Жер сілкіну дегеніміз не
КІРІСПЕ
Жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетіндегі елді мекендерді аямай киратып,
өзендерге бөгеу болған, жер бедерін адам танымастай өзгертетін, орасан зор
алып күш қайдан пайда болады? Бұл сұрақтарға қазіргі кездегі ғылым
жетістіктеріне сүйене отырып, жауап беруге болады. Жер беті үнемі
қозғалыста болып тұрады Оның дәлелін жер шарының кейбір аудандарынан
байқаймыз Мысалы, дүниежүзіндегі әсем қалалардың бірі Венеция (Италияда)
қазіргі кезде жартылай су астында қалған ал Голландия жері жылына 1 мм
төмен шөгуде. Егер арнаулы бөгеттер жүйесі (плотиналар мен дамбалар)
болмаса, оның көп аудандары су астында қалған болар еді, Скандинавия жері,
керісінше жылына 1 см шамасында жоғары көтерілуде. Ертедегі теңіз
толқындарының сақталған ізі қазіргі кезде су деңгейінен ондаған метр жоғары
биіктікте орналасқан жартастардан байқалады.
1967 жылы Қазақстан алтынның өнеркәсіптік қорынан Одақ бойынша РСФСР
мен Өзбек ССР-нан кейін, үшінші орынға шықты. Алтын мен күміс біздің
республикада Солтүстік Қазақстанда, Шығыс-Қалба ауданы мен Кенді Алтайда
өндіріледі. Әкімшілік жағынан бұлар: Көкшетау, Ақмола, Қостанай, Павлодар,
Семей және Шығыс Қазақстан облыстарына бағынады.
Солтүстік және Шығыс Қазақстан алтын кендері провинциялары ерте
заманнан-ақ белгілі болатын. Мұнда алтын өндіру андрон мәдениеті деп
аталатын уақытқа жатады. Кейініректе алтын өндіру біздің әрамаздың ІІ-ІІІ
және XIII-XIV ғасырларда қайта басталды.
Негізгі бөлім
1. Жер сілкіну себептері және оның түрлері, зерттеу әдістері
Жер шарында тәулік сайын (орта есеппен) 200-ден астам, ал бір жылда 100
мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Олардың арасында жылына 9 балдық –
10-15, 8 балдық – 50-100, 7 балдық – 300-500-ге жуық жер сілкінісі
байқалады. Төмендегі суретте (ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша) XX ғасырдағы
ең күшті жер сілкіністер.
Америкам сейсмологы Дж. Милннің санағы бойынша, адамзат тарихының соңғы
4 мың жыл ішінде жер сілкіну зардабына ұшырап, апат болған адамдар саны 13
млн-нан кем емес екен. Сондықтан да жер сілкінуді зерттеу әдістерін
жетілдіру және оның болу мүмкіндігін алдын ала болжау мәселелері қаншалықты
маңызды екендігін осыдан-ақ байқауға болады.
XX ғасырда біздің елдің территориясында байқалған жер сілкінуі
әсерінен: 1911 ж. - Верный қаласы (қазіргі Алматы), 1927 ж. - Қырымның
оңтүстік жағалауы, 1948 ж.-Ашгабад, 1966 ж.-Ташкент қаласының орталық
бөліп, 1976 ж. - Газли, 1986 ж. - Кишинев, 1989 ж. - Армения қалалары мен
Тәжікстан селолары зардап шекті.
Катастрофалық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп
өзгерістерге ұшырайды: кейбір аудандар (мұхит деңгейінен санағанда) төмен
шөгеді (мысалы Чили жер сілкінуі, I960 ж.); кейде құрлықтың немесе теңіз
түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964 ж Аляскада болған жер сілкінуі
кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп,
жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911 ж. пайда болған Памирдегі Сарез
көлі); лайлы-тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949 ж. Тәжікстанда
Хаит селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит
жағалауларына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып
толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.
Жер қыртысын құрайтын заттарға (қатты күйдегі тау жыныстарына) өте
қысқа уақыт аралығында үлкен күшпен (сығым күші) әсер еткен жағдайда, олар
тез арада морт сынған болар еді. Ал, ұзақ уақыт бойы (мыңдаған немесе
миллиондаған жылдар бойы) әсер етсек, онда жер қыртысынан сағыздай созылып
немесе иіліп әр түрлі қатпарлар түзілер еді. Кейбір жағдайларда бұл
әрекеттер жер бетінде (өте қысқа уақыт аралығында) серпімді күшті тербеліс
немесе жер сілкінісін тудырады.
Соңғы жылдары жер сілкінудің техногендік себептері анықталып отыр. Бұл
себептер адамдардың инженерлік іс-әрекеттерімен (гидротехникалық құрылыстар
салу, ірі бөгеттер тұрғызып су қоймаларын жасау, мұнай мен газ өндіру және
т. б.) тығыз байланысты. Мысалы, Үндістанның батыс бөлігінде орналасқан
Койна ауданында байқалған жер сілкіну кезінде (1967) 180 адам қазаға
ұшырап, екі мыңдай халық жараланады. Сол секілді АҚШ-тың Оровилл қаласының
маңында (Калифорния штаты) болған (1975) жер сілкінудің қарқындылығы VII
балға дейін жетеді.
Біздің елімізде де мұндай жағдайлар Тәжікстанда тереңдігі 317 м-лік
Нурек су қоймасын толтыру, Қырғызстанда - Тоқтағұл, Дагестанда - Чиркей,
Өзбекстанда - Чарвак су электрстанцияларын салу барысында байқалады. Ал
Грозный қаласының оңтүстік бөлігінде (1976) және Газлиде (1976, 1984)
болған жер сілкінулер мұнай мен газ өндіру ісімен тікелей байланысты деп
саналады. Дегенмен, жер сілкінудің - техногендік түрлері дүмпу күшінің
әлсіздігімен және таралу өрісінің тарлығымен (жер сілкінудің тектоникалық
түрімен салыстырғанда) сипатталады.
XIX ғасырдың ортасына қарай жер сілкіну құбылыстарының белгілі бір
аудандарда ғана қайталанып отыратындығы айқындалды. Бұл жағдай ғалымдарға
жер сілкіну каталогын (тізімін) жасау жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік
туғызады. Ресей территориясын қамтитын ең алғашқы каталог авторларының
қатарында И. В. Мушкетов пен А. П. Орловтың есімдерін атауға болады.
Жер сілкіну күші сейсмикалық кесте (шкала) арқылы анықталады. 1935 ж.
белгілі сейсмолог, американ (Калифорния) ғалымы Ч. Рихтер (Вадати
кестесінің негізінде) оның жетілдірілген және толықтырылған вариантын
жасайды. Магнитуданы есептеп шығару үшін, жер сілкіну ошағының тереңдігін
және оның эпицентрден қашықтығын білу керек.
Магнитуда дегеніміз жер сілкінудің салыстырмалы энергетикалық өлшемі.
Оның шамасы сейсмограммада жазылған толқынның амплитудасы мен периодын
өлшеу арқылы анықталады. Әдетте толқын амплитудасы шамамен он есе артқан
кезде, жер сілкіну магнитудасы бір шамаға артып отырады.
1964 ж. үш сейсмолог ғалымның (С.В.Медведев - ТМД, В. Шпонхойер - ФРГ,
В.Карник - ЧССР) фамилияларының бас әріптерінен құралған халықаралық кесте
(MSK-64) қабылданып, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді. Бұл кесте
бойынша, I мен IV балға дейінгі аралықта жер сілкіну әрекетінің
қарқындылығы адамдардың (физиологиялық) алған әсері (эмоциясы) негізінде, V
тен IX балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирау дәрежесіне қарай
анықталады, ал X нан XII балға дейінгі аралықта байқалатын жер бетінің
деформациялық ірі өзгерістері (ығысу, ыдырау, қатпарлану, жылжу, жылысу,
опырылу, жарылу) жер сілкіну әрекетінің ең жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші
болып саналады.
Жер сілкінудің жер бетіне тигізетін әсері жер сілкіну ошағының
тереңдігі (неғұрлым терең болса, соғұрлым оның әсері әлсіз) мен дүмпу
күшінің шамасына тәуелді болады. Толығырақ айтсақ жер сілкіну ошағы
тереңдеп, ара қашықтығы өскен сайын дүмпу күшінің жер бетіне тигізетін
әсері де азая түседі. Сонымен бірге, дүмпу күшінің әсері жер бетінің
геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Егер
жердің беткі қабаты толық кристалданған берік жыныстардан тұратын болса
немесе топырақ суларының, деңгейі тереңірек орналасса, онда жер сілкіну
әсері де шамалы болады. Жер сілкінудің эпицентрінен алыстаған сайын
көлденең бағыттағы тербелістер басым болады. Мұндай тербелістер сейсмикалык
серпімді толқындар деп аталады; олар қума толқындар (Р), көлденең толқындар
(5) және беткейлік (Z,) толқындар болып үш түрге ажыратылады.
Сейсмикалық жарықтардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 ж. Ташкентте 8 км-
ге дейін) жүздеген км-ге (1960 ж. Чилиде) дейін жетеді; 1957 ж. Гобнялық
Алтайда болған жер сілкінуі кезінде ұзындығы 700 км-лік жарықтар жүйесі
пайда болады.
Макросейсмикалық шкала (кесте) жер сілкінуінің бастапқы энергиясын
көрсете алмайды. Ол тек дүмпудің жер бетіне жеткендегі әсерін ғана
байқатады. Осыған байланысты (соңғы жылдары) жер сілкіну әрекеттерін
зерттеу барысында, оның қарқындылығын (балл есебімен) анықтаумен қатар,
бастапқы энергия мөлшерін анықтау жұмыстары да жүргізіледі. Ол үшін жер
сілкіну ошағынан әр турлі қашықтықта тіркелген сейсмограммаларды өңдеп, жан-
жақты зерттеу қажет.
Әдетте, қандай тербеліс болмасын оның энергиясы тербеліс жылдамдырының
квадратына тура пропорционал болатыны белгілі. Жер сілкіну энергиясын
анықтау үшін жер асты дүмпу күшінің амплитудасын, периодтылығын, тербеліс
уақытын дәл білу керек. Бұл параметрлердің шамасы сейсмограммалар арқылы
анықталады.
Жер сілкіну энергиясы Әрг немесе Дж бірліктерімен өлшенеді.
Жер сілкінудің қарқындылырын білумен қатар оның магнитудасын анықтаудың
ғылымда алатын орны өте зор. Магнитуда дегеніміз, жер сілкінудің
(салыстырмалы) энергетикалық өлшемі екендігін жоғарыда айтып өттік.
Магнитуда мөлшері сейсмограммада жазылған толқынның (беткейлік толқын)
амплитудасы мен периодын өлшеу арқылы анықталады. Әдетте, толқын
амплитудасы шамамен он есе артқанда, жер сілкіну магнитудасы бір өлшемге
артады. Магнитудалық шкала оның негізін салған американ сейсмологы Г.
Рихтердің есімімен Рихтер шкаласы деп те аталады. Бұл шкала бойынша тарихта
белгілі ең күшті жойқын жер сілкінісінің магнитудасы М-8,9.
2. Жер сілкінудің географиялық таралуы
Жер сілкінудің географиялық таралуы барлық жерде бірдей емес екендігі
бұрыннан-ақ мәлім. XX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай жер сілкінуді
зерттеу әдістері жетілдіріліп, оның эпицентрін дәлірек анықтауға мүмкіндік
туды. Жердің сейсмикалық картасына жасалған талдау жұмыстарының нәтижесі,
яғни ең басты сейсмикалық белдеулердің Тынық мұхиттық және Жерорта теңіздік
(Альпі-Гималаий) белдеулер екендігін көрсетеді.
Тынық мұхиттық белдеу Оңтүстік және Солтүстік Америка, Антиль, Алеут,
Аляска, Камчатка; Куриль, Гавая аралдары, Жапон, Филиппин, Малайя, Жаңа
Гвинея, Жаңа Зеландия және т. б. жерлерді, жалпы алғанда Тынық мұхит
жағаларын түгел қамтиды. Бүкіл жер шарында болатын күшті жер сілкінулердің
алтыдан бес бөлігі немесе барлық жер сілкіністерінің 68%-і осы белдеуде
байқалып тұрады. Олардың көпшілігі терең фокустық сілкіністер болып келеді.
Жерорта теңіздік (Альпі-Гималай) белдеу Жерорта теңізінің батыс
жағалауларынан басталып, ендік бойымен Шығыс Азияға дейінгі аралықта
созылып жатады, атап айтқанда Пиренеи, Апеннин, Балқан Альпі, Қарпат,
Қырым, Кавказ, Памир, Иран, Ауғанстан, Орта Азия, Бирма, Индонезия және
т.б. жерлерді қамтиды. Жалпы жер сілкіністерінің 21%-і осы белдеуде болып
тұрады. Олардың көпшілігі сығылысу, ал кейбірі тектоникалық жарықтар
бойымен ығысу әрекеттерімен тығыз байланысты. Жер сілкіну әрекеттері
жоғарыда аталған сейсмикалық қос белдеуден басқа да жеке аймақтарда, яғни
Тянь-Шаньда, Монголия мен Қытайдың таулы аймақтарында, Байкал маңайында,
Африкалық Ұлы көл-дер маңайында және т. б. аудандарда кездесіп тұрады.
ТМД территориясында жер сілкіну ошақтары негізінен оңтүстікте, шығыста,
солтүстік-шығыста орналаскан. Атап айтқанда Карпат маңын, Оңтүстік Қырымды,
Кавказды, Оңтүстік Түрікменстанды, Орта Азияның таулы бөлігін (шығыс
бөлігі), Алтайдан Саянға дейінгі таулы аудандарды, Байкал маңын, Верхоянды,
Чукотканы, Қиыр Шығысты, Сахалинды, Камчатканы және Куриль аралдарын
қамтиды.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде Солтүстік Тянь-Шань таулары, оның
ішінде Іле Алатауы мед Күнгей Алатауы және Жоңғар Алатауы ертеректен-ақ
белгілі жер сілкіну зардабына көп ұшыраған аймақтар болып табылады.
Сейсмикалық қауіпті (дүмпу күші VII балл) зонада орналасқан ірі
қалалардың ішінде Кишинев, Ялта, Тбилиси, Ереван, Ашгабад, Душанбе,
Ташкент, Фрунзе, Алматы, Иркутск, Оңтүстік Сахалинск, Камчаткалық
Петропавлск қалаларын ерекше атап өтуге болады. Олардың жалпы аумағы бүкіл
ТМД территориясының бестен бір бөлігін қамтиды.
Жер сілкінудің географиялық таралуы Жер бетінде біркелкі болмайтындығы
кездейсоқ оқиға емес. Оның себебі, жер қыртысының жеке аудандарының
геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жалпы
алғанда, жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы аймақтарда жиі байқалады. Мұндай
аймақтардың қатарына ең жас қатпарлы тау жоталарын, мұхиторталық жоталар
мен рифттік зоналарды, материктер мен мұхиттардың шекарасын қамтитын
аудандарды жатқызуға болады. Сонымен бірге, жер сілкіну аймақтарының
вулкандардың таралу аймақтарымен де сәйкес келетіндігін айта кету керек.
Кейбір жағдайда, күшті жер сілкіну әрекеттерінің вулкандық әрекеттерді
жандандыратындығы байқалады. Мысалы, 1952 ж. Перу мен Чилиде болған күшті
жер сілкінуден соң іле-шала оянған вулкандардың саны 25-ке жеткені мәлім.
Мұның барлыры жер сілкіну және вулканизм әрекеттерінің пайда болу
себептерінің бірлігін немесе ұқсастырын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz