Жаңа экономикалық саясатқа дейінгі кезең


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жаңа экономикалық саясатқа дейінгі кезең.
  2. Жаңа экономикалық саясат.
  3. Жер - су реформалары.

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық жәие әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт кұрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4, 7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50, 3, орыстары - 31, 1, украиндары - 14, 4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында кешпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым 6олатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3, 6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1, 6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аягына дейін ірі қара мал саны 2, 1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, қой-ешкі 6, 5 млн-дай, түйе - 0, 3 млн-ға азайды. Жалпы алгапда осы жылдары барлық мал түрі 10, 8 млн. басқа кеміді.

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6, 5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: париархалдық, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік және социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың эконо-микадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меишік салмағы тіпті төмендеді.

Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза түрінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармсм тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүнисжүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылғаи азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметіи салғырттан, яғни "әскери коммунизм" саясатынап /салғырт кейде солай аталатын/ бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Бұл арада "әскери коммунизм" саясатының социализм орнатуда неғұрлым тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті күштеп алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рынокқа тыйым салу, ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында өкімет барымша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әске-ри жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине "әскери коммунизм" социализмгс жеткізетін шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетіпің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз бол-ды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10, 4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6, 0 миллион пұұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпеп шектеу ауыл-селолардың қалалармеи байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанныц халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бекей және Қостапай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда республикада 2, 3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезендерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина рес-публикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұтган астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардаи астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Рес-публикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытымда іске асырылған шаралар еді. Патша окіметі алған жерлер қазақ еңбекшілсріне қайтарылып берілді,

1921 жылы ақпаи айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзеге асыру үшін бұкаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Қос-шы одақтарың құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді .

Қазақстан еңбекшілерінің халық шаруашылығыи қалпына келтіру барысында бірқатар табыстарға қолдары жетті. 1925 жылдың аяғына қарай республикада өнеркәсіп өнімін өндіру едәуір ості. Бүкілодақтық маңызы бар Орал-Ембі мұнай тресі, Алтын руда, Атбасар түсті металл, Алтай қазақ полиметалл трестері құрылды. Оларға тәжірибелі инженерлер мен техниктер келді. Қазақ жұмысшыларының саны өсті. Толық емес мәліметтер бойынша, Қазақстанпың ірі өнеркәсібінде, жол қатынасында, совхоздарында 1925 жылы 40 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші істеген. Олардың ішінде қазақтар саны артты. Қазақтар мұнай өнеркәсібінде жұмысшының басым көпшілігі, кен өнеркәсібінде - 45 пайыз, тоқымашыларда - 30 пайыздан астамын қамтыды. Республика өнеркәсібіндегі жұмысшылардың жалақысы 1921- 1925жылдарда (салыстырмалы бағамен) 1, 5 есе өсті, ауыр өнеркәсіптегі жұмысшылардың жалақысы одан да көп болды. Әлеуметтік сақтандыру, тегін медициналық көмек, еңбекті қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау жүйелері жүзеге асырылды. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында (Риддерде, Доссорда, т. б. ) мемлекет есебінен тұрғын үйлер құрылысы басталды.

Қазақстаниың ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді. 1925 жылы 46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар
Жастар- мемлекеттің ең басты стратегиялық, әлеуметтік, электоральды ресурстарының бірі
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары
Кеңес дәуірінде жастардың саяси қатысу дәстүрі
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz