Негізгі құралдарды есепке алу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
5. 1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Мекеменің қалыпты өндірістік - шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік - шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші еңбек құралдары мен басқа мүліктік құны «негізгі құралдар» деген экономикалық түсінікті құрайды.
16 «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан астам - Ж. Т. ) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.
Олар өзінің табиғи-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік цикларға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т. б. жатады.
Түрлі министрліктердің, ведомстволардың және түтас халық шаруашылығы бойынша есепке алу мен қаржылық есептілікте негізгі құралдардың бірегей топтарының негізгі шарты оларды ғылыми негізделген жіктеу болып табылады.
Негізгі құралдар мынадай белгілер бойынша жіктеледі : халық шаруашылығының салалары; функционалдық қажеттілігі; табиғи-заттық белгісі; иелігіне байланысты және пайдалану бойынша.
Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар он тоғыз топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы және т. б.
Функционалдық қажеттілігі бойынша негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес болып бөлшектенеді.
Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т. б. жатады.
Басқа салалардың өндірістік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардың негізгі құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - бұл халыққа медициналық, тұрғын-үй коммуналдық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т. б. салалардың негізгі құралдары жатады.
Халық шаруашылығының әр саласында табиғи-заттық белгі бойынша, оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі құралдар тобы деп аталады. Негізгі құралдардың жекелеген топтары мыналар: жер учаскелері; жер уческелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және ипнженерлік жабдықтың салынатын элементтері; кеңсе жабдығы.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті негізгі құралдар - бұл сол мекеме (кәсіпорын) иелік ететін және соның теңгерімдік (баланстық) шотта ескерілетін негізгі құралдар . Жалға алынған негізгі құралдар - бұл басқа мекеменің немесе кәсіпорынның меншігіндегі, бірақ осы мекеме немесе кәсіпорын бойынша уақытша пайдаланып жүрген негізгі құралдар. Бұл негізгі құралдар жалға алушыда (жалгерде) теңгерімнен (баланстан) тыс шотында ескеріледі.
Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар қолданыстағы босалқы және бос тұрғандар болып жіктеледі. Қолданыстағыларға мекеме (кәсіпорын) өнім өндіруге және жұмыстар орындау және қызмет көрсету үшін пайдаланып жүрген негізгі құралдар жатады. Жабдықтарды ауыстыру және т. б. үшін қолданылатын, күрделі жөндеуге, тозуына байланысты пайдаланылған негізгі құралдар босалқы құралдарға жатады. Мекемеде толық жинақталмауына немесе артық болуына байланысты пайдаланылмайтын, сондай-ақ консервацияда тұрған негізгі құралдар бос тұрғындарға жатады.
Негізгі құралдардың ерекшелігі олардың қызмет ету ұзақтығы мен бірнеше дүркін пайдаланылуы болып табылады. Осыған байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде (ішінара) өндіріс пен оралым шығындарына енгізіледі.
16 «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде олар түскен сәттен бастап теңгерімнен (баланстан) шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі.
Жоғарыда аталған Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар нысанының бастапқы құны мыналарды қамтиды:
- Иморттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы;
- Активті керек жерге жеткізуге және мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындар;
- Негізгі құралдар нысанын бөлшектеуге және жоюға және өздері тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы нысанда сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезең бойы оны пайдалану нәтижесінде мекеме өз мойнына алады.
Негізгі құралдарға жұмсалған тікелей шығындарға мыналар жатқызылады:
- Негізгі құралдар нысанын салуға немесе сатып алуға тікелей байланысты туындайтын қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған шығындар;
- Алаңды әзірлеуге арналған шығындар;
- Жеткізуге және түсіруге арналған шығындар;
- Орнатуға және жинастыруға арналған шығындар;
- Активті керек жеріне жеткізу және оны қажетті күйге келтіру процесінде жүргізілген, кез келген нысандарды сатудан алынған таза түсім шегерілгеннен кейін активтің тиісінше жұмыс істеуін тексеруге шыққан шығындар;
- Білікті қызмет көрсетулердің құны.
