ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ АС БЕРУ РӘСІМДЕРІ


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ АС БЕРУ РӘСІМДЕРІ

Арыздау, қоштасу. Әдетте дүниеден кетіп бара жатқан адам өзінің өлетінін білген соң ағайынөтуғанымен, ел жұртымен, өмірлік серігімен, өнерімен қоштасып, соңғы арыз-тілегін өлең жолдарымен артта қалып бара жатқандарға сәлем ретінде жолдаған. Ағайын -туған, дос-жаранды адамдар пәленше нашар жатыр екен дегенді естісе «көңілін сұрайын», «кешулесейін» деп іздеп келеді. Ақырғы сапарға аттанар адамның арыздасу үстінде айтқан тілек- өтінішін артында қалғандар қолдан келгенше орындауға тырысқан.

Естірту, көңіл айту . Қазақтың ертедегі салты бойнша, түзде өлген адамды отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына естіртуші адам айтатын сөзін, естірткелі отырған уақиғаны тұспалдан, жүмбақтап, ишаратпен, өлеңмен кейде әртүрлі салыстыруларымен хабарлаған. Кейде ауыр қазаны күймен де естірту дәстүрі болған.

Ер азаматтың ерлігін, елін суюшілік сияқты адамгершілік ұлы қасиеттерін қастерлеу№ халыққа мағлұм ету№ сол арқылы оның онегелі істерін арттағы ағайын - туысқа, аға - ініге, бауырлар мен балаларға, ел - жұртқа үлгі - өнеге етіп ұсынудың тәрбиелік мәні зор.

б) Жоқтау . Күйеуі өліп қаралы болған әйел қайғысының ауырлығын білдіру үшін бес саусағымен бетін жыртып, қан шығарады. Тіпті көне түркілерде әкесі өлген жігіттер өзінің жетімдігін білдіру үшін он құлағынан бастап, сол құлағына дейін пышақпен тілетін дәстүр болған.

Әйелі, қыздары, ана - қарындастары жыл бойы күн сайын таңертең ерте тұрып, беттерін керегеге қаратып, 1 - 2 сағат бойы дауыс салып, жоқтау айтатын болған. Жоқтау өлеңде өлген адамның ел - жұрт, ағайын - туысқа тигізген пайдасы, қамқорлығы, ерлігі, кісілігі туралы айтылады.

в) Қаралы үй. Кісі өлген үйдің түндігі түріліп, үй ішінен найза шаншылады да, ұшына қара ту немесе орамал байлайды. Егер өлген адам жас болса - қызыл, орта жастағы адамға - қара, ал қарт болса, ақ орамал байлаған. Қаралы үйде қандай адамның өлгенін осы белгі арқылы жүргінші - жолаушыға білдірген. Егер ер адам далада өлсе, мінген атына ертоқымын теріс ерттеп, қанжығаға тымағын байлап қойып, жетектеп әкеледі. өлген адамның ер - тұрманы, киімдері, қару - жарағы үй ішінде керегеде жылы өткенше ілулі тұрған.

г) Өлікті жерлеу. Қазақ бйітті қыстау маңына салған. Бейіт ауыл төңірегіндегі ең биік төбенің үстінен қазылады, Қайтыс болған адамның өзі сұрап, өсиет еткен жері болмаса, ата - баба, ру бейітіне жерлейді.

Өлген кісіні жерлейтін орын қарастырғанда, оның бейітінің суға жақын, топырағы қатты қырат жерді таңдаған. Жүргіншілер осы бейітті бағдарлап, су тауып ішу мақсаты көзделген.

Кісісі өлген адамдар дәулетіне қарай өліктің басына зират тұрғызып, ескерткіш, белгі орнатады. Төрт құлақты немесе күмбез бейіттер жылына қарсы тұрғызылады. Бейіт тұрғызуға өлген адамның бар жақыны жиналып үлес қосу, мал сойып, салынған бейітті атап өту - ежелгі ел дәстүрі.

Қазақтардың мола, бейіттерді қастерлеуі соншалық бейіттің жанынан өтіп бара жатып, аттан түсіп, құран оқу, аттың қылын байлау, бейітке қарап дәрет сындырмау, оны қол шошайтып көрсетпеу сияқты ырымдар мұқият сақталған.

д) Бейіттің бірнеше түрі бар: оба, қорған ( өте ертедегі түрі), көшен, там, күмбез, мазар ( жеке адамға арналып салынған түрлері ) .

Әр бейіттің басына құлыптас орнатылады. Құлыптасқа арабша өлген адамның аты - жөні, туған, өлген айы, күні, жылы руы немесе ру таңбасы ойылып жазылады.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде « Сардаба » аталатын бірнеше бөлмеден тұратын арнайы кесенелер де болған. Оның бір бөлмесіне атақты адамдарды әкеп қойған. Мысалы, түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесінде - Абылай, Қаз дауысты Қазыбек сияқты атақты бес адамның қабірі бар. Ондай адамдарды « киелі жерге қою » - бірден жеткізу қиын болғанда - олардың сүйегін аманат санаған ».

Шет жұртта қайтыс болған адамның сүйегін бірнеше жыл өткен соң да туыстары қазып алып, айтулы жерге - ата бейітіне апарып, қайта жерлейтін болған.

е) Тұлдау. Ежелгі дәстүр бойынша тұлдау ер азаматтардың өлімі мен байланысты ырым. Оның ішінде жасы жетіп, ақ өліммен өлген ақсақалдардың тек мінген аты тұлданса, орта жастағы азаматтардаң қару - жарағы, ер - тұрманы, киім - кешегі, бас - панасы, мінген аты, асыл жары түгел тұлданады.

Тұл - о баста қаза болған адамның бейнесін жасап, киім кигізіп, үй ішіне отырғызып қою.

Ал өлген адамның тірі күнінде мінген аты да жалқұйрығы күзеліп, ер - тоқымының үстіне өлген азаматтың жақсы киімдерін жауып, ердің қасына тұмағын кигізеді. Қыздары тымағын теріс қаратып киіп, тұл атты жетектеп, көш басында жүреді. Олардың соңынан түйе жетелеген әйелдер ереді. Олар жолда ауыл көрсе, яки қонар жерге келгенде дауыс қылады. Жолдағы ауылдың әйелдері алдынан шығып, бұларға сусын береді, көңіл айтады.

Құйрық - жалы күзелген ат өлген азаматтың жылында асына сойылған.

ж) Үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы. Қазақтар ертеден - ақ ел жинап, өлген адамға арнап үшін, жетісін, қырқын, ертеде жүзіп атап өтіп, жылында ас берген. Ас беру деген өлген аруақты еске түсіру, соның аруағына құрмет жасау. Онда мал сойылып, ас ішіліп, құран оқылып « тие берсін айтады ».

Сондай - ақ көрдегі мәйіттің денесі 40 күнге дейін толық сақталып, қырық бірінші күннен бастап бұзылады деп есептеген. Осыған орай қырқын берген. Өлген адамның аруағы ( жаны ) 99 өткеннен кейін өз отауының шаңырағына қарлығаш болып, екінші рет ұшып келеді - міс деген нанымға орай жүзін берген. ( Қазір жүзін беру көпшілік жерде сақталмаған ) .

Бір жылдан кейін, яғни 40 күннен бастап бұзыла бастаған мәйіт әбден ағып біткен кезде өлген адамның о дүниедегі « шын өмірі басталады » деп білген. Соған орай жылына арнап ас беру рәсімі жасалған.

з) Ас беру. Ежелгі дәстүр бойынша, ас жалын тартып мінген жігіттен бастап « пайғамбар жасына » (63 жас) жетпеген кісіге ас бермеген, тек жылын өткізіп атап өткен. Ас беру ел билеген атақты қария ақсақалдарға арналған. Оған бір жыл немесе 6 ай бұрын жан - жаққа, алыс - жақын, жекжат - құдандалы адамдардың бәріне алдын ала хабарлап сауын айтады.

Ас беру өлген адамның ана дүниеде жүрген жанының ( аруағының ) құрметіне құрмалдық жасау арқылы өлілердің қалған ұрпағын жебеп, қасылғанда суйеу болып жүреді деген ұғымнан туған.

Көп ел шақырып, үлкен ас беру ас беру ас беруші елге, оның басшыларына ұлкен сын болғандықтан асты ешбір сөз келместей етіп өткізуге тырысады. Өйткені асқа келушілердің ішінде неше түрлі қыңыр, басбұзар қисықтары аз болмайды. Әдетте ондайлар болмашы нәрсені өкпе ғып даудамай, төбелес шығаруы мүмкін. Мысалы « Айман - Шолпан » жырында асқа тігілген үйдің жақсысына мені түсірмедің деп Көтібар әлібекпен сөзге келісіп шатақ шығарады. Сондай - ақ Сағынайдың асында үш жүз аттың алдында қара салмай келе жатқан Ақанның Құлагерін іші күйіп көре алмағын Батыраш бай орта жолда қарақшыларын жіберіп, айбалтамен мандайға ұрып өлтіріп Ақаннан кек алады. Атақты Ақан серінің « Қүлагер » әні осы өзбырлыққа үкім ретінде шығып, бүкіл Арқаға тарайды.

Жалпы алғанда ас беруді рулы елдің ортақ ісі деп қарап, әр ата баласы өз үлестерін қосқан. Мұндай үлес малдай, заттай және ақшадай ғана емес, асқа керекті ұн - щәй, ыдыс - аяқ жинау мен асқа қызмет етуде рулы елдің бірігіп, жұмыла қызмет етуі ежелгі дәстүр болып саналған. Өлген атақты адамның жекжат, құдалары, ағайын - туыстары асқа қора - қора қой, саба - саба қымыз әкеп, ат жаратып бәйгеге қосқан, балуан күрестіріп, көкпар тартып, ойын - той ғып өткізген. Ондағы мақсат - қарияның арты жақсы болсын, тойға ұлассын деген тілек. Өлген адамға ас та төк той жасау атақ шығару үшін бәсекелестіктен туған. « бәленшенің асы болғанда . . . » деп ел жұрт тамсанып, ұзақ жылдар бойы әңгіме етіскен. Ас өткізу мерзімі 3 - 4 күннен бір жетіге дейін созылады. Ол күндердің « ошақ қазу », « Мал сою », « бата оқу », « ат шабыс » секілді ылайықты атаулары бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ - ТҮСІНІКТЕРІ
Жерлеуге байланысты жүргізілетін қызметтер мен ерекшеліктерді, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жерлеу рәсімдерінің айырмашылықтарын анықтау
Алтын Адам. Есік қорғаны
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы
Есік қорғанының Алтын адамы
Ыбырай Алтынсарин және қазақтың салт-дәстүрлері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
Қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрыптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz