Жер қыртысының құрамы мен құрлысы


Жер қыртысының құрамы мен құрлысы

Сабақтың жоспары:

• Жер қыртысының құрамы

• Литосфера

• Ішкі және сыртқы мантия

• Ядро түсінігі

Сабақтың мақсаты: Cтуденттерде жер қыртысы туралы, ондаға:

- литосфера қабығы: базальт, гранит және Мохорович қабаттары туралы түсінік қалыптастыру.

- мантия қабығы: сыртқы, төменгі мантия, Вихерт, Гутенберг, Левинсон-Лессинг қабаттары туралы түсінік қалыптастыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Көне геологиялық дәуірлерде Жердің магнит өрісінің күші көбейіп не азайып, өзгеріп отырған: жоғарыда айтылғандай, тіпті магнит полюстері де орындарынан алмасып отырған. Осы себептерден келіп, мысалы, динозаврлар жойылып, адамзаттың тегі тез дамып отырды, Жер климатының өзгеруі де осы геомагнит өрісіне байланысты.

Миллиардтаған жылдар бойы жердің ішкі құрылысы қалайша өзгеретінін білу үшін әуелі оның қазіргі ішкі құрылысын анықтау керек. Бұл оңайға түсе қоймайды, өйткені жер койнауын біз 12, 5 км тереңдікке дейін ғана бұрғылай аламыз. Одан әрі қарай тек жанама жолмен ғана «бассұға» аламыз.

Жер құрылысының басты өзгешелігі - оның физикалық қасиеттері бір текті емес, радиусы бойындағы заттар әлденеше қабаттарға жіктеледі. Жердің ішкі белдеулерінің құрамы мен физикалық күйін әр түрлі геофизикалық әдістер арқылы білеміз. Олардың ішінде ең маңыздысы сейсмикалық әдіс (сейсма - сілкіну) Жер сілкіну - толқынның тарауы емес пе? Маман геофизиктер осы жер сілкінуінен немесе қолдан туғызған жарылудан тараған толқындарды аспаптармен тыңдап, «ұстай» алады.

Жер сілкіну ошағынан екі түрлі толқындар тарайды. Қума толқын (Р) суға лақтырған тас толқынындай қатты, сұйық, газ денелердің бәрінен тарайды. Екіншісі - көлденең (5) толқын кесіп өткен ортаның көлемінің өзгеруіне байланысты тарайтындықтан ол тек қатты денелерден өтеді . Екі толқында жылдамдығы өздері шарның өтетін жыныстардың тығыздығына байланысты. Ендеше, соларды байыптап өлшеп, жазып, тереңдегі жыныстардың физикалық күйін және қай тұста (тереңдікте) жатканын білеміз.

Міне, осылайша зерттей келе, Жер шары негізінде ұшқабаттан тұратыны анықталды.

  1. Жер қабығы - Жердің үстіңгі қабаты. Ол қабыршақтай жұқа, шамамен жер радиусының 0, 6%-ін алады. Қалыңдығы мұхиттар астында 5-10 км, жазық жерлерде 30-40 км, Памир, Гималай сияқты заңғар таулар астында 50-70 км.
  2. Жердің мантиясы (грекшемантиум-сырт киім) . Жер қабығынан кейін 2900 км тереңдікке жетеді. Оны жоғарғы (900-1000 км-ге шейін) және төменгі мантия деп бөледі, кейбір ғалымдар мантияны үш кабатқа бөледі.
  3. Жер ядросы (езегі) . Оны да сыртқы (5000 км шейін) және ішкі ядроға жіктейді.

Сейсмикалық қума толқын жер қабығының төменгі тұсынан 6, 5-7, 0 км/с, ал көлденең толқын 3, 7-3, 8 км/е жылдамдықпен тарайды. Мантияда жер қабығының кума толқыны кенет өсіп (8, 0-8, 3 км/с), көлденең толқын 4, 5-4, 7 км/с жылдамдықпен өтетін айырық бетпен бөлінеді. Осы бетті алғаш рет 1911 жылы югослав геофизигі А. Мохоровичич көрсеткен болатын, сол маманның атымен ол шекті Мохорович беті немесе шегі (қысқаша Мохо, немесе М) деп атайды.

Мантияның жоғары жағында салыстырмалы тығыздығы кем, жыныстары жұмсақ қабат бар. Оны а с т е н о с ф е р а (грекше «астянос» - әлсіз, жұмсақ) деп атайды . Онда сейсмикалық толқындардың, әсіресе көлденең толқынның, жылдамдығы баяулап, электр өткізгіш қабілеті есе туседі. Демек оның тұтқырлығы шамалы, жапсарлары жіпсіген. Өйткені жердің ішкі қабатына тереңдеген сайын жылудың өсуіне байланысты құрамындағы заттардың 1 -10 проценті балқып кетеді. Астеносфера қабаты құрлықтар астында 80- 120-км-ден 200-250 км-ге, мұхиттар астында 50-70-тен 300- 400 км-ге дейін терендікте орналасады. Осы пәннін, соңғы бөлімдерінен тереңде жатқан зор геологиялық процестер үшін астеносфераның маңызы күшті (әсіресе магмалық, қатпарлық процестер үшін) екенін білеміз. Оны «Жердің қазан-ошағы» деп атасақ та болады.

Жер қабығы мен мантияның астеносферадан жоғары бөлігін біріктіріп литосфера (грекше «литос» - тас) деп атайды. Оның заты қатты кристалдық күйде.

Астеносферадан төмен қарай сейсмикалық толқындар жылдамдығы өсе бастайды. Қума толқынның жылдамдығы мантияның астыңғы жағында 13, 6 км/с-ге, көлденең толқынның жылдамдығы 7, 2-7, 3 км/с-ге жетеді. Мантия заты қатты. Ал ядро мен мантия шөгінде біріншісінің жылдамдығы 13, 6 км/с-ден қайтадан 8, 1 км/с-ге кемиді. Ендеше бұл тұста тағы бір сейсмикалық айырық бар екенін сеземіз. Одан соң кума толқынның жылдамдығы біртіндеп артады да, сыртқы ядрода 10, 5 км/с-ге,

сонғы Гондвана, яғни қазіргі оңтүстік жарты шарда- құрлықтарды жоғарғы палеозой кезінде жайлаған өсімдіктердің бір-біріне ұқсастығы сол кезде бүкіл оңтүстіктегі құрлықтарды сірескен мұарт басты, ал олар қазіргі кезенде экватордың тұсында орналасқандықтан ешқандай ауқымды мұзарт болуы ойға сыймайды. Ақыр соңында А. Вегенер қазірде інықталғандай, құрлық табанында гранитті қабат, мұтиттар түбінде базальттар төселуін көрсете келіп, мұхиттың гранитті төсеніштен жұрдай болуы үшін материктер балқып, әуелгі орнынан жылжып көшуі тиіс деген қорытынды жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жердің әлем кеңістігіндегі орны
Жалпы жер тану пәні бойынша әдістемелік нұсқауы
Геология оқу - әдістемелік кешен
Геологиялық карта
Жер сілкінуінің себептері мен түрлері
Адам қаңқасының бөлімдері
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Биосфераның негізгі компонеттері
Тектоникалық қозғалыс типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz