Жер табиғи ресурс ретінде


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жер табиғи ресурс ретінде.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер обьектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр.

Табиғи ресурстар деп еңбек құралы, энергия, шикізат және материалдар көздері ретінде пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды табиғат заттарын атайды. Олардың пайдалануы, бірінші кезекте, адамның биологиялық тіршілігін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Бірақ та бұл проблеманың бір шеті, екіншісі - осы табиғат күштерін адамның, оның қазіргі және болашақтағы ұрпақтарының игілігіне пайдалана білу.

Табиғи ресурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады. (1-кесте) .

Толығырақ айтқанда аталған табиғи ресурстардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады. Осылардың арасында, қоғамдық байлықтың сарқылмас қайнар көзі ретінде адамға пайдалы болған жер, оның қойнауы мен шикізат ресурстары ерекше орын алады.

Жер - адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар қалыптасқан, қойнауы мен биосферасының саналуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: "Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы" деген екен.

Табиғи ресурстар, оларды пайдалану ерекшеліктері және құрамындағы жердің орны (1-кесте) .

Табиғи ресурс
Табиғи салаға жатуы
Жермен өзара байланыс сипаты
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы
Ұдайы жаңару қабілеттілігі
Табиғи ресурс: 1
Табиғи салаға жатуы: 2
Жермен өзара байланыс сипаты:

3

Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: 4
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: 5
Табиғи ресурс: Жер
Табиғи салаға жатуы: Литосфера
Жермен өзара байланыс сипаты:
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Агроөндірістік және басқа да халық шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру, азық-түлік және шикізатты өндіру, өндірістік емес іс-әрекеттерді жүзеге асыру
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Шектелген түрде жаңарып отырады
Табиғи ресурс: Минерлдық ресурстар
Табиғи салаға жатуы: Литосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Топырақтың минералдық негізін құрайды. Пайдалы қазбалар жер астында жатады
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Минералдардың және отын энергетикалық шикізат
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылмайтын
Табиғи ресурс: Су
Табиғи салаға жатуы: Гидросфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Әртүрлі агрегаттық күйінде табиғаттың барлық элементтерінде табылады
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Ауылшаруашылық, тұрмыс және өнеркәсіптік су тұтыну
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылатын
Табиғи ресурс: Өсімдік
Табиғи салаға жатуы: Биосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде болады
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, аң аулау шаруашылығын жүргізу
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылатын
Табиғи ресурс: Жануарлар әлемі
Табиғи салаға жатуы: Биосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде тіршілік етеді
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Өсімдік және орман шаруашылықтары өнімдерін өндіру
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылатын
Табиғи ресурс: Климат
Табиғи салаға жатуы: Атмосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Табиғаттың жылу, ылғал, газ алмасу көздері
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Өндірістік процесс пен азамат тіршілігінің ортасын қалыптастырады
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Шектелген түрде жаңарып отырады

Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 361, 1 млн. км² немесе 70, 8%-ын алып жатқан Әлем Мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149, 1 млн. км² немесе 29, 2%-ын құрайды. Соңғысының 1/3 бөлігі таулы жерлер, 20%-ын шөл және 30%-ын орман алып жатыр. Жердің тек 10%-ы ғана ауылшаруашылық алаптарға жатады.

Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен - климатпен, су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады.

Жер осы кешеннің, демек жер бетінің, онымен шектес литосфераның, гидросфераның және атмосфераның, аса күрделі құрам бөлшектерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурстар таусылатындар және таусылмайтындар болып бөлінеді. Жер болса, шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатады. Оның басқа табиғи ресурстарының құрамындағы орны 1-кестеде көрсетілген. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу оның екі қасиеттерімен себептеледі: бір жағынан, жер дұрыс пайдаланылған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуге тиісті, ал екіншіден, жер жылжымайтын мүлік, демек оның жалпы көлемі өзгермейді.

Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғат кешені бола отырып, белгілі бір заңдар бойынша пайдаланылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін себептейтін негізгі заңдар қатарына минимум, факторлардың бірлесіп әсер етуі, толеранттік және табиғи аймақтық заңдары жатады.

Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа емес, ең төмен көрсеткіштерімен себептелуге тиісті.

Факторлардың бірлесіп әсер ету заңы ландшафт қасиеттерінің кешенді түрде ықпал жасауын сипаттайды. Сонымен бірге факторлардың жалпы әсері әрқашанда жеке факторлардың әсерінен басым бола түседі.

Толеранттік заңы бойынша экожүйе тек белгілі бір шектің ішінде ғана қалыптасады. Жаратылыс биоценоз табиғи аймақтарға қарай өзгеріп отырады. Осы жағдайдың ауылшаруашылық өндірісте ескерілгені аса маңызды.

Осыған себепті Қазақстан Республикасының территориясы 10 аймаққа бөлінген:

  1. орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейт; 5) шөл; 6) тау

етегіндегі шөлді дала; 7) субтропикалық шөл; 8) субтропикалық тау етегіндегі шөл; 9) ортаазиялық таулы облысы; 10) оңтүстік-сібір таулы облысы.

Жер кодексінде келтірілген осы аймақтар тек табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны жалпы сипаттайды, территорияны макро және микроаймақтау, бірінші кезекте, ауылшаруашылық алаптарын аймақтауға, ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға мақсатталған. Жер кодексінің 8-бабына негізделе отырып, басқа саладағы мамандармен бірге, жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлері жүзеге асырады.

Облыстар мен аудандардың шекаралары, демек әкімшілік аудандау, табиғи аймақтардың шекараларымен үйлеспейді (1-сурет) .

Қазақстан территориясының табиғи аймақтарға бөлінуі

Жер көлемінің табиғи - ауылшаруашылық аймақтары бойынша таралуы (2-кесте) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Қазақстандағы ауаның ластануы
Табиғи қорларды бағалау
Жер-табиғи ресурс және өндіріс құралы ретіндегі ілім
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Жер құқығының мәні
Жерге меншік құқығы
Биотаның тіршілігіне қажетті литосфераның ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz