Жер эволюциясы


: Жер эволюциясы
Сабақтың жоспары:
• Жер эволюциясының дәуірлерге бөлінуі
• Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері
• Геохронологиялық шкала
• Фанерозой және криптозой эондары
Сабақтың мақсаты: Тау жыныстарының қалдық жануарлар мен өсімдіктер арқылы салыстырмылы немесе таужынысы құрамындағы изотоптардың ыдырау дәрежесі арқылы тау жыныстарының жасын анықтау. Мұнда біз Жер жасын Архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой дәуірлеріне бөліп өте отырып, оларды өз кезегінде топқа, қабатқа бөлеміз. Тау жыныстарының жасын анықтау арқылы біз Жердің геохронологиялық шежіресін білеміз және сол арқылы палегеографиялық реконструкциясын жасап пайдалы қазба байлықтардың орналасу немесе шоғырлану мүмкіндігін анықтаймыз.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Жердің және жер қыртысының жасын және оның даму тарихында болып өткен ірі оқиғалардың болған уақытын анықтай білу мәселелері ғалымдардың назарынан еш уақытта да тыс қалған емес. Өйткені бұл проблемаларды шешудің теориялық және практикалық маңзы өте зор.
Қазіргі кезде Жердің даму тарихы геологиялық және оған дейінгі планетарлық (немесе ғарыштық) кезеңдер болып екіге ажыратылады.
Геологиялық кезеңге дейінгі (планетарлық) уақыт Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртыстарының құралуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқылы зерттеп білу мүмкін емес. Жердің (ғарыштық дене ретінде) пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасады. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны ең алғашқы протопланеталық заттарының белгілі геосфераларға жіктеліп литосфера, атмосфера және гидросфера қабаттарының құралуымен сипатталады.
Геологиялық кезең - Жер қыртысының алғашқы Қалыптасуынан басталып қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Экзогендік процестердің нәтижесінде Жер бетіндегі жыныстар үгіліске үшырап, үгілу заттары тасымалданып жинала келе (сулы ортада) щөгінді тау жыныстары құралады. Олар жаңа ортада (эндогендік жағдайда) метаморфтық және магмалық әрекеттерге ұшырап, Жер қыртысының алғашқы құрамы біртіндеп күрделене түседі. Бұл процесс тұрақты түрде байқалады. Соның нәтижесінде, құрамы әр түрлі және өте күрделі Жер қыртысының қазіргі кездегі бедер пішіндері қалыптасады.
Жер қыртысының даму заңдылықтарын осы уақытқа дейін сақталған геологиялық документтерді (Жер қыртысын құрайтын заттарды, яғни минералдар мен тау жыныстарын және органикалық қазбақалдықтарды) зерттеу арқылы анықтауға болады.
Жердің жасын және оның даму тарихында болып өткен геологиялық ірі оқиғалардың болған уақытын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік жыл есептеу (Геохронология) әдістерін пайдаланады.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасы олардың табиғи жағдайдағы бір-бірімен қарым-қатынасына, белгілі бір геологиялық ортада (геологиялық қимада) алатын орнына (немесе орналасу ретіне) қарай анықталады.
Көп жағдайда, «жасырақ» (жастау, «ескірек» (ескілеу) және «бір мезгілде» (бір уақытта) немесе «жасы бірдей» деген ұғымдар жиі қолданылады. Бұл жерде тау жыныстарының құрамы мсн құрылысы және олардың жатыс пішіндері мен құрылымдық ерекшеліктері бірдей ескеріледі. Салыстырмалы жыл санау әдістеріне стратиграфиялық, минералогия-петрографиялық, тектоникалық және биостратиграфиялық-палеоатологиялық әдістерді жатқызады.
Стратиграфиялық тау жыныстарын құрайтын қабаттардың өзара орналасу тәртібін (реттілігін_зерттеуге негізделген шөгінді қабат неғұрлым төмен орналасса, оның жасы соғұрлым ескі, ал жоғарғы қабатты құрайтын тау жыныстары төменгі қабаттармен салыстырғанда жасырақ деп саналады. Бұл әдісті шөгінді қабаттардың алғашқы орналасу тәртібі бұзылмай сол күйінше сақталған жағдайда ғана пайдалануға болады.
Егер белгілі бір ауданды алып жатқан (геологиялық қимада) магмалық денелер горизонталь орналасқан шөгінді қабаттарды диагональ немесе көлбеу бағытта кесіп етіп және өзара қиылысатын болса, ондай жағдайда қиюшы дене қиылған денемен салыстырғанда жасырақ деп саналады.
Тау жыныстарының құрамының ұқсастығын (салыстыра отырып) зерттеуге негізделген. Бұл әдіс, әсіресе кембрийге дейін түзілген жыныстарды (магмалық және метаморфтық) зерттеуде кеңінен қолданылады. Кейде тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде шөгінді қабаттардың алғашқы орналасу тәртібі бұзылып тектоникалық жарықтар бойымен ауыса орналасады. Тау жыныстарының жасын анықтау барысында осы жағдайлар ескеріледі.
Биостратиграфиялық - палеонтологиялық әдіс тау жыныстар ткіадготистырмалы анықтаудағы ең негізгі әдіс болып саналады. Бұл әдіс ерте кезендерде өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің (сол кездегі тау жыныстарының құрамында) сақталған қазба қалдықтарын (фауна, флора) зергтеуге негізделген. Олар толығымен немесе жартылай болса да минералдық зяттармен (кремний немесе кальцит) алмасқан жағдайларда жақсы сақталады. Ч. Дапвиннің эволюцияльқ даму теориясы бойынша, органикалық өмір жердің даму тарихында ең қарапайым түрлерден басталып, ең жоғарғы дәрежеге дейін дамып-жетілген. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау мақсатында органикалық түрлердің бәрі бірдей жарамайды, олардың ішінде тек жетекші түрлері ғана пайдаланылады. Олар тез өзгергіш болып, сонымен қатар жер бетінде кең тарлып, аз ғапа геологиялық кезеңді алып жатуы қажет. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу негізінде Жердің даму тарихын жеке кезеңдерге бөледі. Бүкіл жер шарын түгел қамтитын стратиграфиялық және соған сәйкес геохронологиялық шкаланың негізін қалайды. Стратиграфиялық және геохронологиялық атаулар (Халықаралық келісім бойынша қабылданып) 1881 ж. және 1900 ж. болған Халықаральқ геологиялық конгрестің екінші және үшінші сессияларында бекітілді. Стратиграфиялық және геохронологиялық бөлімдер мен бөлімшелер мына төмендегідей болып ажыратылады:
Кейде жеке бір аудандарда зерттелген қабаттар Халықаралық келісім бойынша қабылданған шкаламен салыстыруға келмесе, онда олар үшін жергілікті атаулар беріліп стратиграфиялық ұсақ бөлімдер мен бөлімшелерге (свита, подсвита, серия) ажыратылады,
Стратиграфиялық шкала - белгілі бір уақьт аралығында рет-ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын , ал оған сәйкес келетін геохронологиялық шкала - уақыт мерзімін көрсетеді. Шартты түрде стратиграфиялық атаулар стратондар, ал геохронологиялық ұғымдар геохрондар деп аталады.
Пайдалануға ыңғайлы болу үшін екі шкаланың да бөлімдері мен бөлімшелері бірдей атаулармен аталады, Стратиграфиялық бөлімдер төменгі, орта және жоғарғы болып бөлінеді. Соған сәйкес геохронологиялық кезеңдер - алғашқы, орта және соңғы болып ажыратылады. Эонотемалдр - бірнеше эраларды (заманаларды) қамтитын ең ірі стратиграфиялық топтардан (эратемалардан) тұрады.
Қазіргі кезде жердің тарихы екі эонотемаға ажыра-тылады:
1. Фанерозойлық (грекше «фанерос»-айқын, «зоэ»-мезозой және кайнозой топтарын біріктіреді.
2. Криптозойлық (грекше «криптос» - жасырын, құпия, «зоэ» - өмір) - протерозой және архей топтарын біріктіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz