Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1. Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері

Жер даулары- бұл құқық субьектілерінің арасындағы жерге меншік
құқығының, жер пайдалану құқығының, жерді жалға берудің және жер
учаскелеріне, соның ішінде, шартты жер телімін мен мұрагерлікке қатысты
өзге де құқықтарының мазмұны туралы келіспеушіліктер.
Бұл анықтамадан көрініп тұрғандай, жер даулары азаматтың немесе заңды
тұлғаның жер учаскесіне субьективтік құқығын бұзуға немесе орын алуы мүмкін
құқық бұзушылыққа қатысты туындайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың атқарушы органдардың жеке меншік
құқығындағы, жер пайдалану құқығыныдағы, жалға берудегі, шартты жер үлес
түріндегі жер учаскелерін беру туралы мәселені қарастырмау немесе бас тарту
түріндегі әрекеттер мен әрекетсіздіктеріне қатысты шағымдар мен өтініштері
жер дауларына жатпайды, олар ҚР Президентінің 1995 жылғы 19-маусымдағы
Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы Жарлығына сәйкес
азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау тәртібінде жүзеге асырылуы
тиіс.
Аталған тұлғалардың мұндай өтініштері ҚР Конституциясында және Жер
кодексінде көзделген жер учаскесін алуға обьективтік құқықты жүзге асыру
мақсаттарында туындауы мүмкін
Жер учакелерін беруге уәкілетті органдар талап-арыздар менөтініштерді
заңмен белгіленген мерзімде қарауға ғана емес, сонымен қатар, егер жер
учаскесі қолда бар дағдайда өтініш берушінің тұрғылықты жеріне, жұмыс
орнына қарамастан сұралып отырған жер учаскесін нысаналы мақсат бойынша
пайдалану шін беруге міндетті.
Мысалы, жер учаскесі қолда бар болған жағдайда жер учаскесін беруде
негізсіз бас тартқан жағдайда тұрғын үй құрылысына арналаған жер
учаскесінің бар екендігі туралы ақпаратты жасырған кінәлі тұлғалар
әкімшілік жауаптылыққа тартылады (ҚР ӘҚБК 257-бабы).
ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәкес, жер учаскесіне субьективтік құқықы
осы учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына,
екпелерге таралады.
Жоғырыда атап өткеніміздей, егер мұндай пайдалану басқа тұлғалар
мемлекеттің құқықтарын, соның ішінде Қазақстан Республикасында меншік
обьектісі болып табылатын жер қойнуына, су көздеріне, өсімдіктер әлеміне
және ауа кеңістігіне құқықтарын бқзбаса, жер учаскесінің меншік иесі жер
пайдаланушы осы учаскенің үстіндегі және астындағылардың барлығын өзі
қалауы бойынша және қандай бір рұқсаттардың қажетінсіз пайдалана алады.
Жер учаскесінің аталған субьектілері ҚР Жер кодексінің 43- бабының 11-
тармағына сәйкес, егер жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі)
шекарасы белгіленсе және жер учаскесін басқару жөніндегі аумақтық орган жер
учаскесіне құқықыты куәландыратын құжатты беоген жағдайда жоғарыда аталған
құқықты иелене алады. Бұл тәртіпті сақтамау көптеген жағдайларда жер
дауларына әкеп соғады.
Тіпті, жер учаскесін сату-сатып алудың, сыйға тартудың, айырбастаудың
және жер учаскесіне, жер пайдалануға, жалға беруге, мұрагерлікке қатысты
меншік құқықғының өтуінің басқа да түрлерінің қажеттігі туған жағдайда да
жер учаскесінің көлемін, шекарасын және басқа да мәліметтерін ҚК Әділет
министірлігі органдарындағы жер кадастры мен тіркеуді есеке алу мәліметтері
бойынша нақтылау талап етіледі.
Бұл талаптарды орындамау жер учаскесін пайдаланудың мерзіміне және
өзге де жағдайларға қатысты жер дауларының туындауына себеп болады.
ҚР Жер кодексінің 103-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы ұйымдарының және
кәсіпорындарының қайта құрылуымен және таратлуымен байланысты шартты жер
үлестерін иеленген азаматтардың құқықтары шартты жер үлесіне құқық туралы
кәулікпен кәуландырлады.
Барлық жер даулары аталған жеке меншік құқығындағы, жер пайдалану
құқығындағы, жалға беру құқығындағы жер учаскелеріне,шартты жер үлестеріне,
сонымен қатар, сервитуту құқығында қатысты туыдайды.
Жер даулары мемлекеттік меншіктегі жерлерге қатысты туындамайды және
туындамауы тиіс те, себебі, заңдарда бұған қатысты ешбір негіз жоқ.
Шекаралық жер дауларын мемлекеттер халықаралық құқық нормаларының
негізінде шешеді.
Егер жер учаскесіне қатысты құқықты рәсімдеудің жоғарыда аталған
тәртіптерінің барлығы орындалса (оның шекарасы, мөлшері, орналасқан жері
туралы мәліметтерді нақтылай отырып), бөтен жер учаскесіне құықыты қасақана
бұзу жағдайларын есетемегенде, жер даулары туындамайды.
Сонымен, жер даулары меншік иесінің, жер пайдаланушының құқықтарына,
жалға беруге, шартты жер үлесіне, сервтутқа және жер учаскелеріне қатысты
құқықтарға қол сұғушылыққа қатысты туындауы мүмкін. Сондай-ақ, уәкілетті
органдардың жоғарыда аталған құқықтарды жүзеге асырудың іс жүргізушілік
нысандарына қатысты белгілі бір әрекеттерінің немесе әрекетсіздіктерінің
негізінде де жер даулары туындауы мүмкін.
Мысалы, жер заңдарын бұзумен байланысты жер құқық бұзушылықтары ҚР
Жер кодексінің 67-бабында қарастырылған.
ҚР Жер кодексінің 67-бабына сәйкес, егер нормативтік құқықтық актіде
мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде
сервитут белгілек көздесе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі
немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарына бас тартуына мүдделі
тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруі арқылы сот
тәпртібімен дуаласа алады. Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті
атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут
белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот
тәртібімен шағымдана алады.
ҚР Жер кодексі жер дауларының туындауы негіздері ретінде оларды сот
тәртібінде шешуге қатысты 15 сілтеме жасайды
(53,67,74,88,89,91,92,106,148,166,1 67,170-баптары). Олар төменде жер
дауларын түрлнрге бөлу кезінде қарастырылады.

2. Жер дауларының түрлері және мазмұны
Түрлерге бөлу-бұл өзіндік ерекешеліктері бойынша жер дауларының
түрлерін ғылыми тұрғыдан анықтау. Оның дауларды сипаты,обьектісі және
субьектіс бойынша жүргізуге болады. Тәжірибелік көзқарас тұрғысына
қарағанда, жер дауларын түрлерге бөлу олардың ерекешеліктерін талдау
кезінде қандай да бір жер дауын шешудің тәртібін анықтауға мүмкіндік
береді.
1.Жер дауларын түрлерге бөлу жеке және заңды тұлғалардың жер
учаскесіне субьективтік құқықтары тұрғысынан қарастырылады.
Олар жер дауларының сипатына қарай істі шешудің әкімшілік және сот
тәртібі деп бөлніуі мүмкін. Мұндай тәртіп бұрынғы КСРО-да кеңінен дамыған
болатын.
ҚР-ның жер заңдары жер құқығы қатынастарымен байланысты жер дауларын
шешудің әкімшілік тәртібін қарастырмайды. ҚР Жер кодексінде көзделгендей,
ҚР-сы облыстарының арасындағы жер қатынастарды реттеу ҚР Үкіметінің
құзіреті (13-бап), ал аудандық және облыстық атқарушы органдарының
арасындағы мұндай қатынастарды реттеу мемлекеттік, меншік иесі ретінде ҚР-
ның билік жүргізу функциясын жүзеге асырушы атқарушы органдары ретінде ҚР
Үкіметінің және жер қатынастарын ретту жөніндегі облыстық атқарушы
органдарының құзіреті болып табылады. Жер қатынастарының реттеудің осы
саласындағы мемлекеттік органдарды жер дауларын әкімшілік тәртіпте
реттейтін органдар деп атауға болмайды. Сонымен қатар, ескере кететін бір
жайт, жер даулары жер қатынастарын емес, жер құқығы қатынастарынан
туындайды.
ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқығы қатынастарынан, яғни,
жерге меншік құқығын және өзге де құықтарды жүзеге асыратын жекелеген
субьетілерге жер учаскелерінң бектіумен, жер ресурстарын басқарумен
байланысты жерді мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастардан, туындайтын
даулар сот тәртібімен қаралады.
ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 4-наурыздағы 290 қауылысымен бекітілген Ауыл
шаруашылық және орман алқаптарын ауыл және орман шаруашылығынан өзге де
мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде меншік иесі немесе жер
пайдаланушы келтірген шығындар мен ауыл шаруашылығ және орман шаруашылығынң
өтелкге жататын шығындарды анықтау тәртібі туралы ережеде көзделгендей, жер
учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік құқығын немесе жер
пайдалану құқығын тоқтатуды көздейтін шешіммен келіспеген жағдайда дау сот
тәртібінде шешілгенеше аталған шешімінің жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Дауды қарау кезінде жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер
пайдаланушыға келтірілген шығындарды өтеудің барлық мәселелері шешіледі
(28,29-тармақтао).
2. жер дауларының обьетісі болып нақты жер учаскесі және жер учаскесін
беруге, соның ішінде, жер учаскесіне куәландыратын құжатты рәсімдеуге
байланысты процесдуралық мәселелер де табылады.
Жер учаскесі өзінің мөлшеріне, шекарасына, сапасына, орналасқан
жеріне, жер учаскесін пайдалану қолйлығына және т.б. факторларға қатысты
жер дауының обьектісі болуы мүмкін.
Процедуралық мәселелер бойынша жер даулары келесі сұрақтарға қатысты
туындайды:
1) жер учаскесін беруден бас тартуды қарау;
2) жер учаскесін алып қоюға және беруге келісу;
3) жер учаскесін беру туралы шешім шығару;
4) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды беру;
5) жер учаскесіне құқықтың тоқтатылуы;
6) жер учаскесі шекарасының өзгеруі;
7) жер учаскесін қалыпты пайдалануға кедергі жасайтын жағдайларда жою;
8) келтірілгеншығындардың (зиянның) мөлшерін анықтау;
9) жер учаскесін пайдалану және қорғау шарты бойынша міндеттерді
орндамау;
10) жер учаскесінің сызығын жою;
11) уәкілетті органның жер учаскесін пайдалану және қорғау мәселелері
бойынша шешімнің заңдылығ және негізділіг;
12) жер учаскесін алудағы (сатып алудағы) артықшылық құқық;
13) жер аукционы қатцсуға рұқсат туралы мәселе;
14) бүлінген жерлерді жаңғыртуды жүргізу;
15) жер учаскесін (алқапты) бір түрден екінші түрге ауыстыру;
16) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
17) ҚР Жер заңдарының мазмұныны туындайтын өзге де мәселелер.
Жер даулары субьектілері бойынша мыналардың арасында туындайды:
1) бастапқы және туынды жер пайдаланушылардың;
2) жергілікті мемлекеттік органдардың, азаматтардың және заңда
тұлғалардың;
3) жер пайдаланушылардың;
4) жер учаскелерін меншік иелерінің;
5) жер учаскелерінң субьектілерінің және осы учаскесінежер учаскесіне
үміткерлердің;
6) мемлекеттік жер пайдаланушылардың;
7) ерлі-зайыптылардың;
8) мұрагерлердің;
9) мемлекеттердің;
10) жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және
жалға алушының;
11) шартты жер үлестері субьектілерінің
12) ҚР Жер заңдарында көзделген өзге де тұлғалардың.
Жер дауларының бұл түрлнрінен көрініп тұрғандай, олардың мәне жер
құқығының тек материалдық нормаларымен де, жер қатынастарынреттеуге,
жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған жер заңдарын орындауды
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі- жерге орналастырумен де
байланысты. Жерге орналастырудың (жер процесінің) мәліметтері жер құқығы
қатынастарының бұл саласында заңдылықты жүзеге асыру үшін қажет. Бұл арқылы
олар жер дауларын шешуде соттың шындықты анықтаына септігін тигізеді.
Осы тұжырымдарды дәлелдеу мақсатында сот тәжірибиесінен келесі
мысалдарды келтіріп өтейік.
Шаруа қожалығының МИД жауапкершіліг шектеулі серіктестігіне қатысты
талап-арыз бойынша бұзылған жер пайдалану құқығын қалпына келтіру туралы іс
қаралады.
Іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы заңнамасына негізделіп жер дауларын шешу
Жер дауларының түсінігі мен ерекшеліктері
ҚР соттардың жер дауларын шешудің іс жүргізушілік ерекшеліктері
Азаматтардың жер учаскелеріне құқықтарын қорғау
Жермен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы еңбек даулары және оларды шешу тәртібі: теория және практика мәселелері
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Заң немесе басқа құқықтық акт азаматтық - құқықтық салдардың басталуын байланыстыратын оқиғаның салдарынан
Еңбек дауларының келісім комиссияларында қарау тәртібі
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Пәндер