Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы 2828 Қазақстан Республикасының Заңы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
 
ҚР 01.12.04 ж. № 2-III Заңымен актiнiң нысаны және тақырыбы жаңа
редакцияда (бұр.ред. қара)
 
     1-Тарау.   Жалпы ережелер                                (1 - 6 баптар)
     2-Тарау.   Атқарушы органдардың жер қойнауын            (7 - 9 баптар)
                пайдалану саласындағы құзыретi
     3-Тарау.   жер қойнауын пайдалану құқығы                (10 - 20
баптар)
     4-1-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге        (41-1 - 41-7
баптар)
                 арналған конкурс                                        
     5-Тарау.   Барлау мен өндiруге контрактылар             (42 - 46
баптар)
     6-Тарау.   жер қойнауын және айналадағы табиғи          (47 - 43
баптар)
                   ортаны қорғау
     7-Тарау.   Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi   (54 - бап)
     8-Тарау.  жер қойнауының мемлекеттiк қоры               (55 - 61
баптар)
     9-Тарау.  Құқықтық шарттар                               (62 - 71
баптар)
     10-Тарау. Өтпелi және Қорытынды ережелер                (72 - 76
баптар)
 
ҚР 01.12.04 ж. № 2-III Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред. қара)

1-Тарау. Жалпы ережелер

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-
бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.
ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III
(бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР
Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР
Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруге және оларды
бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);
2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау
үшін жер асты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды, зиянды
заттарды және сарқынды суларды көму үшін жер асты инженерлік құрылыстарын
салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
3) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы
жер қойнауының учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын
келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлауға, бірлескен барлау
мен өндіруге жасалатын келісім-шартқа қосымша;
4) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі
(судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
5) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға сәйкес
пайдаланылатын пайдалы қазба;
6) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетінен және
теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен
төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер
қыртысының бөлігі;
7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер
қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласында
реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын
болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған
ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
9) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-
күйінің мониторингіне, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының
геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу
перспективаларын іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы
анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын
мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
10) жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі - жер қойнауын пайдалану
операцияларын жүргізген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-
эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын
мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер
асты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндіруге, жер қойнауын сарқынды
суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және
(немесе) өндіруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және (немесе)
пайдалану жөніндегі жұмыстар;
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық
компания) - Үкімет шешімі бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық холдинг
жалғыз акционері болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында
қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
13) жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын
пайдаланушыға берілген келісім-шарттық аумақ шегіндегі жер қойнауына иелік
ету және оны пайдалану құқығы;
14) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге
құқықтарды шоғырландыру - бір елден шыққан бір тұлғаның немесе тұлғалар
тобының Қазақстан Республикасының аумағында жер  қойнауын пайдалану
саласындағы операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарда осындай
үлесті иеленуі немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне
қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін Қазақстан Республикасындағы
жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында
осындай меншік үлесін иеленуі;
15) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
16) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер
қойнауының геометрияланған бөлігі;
17) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілген өнімді әлемдік нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа
және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология ретінде
сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт
мойындаған жаңа жетістіктер;
18) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңның 41-5-
бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстардың шарттарын іске асыру
жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, келісім-шарт күшінің толық мерзіміне
арнаған жоспарларының жиынтығы;
19) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау,
құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта көзделген қызмет үшін де
ілеспе ретіндегі өзге де қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы
негізде жүзеге асыру;
20) жұмыстың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының
күнтізбелік жылға арналған барлау, өндіру жөніндегі тау-кен жұмысының
көлемі мен даму бағытын қамтитын іс-әрекеттерінің жоспары және қаржылық
шығындары;
21) келісім-шарт - құзыретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның
(тұлғалардың) арасында барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру
жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарт
жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актілеріне
сәйкес жасалған шарт;
22) келісім-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа
сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы,
геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
23) келісім-шарттың шеңберінде құқықтарды шоғырландыру Қазақстан
Республикасымен жасалған келісім-шарттағы консорциумға қатысушылардың
бірінің осы қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының
қызметі бойынша дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлесінің шамасы;
24) кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер
қойнауының бөлігі;
25) кен орындарын игерудің оң іс-тәжірибесі - жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз,
қажетті және экономикалық тиімді деп саналатын жалпы қабылданған
халықаралық іс-тәжірибе;
26) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп,
тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз
етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар);
27) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру - кең таралған пайдалы
қазбаларды өз мұқтаждары үшін өндіруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы
қазбаларды кез келген өндіру;
28) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өз мұқтаждары
үшін өндіру - өндірілген кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты
суларына қатысты кейіннен мәмілелер жасау ниетінсіз, жеке меншіктегі, не
тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде жүзеге
асырылатын өндіру;
29) коммерциялық табу - келісім-шарттық аумақта өндіру үшін экономикалық
жарамды бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
29-1) Қазақстанда шығарылатын тауарлар - Қазақстан Республикасының
аумағында өндірілгенін растайтын шығарылу сертификаты бар тауарлар;
30) қазақстандық мазмұн - жыл сайынғы:
қазақстандық кадрларды міндетті оқыту бағдарламаларын және олардың
біліктілігін арттыруды іске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға
тиіс шетелдік қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбір санат бойынша
жеке проценттік мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөліп,
келісім-шартты орындаған жағдайда жұмысқа тартылған қазақстандық
кадрлардың;
мердігер тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтердің жалпы
құнынан тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да иемденіп
алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер құны көлемінің проценттік мазмұны;
31) қазақстандық өндіруші - Қазақстанда шығатын тауарларды өндіретін,
жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының
жеке және заңды тұлғалары;
32) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер) - Қазақстан Республикасының жеке және (немесе)
заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
Қазақстан Республикасының аумағында тікелей өндіруі (орындауы);
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны
қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және оның аумақтық
органдары;
34) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және
келісім-шарттар жасау мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге
асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
35) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да
материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісім-шартта
ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажет қызметтерді ақылы негізде
жүзеге асыру;
36) мердігер - құзыретті органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
37) минералдық шикізат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикізаты және
басқалар) жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар)
бар бөлігі;
38) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі
қызметінің өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді
(сорттауды), брикеттеуді, агломерациялауды және физикалық-химиялық
әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың
агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын айтарлықтай
өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндіру жөніндегі
жұмыстардың (жер асты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық
еріту, ұсақ тау-кен жынысты кен орнын ұсақтап және гидравликалық жолмен
игеру) арнайы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкін
түрі;
39) минералдық шикізатты өңдеу - минералдық шикізаттан пайдалы қазбаны
(пайдалы қазбаларды) бөліп алуға байланысты жұмыстар;
40) модельдік келісім-шарт - келісім-шарттардың жекелеген түрлерінің
ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операцияларды
жүргізу көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін және
келісім-шарттар жасау кезінде үлгі ретінде пайдаланылатын типтік келісім-
шарт;
41) өндіру - минералдық шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы
қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногенді
минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың)
бүкіл кешені;
42) пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде
кездесетін (соның ішінде шипалы балшық) материалдық өндірісте қолдануға
жарамды табиғи минералдық түзілім;
43) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалану - кен орнын
игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер
қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;
44) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы
жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
45) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көзделген
жағдайларда барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес барлау,
өндіру, бірлескен барлау жүргізу және өндіру, не жер асты құрылыстарын салу
және (немесе) пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілген жер қойнауы
учаскесінің бір бөлігін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығы;
46) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын
қор;
47) тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық
зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар;
48) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген
қызметтер үшін де сатып алынатын жабдық, дайын өнім және өзге де
материалдық-техникалық құндылықтар;
49) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді сатып алудың жылдық
бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің,
оның ішінде Қазақстанда шығарылғандарының, жер қойнауын пайдаланушы
жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемі және оларды иемденіп алудың
тәсілдері мен мерзімдері;
50) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен
және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және
(немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық
және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге, бірлескен барлау мен
өндіруге, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, кең таралған пайдалы
қазбаларды өндіруге жасалатын келісім-шарттардың ажырамас бөлігі не
сервитут ресімделген жағдайда дербес құжат болып табылатын құжат;
51) теңізді ластау - адамдардың денсаулығына, теңіздің жанды
ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін не зиян келтіруге
қабілетті, теңізде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын немесе залал келтіретін не
залал келтіруге қабілетті материалдардың, заттардың, энергияның, шудың,
тербелістің теңіз аясына келіп түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің
алуан үлгілерінің пайда болуы;
52) техногендік минералдық түзілімдер - жер қойнауын пайдаланушылардың
тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі
өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар
минералдық түзілімдердің, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың
шоғыры;
53) техногендік су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өз қалауы бойынша билік етуге құқылы жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде технологиялық процестерді
өткізу үшін мүлде жойылуы қажет су;
54) іздестіру-бағалау жұмыстары - табылған объектінің жалпы ресурстарын
анықтау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың
орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатындағы геологиялық
барлау жұмыстарының сатысы;
55) іздестіру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері
мен кендік нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын
бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға беріп, геологиялық-
барлау жұмыстарын одан әрі негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау
жұмыстарының  сатысы;
56) экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаға антропогендік және өзге де
әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен
мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтары қорғалуының жай-
күйі.
 
2-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың
мiндеттерi
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi -
Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау,
Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер
қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық
нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып
табылады.
 
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР
Заңымен   (бұр. ред .қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың
принциптерi
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық
қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз
ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;

6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар
тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу.
8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес
адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жер қойнауын пайдалану
саласында өнімнің, оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
 
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдар
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда
болатын қатынастар осы Заңмен және соған сәйкес қабылданған басқа
нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр
түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге
байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және
техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады.
2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және
жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi
қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық
қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар
нормаларымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген
болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ
тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының
азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және
мiндеттер атқарады.
5. Осы Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары
Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың
актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және
орындалуға жатпайды.

 

01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға , техногендiк минералдық
түзiлiмдерге, техногендiк суларға және минералды шикiзатқа меншiк құқығы
1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.
2. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк
құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел
басқару құқығымен).
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын
пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді
игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан
техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен
орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк
сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт
жасасуға мiндеттi.
4. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған
пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады;
5. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк
сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының
иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық
түзiлiмдерге , техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге,
олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез
келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.

 

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 6-бап жаңа редакцияда;
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзудiң жариялылығы
1. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң
функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi
органдардың құзыреттi органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен
және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен
танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң
функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi органы
мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып
табылмайды.
2. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi
қоғамдық бiрлестiктердiң жүргiзiлетiн немесе жоспарланатын жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға әсер етуiне қатысты
толық және дұрыс ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен алуға құқығы бар.

 

2-Тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын
пайдалану саласындағы құзыретi

 

11.05.99 ж. № 381-1; 11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред.
қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.
ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап
өзгертiлдi
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын
басқаруды ұйымдастырады;
2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер
қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;
3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген
мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн
анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды,
болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер
қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу
тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс , кең таралған пайдалы қазбалары бар жер
қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның
iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң
тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
9) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға
контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;
11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық
қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң
тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды
шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ
экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды,
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына
жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және
оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау
өлшемдерін қоса алғанда, түзу және жүргізу тәртібін бекітеді;
13) келiсiм-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн
және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайды.
14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру
тәртiбiн айқындайды;
15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және
қалдық суларды ағызу тәртiбiн айқындайды.
16) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді
бекітеді. 
 
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 8-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III
(бұр. ред. қара); 2005.14.10  № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-
III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер
қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер
жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын
дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге
арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келiсiм-
шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп
барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, келiсiм-шарт жасасу
және оны тiркеу;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын
орындауының  мониторингi және оны бақылау.
Келiсiм-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны
бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс
етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру
жөніндегі мәмілені тіркеу;
7) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша
атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне контрактiнiң орындалу барысы
туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
9) мүдделi мемлекеттiк органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын
пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгiзу үшiн жер қойнауын
пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу
өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге
де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу
кезінде қазақстандық мазмұн, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс
қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу.
10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөнiндегi кен орындарын игеру жобаларын
әзiрлеу және бекiту тәртiбiн айқындау;
11) техникалық регламенттерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану
саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық
құжаттарды әзiрлеу және бекiту.
12) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді
әзірлеу;
13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам
өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін тәуекелдерге
талдау жүргізу және оларды бағалау.
2. Құзыреттi орган :
1) контрактiнi жасау және атқару жөнiндегi өзiнiң қызметiнiң барысында
Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге кен орындарының қорларына
мемлекеттiк сараптамадан және өнеркәсiптiк санаттағы қорлары бар екендiгi
расталғаннан кейiн ғана конкурс өткiзуге және келiсiм-шарттар жасауға
мiндеттi.

01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10. № 79-
III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда; 2007.12.01. № 226-
III ҚР Заңымен 8-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
уәкiлеттi органның құзыретi
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы
мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi
кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi;
4) осы Заңның 13-бабының 1-5-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне
екі мың және одан да астам текше метр көлемінде өндірістік-техникалық
жерасты суларын барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты
емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер
қойнауын пайдалану құқығын береді;
5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы
учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын
мемлекеттiк геологиялық зерттеу және мониторинг жөнiндегi жұмыстарды
жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын
ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындарының
және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық
процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат
алудың құны мен шарттарын айқындайды;
8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық
қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан
Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын
және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын
пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге
асырады;
12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-
техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.
 
2005.14.10  № 79-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды
8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлетті органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және
қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен
бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан
келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды;
4) келiсiм-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға
және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды,
зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi.
 
2005.14.10. № 79-III ҚР Заңымен 8-3-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-
III (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен
8-3-бап өзгертiлдi
8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы
уәкілетті орган:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және
оларды өндірушілердің тізілімін түзеді және жүргізеді, сондай-ақ осы
тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуі жөніндегі қызметіне
әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе
келісімшартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу
әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
4) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанда шығарылатын тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде олардың
келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға
қатысады;
5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық
өндірістердің тізбесін құзыретті органмен келісім бойынша бекітеді;
6) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлары, жұмыстары мен
көрсетілетін қызметтері туралы есебінің және алдағы жылға арналған
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық
бағдарламасының нысандарын бекітеді;
7) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар
уәкілеттік берген тұлғалардан тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер
сатып алу жүргізілетіні және жүргізілгені туралы ақпарат сұратады.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске
асырылуын үйлестiрушi уәкiлеттi орган:
1) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу
әдiстемесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлiгінде
қазақстандық мазмұн бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізінде олардың
еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келiсiм-
шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.
 
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред.
қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
(бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-
бап өзгертілді
9-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы
органдардың құзыретi
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы
органдар:
1) жер туралы заңдарға сәйкес, контрактыда белгiленген мөлшерде және
мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесiн
бередi; қажет болған жағдайда көрсетiлген мақсаттар үшiн жер туралы
заңдарда анықталған тәртiппен жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан
жер учаскесiн алып қояды;
2) өздерiне заң актiлерi берген құзырет шегiнде жер қойнауын пайдалану
операцияларын жүргiзу үшiн берiлген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына,
жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауiпсiздiк ережелерiн бұзбауына,
археологиялық ескерткiштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң
сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) контракт жасалған кезде аймақ тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық
және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер
қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзуге қатысады;
3-1) қазақстандық мазмұн мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде жер
қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарт мiндеттемелерiн орындау
мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
3-2) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi;
3-3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және
оларды өндірушілердің тізілімін түзу мақсатында сауда және индустриялық
саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын
табыс етілетін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің
және оларды өндірушілердің тізбесін түзуді жүзеге асырады;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен
барлау мен өндiруге келiсiм-шарттар жасасады, оларды тiркейдi және
орындайды;
5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және
эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.
6) құзыреттi орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, жергiлiктi
маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық
және гидрогеологиялық объектiлерi мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге
де жағынан ерекше құнды, жергiлiктi маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи
аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн
бекiтедi.

3-Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен
10-бап өзгертілді
10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн
берiледi:
1) Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе
алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану
құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз
мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы
бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша
және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда және басқа заң актiлерiнде негiздерден өзге, ешкiм жер
қойнауын пайдалану құқығынан ажыратылмайды.

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және
шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану
құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану Құқығы
белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп,
көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай
пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық
объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын
жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе
толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-
III ҚР Заңымен 11-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-2-бап. Сервитуттар
1. Жер қойнауы учаскесiне сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның
қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай сервитут берілмей мүмкін болмайтын не
мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға әкеп соғуы мүмкiн жағдайда ғана берілуі
мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына
немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде
барлау және (немесе) өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның
тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты
алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын
пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келiсiмге қол
жеткiзуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында
сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келiсiмге немесе сервитутты белгiлеу
шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге
құқылы.
3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер
сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын
пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер
қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған
кезде тоқтатылады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес
нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты
қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут
жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы
сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап
құқық мирасқорлығы тәртiбiмен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
5. Сервитутты жер қойнауы учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай сервитутты
алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына
сәйкес жер учаскесiне сервитут беру үшiн негiз болады.

ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
3) жер қойнауын пайдалану Құқығы әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртiбiмен
ауысу жолымен пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану
құқығын мемлекеттiң тiкелей беруiн бiлдiредi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану
құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн көрсетедi.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мұрагерлiк
тәртiбiмен көшуi заңды тұлғаның қайта құрылуы кезеңiнде құқықтық мұрагерде
жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын бiлдiредi.

11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. №
13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара);
2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред.
қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, жер қойнауын
пайдалану құқығын беру, осы баптың 1-5-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi
операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт конкурс өткiзудiң нәтижелерi
негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен
байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар
тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөнiндегi операцияларды
жүргiзуге;
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол мен автомобиль жолдарын және
көпірлерді салу (реконструкциялау, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы
қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi
операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарттар жасалады.
1-2. Келiсiм-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және
(немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды
заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу
және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келiсiм бойынша жер
қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның жазбаша
рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және
(немесе) өндiруге арналған келiсiм-шарттардың жұмыс бағдарламаларына
құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер
асты суларын тәулiгiне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитiмен
өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
өсу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген
рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
1-5. Мердігерге пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес
жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр
көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлау және өндіру
құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті
органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат
беруі жолымен жүзеге асырылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен
барлау мен өндiруге үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстық
(республикалық маңызы бар қаланың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экологиялық мәселелер
Экологиялық құқық жайлы
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері
Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
Пәндер