Жергілікті желі және Интернет


Жергілікті желі және Интернет

Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны Сервер (қызметші қойма) деп атайды.

Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т. б. арқылы да қосу мүмкін.

Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі - дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желелері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет (Internet) желісі деп атайды (inter - интернационал, халықаралық; network - желі) . Яғни Интернет түрлі елдердің миллиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық комьпютерлік желі.

Мұнда интернетке қосылған компьютер сервер арқылы желіге қосылған кез келген компьютерге түрлі мәлімет жібере және өзіне жіберілген мәліметті қабылдай алады.

Компьютерлік желілер жергілікті , аймақтық және дүние жүзілік болып түрлі түрге бөлінеді. Аймақтық желі Intranet желісі деп аталады, оның Internet желісінен айырмашылығы жоқ, тек ерекшелігі - оның компьютерлері арнайы бір жұмысқа арналған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің компьютерлері Intranet желісі бойынша жұмыс істейді (негізгі банктің компьютерлері оның барлық филиалдарының комьпютерлерімен финаалмасады) .

Интернеттің артықшылығы - ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар; медицина саласында, коммерциялық және банкілер саласында қызмет көрсету; спорт саласындағы соңғы жаңалықтар; мекемелердің адрестері сияқты әртүрлі мәліметтер; қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т. б. электрондық оқулықтар сияқты күрделі мәліметтер жастардың кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме - провайдер атаулы коммерциялық компания. Компаниямен шарт жасасып, Интернетке қосылатын комьпютер үшін парольді (Password), желілік арнайы аты-жөніңізді ( Login), телефон номірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.

Windows - тың жұмыс үстелінен Internet белгішесін екі рет шерткен кезде алғашқы рет Интернетті бапқа келтіру терезесі көрінеді. Оларға провайдермен келіскен жоғарғыдай шартбелгілер енгізілсе, Internet Explorer терезесі көрінеді. Интернетке жалғанған жеке компьютерді Internet Explorer ге бірден қосуға болады.

World Wide Web (WWW) . Веб-бет.

Гиперсілтеме.

Интернет тек дүние жүзілік желі емес, оның жұмысы - информациялық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделеген. Олардың ең көп тарағаны 1990-жылдардан бастаған «Дүние жүзілік өрмек» - World Wide Web (WWW) . Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі - қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні - мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады. ( Hyper Text Markup Language - гипермәтіндік белгілеу тілі) . Яғни Веб-беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады. HTML-дің орындайтын жұмысы - құжат тақырыптары мен абзацтарды белгіліу, гипермәтінге арнайы белгілер орнату.

Веб-бет - кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб-бет ретінде қарастырылады. Мысалы, жоғары оқу орны үшін Веб-беттерді мынадай түрде дайындау мүмкін.

  • Факультет атаулары, мамандықтар;
  • Кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
  • Әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.

Веб-те бір тақырыпқы арналған веб беттерді ретімен не оларды байланыстырып көрсету де мүмкін. Соңғысын веб-түйін деп атайды.

Веб беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа веб бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не сүретті белгілеуде мүмкін. Экранда көрінген веб бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша веб бетте экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Internet Explorer

Веб-беттерді және файл түрінде сақталған мәліметтерді түсінікті түрде экранға шығру жеңіл емес. HTML форматында дайындалатын веб-беттерді іздеп жән оларды қалыпты жағдайға аударып, экранға шығаруға арналған браузер атаулы арнайы программалар бар. Қазіргі кезде олардың ішінде көп пайдаланылатыны - 3. 02, 4. 0, 4. 01, 5 нұсқалы Microsoft Internet Explorer программасы. Ол Windows 95 пен Windows 98 - дің құрамына стандартты программа түрінде енгізілген. Оны веб шолушысы деп те атайды. Алғашқы рет ашылған Explorer терезесінде «Интернетке қош келдіңіз» тақырыбы енгізілген веб беттің көрінуі мүмкін.

Веб беттерге өту мен қайтуды терезенің аспаптар панелінің Кейін, Алға түймелері арқылы орындауда мүмкін.

  • Кейін түймсін ретімен басу арқылы жұмыс істеп отырған күнгі маршрут бойынша веб беттердің алдынғысына өтуге, тіпті олардың ең бастапқысына жетуге болады;
  • Алға командасы Кейін командасын берген соң одан соңғыларына қайтып оралу үшін беріледі.

Аспаптар панеліне көптееген басқа түймелер де орнатылған: Тоқтату, жаңарту, Негізгі бет, Іздеу, Почта, Шрифт, т. б. IE қосылға кезде көрінетін веб бетке қайтып оралу үшін Негізгі бет түймесін шерту жеткілікті.

Түрлі Серверлерде веб беттер символдарды түрлі кодтар бойынша жазылуы мүмкін. Қабылданған веб бетті оқи алмасаңыз, Internet Explorer терезесінен Сервер - Шолушы қасиеттері командасын беріп, ашылған терезенің веб бетінің шрифтері өрісінен қажетті қазақ қарыптерінің атауын таңдау керек. Одан әрі ОК түймесін шерту жеткілікті.

Веб бетті іздеу. URL адрестері.

Интернеттен қажетті веб бетті іздеу оңай жұмыс емес. Ол үшін IE терезесінің Іздеу түймесі пайдаланылады. Түйме шертілген кзде көрінген терезеде Іздеу Серверлерінің атаулары көрінеді. Олардың бірін таңдап терезесін экранға шығару керек. Мыс: Яndex Сервері терезесі. Егер Іздеу терезесінің сәйкес өрісіне кілттік сөздер енгізіліп, оның іздеу түймесін шертсеңіз сұранысқа сәйкес мәлімет көрінеді. (кілттік сөзді нақты түрде ағылшын не орыс тілінде беру керек) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет дамуының тарихы
Желі туралы ұғым. Желінің түрлері
Компьютерлік желіні үйрету
Жергілікті желі
Интернет қосуына жалпы рұқсат
VPN виртуалды қорғалған желі
Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері
Жергілікті желінің қор көздері
Ақпараттық технологияның ұғымы
Ауқымды компьютерлік желі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz