Жерлеу салт өлеңдері
Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
1
Жерлеу салт өлеңдері
Отбасы әдет-ғұрып өлеңдерінің бір тобы — жерлеу салт өлеңдері.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, —
деп Абай айтқандай, осы жерлеу салты кезінде де халқымыздың поззияға етене
жақындығы тағы бір қырынан көрінген. Өлеңге бейімі бар адам кейде өзінің
ұрпақтарынан, жақын туыстарын ешкім өзі көз жұмғанда өлең тілімен дауыс
шығарып, жоқтай алмайтынына көзі жетсе, жоқтаудың өзі шығарып кететін
сәттері де болған. Ал негізінде мұндай өлеңдерді ақын-жыраулар шығарған.
Бұрыннан шығарылған өлеңді айту сирек кездеседі және ол естіртуге қатысты.
Ал арыздасу, көңіл айту, жылау, жоқтау — көбіне-көп тыңнан шығарылған.
Өйткені өлеңге арқау болатын әр адамның тағдыры әрқилы, оның үстіне жаңа
өлең шын көңілден шыққан қайғы-шерді айқын бейнелеп, тыңдаушыға қатты әсер
еткен. Олар дәл біреудің орны толмас өкінішіне ортақтасып, қайғыланған.
Жерлеу салт өлеңдерінің шығу тегінің түп тамыры тым тереңге бойлайды,
яғни өте ортеден келе жатқан кәдемен байланысты. Ол туралы Ә.Марғулан
ежелгі көшпелі тайпалардың тіршілігіндегі „патриархал қауымның әлеуметтік
тұрмысы, жора-жосыны, өлікті қадірлеумен байлнысты дәстүрлі — қоштасу,
естірту, жоқтау, қаза тұтып қайғыру, жылау, қадірлеп шығарып салу басына
белгі орнату, ас беріп той жасау, сайыс қылу — бәрі бұрынғы көшпелі сақ,
ғұн, үйсіндерден бері қарай қазақ пен қырғыз халқына дейін жеткен тарихи
жоралар", — дейді, Қазақ халқының жерлеу салт өлеңдерінің мазмұны ежелгі
Орхон-Енисей жазбаларымен ұштасып, тамырласып жатқанын М.Әуезов пен
Ә.Марғұлан кезінде айтқан болатын. Мұнда да естірту, жоқтау сияқты өлең
түрлерінің барлығы қазақ, тіршілігінен белгілі болған өлеңдермен өте үндес,
сарындас екенін дәлелдейді. Ендеше жерлеу салтына қатысты жылау, жоқтау,.
арыздасу, естірту, көңіл айту сияқты өлеңдер сонау көне заманнан бері
орындалған. Отбасылық әдет-ғұрыпқа байланысты өлеңдер жайында сөз болғанда
зерттеушілердің барлығы да осы өлеңдердің мәнін ашып, сипаттама беріп
отырған..
Салт өлеңдері туралы сөз болғанда жерлеу салтына байланысты өлеңдер
бірқатар зерттеулерде әрқалай аталып жүрген жайы бар. М.Әуезов оларды „Ел
салтындағы шер өлеңдер" десе, X. Досмұхамедов „Жерлеу жырлары", М.Ғабдуллин
„Көңіл-күйін білдіретін шығармалар", Ә.Қоңыратбаев „Жаназалау жырлары",
Б.Кенжебаев пен Б.Уахатов „Мұң-шер өлеңдері" деп атаған. Біз осы саладағы
өлеңдерді „Жерлеу салт өлеңдері" деп атап, төмендегідей түрлерін ажыратып
отырмыз. Олар: арыздасу, жылау, жоқтау, естірту, көңіл айту. Енді осы
жанрлық түрлерді ерекшеліктеріне сай жеке-жеке талдаймыз.
Арыздасу. Дүниеден дәмі таусылар адамның жағдайы мүшкілдеп, әлауқаты тая
бастаған кезде ағайын-туғандары онымен бақұлдасып, қоштасып, соңғы арыз-
тілегін, арман-өсиетін тыңдайды. Осындайда дүниеден озар адам өзінің арман-
тілек, өсиетін өлең тілімен жеткізуге тырысқан. Әрине, арыздасу сөздерінің
бәрі өлеңмен айтылмаған, қара сөзбен де жеткізіледі. Ал өлең сөзбен өсиет
айту, өзінен кейінгі ұрпағының қамын жеген елдің асыл ұланы, сөз өнерін
жанына серік еткен ақын, билер сияқты дуалы ауыздардан шыққан. Мұндайда
ақырғы сапарға аттанар адамның арыздасу устінде айтқан тілек-өтініші, өсиет-
насихаты киелі болып есептеледі де, артында калғандар қолдап келгенше оны
орындауға тырысады. Сондықтан да арыздасулы „ант мезгілі" деп те атайды.
Өмірі озып, өлім тұңғиығына мінбелеп төніп тұрғанда айтылған сөз мұңды
болады.
Арыздасудың дәстүрлі қалыпқа түскен белгілі бір құрылысы, я болмаса ауыз
әдебиетіне тән дәстүрлі қайталаушылықтары болмайды. Өйткені онда әркім
өзінің басынан кешкен тәжірибссіне сай өзіндік ой түйіндеп, соны өзінше
жырлап жеткізген. Қазыбек би дүниеден өтерінде:
Бақытың баста тұрғанда
Білмесең де соларсың.
Бақыт құсын жөнелтсең,
Қатарыңнан қаларсың.
Қаумалап келсе, дұшпаның
Ақ та болсаң — қарасың.
Бәрінен де, жігіттер,
Саламат жаның сау болсын.
Жаныңа зауал жеткен күн
Кімдер талақ етпеген
Малы тұрсын баласын, —
Деген екен. Одан әрі Қазыбек би ақыл-өсиетке
құрылган өлеңінде өзінің өмірден көрген-білген тағылымын,
тұжырымды ойын термелейді.
Ақтық дәмі таусыларда әрбір адам өзінің тіршілігінде істей алмаған
істерін кейінгіге аманаттап, ақыл-өсиетін, тілегін айтуды өзіне парыз
санаған. Арыз сөзінде өмірден көшер адам өткен өміріне шолу жасап, кейінгі
ұрпақ өнеге тұтар өсиет сөздерін айтып қалдырады.
Әр адамның тағдыр жазуы әр түрлі. Кісі тек ауырып, қартайғандықтан ғана
өмірмен қош айтыспаған. Кездей-соқ көптеген жағдайлардан (адам өміріне
қасақана қастандык, жасаушылык,, күтпеген оқиғалор,т.б.) сын сағатта өліп
бара жатқан адам алыста қалған отбасына, еліне қоштасып айтқан сәлемін
қалдырған. Мұндай сәлем түрінде айтылған арыздасуға Арғыннан шыққан Тәті
деген кісінің өлер алдында ел-жұртына арнаған соңғы сөзін, ағайын-туысына,
құрбы-құрдастарына айтқан аманатын жатқызамыз. Ол бұл сөзін Қоқан
хандарының қолына түсіп кап, олар бұған әдейі өлтіру мақсатында у беріп,
содан жан тәсілім етер шақта айтқан екен.
Менен тегіс сәлем де
Ақжолдың ұлы Арғынға.
Атпен желі тарттырған
Кереге бойлы шалғынға.
Есіл менен Нұраны
Еңкейе барып жайласын.
Орта жүздің ішіне,
Атымды тұлдап байласын.
„Мен адаммын" дегендер,
Елдің қамын ойласын.
Бұрыннан-ақ білуші ем,
Аманатын тәңірім,
Алмай сірә қоймасын.
Тағы сәлем дегенсің,
Қареке мен Мойынға,
Әлібек пен Қалыбек,
Қонушы еді қиянға.
Аралбай мен Сармантай,
Өз тентегін тыяр ма?
Еліме арыз айтқанша,
Шыбын жан шықпай тұрар ма,
Келтіріп тілді оралға?
Тағы сәлем Қорамға,
Тәңіріне жазбасын,
Мал азайып кетті деп,
Қоңсыны кеулеп қазбасын.
Мың-миллион кетсе де,
Төре алдына бармасын.
Жалынғанша зәлімге,
Жата жанын қармасын.
Тағы сәлем дегейсің,
Қуандык.. Арғын еліне.
Сарыарқа беліне.
Айдын шалқар көліне.
Қамалған қайран ел-жұртым,
Өлмедім мен ортаңда,
Күйіп іште шеріме.
Шалғайда жатып айтылған мұндай арыздасудың тақырыбы, мазмұны өзінен
кейінгіге ақыл-өсиет айтып, аманатын жеткізуге негізделген.
Арыздасуды М. Әуезов, С.Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Б.Уахатов
сынды ғалымдардың бәрі де қоштасу өлеңінің ішінде сипаттаған. Біз оны
жерлеу салт өлеңдерінің қатарында жеке түр ретінде қарастырдық. Өйткені
арыздасу өлеңі — атқаратын к,ызметі, мазмұн, сюжет жағынан жерлеу салт
өлеңдерінің қатарына өзі сұранып тұр. Оған жоғарыда келтірілген мысалдар
көз жеткізеді.
Естірту. Қазақ халқы жырақта қайтыс болған кісіні өз шаңырағына бірден
көтеріп алып келмеген, еш уақытга ет жақын бауыры өлген кісіге „пәленше
өліп қалды" деп туралай айтпаған. Ауылдың қадірлі деген ақсақалдары
жиналып, әуелі сол үйге келіп естірту айтқан. Жаманат хабарды олар
төтесінен тура бастамай, әңгіме арасында жұмбақтай сөйлеп, тұспалмен
жеткізген. Естірту сөзбен де, өлеңмен де, күймен де орындалады.
Қазақ ауыз әдебиетінде естіртудің көптеген тамаша үлгілері сақталған.
Соның ішінде аты шулы „Ақсақ құлан" күйінің, шығу тарихы кімге болсын аян.
Халқымыздың естірту дәстүріне ерекше мән берген М.Әуезов: „Қазақ халқының
жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып,
ауырпалықты бірге көрісетінін, оның адамның күйініш-сүйініштерін терең
сезінген сыпайыгершілігін, көрегендігін танытады", — деп аса жоғары
бағалаған. Қайғылы хабарды естіртуші белгілі салт-кәдені сақтай отырып,
адам жанын күйзелтер қайғыны өлеңмен естірткен. Өлең-жырмен айтылған
естірту қазаның басқа салған ауыр қайғысын кемітіп, көңілдегі қатты
күйзеліс пен кірбіңді жеңілдететін. Мәселен:
Бауырым, замандасым — Құдайберген,
Бәлені қазаменен әркім көрген.
Осындай үлгі сөзбен естіртеді,
Біреудің жанашыры болса өлген.
Азалда тағдыр сондай болғаннан соң,
Әкең Қуан дем бітіп, шамы сөнген.
Тағдырға таад-бир жоқ қайғырғанмен,
Басына Қуан-екең нәубет келген.
Дүние фәни нәрсе, баяны жоқ,
Секілді қызыл түлкі түсте көрген.
Қазаға — разы, бәлеге сабыр керек,
Кірмей адам қалмайды қара жерден...
Алланың үкімі солай болғаннан соң,
Айрылдың басшыңыздан соңына ерген.
Көз салып төңірекке қарасаңыз,
Адасып қалған аз ба кемеңгерден... —
деп Құдайбергенге әкесінің қайтыс болғанын досы Жиенгали Тілепбергенов
„сәлем хат" үлгісіндегі осы бірер шумақ өлеңмен естірткен екен.
Естірту кейде:
Аққу ұшып көлге кетті,
Сұңқар үйіге шөлге кетті,
Олар адасып кеткен жоқ.
Әркім барар жерге кетті,—
деген сияқты салыстырулармен жұмбақтап басталады да, жұбату, көңіл айту
сөзбен бітеді.
Көңіл айту. Естірту өлеңдердің бәрі де тұспалдаған, мысалдаған сөзбен
басталған. Жұбату, көңіл айту сөзін қайғылы хабарды естіген туған-
туысқанның әрқайсысы айтатын болған. Қазаны жақынына естірту бір-ақ рет
айтылатын болса, көңіл айту, өлікке арнап құран оқу өліктің жыл уақыты
өткенше аяқталмайды.
Жұбату өлеңдерінің негізгі мақсаты — уайым-шер арқалаған адамға тоқтау
айтып, болған іске бекем болуға шақыру. Сонда ғана қазаға қабырғасы
қайысқан жанашыр адам өзін қайғысынан кәдімгідей жеңілдегендей сезінген.
Жұбату өлеідерінің негізгі мазмұны — жалған дүние баянсыз, дүниеде өз
орнында тұратын еш нәрсе жоқ, „тозбасты ұста соқпайды, өлместі құдай
жаратпайды", „өмірден небір ғұлама, данышпандар да өткен" — деген сықылды
тоқтау сөз айтылады.
Естірту, көңіл айту өлеңдері — өзінің құбылысы, сөз кестесі, көркемдік
күші жағынан шешендік сөздерге жақын, екі жанрға да ортақ қызмет ететін сөз
өнерінің бірі. Өйткені көңілі құса, жүрегі жаралы адамға тоқтау айту үшін
үлкен шеберлік, сөз қисынын тауып сөйлейтін ділмарлық, саулап тұрған дүлдүл
шешендік керек. Мысалға Тоқсан шешеннің көңіл айтуын алайық. Ұлы жүзде
белгілі бір ел жақсысының ағасы өліп, қатты қайғырған ол басын көтермей
жатып қалады. Сонда Тоқсан шешен қамыққан қаралының көңілін көтеру үшін
былай деген екен:
Арыстанның белгісі —
Айналып өтсең артынан
Ақырмайды деп еді.
Нар түйенің белгісі—
Бүйрегін жарып алсаң да
Бақырмайды деп еді.
Қас батырға оқ тис,
Мен қалдым деп жолдасын,
Шақырмайды деп еді.
Жақсылар қайғы көргенде,
„Алланың жазған ісі", — деп,
„Аһ" ұрмайды деп еді.
Ну бәйтерек құласа,
Артындағы шыршасы
Тамырланып, жетіліп,
Жауқазындап бүрленіп,
Жапырақ жарып гүлденіп,
Орнын басар деп еді.
Қияда ұшқан қыран құс
Басына қонар деп еді.
Қас тұлпар орға жығылса,
Желідегі жас құлын
Дүбіріне шыдамай
Құлан, дөнен болғанда
Мінілмей кетпес деп еді.
Атадан жақсы ұл туса,
Атаның салған жолына
Түспей кетпес деп еді.
Шамның шырағы сөнгенде бітеді,
Дүниенің қызығы өлгенде бітеді,
Қарызың болса, бергенде бітеді;
Дүние деген — бір түлкі,
Қуып оны жете алмай
Бай мен батыр, патшалар
Зор арманда өтеді.
Сонда әлгі қайғылы кісі: „Көңілім жаңа сергіді-ау", — деп басын көтерген
екен дейді.
Өмір бар жерде қазаның болуы — табиғаттың заңы, сондықтан да оған
мойынсұнып, жұбатқанға тоқтау — әр адамның амалсыз көнер ісі.
Халық арасында жұбату өлеңдерінің осы сияқты түрлерімен қатар, белгілі
бір қалыпқа түскен тұрақты үлгілері де бар.
Ақ сұңқар ұшты ұядан
Қол жетпейтін қиядан.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ.
Тұяғы бүтін тұлпар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz