Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық қызметі



Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық қызметі

Сабақтың жоспары:
• Мұздықтардың геологиялық бұзушылық әрекеттері
• Құрлық мұздықтары
• Тау мұздықтары
• Беттік және шеткі мореналар туралы түсінік
• Мұздық фриндары

Сабақтың мақсаты: Жалпы мұздықтар өз ішінде үшке бөлінеді. Тауарылқ
мұздықтар, материктік мұздықтар және аралық мұздықтар болып бөлінеді.
Жалпы мұздықтардың пайда болуы бұл климаттың төмендеуі мен биіктік
белдеулерге және де ендік және бойлық бағытта таралады.

Қысқаша теориялық мәліметтер:
Мұздықтар геологиялық бұзушылық әрекет Мұздарға гидросфера мен
литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы
қабатталып жинялған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар,
мұхиттарда кездесетін қалқыма мұздар (айсбергтер) жатады. Олар жербетілік,
теңіздік және жерастылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар
құрлықта, теңіз жағалауларында (шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар
бойы қалыптасады; қардың қайта кристалдануынан, еріген судың қатуына
байланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың табиғи жиынтығы
болып саналады.

Жер бетілік мұздардың құралуына ғасырлық орташа температураның 5—7°С-қа
төмендеуі және осыған сәйкес климат ылғалдылығының артуы себепші болады.
Температураның осындай ауытқуларына байланысты полярлық және қоңыржай
ендіктерде мұзды аймақтар қалыптасады.
Жербетілік мұздар құрлықтарда атмосфералық ылғалдықтың артуына,
дүниежүзілік мұхит денгейінің төмендеуіне (120 м-ге дейін) әсерін тигізеді.

Жербетілік мұздар жамылғы мұздықтар және таулық мұздықтар болып
ажыратылады.

Теңіздік мұздар ұзақ жылдар бойы жүзіп жүретін қалқыма мұздықтардан
(айсбергтерден) құралады. Олар өздігінен де және құрлықтағы мұздармен де
байланысты дамиды. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың мұз жамылғысы, Оңтүстік
жарты шардың ықпа мұздары, шельф мұздары, айсбергтер.
Жерастылық мұздар көп жылдар бойы қатып, тон; болып жатқан тау жыныстарын
қамтиды. Жердің даму тарихында мұз басу дәуірлері протерозой, палеозой,
кайнозой эраларын қамтиды. Төменгі аптропогенде березин, ока, ортаңғы
антропогендо днепр, москва, карель, осташков, сартан мұз басулары және
скандинавия, жаңа жер, солтүстік орал, канада және т. б. мұзбасу
орталықтары болған.

Мұздықтар — жер бетіндегі кішігірім шағын мұздықардың жиынтығы. Олар
қатты күйдегі атмосфералық (қар мен бұршақ) жауын-шашынның жалпы мөлшері,
оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жағдайда, тау
беткейлерінің қарлы жиеғінен жоғары орналасқан бөлігінде пайда болады. Жер
шарындағы бүкіл мұздықтардың жалпы көлемі 30 млн. км3, ал олардың ауданы —
16,3 млн, км2, яғни жалпы құрлық ауданының 11%.

Таулық мұздықтар — биік тауларда қалыптасып, тау шыңдарын, шатқалдарды,
кең ойықтар мен түрлі ойлымдарды қамтиды. Көбінесе олар мұзды өзен түрінде
тау аңғарын бойлай созылып жатады. Мұндай аңғарлардың өзіндік пішіні науа
(астау) тәрізді болады. Олар трогтар деп аталады. Мысалы Кавказда, Памирде,
Оралда және т. б. тауларда. Тау мұздықтары тәулігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұздықтар және олардың геологиялық әрекеті
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Әлемдік қар мен мұз қорлары
Әлемдік мұхит туралы ақпарат
Геология пәнінен дәрістер
Экзогендік геологияоық процестер
Геология оқу - әдістемелік кешен
Геология –жер туралы ғылым
Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
Пәндер