Жеті жарғы заңдар жинағының үзіндісі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жеті жарғы заңдар жинағының үзіндісі.
Қазақ елінің әдет-ғұрпын, дәстүрін зерттеуші ғалым Н.И.Гродеков өзінің 1889
жылы Ташкент қаласында басып шыққан Сырдария облысының қара қырғыздары
атты кітабында:
...Тәуке хан Күлтөбенің баурайына (Сырдария облысы) сол кездің атақты биі
Төле Әлібекұлы бастаған жеті биді жинал алды. Олар Қасым мен Есім хандар
ұстаған ежелгі әдет-ғұрып заңдарының басын құрып, Жеті жарғы дейтін жаңа
әдет-ғұрып заңдарының жинағын шығарды деп жазған.
Қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған, ғылымға белгілі ең алғашқы
заң нұсқасы осы Жеті жарғы болды.
Тәуке ханның жеті жарғысы деген атпен белгілі бұл құқықтық ережелердің
ана тілімізде толық нұсқасын жазушы-этнограф Ж.Ахмадиев Түркістан
қаласындағы белгілі Ахмет Иассауи мұражайы экспозициясынан 1977 жылғы
көшіріп алған.

Жеті жарғының мазмұны мынандай:

1. Халықтың ханы, сұлтаны, пірі, хазіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың
әрқайсысы үшін жеті кісінің мөлшерінде құн төлейді.
2. Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың
әрқайсысына (ақсүйек тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс.
3. Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген аты босағаға
байланғандықтан біреуді теуіп өлтірсе-бүтін құн, үйдің жапсарында байланған
ат теуіп өлтірсе-жарты құн, үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе-тек
аттон айып берілсін.
4. Кәмелетке жеткен баласы тіл тигізсе (қол тигізбей), туған ата-анасы оға
дүреден бастап не жаза қолданамын десе ерікті.
5. Егер туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсайтын болса, ата-ана
оны өлтірем десе де ерікті, сұраусыз болады.
6. Құда түсіп, құйрық-бауыр жескен ақ баталы жесір кетсе, оған төленген
қалың мал түгел жесір иесіне қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе
бір қыздың қалың малы төленеді.
7. Ұры айыр түйеге –нар, атқа-аруана, тайлаққа-атан, тайға-ат, қойға-тана
төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айыптың бірін ретіне қарай және төлеуі керек.

ЖЕТІ ЖАРҒЫ
Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті
Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715)
Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі
жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.
Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы – Тәуке хандық құрған
XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып,
көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы
А.И.Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ ,бар қазақтың жүрегін
алғыс кернеп ,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы , Драконты-сол
адам. Тәуке алауыз болып , қырғынға бөккен елді бабына түсіріп , ру мен ру
арасындағы жұрттың бәрін өзіне мойын ұсындыра білді ,әлсіз рулардың басын
қосып , әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне
келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты. ”
XVIIғасырдың аяғында қабылданған Тәке ханның “Жеті Жарғы”атты заңы,
шынында да, қазақ елінің бірігуіне жағдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мекеменің қызметтік іс жүргізу
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
Президенттің нормативтік жарлықтары
Жеті жарғы
Жарғы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
Тәуке ханның тәуелсіз саясаты туралы қазақша реферат
НОРМАТИВТІК - ҚҰҚЬІҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ
Жеті жарғы. Тәуке Ханның далалық конституциясы
Пәндер