Жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерінің ұжымдағы психологиялық климатқа әсері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерінің ұжымдағы психологиялық
климатқа әсері

Бекітемін Ғылыми жетекшісі:
Кафедра меңгерушісі Ұ.Саурбаева
________________ Орындаған студент:
__________2011ж Асанова Жұлдыз
Хаттама№______

Түркістан-2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ____________________________ _________________________3
1ТАРАУ. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ____________5-47
1. Психологиядағы тұлғааралық қатынас және тұлғааралық қабылдаудың
теориялық мәселелері_________________________ ______________________5
2. Басқару қызметінің әлеуметтік- психологиялық негіздері_______34
3. Жетекшінің тұлғалық қасиеттерінің ұжымдық қарым – қатынастағы
рөлі_______________________________ _____________________39
4. Жетекшілердің басқару стильдерінің ұжымның психологиялық ахуалына
әсері______________________________ _____________47
2ТАРАУ. ЖЕТЕКШІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҰЖЫМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
АХУАЛЫНА ӘСЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ____________________________ ____59-68
2.1. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы________________________ 59
2.3. Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық талдануы________68
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ____________________80
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_______________________81
ҚОСЫМШАЛАР ___________________________________ ________84

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі – нарықтық қатынастар жайындағы басқару
салаларындағы жетекшінің басқару стилінің ұжымның психологиялық ахуалына
әсерін теориялық талдау мен практикалық тұжырымдарын өңдеу және әлеуметтік
психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерін зертеулермен тығыз байланысты.
Бұл мәселелердің өзектілігі нарықтық қатынастар жағдайындағы жетекші
тұлғасын қалыптастыруда көрінеді. Бұл міндетті шешудегі психологияның ролі
– жетекші тұлғасын қалыптастыру процесінің ғылыми-психологиялық негіздерін
анығырақ айтсақ, бұл процестің психологиялық детерминациялары мен
механизмдерін (дүниетаным, моральдық сенімдер, жеке адам бағыттылығы,
негізгі базалық қажеттіліктер, мотивациялық сфера, құндылықтар жүйесі,
мақсаттар, қызығулар, мұраттар т.б.) жан-жақты ашып, талдаудан көрінеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы – ұжымдағы өзара қарым-қатынас
заңдылықтарын, басқару психологиясы аясындағы психологиялық теориялар,
басқарушының тұлғалық қасиеттерінің ұжымның психологиялық ахуалын
қалыптастырумен байланысты. Мұнда көптеген тың мәселелерді шешуге тура
келеді. Олардың қатарында бірлестіктер, ұжымдарды әкімшілік басқарудан
демократиялық басқаруға өту ерекше маңызды орын алады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – біріншіден, бұл зерттеу жұмысы
қазіргі коммерциялық фирмалармен бірлестіктерді құру аймағында
жетекшілердің мамандарды іріктеу жұмысындағы психологтың функциясын
анықтауға көмектеседі.
Екіншіден, зерттеу нәтижелері өзі басқарып отырған ұжымдағы еңбек
іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, сонымен қатар психологиялық ахуалына, өз
командасының мүшелерінің тұлғалық жағымды және іскерлік қасиет сапаларын,
ұжымдағы өзара қарым-қатынас жағдайларын, қоластындағылардың өзі туралы
пікірін білу, өзін солардың орына қоя отырып, еңбек жағдайларына баға беру
және ортақ іс-әрекеттің ұзақ та табысты болуын қамтамасыз ететін
психологиялық сәйкестілік факторларына көз жеткізе отырып ұжымның
психологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – басқарушының тұлғалық қасиеттерінің ұжымын
психологиялық ахуалына тигізетін әсерін айқындау. Басқару стильдері мен
жетекшінің тұлғалық қасиеттерін анықтау. Жетекшілердің жеке адамдық
қасиеттерінің ұжымдағы психологиялық ахуалдың қалыптасуына әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жетекшілер тұлғасына зерттеу жұмыстарын жүргізу

2. Әр жетекшілерге индивидуалды мінездемесін жасау

3. Жетекшілік стильдері бойынша зерттеушілердің топтық профилін жасау.

4. Зерттеу болжамдарын дәлелдеу.

5. Әдістемелер мәліметтерін өзара салыстыру, сәйкестігін анықтау.

6. Зерттеу мәліметтерін сапалық психологиялық талдау жасау.

Зерттеу объектісі: жоғарғы оқу орнындағы кафедра меңгерушілері
Зерттеу пәні: Жетекшілердің ұжымдағы жетекшілік стильдері мен тұлғалық
ерекшеліктерінің көріну жағдайлары

Әдістемелер:
2. Р.Кеттелдің 16-факторлық жеке адамдық сұрақнамасы
3. Т.Лири әдістемесі
4. КОС-2
5. Ұжымдағы психологиялық ахуалды бағалау әдістемесі (А.Ф.Фидпер)
6. Еңбек ұжымын басқару стилін анықтау әдістемесі (В.П.Захарова,
А.Л.Журавлева)
7. Лидер тесті (Н.А.Литвинцева)
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕРІ

1. Психологиядағы тұлға аралық қатынас және тұлға аралық қабылдаудың
теориялық мәселелері

Қарым-қатынас, бұл адамдардың іс-әрекет процесіндегі өзара әрекет
формаларының бірі. Қарым-қатынастың белгілі анықтамаларының бірде-біреуі
олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді. Бұның қарым-қатынастың
адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту
ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қарым-қатынастың қанағаттанарлық
дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып табылады. Авторлар жиі
қарым-қатынас анықтамасы негізінде өздері белгілеп қойған қандай да бір
қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді.
Қатынас психологиясы, категориясы психология ғылымындағы
фунтаменталды түсінік, бұл категорияны саралау шынайы әрекеттегі адамның
барлық қатынасының айналасында жүзеге асады. Қатынас психологиясы - кез
келген қоғамдық қатынастағы тірі адам ұлпасы. Қатынас психологиясы
субъект-объект рамкасымен қоса, субъект-субъект байланысында да
байқалады. Қатынас мәселесін талдаудағы келесі аспект – бағыттылығы
бойынша: теориялық және тәжірибелік жұмыстар да кездеседі (өзіне деген,
басқа адамға деген, жұмысқа деген қатынас). Қарым-қатынасты зерттеудегі
белгілі методологиялық тәсілді бірінші болып К.Шеннон қалыптастырады, яғни
қарым-қатынас актісінің құрылымын кесте ретінде бейнелейді: хабардың қайнар
көзі – передатчик (өтініш) – канал – қабылдағыш – хабарды алушы. Л.Блумфилд
моделінде сөзді реалды ортаға бейнелеуде әрекет жасайды. Л.Блумфилдтың
сөздік қарым-қатынасы бихевиористік парадигма шеңберінде құралған, яғни
коммуникатордың бақыланатын жүріс-тұрыс комбинациясы.
Қарым-қатынас мәселесін алғашқы болып дамытқан отандық зерттеуші
В.М.Соловин болады. В.М.Володин адамның қарым-қатынас коммуникациясы
ретінде, қатынас, өзара түсінушілік, өзара әсер етуші ретінде анализдейді.
А.Н.Леонтьевтің көзқарасы бойынша қарым-қатынас әрекеті белгілі
бір жағы ретінде, немесе ол әрекетте элемент ретінде кіреді. А.Н.Леонтьев
қарым-қатынастың мынандай сипаттамаларын көрсетеді: контактілік,
бағдарлылық, бағыттылық, семиотикалық, арнайы болуы және психологиялық
динамика.
Д.Б.Эльконин қарым-қатынас ерекше іс-әрекет түрінде түсінеді. Яғни
нәрсенің, мектепке дейінгі баланың және жасөспірімдердің дамуының белгілі
бір деңгейінде дербес рөл ойнайтын коммуникативті әрекет немесе қарым-
қатынас әрекеті ретінде түсінген.
Б.Ф.Ломов әрекет пен қарым-қатынасты адамның әлеуметтік тұрмысының
екі жағы деп қарастырған. Бұл амалдың мәні тұлға аралық өзара әрекеттесудің
спецификалық жүйесі ретінде қарастырылуында жатыр. Б:Ф.Ломов қарым-
қатынасты психологияның маңызды дербес категорияларының бірі ретінде
қарастырған және оның жүйелік анализін береді.
Қарым-қатынас мәселесіне қатысты түрлі әлеуметтік психологиялық
бағыттары ортақ концепция шеңберінде интеграциялау амалын Г.М.Андреева
қолданды. Қарым- қатынасты сипаттай келе, қарым – қатынастың 3 өзара
байланысқан жақтарын бөлді: коммуникативті ( адамдар арасындағы ақпарат
алмасу), интерактивті ( қатынастағылардың өзара әрекетін ұйымдастыру),
перцептивті ( адамдардың бір бірін қабылдау процесі және осының негізінде
өзара түсінушілікті орнату) [5]. Қарым – қатынас шынайы тіршілік ететін
қатынастардың маңызды категориясын қамтиды, яғни субъектімен топ О-
қабылдау объектісі.
Әлеуметтік – перцептивті процестердің варианттарына түсінік:
1. Егер қабылдаудың субъектісі ретінде индивид тұрса, онда ол өзінің
тобына жататын басқа, индивидтерді қабылдай алады.
2. Бөтен топқа жататын, басқа индивидтерді қабылдайды.
3. Өзінің тобын қабылдайды.
4. Бөтен топты қабылдай алады.
Б.Г.Ананьев көзқарасы бойынша қарым – қатынастың маңызды сипаты іс -
әрекет болып табылады.
Х.И.Линете құндылықтармен алмасу ретінде, Л.П.Буева және Б.Ф.Ломов іс -
әрекетпен, сезімдермен, түсініктермен, тағы басқа алмасу ретінде,
А.В.Киричук – индивидтер арасындағы байланыс және қатынас ретінде,
М.Е.Ведерникова – адамдық мән туралы білімнің қайнар көзі ретінде, М.А.
Зимняя – қоғамдық коммуникативті іс - әрекет формасы ретінде Л.Н.
Дзокировская және Е.Ф.Тарасова - әлеуметтік өзара әрекет ретінде, В.И.
Сорокин – адамдардың бір – бірінің саналарына әсер ету процесі ретінде,
В.Е.Семенов – жеке тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде, тағы басқалай
түсіндіреді. Осы анықтамалардың барысында қарым – қатынасқа тән құбылыстар
көрінеді, бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда осы феноменнің бүкіл
мазмұнын айтып бітпейді [6 ].
Қарым – қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін 3
жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді. Іс - әрекет, қатынас.
Оларға қарым – қатынас көрінісі түсінік ретінде шығады және олардың
онталогиялық білігінің бір формасы болып табылады. Іс - әрекет өзінің
негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбек, танымға,
ойынға, қарым – қатынасқа қатысты. Бірақ, бірқатар жағдайларда қарым -
қатынас және іс - әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады. Жиі
жағдайда бұл логикалық дәлсіздік іс - әрекет түсінігін еңбек іс -
әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:
1. Іс - әрекет пен қарым – қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және
қарым – қатынас қатынасының шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін
көрсетеді;
2. Қарым – қатынас пен іс - әрекетті өзара жоққа шығарушы, қарама –
қайшылыққа; өйткені еңбек және қарым – қатынас қатынасының шынайылығы
олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді.
А.А. Бодалев және басқа іс - әрекетінің формасы [7 ]. Егер іс -
әрекет – бұл адамның заттар әлемімен , табиғатпен, жануармен және
адамдармен өзара әрекет процесі болса, онда қарым – қатынас – бұл
адамдардың бір – бірімен өзара әрекетін атайды: сөйлеу қаттылығы, темпі
(шапшаңдығы), дыбыстарды айту жүйесі ерекшеліктері. Қарым – қатынас
ұғымының гносеологиялық “торшасы” болып адамның адаммен тікелей өзара
әрекеті болып табылады.
Психологиялық тар мағынада қарым – қатынас адам арасындағы
байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің
түрлі белгілер арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.
А.В.Петровский және М.Г. Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық
сөздікте қарым – қатынас біріккен іс-әрекетке қажеттіліктен туындайтын,
өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды
кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде
қарастырылады [8]. Бұл анықтама қарым – қатынастың негізгі мазмұнын бөліп
шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетті бірін- бірі тануы.
Мазмұнның осы 3 сипаттамасын қарым – қатынастың аспектілерін қарастыру
қабылданған. Ақпаратты беру қарым – қатынастың интерактивті аспектісі
ретінде қарастырылады; адамдардың бір- бірін түсінуі және тануы қарым –
қатынастың перспективті аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым – қатынас
барлық үш аспектілер бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ
феноменді талдауда әрбір аспектіні жеке – жеке қарастырған дұрыс. Кейде
коммуникация, проекция және интеракция қарым – қатынастың негізгі
қызметтері ретінде зерттелінеді.
Қарым – қатынас мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады:
байланыс, контакт, өзара әрекет алмасу, біріктіру амалы. Әлеуметтік –
психологиялық феномен ретінде қарым – қатынасты нақтырақ сөзбен белгілеу
үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт
тіл және сөйлесу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу қарым – қатынастың негізгі
тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы объективтену
ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйлеу пайда болушы санының көріну
формаларының бірі ретінде пайда болды және адамның жоғарғы психикалық
қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде
дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлесу манерасы адамның дүниетану
жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн,
қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты,
қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен
байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз
сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік – психологиялық сапасын бағалауымыз
керек. Бұл жағдайда оның ақпаратты қаншалықты мазмұнды екенін, ол
сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете
ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір кодпен
хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ
компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеракциясы, тенденциясы
толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақпаратты берудің
паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар жері, дауыс тембрі,
жесттер, мимика, дене тұрысы жатады. Қарым – қатынаспен қос жүретін
паралингвистикалық тәсілдер жинағы оның контексін анықтайды.
Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе
керісінше оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған мән паралингвистикалық
тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама – қайшылықтарды толық
емес қарым – қатынас факторы ретінде қарастыру керек.
Адамның әлеуметтік талдауда іс - әрекет категориясына маңызды рөл
берілді. Іс- әрекет жайлы ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық
ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша
қарастырды. Теориялық, экспериментальды және қолданбалы зерттеулердегі іс -
әрекет талдамалы адам психологиясының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы
және оның дамуы ашылады. Қарым – қатынастың іс - әрекетпен осындай
органикалық байланысы жайлы тезисті қабылдау қарым – қатынасты кейбір
белгілі нормативті зерттеуді білдіреді, оның ішінде экспериментальды
зерттеу деңгейінде. Осындай нормативтердің бірі қарым – қатынастарды оның
формасы көзқарасынан емес, оның мазмұны көзқарасынан зерттеу талабынан
тұрады. Бұл талап батыстық әлеуметтік психологияға тән, коммуникативті
процесті зерттеу дәстүрімен ұштасады. Коммуникация мұнда лабораториялық
эксперимент арқылы зерттеулеріне коммуникативті амалдар, не байланыс типі,
не оның жиілігі, не коммуникативті актінің де коммуникативті серттердің де
құрылымы талдауға түсетіндігі дәл форма көзқарасынан. Егер қарым – қатынас
іс - әрекет жағы ретінде, оны ұйымдастыру тәсілі ретінде түсінілсе, онда
бұл процестің бір ғана формасын талдау жеткіліксіз болып табылады.
Қарым – қатынасты іс - әрекет категориясы арқылы анықтай отырып,
В.Г.Ананьев, А.А. Бодалев және тағы басқа психологтар қарым – қатынас
амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның
материалды сипатын көрсетеді. Қарым – қатынас үшін қарым - қатынас
жағдайын қоспағанда қарым – қатынастың мазмұнды жағы оны мұндай талдауда
өзара әрекеттің заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, серіктес те, оның
қарым – қатынас та бірлікке іс - әрекеттің заттық – практикалық мақсатына
жету амалы болып табылады [7,10].
Бейне және қатынас категориялары арқылы қарым – қатынас
анықтамасында адамның адаммен өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетіледі.
Адамдардың біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді.
Бірінші салада серіктестердің тұлғалық мәнін тану өтеді. Екінші кезең
қарым – қатынас процесінің спецификалылығын сипаттайды. Бұл таным адамды
қабылдау объетісі ретінде бейнелеу негізінде өтеді ( оның сыртқы келбетін,
әрекетін, қылықтарын, мінез – құлықтарын оның тұлғалық мәні жайлы ақпарат
беретін іс - әрекет өнімдерін). Осы және вербальды сонымен қатар техникалық
өзара байланыс тәсілдері арқылы серіктестер бір – біріне өздерінің іс-
әрекеті, идеялары, сезімдері, тағы басқа жайлы ақпарат мақсаттарымен
сәйкес реттеуге ұмтылады [9].
Қарым – қатынас анықтамасына “ бейне” категориясы көзқарасынан қарау,
қарам- қатынас серіктестерінің өзара әрекетінің мазмұнды жақтары туралы
идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып
табылады деген тұжырымға әкеледі.
Ақпараттық іс - әрекет құбылыстармен абстрактілі түрде әрекет жасауды
білдіреді. Егер серіктестер өзара әрекет процесінде алмасатын реалды
құбылыстардың абстрактілі формаларын олардың өзара түсініктеріне ұқсас
болса, онда қарым – қатынас процесі өзін адамдар санасынан адам болмысының
салыстырмалы өзбетінше мәні түрінде көрсетпейді, өйткені идеалды формалар
өздерінің практикамен ақиқат немесе жалған қарама – қайшылықтарын
көрсетпейді.
Сондықтан, Л.А. Петровская бойынша: “Қарым – қатынасты бір уақытта
индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір – біріне
қатынасы ретінде де, олардың бір – бірін өзара түсіну процесі ретінде де
бола алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық
негіздері бар” [11].
Қарым – қатынас – адамдардың біріккен өмір әрекетін бір – бірімен
ақпараттық коммуникативтік және психологиялық өзара әрекет тәсілімен
әлеуметтік реттеу процесі. Қарым – қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді, олар
кері байланыс ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым – қатынас жанама және
тікелей, тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым – қатынас – бұл
тікелей “бетпе- бет” кәдімгі қарым – қатынас, өзара әрекет субъектілері
жақын орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы
қарым – қатынасқа түседі. Тікелей қарым – қатынас ең толық өзара әрекет
түрі болып табылады, өйткені индивидтер максималды ақпарат алады. Тікелей
қарым – қатынас формалары және тұлғааралық болады. Тікелей қарым – қатынас
екі субъектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше субъектілер
арасында өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым – қатынас кіші топтар үшін ғана
реалды болуы мүмкін, яғни өзара әрекет субъектілерінің барлығы бір- бірін
білетін топта.
Жанама қарым – қатынас индивидтер бір – бірінен уақыт бойынша немесе
қашықтық бойынша алшақтаған жағдайда өтеді, мысалы, субъектілер телефон
арқылы сөйлеседі немесе бір – біріне хат жазады. Жанама қарым – қатынас
толық емес психологиялық болып табылады. Бұнда кері байланыс күрделенген.
Жанама қарым – қатынас та субъектілер арасында және топта жүзеге асады.
Бұқаралық қарым – қатынас әлеуметтік - коммуникативті процестерді
анықтайтын қарым – қатынастың ерекше түріне жатады. Бұқаралық қарым –
қатынас бейтаныс адамдардың көптеген байланыстарын, сонымен қатар
бұқаралық ақпараттың әртүрлерімен жанамаланған коммуникацияны білдіреді.
Бұқаралық қарым – қатынас тікелей және жанама болуы мүмкін.
Б.Ф. Ломов қорытындысы бойынша, қазіргі кезде “қарым-қатынас”
мәселесі “психологиялық мәселенің жалпы жүйесінің кейбір логикалық
орталығына айналып барады”. Бұл қорытындымен келіспеуге болмайды [4].
Әртүрлі контекстерде қарым – қатынасты кең мағынада қоғамдағы
әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жиынтығы ретінде және тар
мағынада адамдардың тұлғааралық қатынастарындағы тікелей немесе жанама
байланысы ретінде анықтайды.
Қажетті және перспективті болып Б.Ф. Ломов еңбектерінде рельевті
түрде көрсетілген қарым – қатынас мәселесіне деңгейлі тұрғыдан келу
табылады. Б.Ф. Ломов пікірінше, қарым – қатынас құрылымын зерттеуде
таңдаудың 3 деңгейін ескерту керек. Бірінші деңгейді макро деңгей деп
атайды. Бұл деңгейде адамның басқа адамдармен қарым – қатынасы тұлғаның
бүкіл өмір жолы бойындағы оның өмірінің бір жағы ретінде қарастырылады.
Қарым – қатынас қызметтерінің басқа жинағын А.В.Мудрик өзінше айтады. Ол
қарым – қатынасты оқушыларды тәрбиелеу факторы ретінде зерттеген. Ол қарым
– қатынас танымдық және жастық шақта жақсы көрінетін басқа да қызметтерін
көрсетеді. Бұл рефлексті, бейімделуші, компенсаторлы және продуктивті
қызметтері.
Б.Ф. Ломовтың айтуы бойынша: “ Индивид - Қоғам” қатынасын талдаған
кезде ғана адамның қасиеттерін тұлға ретінде тани аламыз.
Қоғамдық қатынастарды практикалық психологияда түсіндіру аспектісі
мына жағдаймен жеңілдейді, әрбір нақты адамда белгілі бір өзіне тән
белгілері болады: жасы, жынысы, ұлты, мамандығы. Осы арқылы біз мүмкін
болатын қоғамдық қатынасты болжай аламыз, яғни ол жеке бір адамның
қатысуымен жасалады. Осылай қоғамдық қатынас жекеленеді, ал бұл арқылы сен
қоғамға деген қатынасыңды жақсы түсіне аласың.
Б.Ф. Ломов қарым – қатынасты іс - әрекеттің жалпы жобасымен және оның
жеке түрлерімен барлығымызды салыстырады. Ол бұл жобаның қарым –
қатынасты талдау үшін жеткіліксіз екенін түсіндіреді. Қарым – қатынас
мәдениеттің құрама бөлігі ретінде, онтогенезде бір – бірін кезекпен
алмастыратын жетекші іс- әрекеттің кез- келгеніне кіреді, яғни ойынға,
оқуға және еңбекке [4].
Б.Ф. Ломовтың қорытындысы бойынша, қарым – қатынасты ерекше категория
ретінде қарастыру керек. Ол қарым – қатынастың үш функциясын сипаттады:
ақпараттық – коммуникативті, реттеуші – коммуникативті және аффективті-
коммуникативті, оларға міндетті түрде коммуникативтік компонент, мінез –
құлықты реттеу және эффективті компонент болады.
В.Н. Мясищевтің тұлғаның қатынас концепциясы бойынша былайша
түсіндіріледі: шынайылықпен немесе оның басқаша жақтарымен адамның уақытша
байланыс жүйесі. Тұлғалық қатынас тұлға қатынасының бір түрі болып
табылады. Ол әрекеттерден, уайымдардан және нақты тұлғалық ұмтылыстардан,
іс - әрекетті бағалауынан және түсінуінен көрінеді [12].
Ресейлік авторлардың ( Г.М. Андреева, А.А.Бодалев, И.С. Кон, Е.С.
Кузьмина, В.Н. Мясищев, Н.Н: Обозов, Б.Д. Парыгин, С.Л. Рубинштейн,
В.А.Ядов.) жұмыстарын талдау арқылы мынадай тұжырым жасауға болады:
1. Адамның адамға деген жеке қатынасы субъектінің басқа адаммен
таңдаулы, саналы түрде қалыптасуымен анықталады; уайым, сезім, ойлар,
ниеттер арқылы бейнеленеді. Жеке қатынас бір адамның басқа адамға
деген шынайы және идеалды жүріс – тұрысының ұйымдасу жүйесін
объективті көрсетеді.
2. Өзарақатынас бір – біріне деген объективті және субъективті
қатынасты қалыптастыратын адамдар арасындағы өзарабайланыс арқылы
анықталады. Өзарақатынас – адамға деген жеке қатынастың қорытынды
және соңғы кезеңі.
3. Жеке қатынас адамдар арасындағы қарым – қатынас және өзараәрекет
кезінде қалыптасады, басқа адамға бағытталған спецификалық іс-
әрекеттің мазмұнын құрайды.
4. Қатынас қарым – қатынас және өзараәрекет процесі барысында сыртқы
және ішкі жүріс – тұрыстың ұйымдасқан әртүрлі формаларында,
тәсілдерінде байқалады [12, 22].
Жоғарыда айтылып кеткендерден шығатын қорытынды қатынас дегеніміз –
субъект пен субъектінің арасындағы таңдаулы, саналы байланыс, оның соңғы
және қорытынды кезеңі өзараәрекет болып табылады. Өзараәрекет пен қарым
– қатынастың ішкі мазмұны ретінде дамиды, басқа адамға деген қатынаста
қалыптасатын реалды және идеалды жүріс – тұрыс формасы мен тәсілдерін
қалыптастыруда көрінеді:
1) Құрылымы бойынша қарасақ- аффективті, когнитивті және жүріс – тұрыстық
компоненттері зерттеледі;
2) Қалыптасу, өзгеру, ұйымдасу, таралу жағынан қарастырсақ – қатынастың
түзілу және даму заңдылықтары суреттелген.
Сондықтан да қатынасты қарастырғанда осы екі аспектіні де ұмытпау
керек: құрылым аспектісі және генезис аспектісі.
“Қатынас” категориясын өзіндік жеке психологиялық тар шеңберде В.Н.
Мясищев бойынша келесідей қарастыруға болады:
а) адамға деген қатынас; б) өзіне деген қатынас; в) сыртқы ортаның
заттарына деген қатынас және кең мағынада әртүрлі қоғамдық қатынас
контекстінде. Психологиялық қатынастың негізгі үш векторы ( өзіңе, басқа
адамға, сыртқы ортаға) басқа қоғамдық қатынастармен тығыз өзара байланысты.

Мәселенің барлығы мынады, бұл қатынастың деңгейі, мазмұны әр адамда
әртүрлі: әрбір индивид қатынасқа түседі, бірақ та тұтас топтар да
қатынасқа түседі, осылай адам көпқырлы және әртүрлі қатынастарға түседі.
Осы көпқырлы қатынастардың ішінен қатынастың негізгі екі түрін бөліп
шығаруға болады: қоғамдық қатынастарды В.Н. Мясищев тұлғаның
“психологиялық” қатынасы деп атады [12 ].
Көрсетілген барлық тенденциялар өзара тығыз байланысты қарым –
қатынасты түрлі аспектілерде қарастыру жүйесінде әрқашан болатын барлық
психикалық процестермен және жеке тұлғамен тұтастай байланысты
табылатынын белгілеуге болады.
Қоғамдық қатынастардың құрылымын әлеуметтану ғылымы зерттейді. Қатынастың
әртүрлі түрінің анықталған субординациясын экономикалық, әлеуметтік, саяси
және басқа да түрлерін осы жердан көре аламыз. Осының барлығының жиынтығы
қоғамдық қатынастырды құрайды.
Әлеуметтік роль индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі алатын орнын
тіркейді. Нақтырақ айтқанда, “функция, белгілі бір позициядағы адамның
нормативті мақұлданған жүріс – тұрысының үлгісі” [19, 12-42 б.б.].
Әлеуметтік рольдің жалпы контурын анықтайтын субъектісі индивид емес,
сондықтан да әлеуметтік роль әлеуметтік іс - әрекеттің қажетті түрі және
тұлғаның жүріс – тұрысының тәсілі.
Сонымен бірге, қоғам кез – келген әлеуметтік рольді қолдай бермейді. Бұл
жерде мән беретін нәрсе қоғам адамның өзін емес, іс- әрекетінің түрін
мақұлдамайды. Рольді көрсете отырып, біз барлығымыз да белгілі бір
әлеуметтік топтың мүшесіміз. Шынайы қарасақ, индивид бір ғана іс - әрекетті
орындамайды, ол бірнеше іс - әрекетті орындай алады (әке, мұғалім,
кәсіподақ мүшесі, т.б.). Адамдарға туа біткен рольдер қатары да кездеседі
(мысалы, ер кісі болып туылуы), қалған рольдер өмір барысында қалыптасып
отырады.
Қазіргі уақытта қарым – қатынасты коммуникативті, интерактивті және
перцептивті жақтардан тұрады деп қарастырушы бағыттар кең тараған. Оның үш
жағы бірдей көрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда жүзеге асады,
интерактивті – серіктестердің өзара әрекеттерін реттеуде, ал перцептивті -
әңгімелесіп салыстыру, идентификация, апперцепция, рефлексия сияқты
психологиялық механизмдер көмегімен “тану ” арқылы жүзеге асады.
Қарым – қатынас субъектілерінің өзіндік функционалды жүктемелері бар.
Мысалы, А.А. Брудный бойынша қарым – қатынаста үш бастапқы функциялар бар:
белсендіруші- әрекетке итермелеуші; интердиктивті- тиым салушы, тежеуші;
дестабилизациялаушы – қорқыту, намысқа тиер сөздер айту және қарым –
қатынастың төрт негізгі функциялары: инструменталды – іс- әрекетті қарым –
қатынас арқылы координациялау; синдикативті – қауым, топ қалыптастыру;
өзін көрсету; тасымалдаушы функциялары көрсетілген. Соңғы функция
педагогикалық қарым – қатынас үшін ерекше қызықты, өйткені, “ бұл
функция оқыту негізінде жатыр: тұлғаны оқыту қарым – қатынас арқылы жүзеге
асады...” [ 24].
Қарым – қатынас функцияларын тереңірек талдау байланыстың, ақпараттың,
итермелеуші, координациялаушы, түсіну функциясын қатынас орнатудағы
эмотивтілік функциясын және әсер ету функциясын бөлуге мүмкіндік береді
(Л.А. Карпенко).
Тұлғааралық қатынастардың психологиялық сипаттамасы. Тұлғааралық қарым –
қатынас іс - әрекетпен орындалатын әлеуметтік әлеуметтік жағдайлармен,
нормаларға сәйкес ойлар, білімдер мен қағидалар беру және саналы түсінуге
негізделген адамдардың бір – бірімен тікелей өзара қатынас жасау процесі,
қандай болмасын іс - әрекеттің түрінен тыс қарым – қатынас болуы мүмкін
емес.
Тұлға тұлғааралық қарым – қатынаста іс - әрекеттің нақты мақсаттарын
жүзеге асырады және бұл кезде ол дұрыс тыңдалған, түсінікті болуды қалайды.
Ақпаратпен аламаса отырып, олардың қатынасына қоғамның жалпы мәдениет ізін
қалдырғанын сезбейді де. Бұл факторды дұрыс қабылдамау қарым – қатынасқа
жағымсыз әсер етеді. Егер адам екіншісіне бір нәрсені дәлелдей аламаса,
онда ол қызықпаушылығын, түсіне алмаушылығын айтып, өзін емес құрбыларын
кінәлауға бейім болады.
Қарым – қатынастың тәсілдері мен формаларына мән беріп, оның нақты
стратегиясы мен тактикасын өңдеу керек. Айқайлау, әдепсіздік уақытша
жетістікке жете алады және демократиялық өзара қарым – қатынасты құрудың
тәсілдік қызметін атқара алмайды.
Қарым – қатынас – қоғамның дамуының құралы және терең негізі болып
табылады және мәдениет деңгейін бейнелейтін қоғамдық тарихи дамуының
нәтижесі. Қарым – қатынас процесінде қолданылатын бір адам топтарының
әрекет бірлігі қамтамасыз етіледі, мінез – құлықтың келісушілігі және өзара
түсінушілігі болады, сенім тудыратындықтан еңбек пен таным субъектісі
ретінде адамның қасиеттері қалыптасады, адам мінез – құлқын реттеуді және
адамның бір – бірімен қарым – қатынасын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде тұлғааралық қатынастардың
“орны” қайда деген сұрақтарда кездеседі, барлығынан бұрын қоғамдық
қатынастар жүйесіне мән беріледі. Тұлғааралық қатынастардың қатынастың
әртүрлі формаларында қалыптасуының өзі тұлға іс - әрекетіндегі жеке
қатынастарды өзараәрекет және қарым – қатынас аспектісінде жүзеге асыру
болып табылады. Осымен бірге жүзеге асыру барысында адамдар арасындағы
қатынастар қайта жаңғырылады. Басқаша айтқанда, бұл қоғамдық қатынастардың
объективті ұлпасы индивидте саналы ерікте және ерекше мақсаты бар кезде
кездеседі. Дәл осы жерде тікелей әлеуметтік және психологиялық болып
бөлінеді. Сондықтан да, әлеуметтік қойылым үшін ең бірінші кезектегі
мәселе.
Тұлғааралық қарым – қатынас екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс
адамдардың тікелей байланыстары тұлғааралық қарым – қатынастардың
белгілері. Қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір – бірінің
ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, орта
қызметтілігі.
Қарым – қатынастағы өзара әсер ету факторы ретінде де қарастыруға да
болады. Бұл жағдайда қарым – қатынас тұлғаның өмір сүруінің факторы ретінде
қарастырылуы керек және керісінше тұлға қарым – қатынастың факторы бола
алады. Қарым – қатынаста тұлға факторы ретінде функциялар әртүрлі болып
келеді. Ең бастысы қарым – қатынас тұлғаның терең қажеттілігі , яғни оны
қанағаттандырудың шарты және құралы болып табылады. Қарым – қатынассыз
адамның өзін - өзі іске асыру, көрсету және орнықтылу ұмтылысымен
байланысты жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес. Бұл жерде басқа
адамдардың зейіні олардың, тұлғаның көрсететін әртүрлі ынта- ықыласымен
белсенділігін түсіну қалай.
Қарым – қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез – келген тұлға
аралық қарым – қатынас адамдар арасындағы жай ғана байланыс емес, одан да
терең функцияны білдіреді. “Оқытушы - студент” ұжымдағы қарым –
қатынастың кез – келген түрі жағдайға тәуелсіз тәрбиелеуші болады.
Оқытушының қарым – қатынасын “ оқудағы” және “оқудан тыс” деп бөлуге
құқығы жоқ.
Әрине, басқалармен қарым – қатынас деңгейі тұлға үшін әртүрлі. Бұл
индивидтің интро немесе экстроверттіліктің деңгейіне байланысты болып
келеді. Осымен де тұлғаның психологиялық генетикасының деңгейі анықталады
(яғни, жабдықтылығы), сонымен қатар соған ілесетін ол бастамалармен контакт
орнатудағы қиындық. Бірақ бұл жағдайда қарым – қатынас, тұлғаның өмірлік
факторы ретіндегі ролін жоғалтпайды. Біріншіден, ол оның жетіспеушілігі
кезінде минус таңбалы фактор ретінде шыға алады. Екіншіден, олл басқалармен
қарым – қатынас ретінде орны толтырылуы мүмкін. Қарым – қатынас барысында
адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады,
көрсетеді және түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері қарым – қатынас
нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас
жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс - әрекет
тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Қарым – қатынас
нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады [25].
Қарым – қатынас адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарттары,
негізі. Сонымен, қарым – қатынас адамның психологиялық дамуының
факторы. Топтық контакт жағдайында тұлғаның ролі лидердің қызметінде
көрінеді, өйткені, лидер авторитетінің күшімен, мінез – құлыққа, стильге
қарым – қатынастың орындалуының ойына да шешуші ықпал тигізеді.
Отандық және шетелдік психологтардың пікірі бойынша, қарым – қатынас
ол – адамның барлық өмір барысында өтеді. Қарым – қатынастың формалары
әртүрлі. Адамдардың тікелей индивидуалдық байланыстарында көрген қарым –
қатынас, әрқашан белгілі бір тарихи қалыптасқан және әлеуметтік қажетті
коммуникация формаларына сәйкес келдеі және әлеуметтік қолайлы,
қабылданған мәнез – құлық нормаларына сәйкес іске асады.
Қоғамдық қатынастардың кейбір жеке кезеңдері тұлғааралық өзараәрекет
ретінде көрінеді: бір адам қатал болса, келесі біреулері айлакер
сатушы және тағы басқаша болып көрінеді. Тұлғааралық қатынас шынайы
қоғамдық қатынас екенін белгілі болған кезінде ең қиыны: ол жерде
“таза” қатынас жоқ. Сондықтан да, әрбір топтық әрекеттерде қатысушылар екі
қасиетімен көрінеді: тұлғасыз жай әлеуметті рөлді орындаушылар және
қайталанбас әлеуметтік қасиеттер.
“Тұлғааралық роль” адамның қатынастар жүйесіндегі орнын тіркеу емес,
тек индивидуалды психологиялық тұлға негізінде қалыптасқан топтық
байланыстар жүйесіндегі орнын тіркеу. Мұндай тұлғааралық рольдерге
мысалдар көптеп кездеседі, топтағы жеке адамдар туралы былай айтады:
“өз адамымыз”, “сүмелек”, “ жұмыскер”. Жұмысты орындау барысында
тұлғалық қырлардың кездесуі топ мүшелерінің жауап реакциясын
қалыптастырады, соның негізінде тұтас тұлғааралық қатынастар жүйесі
қалыптасады [26].
Тұлғааралық қатынастардың табиғаты қатынастар табиғатынан айтарлықтай
ерекшеленеді: олардың маңызды спецификалық қыры – эмоционалдылығында,
тұлғааралық қатынастарды топ “климатына” әсер етуші фактор ретінде
көруге болады. Тұлғааралық қатынастардың эмоционалды негізі бір – біріне
қатынаста пайда болатын белгілі сезімдер негізінде қалыптасады.
Тұлғааралық қатынастардың эмоционалдық негізіне эмоционалды көріністер де
жатады.
Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі.
Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалық пен
іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бір – бірімен не жағымды
(симпатия - ұнату) немесе жағымсыз (антипатия - ұнатпау) эмоциялық
қарым – қатынас орнатылады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары
тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар
іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым – қатынастарға өз әсерін тигізеді.
Бірақ, әлеуметтік психологиядағы схема бойынша – сезімдер, термин өз
мағынасында қолданылмайды. Әрине, бұл сезімдердің “ жиынтығы” шексіз,
бірақ та оларды мынадай топтарға топтастыруға болады.
1. Конъюнктивті сезімдер - бұл жерге әртүрлі біріктіруші
сезімдерді жатқызуға болады. Бұл жағдайда қатынасқа қалаған
объект түсе алады, бірігіп жұмыс жасауға дайын болу, біріккен
әрекеттер жасау жатады.
2. Дизъюнктивті сезімдер - бұл жерде адамдарды бөліп тұратын
қатынастың басқа жағы жатады, бірігіп жұмыс жасай алмау және
тағы басқалар.
Сонымен бірге, тұлғааралық қатынастардың бұл талдамы топқа мінездеме
беруге жеткіліксіз; практикалық түрде қатынастар жанама эмоция арқылы
пайда болады.
Л.С. Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым - қатынастың
қызметін сақтап қалады. Мақсатына қарай қарым – қатынас психологиясы
тұлғааралық қарым – қатынастың үш түрін ажыратады: императив, манипуляция,
диалог (қоссөз, қостіл).
Императивтік немесе әміршіл қарым – қатынас өзара қарым – қатынас
серігінің тәртібі мен іс - әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер
етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтіліктің
ерекшелігі партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай
айқын көрініп тұратындығында, әсер етудің құралдары ретінде бұйрық,
талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады ( отыр, тұр, әкел) сонымен,
әміршіл қарым – қатынас басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен
бағдарлау.
Қоғамдық қарым – қатынастарда императивтік қарым – қатынастың өз орны
бар. Мысалы: әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық қызметкер
қатынастары, қиын - қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар.
Осындай салаларда императивтік ортақтасуды пайдалану нәтижелері әлі
де қолайлы.
Сонымен қатар, мұндай қарым – қатынасты мүлде қолдануға болмайтын
салаларда баршылық. Ең алдымен қарым – қатынастың бұл түрін достар да
қолдануы баршылық. Ең алдымен қарым – қатынастың бұл түрін және
жұбайлар арасында, ата – ана мен балалар арасында да, тәрбие мен
педагогика саласындада пайдалану ыңғайыссыз және нәтижесіз. Бұйрық, тиым
көмегімен ұстаздар мен ата – аналар балаларына өз сөздерін өткізе алады.
Бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің
ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін
мазмұны болмақ. Бұйрық ретінде берілетін тілектер баланың ішкі құндылығы
бола алмайды.
Манипуляция алдап – арбау қарым – қатынасында жиі кездесетін
тұлғааралық қарым – қатынас түрі, қарым – қатынас партнерын өзінің
жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс - әрекет, өз мақсатына жету үшін
манипулятор қарым – қатынас басқаны басқаны өз мақсатын жақсартып, өзіне
қажетті іс - әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы оның екеуінің мақсаттары
бірдеңгейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау.
Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады
немесе ауыстырылады, алдап – арбау қарым – қатынасының қоғамдағы ресми
орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады.
Бұл түрдегі қарым – қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.
Оқыту барысында ( тәрбиелеу емес) сабақты қызықты өткізу, студенттің
назары мен ынтасын көрсету үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде
осыған дағдыланған оқытушылар басқаларға түсіндіру, дәлелдеу, үйрету үшін
осыны өзінің тұлғалық ұстанымдарына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі
болған бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орн анықтауға,
оның түрлі деңгейлеріндегі ерекшеліктерін шығаруға ұмтылуларыатуда
жарамсыз болып қалады да, ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына
зиян келтіреді. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай
арақатынасты отбасында да әкелуге мәжбүр болады. Сүйіспеншілік, достық,
ізгілікке негізделген манипуляцияға қарым – қатынас жолы тиімсіз, әрі
нәтижесіз.
Ең жалпы тенденция болып қарым – қатынас мәселесі ролінің өсу фактісі,
әлеуметтік – психологиялық дисциплиналардың және психологияның жалпы
теориясының дамуындағы оның мәнінің күшею факторы болып табылады.
Қарым – қатынас мәселесі қазіргі жағдайға тән ерекше тенденциясы – бұл
зерттеушілердің қарым – қатынасты психологияның бірыңғай контекстіне
енгізуге, психикалық құбылыстардың жалпы жүйесіндегі оның орнын
анықтауға, оның түрлі деңгейлеріндегі ерекшеліктерін шығаруға ұмтылулары.
Қарым – қатынас мәселесі арқылы жалпы психология, әлеуметтік инженерлік,
медициналық, заң психологиясы және тағы басқа салалары шеңберінде шешілетін
көптеген басқа да психологиялық мәселелердің “бетіне шығу”.
Индивидуалды психологиялық ерекшеліктердің байланысын және адамдардың
өзара қарым – қатынасын қарастырайық.
Әлеуметтік психологиялық ғылымның дамуы тұлға мәселесін шешумен
тығыз байланысты. Қазіргі уақыттарда әртүрлі мектеп өкілдерінің тұлға
құрылымы туралы айтқандары ұқсастана бастады. Тұлғалардың қалыптасуы
өмірдің әлеуметтік шарты қарым – қатынасы арқылы жүзеге асады. Ортақ
шарттар, қоғамдық формация, микроорта тұлға қырларымен шынайы қатынас
немесе адамдардың өзара қатынасы арқылы қалыптасқан. Бұл қатынастар
арнайы шартты қырға ауысуы мүмкін.
Табиғи, генетикалық шарттармен элементтер әртүрлі өзіндік қырлар
қалыптасуында маңызды орын алады. Тұқымқуалаушылықтың маңыздылығы туралы
кеңес және шет ел әдебиеттерінде бірінші рет жазылған (Б.Г. Ананьев,
1969; К.К. Платонов, 1972; А.Газель, 1941; R.B. Cattell, 1965). Шарттар
белгілі өмір кезеңінде едәуір әсер етеді, көбінесе ерте шақта.
Тұлға қырларының қалыптасуында орын алатын маңызды нәрсе адамдардың
өзара қатынасы осы арқылы әлеуметтік тәжірибелердің біраз бөлігі
қалыптасады, бекінеді және жаңадан қырлар пайда болады. Адамдардың өзара
қарым – қатынасының нәтижесі тұлға қырларына байланысты.
Б.Г. Ананьев негізін салған адам еңбек, таным және қарым – қатынас
субъектісі ретінде қалыптасады деген теорияға сүйене отырып, адам адамды
тану процесін талдауға тырысамыз. Бұл процеске қандай жастық және
индивидуалды ерекшеліктер әсер ететіндігін анықтауға тырысуымыз керек.
Адамдардың бір – біріне деген өзара әрекеті және бір – бірін тануға деген
ұмтылысы кез – келген бірлескен іс - әрекеттің міндетті элементі, оның
мақсаты тәрбие міндеттерін шешу болса да. Бірлескен іс - әрекеттің
қорытындысы және өзара әрекет сипаты көбіне адамдар бір – бірінің
мүмкіншілігін, сыртқы келбетін, жүріс – тұрысын қалай бағалайтынына
байланысты.
Адамдардың басқа адамдарға таным субъектісі ретінде көрінетін ең
маңызды іс-әрекет түрі-ол қарым-қатынас және еңбек. Қарым-қатынас процесі
адамдардың бір- біріне деген қатынаста бір уақытта объект те, субъект те
бола алатын өзара әрекетінің түрі.
Қарым –қатынас процесі барысында жұмысты орындау кезінде өзара
түсінушілік те, конфликті де, түрлі қарама-қайшылықтар кездесіп отырады.
Қатынастың қорытындысындағы жағымды нәтиже де ереже бойынша, қатынасқа
түскен субъектілер арасында бір-бірін адекватты қабылдау болды деген сөз.
Қатынастағы жағымсыз қорытынды, ол екі адамның бір-бірін адекватты емес
қабылдауының салдары немесе берілген ақпаратты дұрыс түсіне алмауынан деп
айтуға болады.
Адамның басқа адамды қабылдауын өзгермейтін, мәңгі берілген нәрсе
деуге болмайды. Индивидтің субъект ретінде дамуы, адамдарды қабылдауы
көптеген фаза мен этаптардан өтеді, бұның бәрі индивидуалды сана
құрылымының терең өзгерісіне сай келеді. Ойлар, сезімдер және жүріс- тұрысы
арқылы адамның басқа адамға деген қатынасын, тұлғаның жалпы дамуын
көрсетеді. Сондықтан да бір адамның басқа адамды қабылдауы әртүрлі
деңгейде көрінеді [27]
Әртүрлі жастық кезеңдерде таным, қатынас және одан шығатын іс-әрекет
түрлері, оның мазмұны,нақты қатынасы бірдей емес.
Адамның адам тану процесінің мағына және ролі адамдардың өзара
әрекетінде нақтырақ болады, егер де біз оны кибернетика ұғымын пайдаланып
түсіндіруге тырыссақ. Норберт Винер адамдардың өзара әрекет процесін
кибернетикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты: басқа адаммен байланысты
орната отырып, мен оған сигнал жіберемін, егер ол менімен байланыс
орнатқысы келсе ол ең алдымен маған емес өзіне таныс ақпарат бар,сигналды
қайтып жібереді. Басқа адамның әрекетін басқара отырып, мен оған сигналды
қайта жіберемін,сигнал императивті формада жіберілсе де, коммуникация
техникасы дәл осы жағдайда техника коммуникациясынан айырмашылығы жоқ.
Яғни, адамдар арасында өзара әрекеттің негізгі шарты үздіксіз өзара әрекет
процессінің компоненттері және әртүрлі қырлары туралы ақпарат алып отыру.
Жоғарыда айтқандарға сүйеніп,индивидтің басқа адаммен өзара әрекет
процесіндегі кездесетін ақпараттарды гартты түрде бірнеше топқа бөлуге
болады: қолдану мақсатына, мазмұнына және сақталу әдісіне байланысты.
Бәрінен де бұрын жалпы сипаттама беретін ақпаратты бөліп шығаруға
болады. Бұл ақпарат басқа адамның ішкі және сыртқы тұрақты ерекшеліктері
туралы, ол ұзақ уақыт бойы жиналады, осы адамға деген бағытты
қалыптастыруда әсер етеді және адамның актуалды және потенциалды
мүмкіндіктерін жалпы бағалауда қолданылады.
Бір-біріне деген қатынас процесінде адамдардың жағдайы бірлескен іс-
әрекет барысында бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жағдай бір- бірі
туралы ақпарат мазмұнына әсер етуі мүмкін, ол ақпарат әрқайсысы үшін
бірінші орында тұрады. Адамдар арасында өзара әрекет жанама немесе қиын
шарттанған болуы мүмкін.Бірлескен іс-әрекеттің табысты өтіп жатқаныны
анықтау үшін ең алдымен партнерлардың жүріс-тұрысын және өздерін тура,
дұрыс қабыладу керек [28].
Берілген сигналдардың маңыздылығы да, яғни, келіп түскен ақпаратқа
адамның субъективті қатынасы да өзараәрекет барысында индивидтің өңдеп
отырған ақпаратының жылдамдығына да әсер етеді.
Адамдардың әртүрлі сі-әрекеттегі өзараәрекеті сөйлеу формасында өтеді. Бір
адамның сөйлеу реакциясы мен физикалық әрекеті келесі адамның сөйлеу
реакциясы мен физикалық әрекетімен бірігіп келуі мүмкін.
Адамдардың өзараәрекет етудегі бірден-бір қажетті шарты, осы процестегі
өзінің әрекеті туралы үздіксіз ақпарат алып отыру, жұмыстың неғұрлым
табысты болуы үшін. Бұл адамның өз жүріс-тұрысын басқара өзіндік бұйрық
берумен сәйкес атқарылған әрекет негізінде, кері байланыс механизм
көмегімен жеткен орындау емес.
Басқа адамға өз ойынды жеткізу барысында оны айқын қимылдарымен бекіте
отырып, оған бұйрық бере отырып, онымен бірге бір практикалық есепті шеше
отырып және т.б. кездерде индивид қалай әрекет етіп отырғаны жайлы және
қандай қорытындыға келетіні туралы үздіксіз ақпарат ала отырады.
Өзара әрекеттің әртүрлі түрінде адамның келбеті мен кейбір элементтері
біресе көп, бірде аз роль ойнайды. Сонымен бірге индивидпен өзараәрекет
барысында да оның жынысына, жасына, ұлтына және т.б. элементтерге
(дауысына, мимикасына, жестіне, түріне, жүрісіне) көңіл бөлеміз.
Тұлғаралық қабылдау. Қазіргі уақытта психология ғылымында адамды тану,
қабылдау процестерінің психологиясын құрайтын мәселелер комплексін қайта
өңдеп шығаруда.
Жеке адамдар арасындағы қабылдау, тану спецификасы қарым-қатынастың құрылуы
мен сақталуына тығыз байланысты. Осы таным процесінде көрінетін басқа адам
бейнесі әрқашан оның қарым-қатынастағы мақсаты мен сипатына тәуелді болады.
Ал, бұл қарым-қатынас өз кезегінде адамдарды біріктіретін іс-әрекет, оның
мазмұны, барысы және нәтижесіне ықпал жасайды.
Адамдарда бір-бірі туралы қалыптасатын бейнелер мен түсініктер, әрбір іс-
әрекетте қатысушының объективті сипаты, мүмкіндігі туралы ақпарат береді.
Мұның өзі қабылдаушы адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжым туралы. И. П. Ивановтың Коммунар әдісі
Басқарушының тұлғалық қасиеттерінің ұжымын психологиялық ахуалына тигізетін әсері
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Лидерлік және мотивация жайлы түсінік
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
Педагогтің коммуникативті шеберлік. Көпшіл бола білудегі кәсіби және тұлғалық маңызды сапалар
Психология мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық климатына оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері
Менеджмент психологиясы
Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы жайында
Пәндер