Жеңіл өнеркәсіпке бетбұрыс



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жеңіл өнеркәсіпке бетбұрыс

Үкімет жеңіл өнеркәсіпті тығырықтан шығару мақсатында жаңа бетбұрыстар
бастады. Жақында Алматыда Германия, Иран, Италия, Франция, Қазақстан,
Ресей, Беларусь, Қырғызстан сияқты мемлекеттердің елуге жуық
компанияларының қатысуымен өткізілген мамандандырылған халықаралық V
орталықазиялық көрмесінің аясында жүзеге асырылған шаралар осыған дәлел.
Жасыратыны жоқ, экономикалық дағдарыстар орын алған өтпелі кезеңде
еліміздің жеңіл өнеркәсібі үлкен проблемаларға тап болды. Жеңіл өнеркәсіп
көшбасшылары атанған біраз кәсіпорындардың жұмысы тоқтады немесе мүлде
жабылып тынды. Оған Алматыдағы “Жетісу”, Семейдегі “Большевичка”,
Астанадағы М.Мәметова атындағы тігін фабрикаларының дағдарысты тағдырын
мысал ретінде айтуға болады. Сонау Одақ ыдыраған тоқсаныншы жылы осы Астана
қаласындағы ірі тоқыма-жіп фабрикасының директоры Иванов деген өндірістің
іске жарайтын жабдығын тиеп алып, Ресейге тайып бергенін де көзіміз көрген
еді. Міне, осындай келеңсіздіктер кесірінен кезінде еліміздің ішкі жалпы
өнімінің 15 пайызын құраған тігін және тоқыма саласы бүгінде 0,5 пайызға
дейін құлдырады.
Қазір біз күнделікті қажет киім-кешек, аяқ киім және басқа жеңіл өнеркәсіп
тауарларын шетелдерден тасымалдаймыз. Қара базарларда да, қаптаған сәнді
сауда орталықтарында да шетелдік киім-кешектер дәуірлеп тұр. Тіпті
“жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша” қаптаған шетелдік тауар сатушылар сауда
үйлерін “Италиян киімі”, “Француз үйі”, “Еуропалық киім-кешек” деген сияқты
атаулармен жарнамалайтын болды.
Ал ақиқатын айтсақ, тоқыма және тігін сапасы сонау ежелгі дәуірлерде қазақ
даласында бастау алып, ерекше дамыған. Мәселен, белгілі ғалым В.Юферев
өзінің “Түркістанның мақта шаруашылығы” деген кітабында Тараз қаласының
тұрғындары VІІ ғасырда мақтадан тоқылған киім өндірісін дамытып, шет
жерлерге саудалағанын жазса, академик В.Бартольд Х ғасырда қазіргі Шымкент
қаласынан сыртқы сауда үшін мақта шығарылғанын баяндайды.
Міне, осындай жеңіл өнеркәсіптің ежелгі отаны болып саналатын өңірде
қарапайым халықтың табыс көзі болып табылатын бұл маңызды саланың тығырыққа
тірелуі өкінішті жағдай. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев республика
Үкіметінің алдына мақта кластерін құрып, тоқыма өнеркәсібін барынша дамыту
міндетін қойды. Президент 2005 жылғы халыққа арнаған Жолдауында “Ендігі
жерде ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік
бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға
айрықша назар аудару қажет деп санаймын” деп атап көрсетті.
Президент тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында өсірілетін
мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану мақсатында кластерлік жүйе
қолға алынды. Қазақстан Үкіметі өзінің 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасында “2006 жылдың аяғына дейін Үкіметтің қолдауымен тиісті
өңірлердің әкімдері пилоттық кластерлерді, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан
облысында тоқыма өнеркәсібін дамытудың егжей-тегжейлі мастер-жоспарларын
әзірлесін деген талап қойды. Осы талап негізінде Шымкент қаласында ашылған
“Қазақ-орыс тоқыма альянсы” ЖШС кластерлік жүйенің тиімділігін дәлелдеп, аз
уақыттың ішінде бүкіл ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығаратын
ірі өндіріске айналды. Жылына 7129 тонна жіп, 12918 мың метр сұр кенеп
шығаратын осы кәсіпорын негізінде еліміздің заман талабына сай тоқыма
өнеркәсібінің негізі қаланады деген үміт зор.
Алдағы уақытта бұл салаға көптеп инвестиция тарту мәселесі күн тәртібінде
тұр. Сөз реті келгенде айта кетейік, Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіпке
тартылған инвестиция көлемі 800 миллион долларға жеткен.
Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсібі кәсіпкерлерінің ассоциациясы мен
Индустрия және сауда министрлігінің бастамасымен Алматыда өткізілген V
орталықазиялық жеңіл өнеркәсіп көрмесінде бұл саланың көкжиегін
көріктендіретін бірқатар игі шараларға қол жеткізілді. Бұл шараларға
еліміздің және шетелдердің 2,5 мыңнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 -1928 жылдардағы Қазақстан экономикасы
Қазіргі әлемдегі Жапония
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
Қазіргі Қазақстандағы БАҚ және саяси көшбасшылық
Индустрияландырудың қарқыны
Еңбекшілердің майдан вахтасындағы ерен еңбегі
Халықтың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай саяси қуғын - қудалау болып отді
Даму заңдылықтары
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Пәндер