Адамның табиғатсыз күні жоқ


Тақырыбы: Адамның табиғатсыз күні жоқ . . .
Мақсаты: Оқушыларды география сабағында жаңа технологиялық элементтерінен пайдалана отырып, экологиялық тәрбие беру.
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіне,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын
Табиғат адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып-төгіп пайдалануға тиісті емес. Табиғат - келер ұрпақтардың да мекен тұрағы, несібесі, қызықтайтын қуанышы. Сондықтан бүгінгі ұрпақтардың несібесін жеп тауысса, бүлдіріп кетсе, күнәнің үлкені сол болары хақ.
Адамның дені сау болу үшін қоршаған орта, табиғат таза сау болу керек. Демек, адам баласы өзінің салауаттығын ойласа барды күтіп аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, кәркейтуге мән беру керек. Мектептің төңірегі жайқалған бақ, гүлзарлар, үйдін төңірегі жеміс бақтары болса қандай жақсы. Осыған байланысты қазіргі кезенде экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы ерекше. Бұған куә - экологиялық айлық, апталық, мектептегі экология сабақтары, сенбілікгер. Біздің мектеп осы шаралардың белсенді атқарушысы. Сенбілікте ауылымыздың көшелерін тазартып, ағаштар отырғыздық. Мектебіміздің айналасы жайқалған бақ, гүлзар болуына күш салып жатырмыз. Бүгін экологиялық білім, құқықтық тәрбие беру мақсатында сот сабағын ұйымдастырып отырмыз.
Сот сабағына қатысушылар: сот, екі кеңесші, хатшы, жәбірленуші (Жер, Табиғат), айыптаушы (прокурор), куәгер мамандар (геолог, су маманы, өсімдіктанушы, жануартанушы, топырақ зерттеуші, атмосфера зерттеуші, эколог), қоргаушы.
Залда сот пен оның кеңесшілерінен басқа адамдар отырады.
Хатшы (Ергешова Шахноза) : - Сот келді, орындарыңыздан тұрыңыздар!
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Отырыңыздар. Адамнан жәбір керіп жапа шеккен, адамның әрекетінен табиғатына зақым келіп, көптеген табиғат құрам бәліктері құрып кету қаупінде тұрған жәбірленуші Жердің шағымы бойынша іс қозғалды. Істі экология соты жүргізеді. Куәгерлер сотқа жалған куәлік бергендеріңіз үшін айыпталатындарыңызды естеріңізге саламын. Куәгерлер сыртқа шыға тұрыңыздар. Сөз кезегі жәбірленуші Жерге беріледі.
Оқушы Абдуллаева Феруза "Жер тағдыры" өлеңінен үзінді оқиды. Жер (Абдуллаева Феруза) арызын оқиды.
- Мен Жермін, Табиғатпын. Адамды келесі қылмыстары үшін айыптаймын. Адам жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд. тонна пайдалы қазбалар алады. Егін даласына 500 млн. тонна минералды тыңайтқыш шашады, 30 млн, тонна улы химикат пайдаланады, 9 млн. тонна шартты отын түрін жагады, атмосфераға 20 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 700 млн. тонна әр түрлі қосылыстар тастайды. Осыдан көптеген экологиялық мәселелер пайда болды.
- Озон қабатының жұқаруы.
- Атмосфералык жылыжайлық өзгеріс.
- Қышқыл жауын-шашындар.
- Топырақ қунарлылыгының азаюы, құрғауы, тұздануы.
- Орман-тогайдың кемуі.
- Өзендер мен көлдердің тартылуы.
- Әсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы.
- Жердің барлық қабаттарының ластануы.
- Адам атом қаруымен менің табигатымның өмір сүруіне үлкен қауіп төндіріп тұр.
Мен - адамды жазалауды өтінемін. Адамның Жер ғаламшарында тұруына болмайды, оның Жерден қуылуын сұраймын. Осы сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерді тыңдауларыңызды өтінемін.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Куәгер геолог залға шақырылады.
Геолог (Исраилов Данияр) : - Күн жүйесіндегі 9 ғаламшардық бірі - Жер, адамзаттың бірден-бір мекені. Жер қойнауынан өзіне жетті пайдалы қазбаны ертеден ала бастады. Алғашында адам өз қажетіне 4 металл: алтын, күміс, мыс және темірді алса, қазір жер қойнауынан 200 түрлі шикізат алады. Ерте ме кеш пе олар сарқылады. Осыған байланысты қазба қорын үнемдеп пайдалану керек.
Ғалымдардың есебі бойынша қазіргі өндіру қарқыны бойынша кен қоры: мыс және табаги газ - 2030 жылга дейін, қоргасын - 2015 жылга дейіп, боксит -2045 жылга дейін, темір - 2055 жылға дейін, никель - 2040 жылга дейін, ал тас көмір болса 2100 жылға дейін гана жетеді екен. Қазақстан барлық пайдалы қазбалар түрі мен қорына бай. Адамзат әлі кен байлығын тиімді, қоршаган ортага зиянсыз өндіріп пайдалануды үйренбеді. Кен байытып, металл алғанда шикізат толық игерілмейді. Ғалымдардың есебі бойынша кеннің 1 немесе 1, 5% ғана дайын өнім болады екен. Адамзат әлі де қоршаған ортаға, табиғатқсі зиянсыз сарқылмайтын жел, күн энергиясын пайдалануды жолга қоймай келеді.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса, келесі куәгер су маманы шакырылады.
Су маманы (Мирзахметова Динара) : - Су баға жетпес табиги байлык. Жердің 3/4 бөлігін су алып жатса да, тұщы су үлесі 2, 5% ғана. Тұщы су - барлық тіршіліктіи негізі. Адамның да, өсімдік-жануарлардың да денесінің көп бөлігі судан тұрады. Тірі организмдердегі зат алмасу процесі тек су арқылы жүреді. Су жақсы еріткіш, жылу сақтағыш. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылыгы, күнделікті тұрмыс сусыз жүрмейді. Қазақстан - тұщы су жеткіліксіз аймаққа жатады. Амудария мен Сырдария суларын бұру салдарынан Арал тартылды. Каспий теңізі мұнай өнеркәсібінен зардап шегуде, жағалауында ақку құстары қырылып жатыр. Балқаш көлінің де су деңгейі төмендеп, суы өнеркәсіп қалдықтарымен ластану салдарынан балығы жеуге жарамайды. Ауыз су тамшылығы судың аздығынан емес оның адам әрекетінен ластанып жарамсыз болуынан, Дүниежүзілік мұхитқа жылына әр түрлі қоспа ретінде 6, 5 мын тонна фосфор, 2, 3 тонна қоргасын, жүздеген мың тонна детерегенттер мен пестицидтер түседі екен. Осының салдарынан соңгы он жылда теңіз жануарларының 1000 түрі мәңгі жоғалып кеткен, бағалы кәсіптік балық саны азайған. Дүниежүзілік мұхиттың көмір қышқыл газын жұтып, өттегі шығару мүмкіндігі азайған.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?
1-кеңесші (Нуриддинов Дилмұрад) : - Кәсіптік балықтардың қаншама азайғаны туралы дерек бар ма?
Куәгер (Назарова Дияра) : - Ондай деректер "Экология мен экономика" журналында жарияланып тұрады.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Куәгер топырақ зерттеуші залға шақырылады.
Топырак зерттеуші (Тураханова Шаира) : - Жер жұқа топырақ қабатымен жабылған. Топырақ күрделі табиғи зат. Жүздеген жылдар тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің құрделі әсерлесуінен пайда болған. Халық санының, егістік жерлердің көбеюі биосферадагы экологиялық теңдікті жоятынып ескерген жөн. Жер қала, жол, зауыт, фабрика, әуежай, су қоймасы, демалыс орындарына қажет. Адамзат өз өмірінде 1, 9 млрд. га жерді шолге, сазға, жыраларға айналдырып құрдымға жіберген. Жылына 50-60мың га жер шөлге айналады. Түсті металлургия орталықтары Павлодар, Өскемен, Балхаш, Шымкент қалаларының маңайындағы топырақта улы заттар нормадан 20-25 есе көп. Химия өнеркәсіп орталықтары Тараз, Атырау, Ақтобе маңындагы топырақта мышьяк 20-25 есе көп. Бұдан басқа атмосферадағы шығарган көмір қышқыл газы, күкірт, сутектер топырақтың химиялық қурамын өзгертіп, қунарлығын төмендетеді. Ауыл шаруашылығы да топыраққа көп зиян келтіреді. Түрлі пестицидтер топыраққа жиналып, суды, өсімдіктерді уландырады. Мұнымен қоса қазіргі кездегі көктемгі саңырауқулақтардай көбейіп кеткен жанармай бекетінің топыраққа тигізіп жатқан зияны өз алдына.
"Агаш - жапырағымен, жер - топырағымен" демекші, топырақ түзілу үрдісі ұзақ мерзімді екенін ескеріп, адамзаттың топырақ жамылғысына тигізген зияны көп деп есептеймін.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Келесі куәгер өсімдіктанушы залға шақырылады.
Өсімдіктанушы (Абдураимова Дилноза) : - Адамзат та, жануарлар әлемі де өсімдік дүниесімен тығыз байланысты. Біздің ғаламшарда микроскоппен көрінетінін есептегенде өсімдіктің 500 мыңдай түрі белгілі. Өсімдіктің адамға тигізетін пайдасы зор. Топырақтың құнарлы қабатын түзейді, атмосфераны өттегімен байыталы. Өсімдіктің біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады, дәрі-дәрмек, бояулар алады. Өз тарихында адам 20 мыңдай мәдени өсімдік түрлерін өсіріп, оның тарау аймағын кеңітті. Сонымен қатар адам әрекетінен көптеген өсімдік түрлері жойылып кетті. Жер бетінен өсімдіктің 30 мың түрі мүлдем жойылып кетсе, 24 мың түрі жойылудың алдында. Осімдік ресурстарының ішінде орманның орны ерекше. Орман - Жердіқ өкпесі. Қазақстанда орман 3%террриторияны алып жатыр. Олардың өзі аяусыз оталып жатқаны жанымызға аяздай батады. Адам Жер ғаламшарындағы орманның 60% қырқып, тек 5% ғана қайта отырғызған.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса, залға келесі куәгер жануартанушы шақырылады.
Жануартанушы (Сатыбалдиев Бекзат) : - Жер бетінде адамзатпен көршілес тіршіліқ ететін сондай ғажайып әлем өкілдері, жануарлар әлемі. Табиғатта жануарлардың 2 млн. жуық түрлері бар. Жануарлардың табигаттағы рөлі маңызды, олар топырақ түзілу процесінде, өсімдіктерді тозаңдатуда маңызды рөл атқарады. Адам әрекетінен табиғаттағы теңдік бұзылып, келеңсіз апатты жағдайлар тууда. Австралияға алып келінген қой, ірі қара тезегін өңдейтін жәндік болмағандықтан жайылымдары қалың (4 см) көң басып, шөп өспей қалган. Америка ашылған кездегі мыңдаган бизондар топтарыпан 1900 жылы бірде-бірі қалмаган. Қазақ даласының көркі болған киік, қарақұйрық адам әрекетінен жаппай қырғынға ұшырап отыр. Тың көтеру - жайылымын тарылтса, "егінге түсті" деген желеумен жаппай ату басталган, 1988 жылы 434 мың бас киік қырылып қалган, олардың өлексесінің бауырынан бэтта радиоактивті сәулеленудің 4 есе көп екені анықталды. Киелі аң құланды да қазақ даласында кездестіре алмайсыз. Жер бетінен жабайы жануардың 106 түрі мүлдем жойылып кеткен. Мұның басты себебі аңшылық емес, жануарлардың табиғи өмір сүретін ортасын өзгертіп жойып жібергені болып отыр. Орманды отау, жол салу, канал, су қоймасын салу, батпақты қурғату, т. б.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса, келесі куәгер - ауа райын зерттеуші шақырылады.
Ауа райын зерттеушінің сөзі (Мирзаева Шаира) : - Жер ғаламшарын атмосфера деп аталатын ауа қабаты қоршап жатыр. Жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Атмосфераның жоғаргы қабатындағы озон қабатының тіршіліқ үшін ерекше мәні бар. Бұл қабат күннен таралатын адам үшін өте қауіпті ультракүлгін сәулені ұстап қалады. Бұл сәуле адамның денесін күйдіріп, пайдалы бактерияларды да қырады. Озон қабаты кунделікті қолданылатын бояуезгіш, фреонды, аэрозольді пайдаланғаннан, биік ұшатын ұшақтың, ғарыш кеменің үшқанынан, атом бомбасының жарылуынан жойылады екен. Ауаны ластаушы - өнеркәсіп салалары, автомобиль транспорты, ауыл шаруашылығы (пестицидті ұшақпен шашу), химиялық өнеркәсіп. Ауадагы зиянды шақ-тозақ, газ, жаңбыр суымен топырақты, мәдени ескерткіштерді, әдемі ғимараттарды, машиналарды бүлдіреді. Өсімдіктерге, жануарларға өте зиянды екенін көзімізбен көріп жүрміз. Газдар қоспасы өте қауіпті. Осындай газ қоспасы тұманы (смог) Алматы, Өскемен, Тараз, Риддер қалаларының устінен көруге болады. Ауа қабатындағы көмірқышқыл газының көбеюі жылыжайлық әсер туғызады да, жер бетіндегі температура көтеріліп, соның салдарынан мәңгі мұздықтар еріп, мұхит суы деңгейінің көтерілуіне әкеліп соғады. Ауаның ластануының негізгі себепкері - адам. Бүгінгі ауа жайдайы өте қауіпті.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?
2-кеңесші (Маллабаев Айбек) : - Бүгінгі күндері жиі болып тұратын катаклизмачлардың себебі неде деп ойлайсыз?
Куәгер (Назарова Дияра) : - Олардық себебі, адамның табиғатқа жасаған үстемдігінен екендігі дәлелденіп отыр.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Айыпкер Адам, осы айтылған кінәларды мойындайсыз ба?
Адам (Мамраимов Жасур) : - Кұрметті сот мүшелері, қымбатты Жер! Мен өз кінәмді мойындаймын. Мен ешқашан Жерге қастандық оймен әрекет істеген емеспін. Менің істеген әрекетім Жер-Ананы гулдендіру, сәндеу еді. Мен өзімнің бар күш-куатымды, білімімді жұмсадым. Мен табиғатқа үстемдік жасап, шөлге су әкелдім, батпақты құрғаттым. Соңғы кезде табиғат байлығын есепсіз пайдаланып, орны толмас қателік жасадым. Бұл қателіктер менің тәжірибем, білімімнің аздығынан болып отыр.
Бұдан былай бар күш-жігерімді, білімімді табиғат қорғау жұмыстарына жұмсаймын. Зауыт, фабрикалардың қалдықсыз жұмыс жасауына, су, жер мелиорациясы, рекультивация жұмыстарын жүргізіп, ауа, су, топырақты тазалау, қалпына келтіру жұмыстарын қолға аламын. Қорықтар, ұлттық парктер санын көбейтемін. Экологиялық білімімді үнемі көтеріп, табиғатты қалпына келтіруді өзіме міндеттеймін. Мені кешірулеріңізді өтінемін.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Айыпкерге сұрақтарыңыз бар ма? Сөз Адамның куәгері - Экологқа беріледі.
Эколог (Усакеева Шахиста) : - Адам - табиғаттың перзенті. Демек, адам баласы өзінің салауаттығын ойласа, барды күтіп аялағанымен қоса оны қалпына келтіруге айрықша мән беру керек. Табиғат - халық қазынасы. Оны қастерлеп, мәпелеу адамның борышы. Осыған байланысты адам көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр.
1989 жылы адамзатқа үлкен қайғы-қасірет пен апат әкелетін, атом бомбасын сынайтын Семей-Невада полигондары жабылды, осыдан кейін дүние-жүзіндегі атом бомбасын сынау тоқтатылды. Табиғат қорғау істері 1872 жылы ашылған "Иеллоустон" ұлттық табиғи сая бағынан басталды. Қазір дүние-жүзінде 2600-ге жуық қорықтар бар, Қазақстан Республикасында 9 қорық бар.
Қорықтарда саны шектеулі өсімдік, жануарларды сақтау, көбейту жолы жүргізіледі. 170 ұлттық саябақтар бар. Қазақстан Республикасында 2 саябақ бар.
Мұнымен қатар биосфералық қорықтарда үнемі жүргізілген мониторинг арқылы табиғи ортаның антропогендік өзгерісін бақылап отырады. Оның саны - 177.
Табиғи ескерткіштер өз алдына. Қазақстан Республикасында 24 табиғи ескерткіш бар. Мысалы: "Жетісу Маржаны", "Шың түрген шыршасы", Павлодардағы "Жыл құстары", т. б. табиғи ескерткіштер.
Адам мұнымен қатар өнеркәсіп, қала, ауыл шаруашылық қалдықтарын залалсыздандырып, пайдаға асыру жолында көптеген жұмыстар атқаруда. Қалпына келмейтін кен, пайдалы қазбаларының, темірдің, шынының орнына пластмасса пайдалануды қолға алды.
Жел, күн, су энергиясын пайдаланатын двигательдерді көптеп қолдануда. Әр мемлекетке табиғат құрамбөліктерін пайдалану мен қорғау туралы арнайы заң қабылдап, оның орындалуын бақылап отырады. Сондықтан мен адамның әлі де болса жерде қалып, өз қателіктерін түзеуіне мүмкіндік беруге болады деп ойлаймын.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?
Айыптаушы (Хайдаров Фархад) : - Қазақстандағы қорықтар өз мәнінде жұмыс істеп жатыр деп ойлайсыз ба?
Эколог (Усакеева Шахиста) : - Ия, қорықтарды тек қорғап қана қоймай, табигат компоненттерін зерттеу, сандарын көбейту жұмыстары да қолга алынган.
Сот (Абдужаббаров Рустем) : - Сөз Адамның қорғаушысына беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz