Субьектінің жер құқығы қатынасына қатысуы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12-бабының 38-тармағына сәйкес,
жер құқығы қатынастарының субьектілер-жер құқығы қатынастарына қатысушылар
болып табылытын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында
міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай- ақ мемлекеттер.
Жер құқығы қатынастарындағы құқық субьектіліктің негізігі белгілері
болып мыналар табылады:
1) субьектінің жер құқығы қатынасына қатысуы:
2)осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттерді иеленуі.
Құқық субьектіліктің мұндай белгілерінен мындай қорытынды шығады: жер
құқығы қатынастарының субьектісі болып кез-келген тұлға емес, тек жер
заңдарына сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие немесе жер құқығы
қатынастарына қатысумен байланысты құқықтарға ие тұлғалар ғана табылады .
Заң жер құқығы қатынастарындағы құқық субьектіліктің басқа белгілерін
атамайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, жер құқығы қатынастары институты-бұл
күрделі институт, ал оның субьектілерінің құқықтарымен міндеттері бірдей
емес. Олардың бұл құқықтық қатынастардағы құқықтары жер мен жер
учаскелерінің құқықтық режиміне сәйкес ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 12-тармағына сәйкес,
жер учаскелерін Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарына сәйкес
мұрагерлік тәртібімен алған кәмелетке толмаған адамдарға жер учаскелеріне
құқыықты рәсімдеу жағдайын қоспағагнда,жер учаскелеріне құқық кәмелетке
толған адамдарға табысталады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері бұл
жер учаскелерін мұрагерлер кәмелетке толғанға дейін жалға беруге құқылы .
Жер құқығы қатынастарына субьектілерінің түрлерін жер қатынастарының
обьектілеріне және жер құқығының (жалпы және ерекше бөлімдерінің)
жекелеген институттарна қарай анықтауға болады. Алайда, субьектілерді
обьектілерді бойынша анықтаған дұрысырақ болар. Себебі,жер құқығы
қатынастарының обьектілері субьектілермен өте тығыз байланыста болады,және
ерекше бөлімнің иституттары жалпы бөлімнің институттарына туындайды.
1.Жер қорының субьектісі болып Қазақстан Республикасы (мемлекет)
табылады мемлекетке Қазақстан Республикасының Конституциясы жер
қатынастарын реттеуді ғана емес, сонымен қатар аумақтың тұтастығын, қол
сұғылмаушылығының және бөлінбейтіндігін қамтамасыз етуге, адамның өмірімен
денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауға қатысты міндетті де
жіктейді .Орталық атқарушы орган және жергілікті мемлекеттік органдар
Қазақсан Республикасының барлық жерлерін аймақтарға бөлуді және жер қорын
басқарумен қатысты басқада функцияларды жүзеге асырады (Қазақстан
Республикасы Жер Кодексінің 14-бабы).
2.Меншік құығының субьектілері:
- республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының
субьектісі – Қазақстан Республикасы :
-Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер
учаскелеріне жеке меншік құқығының субьектісі – азаматтар мен мемлекеттік
емес заңды тұлғалар ( Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 20-бабының 2-
тармағы ).
3.Жер құқығы қатынастарының басқару саласындағы субьектілер болып
Қазақстан Республикасының Үкіметі , жер ресурстарын басқару жөніндегі
орталық орган және оның жергілікті жердегі органдары және жергілікті
мемлекеттік органдар ( өкілдік және атқарушы органдар ) табылды ( Қазақстан
Республикасының Жер кодексінің 13-19-бабтары ) .
4. Жер құқығы қатынастарының жер пайдалану саласындағы субьектілері
болып мыналар табылады (Қазақстан Республикасы Жер Кодесінің 30-бабы).
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес субьектілері:
2) ұлтық және шетелдік субьектілер:
3) жеке және заңды тұлғалар:
4)тұрақты және уақытша субьектілер:
5)бастапқы және кейінгі субьектілер.
Мемлекеттік жер пайдаланушыларға мыналар жатады:мемлекеттік заңды
тұлғаларға тауарларға ауыл шаруашылығы өндіріс, орман өсіру, ғылыми-
зерттеу,тәжірбие жүргізу және оқыту, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін
берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі мемлекеттік республикалық
және коммуналдық заңды тұлғалар(Қазақстан Республикасының Жер Кодекісінің
97-бабының 6-тармағы, 12-бабының 6-тармағы).
Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар болып азаматтар және ( немесе )
мемлекеттік емес заңды тұлғалар табылады.
Ұлттық жер пайдаланушыларға Қазақстан Республикасның азамттары ,
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқылған заңды тұлғалар, соның
ішінде, шетелдік қатысушылары бар кәсіпорында жатады.
Шетелдік жер пайдаланушылар-бұл шет мемлекет азаматтары, азаматтығы
жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құқрылған заңды тұлғалар (
шетелдік заңды тұлғалар) , шет мемлекеттер , халықаралық бірлестіктер мен
ұйымдар.
Тұрақты жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығының мерзімі
шектеусіз сипатта болатын тұлғалар ( Қазақстан Республикасының Жер
кодексінің 12-бабының 26-тармағы ).
Бастапқы жер пайдаланушылар –жер пайдалану құқығының жер кедексінің
32-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру
тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушалардан алған тұлғалар .
Кейінгі жер пайдаланушылар-өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін
сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарты
негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.
Жер пайдалану құқығының ерекше субьектісі болып қызметтік жер телімін
пайдаланушы тұлғалар табылады. Мұндай жерлер экономика саласы
жұмысшыларының жекелген санаттарына беріледі. Олардың тізімі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1996жылғы 23-мамырдағы №634 Қызметтік жер телімін
алу құқығына ие жұмыскерлер санаттары тізімін бекіту тұралы қаулысымен
бекітілген. Олардың ерекшелігі мынада: қызметтік жер телімі ұзақ мерзімді
уақытша ақысыз жер пайдаланудың ерекше түрі болып табылады . Ол
министірліктер мен ведомтсволардың қызметкерлеріне жұмыс орны бойынша оыс
қызметті кезегіне қызметтік тұрғын үй үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін
егуге, шөп оруға және мал жаюға беріледі.
Қызметтік жер телімін пайдалану құқығына қатысты қандайда болмасын
мәміле жасауғу жол берілмейді( Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 41-
бабының 9-тармағы).
5.Сервитутқа қатысты жер құқығы қатынастарнының субьектілері болып
жер туралы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес, бөтен жер учаскелерін
шектеулі пайдаланудың бөтен меншік иелері мен жер пайдаланушылары табылады.
6.Жерді қорғаумен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын
қорғаудың субьектілері болып мемлекеттік бақылау органдарымен олардың
лауазымды тұлғалары және құқық қорғау органдары табылады.
Бір немесе бірнеше тұлғаның иелігіндегі жер учаскесі оларға ортақ
меншік құқығы негізінде тиесілі болады. Ортақ меншік Қазақстан
Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және меншік иелерінің
өздеріне тиесілі жер учаскесілерін ерікті түрде біріктірген кезде пайда
болады. Бір немесе бірнеше тұлғалардың ортақ жер пайдалануы да осындай
тәртіпе пайда болады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ортақ
үлестік меншікпен ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскелеріндегі жер
үлестер жер құқықтарымен міндеттерін дербес обьектісі болып табылады.
Сонымен, жер құқығы қатынастарының субьектісі болып тек жеке
тұлғалармен заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар екі және оаданда көп
тұлғалар болып табылады. Бұл жағдайды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
30-бабынды ( жер пайдалану құқығының субьектілері ) атап өткен дұрыс
болар еді. Бұл қажетте , себебі, жоғарыда атап өткеніміздей, екі немесе
одан көп тұлғаларда ортақ жер учаскелерін пйдалануға қатысты дербес
құқықтармен міндеттерге ие болады.
Жер учаскелеріне ортақ үлестік меншікпен ортақ үлестік пайдалану ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерде де рұқсат етіледі.
Бірнеше тұлғаның ортақ меншік құқығымен ортақ жер пайдалану құқығы
кондоминум жағдайындағы жер учаскелеріне қатысты да таралды (Қазақстан
Республикасы Жер Кодексінің 62-бабы).
Жер құқығы қатынастарының ерекше бөлімі субьектілерінің құқықтықтың
мәртебесі жер қоры санаттарына немесе оның негізгі шаруашылықтық мақсатына
байланысты.
А) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің субьектілері.Оларға жеке
және заңды тұлғалар (мемлекеттік және мемлекеттік емес ) –шаруа ( фермер)
қожалықтары , өзіндік қосалқы шаруашылыққа , бағбандыққа және саяжай
құрылысыына арналған жерлердің жеке меншік иелер, ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерді жалға берушілер, ормандар және заңнамада көзделген
басқада тұлғалар жатады. Олардың ішінде шаруа (фермер) қожалықтары ерекше
құқықтық мәртебеге ие .
Шаруа ( фермер ) қожалығының субьектілері ретінде заңды тұлғаны
құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысушы және заңды тұлғаның белгілері
болмаған жағдайдағы жеке тұлғар болуы мүмкін .Бірлесе отырып шарушылықты
жүргізуші ерлі-зайыптылар, балалары, сонымен қатар, асырап алған балалары,
ата-аналары және басқада жақын туыстары шаруа қожалығының мүшелері болып
табылады.
Шаруа ( фермер ) қожалықтарының келесі нысандары болады;
1) кәсіпкерлік қызметі ортақ бірлескен меншікке негізделген бірлескен
кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалықтары;
2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа сәйкес ортақ үлестік
меншіктің негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған
фермер қожалығы:
3) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырушы үшін құрылған фермелік
қожалық.
Әрбір жер учаскесіне қатысты тұрақты жер пайдалану құқығына акт (
уақытша жер пайдалану туралы шарт) шаруа (фермер) қожалығының басшысына
беріледі, ол шаруашылықпен жер пайдаланудың субьектісі болып табылады .
Шаруа (фермер) қожалығының басты белгісі мына анықтамадан көрніс
табады: шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру
тауарлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен үздіксіз
байланыста болумен сипатталатын тұлғалардың отбасы еңбектік бірлестігі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жеке меншік құқығы мен жер
пайдалану құқығын, соның ішінде , ауыл шаруашылық мақтасындағы жерлерде
шаруа (фермер) қожалығының жүргізу құқығын реттеуге бағытталған жер
қатынастарының жаңа нысанын орнықтырады.Олардың кейбіреулері бұрынғы жер
туралы заңнамада қарастырылмаған болатын. Мысалы, Қазақстан Республикасының
азаматтары Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 36-бабына және
Қазақстан Республикасының шаруа қожалығы туралы заңдарына сәйкес жер
учаскелерін шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайлымдар) үшін , тұрғын
халықтың мал жоюы үшін және басқада жағдайларда уақытша ақысыз жер
пайдалану құқықтығының негізінде пайдаланады. Мұндай жайылымдық жер
пайдаланудың түрі, оларға жеке меншік құқығы немесе уақытша ақылы жер
пайдалану құқығы негізінде берілген жер учаскелерін есептемегенде, 49 жылға
дейін берілуі мүмкін. Бұдан байқағанымыздай, жер туралы заңнама
ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің шаруашылықты дамыту үшін пайдалану
мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жер кедексі азаматтардың шартты жер телімдері мен
үлестік меншігімен ( жер пайдаланумен) байланысты барлық жер қатынастарын
жан-жақты реттеген. Бұл мәселелердің барлығын біз Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі тарауында қарастырамыз.
Қазіргі кезде шаруа ( фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін
алуда артықшылық құқықтарды өз шаруашылығының өзінің еңбек қатысуының
негізінде жүргізетін, арнайы ауыл шаруашылық білімдері мен біліктілікке ие
, ауылшаруашылығы саласында жұмыс өтілі бар, нақты бір ауданда, қалада,
ауылда, кентте тұрғылықты тұатын азаматтар иеленеді.
Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізіу үшін жер учаскелеріне құқықтың
субьектілері ретінде ауылдық жерде тұратын азаматтар ( ұжымдық
шаруашылықтардың бұрынғы мүшелері, жұмысшылар , кеншарлардың қызметкері,
шаруа (фермер) қожалықтарының мүшелері, мұғалімдер,дәрігелер және ауылдық
елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін басқа да тұлғалар ) болуы
мүмкін.
Нақты бір қызмет түріне және бағбандыққа, саяжай құрлысына арналған
жер учаскелеріне нормалау отбасындағы мүшелердің санына қарамастан
беріледі. Отбасына жер учаскелерін берудің мұндай тәртібі жер учаскісне
ерлі-зайыптылардың ортақ меншік құқығының пайда болуына негізгі болып
табылады (Қазақстан Республикасы Жер Кодексі 60-бабы).
Бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерінің субьектілері
болып Қазақстан Республикасының азаматтары, бағбандық серіктестікттер
немесе жер учаскелеріне,соның ішінде, олардың ортақ мүддесімен құқылған үй
жанындығы учаскелердің меншік иелерінің тұтыну кооперативтері табылады.
Меншік иелерімен құрылған ұйымдастырылған құрылымдардың жер
учаскелерінің құқықтық жағдайы меншік иелерінің өзімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығы қатынастар
Іскерлік бедел сияқты материалдық емес активтердің мұндай түрі
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Жерге меншік
Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Жер рентасы
Жер құқық қатынастары
Мемлекеттің салық қызметі
Пәндер