Негізгі құралдар нысанына жұмсалатын шығындарға келесі шығындар жатқызылмайды:
- Жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар;
- Жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар;
- Жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық қызметті жүргізуге арналған шығындар;
- әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығындар.
Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) негізгі құралдар үшін бастапқы құны инвентарлық (мүліктік) құны болып табылады. Ол құралады:
- ғимараттар мен құрылыстар үшін - нысандарды салу жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау іздестіру жұмыстары, сондай-ақ нысандардың инвентарлық құнына белгіленген тәртіпте енгізуге жататын басқа шығындардан;
- монтаждауды талап ететін жабдықтар үшін - сатып алу құнынан, жеткізу, монтаждау және ірге тасын немесе тіреу жасау, сондай-ақ нысандардың инвентарлық құнынан белгіленген тәртіпте енгізуге жататын басқа шығындардан;
- монтаждауды талап етпейтін жабдықтар үшін - жеткізу шығындарын қосқандағы сатып алу бойынша шығындардан.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мына жағдайларда өзгеруі мүмкін.
- Үкіметтің өкімі бойынша негізгі құралдар қайыра бағаланып, әр нысанның құны қолданылатын бағаны ескере отырып белгіленеді;
- Күрделі қаржы қаражаты есебінен жаңартылғанда, қайыра құрылғанда, кеңейтілгенде немесе қайыра жарақталғанда. Жабдықтың алғашқы құны жаңарту, тиісті жұмыс орындау және тозған тораптарды ауыстыру үшін детальдар сатып алу, жұмыстары күрделі жөндеу орнында жүргізілгенде өзгертіледі;
- Нысанды сатып алу немесе пайдалануға беру сәтінде алғашқы құнды анықтауда бұрын жіберілген қателіктірді түзету нәтижесінде.
Белгілі күнге қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша негізгі құралдардың құны ағымдағы құны деп аталады. Негізгі құралдардың ағымдағы құны бұдан әрі құрылыс пен өндірістің өзгеру құны негізінде, еңбек өнімділігінің артуына байланысты, инфляцияға және басқа факторларға байланысты бағаның өзгеруі негізінде белгіленуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесінде мекемелер активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан негізгі құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Негізгі құралдарды дұрыс бағалау және олардың амортизациясының негізделген мөлшерін анықтау, сондай-ақ өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын анықтау үшін өте маңызды.
Пайдалану барысында негізгі құралдар тозады және құнсызданады. Кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін танылатын сома негізгі құралдардың теңгерімдік (баланстық) құны деп аталады, сол бойынша актив бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетіледі. Бұл негізгі құралдың әлі өндірістік өнімге аусыпаған бөлігін сипаттайды.
Негізгі құралдар нысанының теңгерімдік (баланстық) құнына шығындарды тану, ондай нысан керек жерге жеткізіліп, мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде тоқтатылады. Сөйтіп, негізгі құралдар нысанын пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы нысанның теңгерімдік (баланстық) құнына қосылмайды.
Негізгі құралдар нысанының теңгерімдік (баланстық) құнын тану мынадай жағдайды міндетті түрде тоқтатылуға тиіс:
- шығып қалғаннан кейін;
- оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.
Пайдалануда болатын және бірлескен кәсіпорынға оның қатысушылары жарғылық капиталға жарна ретінде берілетін негізгі құралдар бірлескен кәсіпорын қатысушыларының келіскен ағымдағы бағамен есепке алынып, олардың жарналарының сомасы бөліне отырып қабылданады.
Заңды және жеке тұлғалардың сыйлығы немесе үкімет субсидиясы түрінде қайтарымсыз берілген негізгі құралдар кәсіби бағалаушылардың қатысуымен тәуелсіз комиссия арқылы бағаланады. Комиссия нысанның ағымдағы құны мен оның беру сәтіндегі тозуын белгілейді.
Негізгі құралдар сондай-ақ келесі құндар бойынша бағаланады.
Өзіндік құн - бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттардың , мысалы, 2 - «Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер » IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.
Негізгі құралдар нысанының өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуға тиіс, егер;
- осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың мекемеге келіп түсуі ықтимал болса;
- осы нысанның өзіндік құнын сенімді түрде мүмкін болса.
Амортизацияланатын құн - жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн - ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызметі мерзімнің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.
Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Өтелетін сома - екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы.
Активтің жойылу құны - егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, актитвті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.
Мекеме өзінің есеп саясаты ретінде негізгі құралдарды не бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін , не қайта бағалау үлгісін таңдауға тиіс және таңдап алған есеп саясатын негізгі құралдардың барлық тобына қолдануға міндетті.
Бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісінің мәні - актив ретіндегі бастапқы танудан кейін негізгі құралдар нысаны, жинақталған амортизация және құнсыздаудан жинақталған залалдар шегеріліп, оның бастапқы құны бойынша ескерілуге тиіс.
Қайта бағалау үлгісінің мәні - актив ретінде таныла отырып, әділ құнды нақты бағалауға келетін негізгі құралдар нысаны, кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген шығындар шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау шамасы бойынша есепке алынуға тиіс. Қайта бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде анықталатын теңгерімдік құннан елеулі түрде өзгеше болуына жол бермеу үшін жеткілікті түрде жүйелілікпен жүргізілуі тиіс.
Жер учаскелері мен ғимараттардың әділ құны, әдетте, білікті бағалаушылардан жүргізілетін бағалау арқылы нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтардың әділ құны, әдетте, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.
Негізгі құралдар нысанының ерекше сипатына байланысты және ондай активтер жұмыс істеп тұрған барлық кәсіпорыннан бөлек сирек сатылатын болғандықтан, әділ құнның нарықтық индикаторлары жоқ болғанда, сатып алушы - мекемелерден, бәлкім, әділ құнды кіріске немесе амортизациялық қалпына келтіру құнына сүйеніп бағалау талап етілуі мүмкін.
Негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізудің жиілігі олардың әділ құнындағы өзгерістерге байланысты. Егер қайта бағаланған активтің әділ құны оның теңгерімдік құнынан елеулі түрде өзгеше болса, қосымша қайта бағалау қажет болады. Кейбір негізгі құралдар нысандарының әділ құны елеулі және туынды ауытқулардың мәні болуы мүмкін, сондықтан олар жыл сайын бағалап отыруды талап етеді. Мұндай жиі қайта бағалаулар әділ құны шамалы өзгерістерге ұшыраған негізгі құралдар нысандары үшін талап етілмейді. Осындай нысандарды қайта бағалау қажеттілігі үш немесе бес жылда бір рет пайда болуы мүмкін.
Негізгі құралдардың нысандарының бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржылық есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржылық есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, негізгі құралдар тобы сырғымалы система бойынша қайта бағалануы мүмкін.
Егер негізгі құралдың теңгерімдік құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім » деген ұғыммен тікелей капиталға дербестелуге тиіс.
Негізгі құралдарды тану тоқтатылған жағдайда негізгі құралдар нысанына қатысты каптиалға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Негізгі құрал пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер негізгі құралды мекеме пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы негізгі құралдың қайта бағаланған теңгерімдік құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп ерекше маңыз алады, оның көмегімен негізгі құралдарды сақтау, пайдалану және қалпына келтіруге жауапкершіліктің ара-жігі ашылады, тиісті құжаттармен негізгі құралдардың құрамындағы барлық өзгерістерді рәсімдеу тәртібі белгіленіп, есепке алудың басқа да мәселелері шешіледі.
5. 2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің
міндеттері.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдар өзгереді: олар мекемеге түсіп пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, мекеме ішінде жылжытылады, көнелігі немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығы, сондай-ақ басқа мекемелерге беру салдрынан есептен шығарылады. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Мекемедегі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеттері:
- негізгі құралдарды пайдаланылған жері бойынша дұрыс есепке алу және оның сақталуын бақылау;
- негізгі құралдардың түсу есебін, олардың ішкі қозғалысын, шығысын және жойылуын құжаттармен рәсімдеу және дер кезінде есепте көрсету;
- негізгі құралдардың амортизациясын дер кезінде есептеу мен есепте көрсету және амортизацияны өндіріс пен айналым шығындарының құрамына енгізу;
- негізгі құралдарды жөндеу, реконструкциялау және жаңартуға шығындардың дұрыс жұмсалуын бақылау;
- жоюдың нәтижесін дәл анықтау, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизацияланбаған нысандарын есептен шығару;
- мүлікке салынатын салық, қосымша құнға салынатын салық сомаларын негізгі өндірістік құралдардың теңгерімдік құнынан белгіленген мөлшерде дұрыс анықтау.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп машиналарды, жабдықтарды, өндірістік құралдар мен алаңдарды, көлік құралдары мен басқаларды тиімді пайдалануды бақылауға көмектесуі тиіс.
Қазіргі уақытта, нарықтық экономика жағдайында мекемелер негізгі құралдарын басқа кәсіпорынға тегін беруге, сатуға, айырбастауға және жалға беруге, уақытша пайдалануға тегін беруге, сондай-ақ олар тозса немесе моральдық жағынан ескірсе, толық амортизацияланады ма, жоқ па, соған қарамастан теңгерімнен шығаруға құқылы. Осы жағдайда негізгі құралдардың түсуін, дұрыс пайдалануын және сақталуын бақылайтын құрал ретінде бухгалтерлік есептің ақпараттық фунциясы арта түседі. Ол алдын-ала, ағымдағы және одан кейінгі бақылаудың жиынтығы болып табылады. Мәселен, алдын-ала бақылауды ұйымдастырғанда негізгі құралдардың түсуі мен шығуы жөніндегі бастапқы бухгалтерлік құжаттардың (негізгі құралдарды қабылдап алу-беру, есептен шығару кесімдері, түгендеу карточкалар және басқалар ) қолданылуы мен рәсімделуінің белгіленген тәртібін сақтауға назар аударылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың түсуіне байланысты шаруашылық операцияларын дер кезінде анық көрсету өте маңызды, өйткені бұған амортизациялық төлемдердің, өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және атқарылған қызметтің өзіндік құнының шамасын, пайданың, мүлік салығының, өндіріс рентабельділігін және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын басқа да бірқатар көрсеткіштердің шамасын дұрыс анықтау байланысты. Шаруашылық операцияларын жүйелі тіркеуді жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп негізгі құралдардың нақты жағдайын белгілеп қана қоймай, оларды мекеменің шаруашылық қызметі процесінде дұрыс пайдалануға бақылау жасауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылса, негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін айқындап қана қоймай, оларды тиімді пайдалануға кедергі болып отырған себептер мен жағдайларды да зерттеп, оларды жөндеу жолдарын анықтауға болады.
5. 3. Негізгі құралдардың түсуін құжаттармен рәсімдеу және есепке алу
Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жаңа ғимараттар, құрылыстар, беріліс құрылғыларын салу) ; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлы-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандарының өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.
Тиісті құжаттардың негізінде негізгі құралдардың барлық нысандары дер кезінде және толық кіріске енгізілуі тиіс.
Мекемеге түскен негізгі құралдар нысандарын мекеме басшысының өкімімен құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына мекеменің бас инженері (механигі), техникалық бөлімнің инженері, нысанды пайдалануға берілетін цех немесе бөлімнің бастығы енеді.
Негізгі құралдың түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру № кесімімен (актісімен) » рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сыйпаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі. Кесім негізгі құралдардың кез келген түріне - тұрақжайлар, машиналар, аспаптар, т. с. с. әрбір нысанға жасалады. Шаруашылық мүліктеріне, саймандарға, станоктарға және т. б. осы сыйақтыларға, егер олар бір типті болса, құны бірдей және бір күнтізбелік ай ішінде қабылданса жалпы кесім жасауға жол беріледі. Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімін екі тарап - нысанды қабылдаушы және беруші жасап, пайдалануға берген күнін, жасалынған күнін, бастапқы құны мен амортизация сомасын қоса көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz