Жергiлiктi экономиканы басқарудың мәнi мен мазмұны


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жергiлiктi экономиканы басқарудың мәнi мен мазмұны

Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы органның құзыретін, қызметінің aұйымдастырылуы мен тәртібін, сондай-ақ, маслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қалайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияның 8-ші бөлімінің 85 бабында жазылған жергілікті мемлекеттік басқару тиісті аумақтағы істің жай - күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқару органдарының тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуді, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет, коммуналдық, заңды тұлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:

  1. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану.
  2. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
  3. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

4. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.

Аймақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімшіліктердің қолданатын жоспарлары елдің стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуі тиіс және оларға бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтер көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.

Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.

Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".

Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар күнделікті қызметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.

Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме.

Жергiлiктi экономиканы басқарудың механизмдерi мен мәселелерi

Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т. б. кіреді.

Қазақстан Республикасының Президентінің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты.

" Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс. Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.

Мемлекеттік реттеудің экономикалықпен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады.

Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 ақпан 2003 жылы №147 қаулысымен мақұлданған "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру" Концепциясындағы бюджет сферасында экономикалық механизмдер берілген. Онда жергілікті басқаруды дамыту максатында ауылдық (селолық) округтардың әкімдер аппаратын құру көзделген. Ол 2004 жылғы республикалық бюджетте (31 бап) ауылдық (селолық) округтардың әкімдері аппараттарын қалыптастыруға облыстық бюджеттерге берілетін 2, 9 млрд. теңге сомасында белгіленген мақсатты трансферттермен жүзеге асырылып отыр.

Жергiлiктi экономиканы басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары.

Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.

Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.

Осыған байланысты республикадағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылатын жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып, жергілікті билік органдарын реформалау қажет.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және орталықсыздандырудың мемлекеттік бағдарламасын жасау және қабылдау ұсынылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға бағытталған маңызды қадам Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкімдікті шектеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Бұл реформа билік өкілеттіктерін вертикаль (тік) жүйесі бойынша бөлінуіне, яғни “республика(центр) - облыс - аудан - қалалық және ауылдық пунктер” жүйесін қалыптастыру және жергілікті жерлердегі қаржы - экономикалық базаның қалыптасуы жолымен мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Ол реформа жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық билік органдарының арақатынасын жетілдіруге және дұрыс жұмыс істеуі үшін жаңа әкімшілік және экономикалық механизмдерді құруға негізделеді. (2 кесте) .

Жергілікті мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінде реформалау мәселелерін шешу, соның ішінде жергілікті өкілді органдар - маслихаттар өкілеттіктерін кеңейту және күшейту және де жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру мәселелері бұл жағдайда жабық белгісіз перспективада қалып отыр. Бұл мәселені мемлекеттік аппараттағы мемлекеттік билік органдарының ұйымдастыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудағы бағыттарындағы бірліктің болмауы қиындатып жібереді.

Орталықсыздандыру процесінің сәтті дамуының және жергілікті өзән-өзі басқару жүйесін қалыптастырудың басты факторы біздің еліміздің билігінің саяси еркіндігі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына соңғы жолдамасына байланысты мемлекеттік басқару жүйесі және, сонымен қатар, жергілікті деңгейде модернизация процессі бастама алды.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін реформалау және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру - бұл ең алдымен, мемлекеттік құрылыстың маңызды элементі болып табылады. Ол маңыздылығы жағынан бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, эконмикалық өсу немесе ұлттық қауіпсіздік мәселелерінен кем емес. Сондықтанда бұл мәселеде саяси еркіндік мемлекеттік саясаттың басқа да маңызды мәселелерін шешудегі еркіндікпен сәйкестендірілуі тиіс.

Жергiлiктi экономиканы басқарудың шетелдiк тәжiрибелерiн пайдалану жолдары.

Жергілікті басқару органдарының дербестігі іс жүзіне асырған кезде кепілдік беріледі, оның мәнісі құқықтық құралдармен қамтамасыз ету; соның ішінде жегілікті маңызы бар мәселелерді шешкенде оларды ұйымдастыру мен материалдық-қаржы еркіндігімен; жергілікті өзін-өзі басқарудың құқығын қорғау және оған қолайлы мүмкіншілікті тудыру.

Салыстырмалы ретінде Ресей Федерациясындағы өзін-өзі басқару органдарына тоқталалық. Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілді және муниципалды құрылымының басшысы болып бөлінеді. Оның біріншісіне - Дума, муниципалдық комитет, азаматтардың жиналысы жатады. Ал, муниципалдық құрылымның басшысы - мэр, староста және т. с. с. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқарушы билік органдарының функциясын атқарады. Муниципалдық құрылымның басшысы - бұл сайланбалы лауазымды адам, мұнымен қатар басқа да сайланбалы қызметкерлер болуы мүмкін. Мысал, ретінде Новочеркасск қаласын алайық. Оның тұрғыны - 200 мың адам. Қалалық думада - 25 адам. Қалалық мэр Думадан бөлек сайланады, бірақ оның мәжілісінде төрағалық етуге құқығы бар. Мэрдің әкімшілігін мэрдің өзі құрады, оның өзіне ғана бағынады.

Жергілікті басқару Ресейдің бүкіл аумағында жүргізіледі. Бірақ, конституциялық құрылысты, мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырған кезде азаматтардың құқықтары шектелуі де мүмкін. Ал, енді муниципалдық құрылымның шекарасын тиісті аумақтың тұрғындарының пікірінсіз ешкім өзгерте алмайды.

Муниципалды құрылымның құрылу, бірігу, өзгертілу, жойылу тәртібі, оның шекарасын белгілеу және өзгерту Ресей Федерациясы субъектілері заңдарымен тұжырымдалады.

Біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі жаңадан қалыптаса бастағанын ескеріп, енді осының төңірегінде басқа шет мемлекеттерін, соның ішінде, Францияны еске алалық. Онда - жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кіші құрылымдық бөлігі - коммуна болып табылады (қазіргі кезде оның саны 40 мыңнан асады) . Коммуна қалалық (қаладағы аудандар) және селолық болып бөлінеді. Коммунаның басқару органдарына 6 жылға сайланатын муниципалдық кеңес жатады. Оның депутаттарының саны тұрғылықты халықтың санына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақ экономикасын басқаруды ұйымдастыру
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу
Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны
Жергiлiктi экономиканы басқарудың механизмдерi мен мәселелерi
Муниципалдық менеджмент
Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
Қаржы және қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Жергілікті бюджет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz