта және химиялық талшықтардан аралас жіптерден мақта – матасын
қалыптастыруды қамтамасыз ететін механикалық процестердің жиынтығы.
4) Бояу өңдеу өндірісі – матаны бояу арқылы түс, өрнек басу және
өңдеуді қамтамасыз ететін механикалық, жылу және химиялық процестердің
жиынтығы.
Тоқыма өнеркәсібінде негізінен екі ұғым кең қолданылады: өндірістік
процесс және технологиялық процесс.
Өндірістік процесс – бастапқы тоқыма материалдар және жартылай
өңделген заттардың белгілі бір бұйымдарға айналдыратын технологиялық
процестердің жиынтығы.
Технологиялық процестер машиналарда, агрегаттарда және үздіксіз
желілерде орындалады.
Технологиялық процесс – материалдардың сапалық түрін, қасиеттерін,
өлшемдерін және қалпын өзгертуге бағытталған механикалық өңдеу немесе басқа
өңдеу түрі.
Бұйымдар тиісті белгілеріне қарай өзіндік топтарға бірегейлене отырып,
киім ассортиментін құрайды. Материалдар, атқаратын қызметі және т.б
бұйымдарды бірегейлейтін белгілер бола алады.

1. Тоқыма талшықтарының жіктелуі мен олардың түрлері және құрылымы
Мақта-мата өнеркәсібінде өсімдіктекті талшықтар мен химиялық
талшықтар кеңінен қолданылады.
Тоқыма талшық деп жіп пен өзгеде тоқыма бұйымдар өндіруге жарамды,
созылмалы, иілгіш және жіңішке, берік денені айтады.
Тоқыма талшықтар химиялық негізі бойынша күрделі органикалық
қосылыстарға, олардың ішінде жоғары молекулалық заттарға - полимерлер
қатарына жатады.
Полимерлердің негізін қарапайым органикалық қосылыстан, яғни мономердің
бірнеше рет қайталанатын бірдей атомдар тобынан тұратын макромолекула
құрайды. Тоқыма талшықтар түзгіш полимерлердің құрылымы әдетте сызық
секілді немесе жіп тәріздес болып келеді.
Жаратылысы әртүрлі талшықтар көп болғанымен, тоқыма өнеркәсібінде
негізінен жіп немесе басқа тоқыма бұйымдар шығаруға жарамды талшықтар
қолданылады. Ол үшін тоқыма талшық белгілі бір физика-механикалық
қасиеттерге ие болуы тиіс.
Тоқыма талшықтардың физика-механикалық маңызды қажттері мыналар:
жіңішкелігі (тығыздығы), беріктігі, созылмалығы, жоғарғы температураның
және микроорганизмдердің, т.б. әсеріне төзімділігі. Барлық тоқыма талшықтар
табиғи және химиялық болып екі класқа бөлінеді. Табиғи талшықтарға
өсімдіктекті, жануартекті және минералды талшықтар жатады. Химиялық
талшықтарды химиялық зауыттарда өндіреді.
Өсімдіктекті талшықтар тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір және т.б., ал
жануартектілерге жүн және таза жібек жатады.
Мақта - өсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке
талшық. Тоқыма өнеркөсібінің манызды шикізаты болып табылатын мақта
өсімдігі климаты ыстық аудандарда өседі. Өсімдік пісіп жетілгеннен кейін
талшықтар ұрықтарымен бірге жиналады да мақта тазарту зауытына жіберіледі.
Онда талшықтар ұрықтан бөлініп алынады.
Талшықтың ұзындығы мен жіңішкелігі мақтаның сортына байланысты.
Талшықтың көлденең қимасының диаметрі 15-25 мкм.
Ұзындығы 25-40 мм болады. Орташа талшықты мақтадан шыт, сәтен және тағы
басқа маталар жасау үшін иірімжіптер дайындайды. Ұзын талшықты мақтадан
бәтес, маркизет, тарақты сәтен және басқа жоғары сапалы жұқа мақта
маталарын дайындау үшін жіңішке және тегіс жіп иіріледі.
Зығыр - қабықты талшықтарға жатады. Қабықты талшықтарды түрлі
өсімдіктердің сабағынан, жапырақтарынан немесе жаңғақ сыртындағы қабықтан
алады. ТМД мемлекеттерінде өндірілетін бұл талшықтардан зығыр талшығы 95-
97% құрайды. Талшықтардың қарапайым және техникалық түрлері болады.
Қарапайым талшықтардың жалғыз-ақ өсімдік клеткасы бар болса, талшықтарының
жуандығы мақта талшықтарымен бірдей, ұзындығы 15-25 мм-ге жетеді. Ал
техникалық талшықтар пектиндік (табиғи желім) заттармен өзара желімделу
арқылы жасалады.
Мақтаға қарағанда зығыр қатты. Зығырдың құрамында 5%-ке дейін лигнин деп
аталатын табиғи жоғары молекулалық қосылыс бар. Жіп иіруге қолданылатын
техникалық талшықтардын ұзындығы 35-90 см, жуандығы 10-33 текс. Сондықтан
зығырдан иірілген жіп мақта жібіне қарағанда жуан болады. Сапалы зығыр
талшықтарынан сүлгілік, асханалық және төсек-жабдыққа арналған маталар
тоқылады. Ал дөрекі, жуан жіптер (кенеп) арқан есуге, қаптар тоқуға
қолданылады.
Жануартекті талшықтарға жүн және табиғи жібек жатады. Қой, ешкі, түйе,
т.б. жануарлар жүні таза, зауыттық және қайта өңделген болып бөлінеді. Таза
(табиғи) жүнді жануарларды қырқу нәтижесінде, зауыттық жүнді теріні өңдеу
кезінде, ал қалпына келтірілген жүнді пайдаланылған жүн бұйымдарын,
қалдықтарды қайта өңдеу арқылы алады.
Жүн талшықтары мақтаға қарағанда ұзын (20-450 мм), беріктігі төмен,
бірақ серпімділік қасиеті жоғары келеді. Жүн талшығының бетінде бір бағытта
орналасқан иілгіш қабықтар болады. Осы құрылымдық ерекшеліктері жүн
талшығының киіздену қабілетін айқындайды. Сондықтан жүн бұйымдарының жылу
сақтау қасиеті жоғары болады. Жүн талшықтарынан екі түрлі жіп иіріледі,
олар: аппараттық немесе шұғалық маталар тоқуға қолданылатын жіптер және
тарақты, яғни көйлектік, костюмдік маталар мен трикотаж бұйымдарға
қолданылатын жіптер.
Таза (табиғи) жібек - жібек құрты шығаратын ете жіңішке жіп. Тұт жібек
құртының пілләлары жібек орайтын фабрикалардағы автоматтарда тарқатылады.
Тарқатқан кезде бірнеше жіптің ұшын біріктіреді. Тарқату нәтижесінде өзара
желімделген бірнеше жіңішке жіптен тұратын шикізат алынады. Жібек жібінің
жіңішкелігі біркелкі емес, және де 0,5-тен 0,18 текске дейін болады. Жібек
шикізатының жуандығы көбіне 1,56 және 2,33 текс болады.
Жібек жіптер берік, біркелкі, серпімді және түрі әдемі болып келеді.
Тоқыма жіптер алу үшін бірнеше қарапайым жіптерді біктіріп ширатады. Бірақ
пілләні тарқатқанда үстіңгі және астыңғы қабаттары ажырамайды, сондықтан
олар қалдықтар ретінде жібекті иіру фабрикасында иірімжіпке лайықтап
өңделеді.
Таза жібек жіптер жеңіл келеді және әдемі көйлектік маталарға, сондай-ақ
техникалық бұйымдарға қолданылады. Минералды талшықтарға асбест талшығы
жатады. Әрбір топта талшықтардың физика-механикалық қасиеттері және дайын
бұйымға өңдеу қабілеті бойынша өзара айырмашы-лығы болады. Химиялық
талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді.
Жасанды талшықтарды табиғатта кездесетін жоғары молекулалық
қосылыстардан (целлюлоза, казеин) химиялық жолмен өңдеу арқылы өндіреді.
Синтетикалық талшықтарды қарапайым химиялық қосылыстардан (фенол, хлор,
этилен, т,б.) полимерлер түзу арқылы өндіреді.
Мақта-мата өндірісінде кең тараған жасанды талшық -вискозалық, әдетте
ұзындығы 36-40 мм штапель түрінде мақтамен аралас түрде немесе таза өзі
өңделеді. Вискозалық талшықтар бір-келкі, жақсы боялады. Бірақ өзіндік құны
өзгелерге қарағанда арзанға түскенімен беріктілігі төмен (әсіресе суланған
кезде) болып келеді. Басқа жасанды талшықтар (ацетат, мыстыаммиак
талшықтары) көп өндірілмейді.
Синтетикалық талшықтардың ішінде полиамид, полиэфир және полиакрилнитрил
талшықтары кең таралған. Олардың ішінде капрон талшығы өте берік, сондықтан
оны жіптің беріктігін күшейту үшін табиғи талшықтармен жиі араластырады.
Лавсан талшығы штапель және жіп түрінде шығарылады. Беріктігі жоғары,
серпімді, балқу температурасы салыстырмалы жоғары. Сондықтан табиғи немесе
басқа химиялық талшықтармен аралас түрінде аз қыртыстанатын, сыртқы
әсерлерге, әдемі маталар тоқуға, жіп иіруге қолданады.
Нитрон, акрил талшықтары да көбіне штапельді түрде табиғи талшықтармен
аралас жіп алуға қолданылады. Капрон және лавсанмен салыстырғанда беріктігі
төмен, бірақ жүн бұйымдары тәріздес жылу сақтау қасиеті бар.
Барлық синтетикалық талшықтар физикалық және химиялық құрылымына
байланысты ылғал тартпайды. Алайда үйкеліс немесе басқа қандай да бір
механикалық әсерлерден талшықтар электрленеді. Электрлену қасиетін
төмендету үшін көбінесе антистатикалық өңдеу әдісі қолданылады.
Мақта өсімдігі құлқайыр тұқымдас бір немесе көпжылдық өсімдіктерге
жатады. Олардың түрлері көп болғанымен өндірісте пайдалану үшін орташа
талшықты (барбадосс) мақта өсімдігі сортының маңызы зор.
Орташа талшықты мақта өсімдігі 130-140 күнде пісіп жетіледі. Дәнінен
орташа ұзындығы 30-35 мм, жіңішкелігі 166-200 мтекс талшық алынады.
Өнімділігі жоғары, 1 гектардан 25-35 центнерге дейін шитті мақта, яғни
ұрықпен бірге мақта талшығы алынады. Талшықты орташа талшықты мақта деп
атайды. Түрі ақ түсті болады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ташкент-1,
АН-402, Андижан-6, 138-Ф, 108-Ф, 133 және т.б. жатады.
Мақта талшықтарын көбіне жіңішке талшықты маңта өсімдігінен алады. Оның
пісіп жетілу мерзімі 150-170 күнге созылады. Өнімділігі де төмен (20-
30цга). Бірақ ұзын (35-45 мм), жіңішке (133-170 мтекс) берік талшық
береді. Сондықтан жоғары сапалы жіп және бұйымдар дайындауға қолданылады.
Кең тараған селекциялық сорттарға Ашхабад-25, С-6037, 6249-В, Термез-7,
5904-И және т.б. жатады.
Тоқыманың айқасу түрлері. Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен
бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының
сипаты, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, бетінің жылтыры негіз бен
арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның
мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, ылғал, жылумен
өңдегенде тартылуына және т.б қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне қарай тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: жай,
майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын
желінің жібі деп, көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр
көз екі жіптің қиылысы болады да жапқыш деп аталады.
Әрбір тоқыма айқасуында желі бойынша және арқау бойынша раппорттар
болады. Желі бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін желі жіптердің
саны.
Тоқу станогынан түскен мата өңделмеген немесе сұр мата деп аталады.
Сұр мақта матасының құрамында талшықтардың табиғи серіктері және шлихта,
майлағыш заттар болады. Сондықтан, сұр мата дөрекі, қатты сұр немесе сарғыш
түсті, су тартпайтын болады.
Маталардың сыртқы түрін, сапасын және тұтыну қасиеттерін жақсарту үшін
өңдеу өндірісіне жеткізіледі. Өңдеу кезеңінде маталарға арнайы қасиеттер
береді, мысалы, аз қыртыстану және т.б.
Өңдеу өндірісінде маталар механикалық және физика – химиялық, химиялық
технологиялық процестерден өтеді. Әсіресе химиялық өңдеу түрлері басым
болады.
Мақта – мата өндірісінде маталарды өңдеу бояу – өңдеу өндірісінде немесе
цехтарда орындалады. Осы өндірісте орындалатын процестер 4 топты құрайды:
- Маталарды бояуға және сурет басуға дайындау;
- Маталарды бояу;
- Маталарға сурет салу;
- Соңғы өңдеу.
1.2 Кәсіпорындарда бұйымдардың жасалуы және олардың құрамы
Халқымыз ежелгі замандардан бері еңбек етумен қатар, уақыт ағымымен
бірге өнерін де ұдайы дамытып отырды. Солардың бірі халқымыздың қол өнері.
Қолөнер тарихи-экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты әр
заманда әртурлі сатыда дамып, түрленіп отырды.
Ғылымда "Андронов мәдениеті" (б.з.д. ХУІІІ-Х ғ) деген атпен белгілі
болған андроновтық тайпалардың колөнершілері (шеберлері) сол кездің өзінде-
ақ әртүрлі қола қарулар, пышақ, найза, тағы басқа сәндік бұйымдар мен
сазбалшықтан әртүрлі ыдыстар жасап, оларды геометриялық өрнектермен
безендірген.
Қазіргі қазақ жерін мекендеген ертедегі сақ, үйсін, қаңлы тайпалары
қазақ халқын құрайтын негізгі тайпалар болып саналатыны ғылымда
дәлелденген. Халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына Алдыңғы және Орта
Азия, Шығыс Европа скифтері мен Қиыр Шығыс, Сібір, Алтай халықтарының
ыққпалы зор болды.
Ерте кездерден-ақ көршілес жатқан мемлекеттермен мәдени қарым-қатынас
нығайып, саяхат, сауда жасау арқылы, әр мемлекет бір-бірінен өнердің озық
үлгілерін үйреніп, жетілдіріп отырған.
Қолөнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жаткан халық
творчествосының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай
ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде
бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. Қандай халықтың қолөнері болса да
оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет - ғұрып, салт-санасымен астасып
қатар өркендейді.
Қолөнер адам баласының өсемдікке, нәзіктікке деген ұмтылысын, сол
бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген
құштарлығын танытады.
Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен,
тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені бұл заттар ел тұрмысына
сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптаған адамға
қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті ою – өрнектерден адамзат
дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау замннан келе жатқан қарым –
қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады.
Қолөер дүниежүзінің әр халқына тән, бұл – халық қазынасы, ғасырлар
мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат
ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндік
ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Кіп-кішкентай түймеден бастап, толып жатқан үй жиһаздары, ат әбзелдері,
қару-жарақ, мебель, музыка аспаптары, кілем, киім-кешек, ыдыстар, әсемдік,
сәндік бұйымдарының барлығы да халық қолөнерінің туындылары болып саналады.
Қолөнер бұйымдарын көркем эстетикалық талғаммен, нақышына келтіріп
өрнектеп, әшекейлеп шығаратын адамдарды колөнер шеберлері дейміз.
Әр шебердің өзі сүйетін материалы мен сол материалды ұсатып, әшекейлеп-
өңдеуде меңгерген өз тәсілі болады.
Қазақ шеберлері көп қолданатын материалдарға ағаш, металл, тері, былғары
т. б жатады. Аталған материалдарды өңдеп, әшекейлеп әртүрлі бұйымдар
жасау үшін қолданатын тәсілдер: ою, қашау, құю, шеку, нақыс салу,
өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иіру, бедерлеу,
тігу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, лажылау, дәнекерлеу, құрсаулау т.с.с.
болып кете береді.
Әртүрлі ою ойып, ою-өрнек үлгілерін жасайтын адамдар арамыс, қайыс, жүн,
жіп, ши, қамыс, киіз, мата, тас, бояу, сүйек, мүйіз,-тағы басқалары
жатады. оюшы, ағашты көркемдеп өндеп, одан түрлі бұйымдар жасайтын адамды
ағаш шебері немесе ағаш ұстасы дейміз.
Темірден түйін түйіп, әртүрлі өндіріс құралдарын соғатын адам темір
ұстасы, ал түрлі металдар мен тастарды пайдаланып, өте нәзік сәндік
бұйымдарын жасайтын шеберлерді зергер деп атайды.
Осы сияқты істейтін ісінің ыңғайына қарай әр шебер: тігінші, кестеші,
өрімші, бәдізші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы, т.б. болып
атала береді.
Мысалы, қазақ шеберлерінің арасында киіз үйдің сүйегін (ағаштарын) түгел
жасап, құрастыратын үй бораушы шеберлер, немесе ат әбзелі ер-түрман,
саймандарын басынан аяғына шейін өзі жасайтын бесаспап шеберлер көп болған.
(Ат әбзелін түгел жасап шығу үшін; ағаш шабу, тері илеу, өру, алтын,
күміспен жұмыс істеу, көркем күйма тағы басқа тәсілдердің технологиясын
жетік меңгеру қажет). Өнер сүйіп, өнер сыйлап өскен қазақ халқы әр уақытта
өнерлі, шебер адамдарға үлкен ілтипат көрсетіп, құр-меттеп келген. Халық
қолөнерінің тарихын біліп, оның құпия құбылыстарын игеру, халық қазынасын
байыта түсу бүгінгі талапкер жастарға үлкен сын. Ол үшін ұдайы талаптанып,
үзбей тер төгу керек. Халқымыздың қасиетті қоленері атадан балаға ауыса
отырып, өте жақсы дамыған күрделі өнер. Халық шеберлерінің қолынан шыққан
бірегей бұйымдарды өте үлкен талғаммен жасалған өнер туындылары деп
бағалаған жөн. Өйткені көптеген халықаралық көрмелер мен байқауларға, өнер
фестивальдары мен форумдарына қолөнер туындыларын қойып, байқағанымыз
біздің қолөнеріміз халықтарының қолөнерімен терезесі тең, тіпті кейбір
тұстарда көп елден шоқтығы биік тұр.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне
назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен
қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт – көп ғасырларға созылған көшпелі
өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп қонуға
ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің
талғамына, ой – өрісіне тән ою – өрнекпен нақышталып беріліп отырған.
Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылды десек те, олардан
бояуы, әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Адамзат дамуының қай сатысында болмасын қоғаммен бірге дамыған қолөнері
әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір
тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырады.
Қазақ халқын жер жүзінің көп халықтарынан ерекше көрсететін қасиеті — ол
мәдениеті мен өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Қазір жастар арасында еуропа
мәдениетіне елік-теу, солықтау үрдісі басым. Өз халқының тілін, мәдениетін
жете білмеген адам — басқа елдің мәдениетімен алысқа бара алмасы — ақиқат.
Қолөнер – халық өмірінен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан
өміршең өнер.
Киім адам үшін бірегей қажет нәрсе болып табылады. Ол адам тәнінің 80
проценттен астам жерін жауып тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз
жайттарынан қорғайды, организмді күйлі ұстауға көмектеседі, сондай-ақ
адамға көрік береді.
Сырт киімге: пальто, қысқа пальто, сулық плащ, жакет, юбка, шалбар,
желет, көйлек, халат, блузка, тағы басқалар жатады.
Киімді маусымдық кездерде киілуіне қарай қыстық, көктем-күздік, жаздық
деп бөледі.
Киімге қойылатын талаптар алуан түрлі болып келеді. Оларды гигиеналық,
әсемдік, пайдалану, техникалық, үнемділік талаптары деп бөледі.
Гигиеналық талаптар киімнің жылуды сақтауын, киімнің ішкі қабаттарында
ауа алмасуын қамтамасыз етеді, шыққан тердің сорығуына себепші сыртқы
дымқылдан сақтайды.
Пайдалану талаптары киюге ыңғайлы және пайдалануға төзімді- болуды
қамтамасыз етеді. Киюге ыңғайлылық — адамның еркін қозғалып, тыныстауына,
киімнің оңай киіліп, шешілуіне, ал пайдалануға төзімділігі — тастағанға
немесе әбден тозғанға дейін киюге төтеп беретіндікке байланысты болады.
Ә с е м д і к талаптарына — бұйымның көркем безендірілуі,
материалдардың және түйме ілгектердің түр мен түске қарай іріктелініп
алынуы жатады.
Техникалық талаптар киімді тігіп шығару барысында мемлекеттік стандарт
және техникалық шарттар талабына толық сәйкес келетіндей болып орынлалуы
тиіс.
Ү н е м д і л і к талаптары бұйымдарды дайындаудың өзіндік құнын
төмендетуді, материалды мейлінше аз жұмсауды, бұйымдарды әзірлеуге кететін
уақытты қысқартуды, типтендіруді, бөліктер мен бөлшектерді жым-дастыруды
тағы басқа жайттарды қарастырады.

2.1 Бұйымдардың өзіндік белгілерге қарай жіктелуі
Сырт киім ассортименті алуан түрлі, ол киім сатып алушылардын талап-
талғамдарының үздіксіз өсуі, халықтың хал-ахуалының және мәдени деңгейінің
көтерілуі әсерінен үнемі жаңарып отырады. Сырт киім бұйымдары пайдаланылу
тәсіліне қарай жоғарғы және белден төменгі киімдер болып бөлінеді. Сәніне
қарай бұйымдардың кескіні, кейпі әртүрлі болып, негізгі бөлшектері мен
сәндік элементтері ерекшеленіп келе береді.
Кескініне қарай бұйымдар тік пішінді, жартылай қынамалы, қынама және
кең етекті болып бөлінеді. Бұйымдар қатқыл немесе жұмсақ түрде боп келуі
мүмкін.
Конструкциясы жөнінен бұйымдар омырау ортасынан немесе айқастырыла
түймеленетін болып келеді. Ортадан түймеленетін бұйым өңір омырауының
екінші өңір омырауын сәл ғана басып тұратындығымен (қап-сырыну сызығынан
4—6 см) және омырау ортасындағы бірқатарға тізілген түймелермен
түймеленетіндігімен ерекшеленеді.
Өңірі қаусырыла түймеленетін бұйым қапсыру сызығында молырақ
айқастырылуымен (10—12 см) және бір қатары түймеленетін екі қатарға
тізілген түймелері болатындығымен сипатталады.
Киімнің өңірлері мен арқасы тұтас, бүрмелі немесе тігінен немесе
көлденеңінен тілініп тігілген болып келуі мүмкін.
Моделіне қарай бұйым қыстырмалармен (көлемі және түр-ұсқыны әртүрлі),
жапсырмалармен, белдікшелермен, желбіршектермен әсемденуі мүмкін. Киімнің
өңіріне сан түрлі қалталар (тілінген, тілінбеген және жапсырмалы)
орналастырылады.
Артқы ортанғы тігістің етек жырығын модельге лайықтап өңдейді.
Бұйымның кеудесі әртүрлі жағалы (қайырма жаға, орама жаға, тік жаға) немесе
жағасыз боп келуі мүмкін.
Пішілуіне қарай бұйымдар қондырма жеңді, доғал иықты, тұтас пішілген,
екі түсті матадан аралас пішілген болып және басқаша айрықшаланады.
Жеңі түрліше: белдемшелі, жапсырмалы, жырықты, қайырма болып т. б.
өңделуі мүмкін.
Әйел сырт киімін әзірлеу үшін шикізат құрамының әртүрлігі: тігілу
тәсілі, құрылымы мен қасиеті жағынан ерекшеленетін кең көп түрлі
материалдар пайдаланылады.
Жамылғы материалдар ретінде (сырттық немесе негізгі материалдар)
маталарды, тоқыма және тоқылмаған материалдарды, жасанды және табиғи
былғарыны, түкті былғары мен елтіріні, көпқабатты, сүргіленген және сырма
материалдарды қолданады. Киімнің сыртқы көрінісі астар және астармен екі
аралыққа салынатын материалдар сапасына, тігетін жіптерге де байланысты.
Бұл түрдегі материалдар ассортиментінде синтетикалық талшықтар кеңінен
қолданылады.
Киімді тігіп әзірлеу процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
1) модельдерді, конструкцияларды және үлгілерді жасау;
2) материалды пішуге әзірлеу және пішу (яғни әзірлеу пішу учаскесіндегі
жұмыстар);
3) бұйымдарды тігу.
Киімдерді көптеп шығарған кезде модельдерді жасаумен және бұйымдарды
конструкциялаумен сән үйі, ал жеке тапсырыс бойынша әзірлеген кезде —
Модельдер үйі мен бірлестіктердің эксперименттік цехтары айналысады.
Болашақта тігін бұйымдарынын ассортиментін көбейту және сапасын
арттыру мынадай шараларды қарастыруды талап етеді: модельдердің ауысуын
арттыру қажеттілігі мен тігін бұйымдарын аз сериялармен шы-ғаруды есепке
ала отырып, комплексті механикаландырылған тасқынды жүйелер мен линиялар
жасау және ендіру; арнаулы технологиялық жабдықтарды, автоматтандыру және
механикаландыру құралдарын пайдалану, технологиялық процестерді типтендіру,
озат технологияны және техникалық құралдарды, бөлінбейтін операциялардың,
роботты техниканың, микропроцессорлы каналдардың тиімді тәсілдерін таңдап
алу; жабыстыру, қорыту жолымен физикалық - химиялық технологияны, тігін
бұйымдарының бөлшектерін химиялық материалдар және композициялар мен
формасын сақтап қалатын өңдеуден өткізуді қолдану.

киім ассортиментін құрайды. Материалдар, атқаратын қызметі және т. б.

Бүкіл киімдер ГОСТ 17037-83-ке сәйкес мына төмендегі топтарға
бөлінеді: сырт киім, іш киім, белдеме-белбеулік бұйымдар, жағажай киімі,
бас киімі, жаздық, қыстық, көктем, күздік және барлық маусымға жарамды
киімдер, бөбектің киімі, нәресте киімі, мектепке дейінгі жастағылар мен
төменгі кластағылар, сондай-ақ жоғары кластағылар және жасөспірімдер
киімдері. Сонымен бірге киім: шаруалық, күнделік, салтанаттық үй-іші,
спорттық, ұлттық, өндірістік, арнайы, санитарлық және формалық болып
бөлінеді.
Киім көпшілікке арналып және жеке тапсырыспен тігіледі. Көпшілік үшін
жасалатын киімдер белгілі бір типтік тұлғаларға шақталып шығарылады. Киім
шығару үшін 137 типтік стандарт белгіленген, оның 30-ы аудандық. Бұл
тұлғалар проценттік бөлініс шкалалары болып белгіленген. Бүкіл типтік
тұлғалар толықтық шамасына қарай төрт топқа бөлінген. Әр топ кеуде ауқымына
қарай қосымша топтарға бөлінеді.
Белгіленген толықтық топтар үшін жас шамалары анықталған: жастар тобы—
18-ден 29 жасқа дейін, орта жастағылар тобы — 30-дан 44 жасқа дейін және
егде жастағылар тобы — 45-тен жоғары жастағылар.
Типтік әйел тұлғасы мынадай негізгі өлшемдік белгілермен: боймен,
үштік кеуде ауқымымен және мықым ауқымымен сипатталады.
Бойды Р (рост деген сөздің бас әрпі) еденнен тебеге дейінгі тік
қашықтық бойынша анықтайды.
Үштік кеуде ауқымын О, III (обхват деген сөздің бас әрпі) кеудені
айналдыра төс ұштарын қамти өлшейді.
Мықым ауқымын О (обхват сөзінің бас әрпі) қарынның салбыраңкы жерін
есепке ала отырып анықтайды, өлшеу сызығы құйымшақ нүктесімен денені
көлденең айнала өтеді.
Тұлғалар бір-бірінен өлшемдік белгі арақашықтығымен (аралық)
ерекшеленеді. Типтік тұлғалар үшін осындай аралық мына төмендегідей: бойына
қарай 3 см: кеуде ауқымына қарай 2 см, мықым ауқымына қарай 2 см. Әйел
киімінің өлшемдері типтік тұлғаларды мынадай ретпен: бой, кеуде ауқымы және
мықым ауқымымен анықтайтын өлшемдік белгілердің толық мәнін білдіруі тиіс.
Бойы 158 см, кеуде ауқымы 96 және мықым ауқымы 104 см типтік тұлғаға
тігілген әйел киімінің өлшемдері, мәселен былайша белгіленеді: 158—96—104.
Осы бекітілген жүйе әйел киімінің барлық түрлері үшін міндетті түрде
қолданылады.
Бұйымды өңдеуден өткізу тәсілдері мен тәртіптерін салалық
стандарттарға сәйкес, сондай-ақ Бүкілодақтық киім модельдері үйі жасаған
Әйел пальтоларын әзірлеу кезінде қолданылатын негізгі және қолданба
материалдарды конструкциялау, тігу технологиясы, өндірісті және еңбекті
ұйымдастыру жөніндегі типтік техникалық документациясын (1983 ж.)
пайдалана отырып таңдап алады.
Тігін өнеркәсібінің әр бұйымына техникалық шарт (ТУ) құрастырылады,
онда бөлшектерді пішуге және тігуге қойылатын талаптар (өңдеу тәсілдерін,
тігістердің енін, сыру өлшемдерін, тігіс жолдарының жиілігін т. б. атап
айта отырып), бөлшектерді өлшеу табелі, бұйымдарды қабылдап алу, сақтау
тасымалдау ережелері көрсетіледі. Техникалық шарттарды сақтамай киім тігу
мүмкін емес.
Сырт киімнің бөлшектерін бір-бірімен қайып және сырып тігу арқылы
жалғастырады, оларды орындау нормативтік документацияның талаптарына сай
болуы тиіс. Сырып тігуді мейлінше жиілету— киіп жүрген кезде тартып-созуға
ұшырайтын ең жауапты жалғастыру қаю тігістерін (жеңді қондыру, иық, бүйір
тігістері т. б.) орындау барысында қолдану ұсынылады.
Кейде бөлшектерді машинамен жалғастыра тігуден бұрын ол бөлшектер
қолмен тепшіледі немесе М. И. Калинин атындағы 2222 кл. ПМЗ арнайы
машинасымен уақытша тепшіп тігіледі. Уақытша тепшіген жіпті машинамен қайып
тіккен соң алып тастайды.
2.2 Ұсақ бөлшектерді өңдеуден өткізу
Қалта қақпақтары-қалтаның аузын жауып тұратын және бұйымға сән беретін
қалтаның бір бөлшегі (қалтасыз, әсемдік үшін тұратын қалта қақпағы да
болады). Әйел бұйымдарында қалта қақпағының үлгісі әртүрлі бола береді.
Қалта қақпағын тыстық матадан пішеді. Оның ұзындығы қалта тілігінің
ұзындығына тең болады бұған үш жағынан өңдеу үшін 7 мм және қақпақтың
үстіңгі жағында оны бұйымға қайып тігуге жіберілетін 15 мм қосылады. Егер
мата суретті болса, онда сол суретті қиюластыру үшін жіберілетін жерді де
ескеру керек. Біркелкі боялған маталарда қалта қақпағын дайын үлгі бойынша
анықтайды.
Өңір үстінде бормен белгіленген қақпақ формасы үстіне іш жағымен
жатқызылған қақпақты үстінен басып немесе ақырын соққылап, оның бетіне
форманы көшіріп түсіреді. Содан соң қалта қақпағы сызығын айқындайды да,
ұшы жағынан қайып тігуге жіберілетін жер қалдырып, матаның артық жерін
кеседі.
Астарлық матадан қақпақастылық пішіледі, оның арқауының бағыты
қақпақты бойлай жатады, сөйтіп қақпақты созылудан сақтайды. Астарды
қақпақтан үш жағынан 2—3 мм шамасында тарлау етіп пішеді.
Қақпақ пен ен жақтарын ішіне қаратып беттестіреді, кесінділерді
теңестіреді де, тыстық мата жағынан ине-шаншымен 8—10 мм-дей етіп,
бұрыштарын инешаншымен 5 мм-ге дейін қысқарта отырып, жатқыза көктеп
тігеді.
Қақпақтарды қатқыл қалыпқа келтіру үшін оларды желім сіңірілген мақта
матадан жасалған астараралықпен өңдейді. Астараралықты тыстық матаға
жатқызады. Егер астараралық бір жағына ғана желім мата болса, оны қақпаққа
үтікпен басып жапсырады. Қақпақты астары жағынан енін 5 мм-дей етіп қайып
тігеді, көктеу жібін алып тастайды, қақпақ бұрыштары қалың болып кетпеуі
үшін тігіске дейін 2—3 мм-дей жер қалдыра тақап қырқады.
Содан соң қақпақтың өңін айналдырады, бұрыштары мен жиектерін жөнге
келтіреді. Қақпақты тыстық матада ені 22 мм жиектеме қалатындай етіп,
астары жағынан 6—8 мм-лік инешаншыммен көктеп тігеді, шет жақтан шегіну
мөлшері 5—7 мм-дей болады. Қақпақты бетіне дымқыл шүберек төсеп, бұрыштарын
және жиектерін женге түсіре отырып, астары жағынан үтіктейді. Астары
жағынан үтіктеу пресс үстінде де атқарылуы мүмкін. Қақпақтың шет жақтарын
босаң тігіспен, әсемдеу тігісімен, ал оның өңі модельге байланысты болады
немесе кесіндіні жағалай желім пленкасын салып қайып тігу арқылы бекітеді.
Әйел киімдеріндегі қалталар пайдалану және сәндік қызметтер атқарады.
Қалталар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қалталар тілме,
тілінбейтін және жапсырма қалталар болып бөлінеді. Тілме қалталар қақпақты,
жапырақшалы, төрт бұрышты жиекті болып келуі мүмкін. Тілме емес қалталар
жапсар тігістерінде, бүкпелі жерлерде болады. Жапсырма қалталардың формасы
әртүрлі болып келеді, оларды бүктеп, қайып, қақпақ және планка салып
өңдейді. Ішкі қалталарды өңір мен астардың жапсар тігісіне және омырау
ішіне орналастырады. Қалталардың бәрі түрі және өңдеу тәсілі жағынан алуан
түрлі болып келеді.
Қақпақты тілме қалтаны өңдеу үшін мыналар қажет болады (әрқайсысы бір
дана): қақпақ, қақпақастылық, құрақ, әріп, қалта астары (түбі) және бой-
лама.
Құрастырып тігуді негізгі матадан пішеді, арқау жібі бөлшекті бойлай
өтеді. Құрастырып тігу ені 5—6 см, ұзындығы қалта тілмесінің ұзындығынан
3—4 см артық болады. Құрастырып тігу тісінің астыңғы жағын өңдеу үшін
қажет.
Әдіпті негізгі матамен түстес астарлық матадан пішіледі, арқау жібі
бөлшекті бойлай өтеді. Әдіптің ені 6—7 см, оның ұзындығы құрақтың
ұзындығына тең. Әдіп қалта аузының үстіндегі астардың жоғарғы жағын жауып
тұруға арналады. Егер қалта түбін астарлық матадан пішетін болса, онда
әдіптің қажеті болмайды.
Қақпақты бұйыммен жалғастыру үшін қақпақастылық жағынан өңделген жер
шетінен жоғарыда даяр қақпақ еніндей қайып тігу сызығын белгілейді.
Қалта астарын өңдеу. Қалта астары үстіне әдіпті әң бетін жоғары
қаратып жатқызады, әдіп кесіндісі үш жағынан астардың кесінділерімен дәл
келуі керек. Әдіптің ішкі кесіндісін 5—7 мм-ге бүгіп қайырады да оны қалта
астарына бүкпеден 1 мм ұшына өң жағын ішіне қаратып жатқызып, кесінділерді
теңестіреді де, оның шетінен 5 мм-дей жер қалдыра қайып тігеді. Тігісті
қалта астары жағына жатқыза үтіктейді.
Қалтаны жинастыру. Қалтаны өңірге орналастыратын орынды анықтайды.
Қалтаның орналасу жағдайын техникалық өлшемдер табелі бойынша айқындауға
болады. Бұл үшін мойын оймасының жоғары нүктесі және иык кесіндісінен төмен
қарай қалта деңгейі шамасына сызады. Омырау шетінен басталатын екінші
өлшеммен қалтаның алдыңғы шеті орналасуын табады. Содан кейін етек
сызығымен жарыса қатарласатын қалта аузы сызығын жүргізеді де, оны қалта
ұзындығы өлшемімен сәйкестендіріп шектейді.
Еңбек өнімділігін арттыру үшін қақпағы бар тілме жанқалта келтірілген
бөлшектермен өңделуі мүмкін: қалта түбін екі бөліктен пішеді, құрастырма
тігіс қатар болады, қосқабаттанған құрақты өңірге тігумен бір мезгілде
қалта түбінің жоғарғы жағын жалғастырады.
Өңдеу қақпақтарын бұйыммен біріктіріп тігу. Қакпақ өңдеу қызметін
атқаруы мүмкін (мұндай жағдайда қалтаны өңдемейді). Өңірге қалтаның
белгіленген сызығы бойынша қақпақты астыңғы қабатымен бірге жатқыза-ды да,
астыңғы қабаты жағынан кесінді жиегінен 4—5 мм тастап тігеді (астыңғы қабат
қақпақтан 4—5 мм енді болып пішілуі тиіс). Қақпақты тігіс бүгеді оны
астыңғы қабат үстіне орналастырады да, қақпақтың негізгі матасын
қамтитындай, ал астыңғы қабат тігісі көрінбейтіндей етіп тігеді. Содан соң
қақпақты бүгеді де үтіктейді.
Модельге және матаның қалыңдығына қарай қақпақ өңірге астарымен бірге
тігілуі мүмкін. Мұндай жағдайда қалта сызығын белгіленген астыңғы қабат
сызығымен үйлестіре отырып, қақпақты енін ішіне қарата өңірмен беттестіреді
де, тігісті қалтаның бас және аяқ жағында бекітіп алып, астыңғы қабат
жағынан қайып тігеді. Содан кейін қақпақты қайырып бүгіп, оны өңірге бет
жағынан өңдеп тігеді, тігіс ені модельге байланысты, бірақ қақпақты қайыған
тігіс көрінбеуі керек. Егер модель бойынша өңдеу тігісі жоқ болса, оның
орнына босаң тігісті пайдаланады.
Қақпақ өңірге бір жол тігіспен біріктірілуі мүмкін, бірақ мұндай
жағдайда қақпақ кесіндісі арнайы машинамен күрмей көмкеріледі. Мұндайда
қақпақты өңірге астыңғы қабат жағынан ені 5—6 мм-лік тігіспен қайып тігеді.
Содан соң оны қабат астына ендіре бүгеді, ал бүйір жақтарын тігістің
ұштарында ирек тігісті арнайы машинамен немесе өрнектеп тігетін арнайы
бекіткіш машинамен бекітіп тігеді. Бекіту ұзындығы 5—7 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz