Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгерістер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгерістер

2009 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» мәселе қаралған Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы болып өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ұлттық қауіпсіздіктің басым бағытының бірі ретінде ел халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мен оның жетімділік қажеттілігін айтып өтті. Талқылау барысында келешекте аграрлық өнер кәсіпті және ел ішінде ауылшаруашылық өнімнің қайта өндеу саласын дамыту, ДСҰ кіруде ұлттық мүддесін қорғау, азық тағамдардың сапасы мен азық-түлік тауарлар импортынан тәуелділіктің төмендеуі жөнінде өзекті мәселелер қаралды. Мемлекет басшысы аграрлық кешенді дамытуға дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында бөлінген, ақшалай қаражатты тиімді және нысаналы мақсатта пайдалану қажеттілігіне көңіл бөлді. Азық-түліктік қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша басқа да міндеттермен қатар аталған отырыста мемлекет Басшысы Үкіметке ауылшаруашылық мақсаттағы жерді тиімді және нысаналы пайдалануды бақылау ұймдастыруға тапсырма берген болатын деп айта кету жөн.

Мемлекет Басшысының және Үкімет тапсырмаларының, 2009 жылғы 14 тамыздағы кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістердің негізінде облыс әкімінің орынбасары С. С. Ескендіровтің төрағалығымен жерге орналастыру қызметтерінің облыстық кеңесі болып өтті.

Кеңесте ауылшаруашылық мақсаттағы жерді тиімді және нысаналы пайдалануын бақылауды ұйымдастыру бойынша мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру үшін мыналар қажет деп айтылды:

- ауылшаруашылық жер пайдаланудың тиімділігін талдау жүргізілсін;

- ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді және босалқы жерді түгендеу жұмыстарын есепке алып отыра, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің тиімділігін талдау негізінде аудандардың жерлерін ұтымды пайдалану бағдарламасын әзірлеу жөнінде шаралар қолдансын:

- ауылшаруашылық тауар өндірушілердің оларға берілген жерлерді пайдалану бойынша қызметін бақылау ұйымдастырылсын.

2009 жылдың 10 шілдесінде мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгузі туралы» Қазақстан Республикасының № 180-IV Заңына қол қойған болатын. Көрсетілген Заңда әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексіне, Жер және су кодекстеріне, және «Шаруа және фермерлік қожалықтар туралы» Заңына, ағымдағы жылдың 19 мамырында қауіпсіздік Кеңесінде берілген мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруына мүмкіндік ететін бір қатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің:

43 бабында. Жер учаскесіне құқық беру тәртібі, 2 тармағы өзгертілді - Арнайы экономикалық аймақтың аумағында жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беруді арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

44 бабында. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру, 1 тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды - Бұл ретте елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерін құрылыс үшін беруге тыйым салынады.

44 бабында. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру, 5 тармақ 5-1 тармағымен толықтырылды - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (немесе шағын ауылдық елді мекендердің бас жоспарын алмастыратын өзге-де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.

49-1 бабында. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі, 1-1 тармағы 1 тармақпен толықтырылды - Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге оның құқықтық режимі, осы Кодекстің 1-бабында санамаланған жердің осы немесе өзге-де санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізге алына отырып жол беріледі.

50 бабында. Жер учаскелерін беру нормалары, 5 тармақ өзгертілді - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескеншешімдерімен жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленеді.

97 бабында. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер түсінігі және құрамы, 3 тармаққа қосылды - Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы) .

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарды пайдаланыла алмайды.

97-бабында. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер түсінігі және құрамы, 3-1 тармағы қосылды - Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңдары осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол беріледі.

136-1 бабымен толықтырылды - Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібі.

1. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру су объектісінің мөлшері табиғи немесе жасанды түрде жойылып немес азайып кеткен және су қорының жерлері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайларда жүргізіледі.

2. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы шешімді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру немесе су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан бас тарту туралы шешім облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жергілікті өкілді орган депутаттарының, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және сақтау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері, жер ресурстары басқармасы өкілдерінің арасынан құрылатын арнаулы комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

«Шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы заңына:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші - заңды тұлғалар
Салық туралы жалпы түсінік
Қазіргі кезде салық саласында атқарылып жатқан іс-шаралардың экономикалық тиімділігі мен ерекшеліктері
ЖЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы
Салық міндеттемелері
Салық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz