ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: ППП-616 тобының студенты Сихынбаева Айгерім
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Пахрутдинова Ж. И
Түркістан 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеудің теориялық негіздері . . . 6
1. 1 Қоғамда жетім ұғымының анықтамасы . . . 6
1. 2 Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері . . . 20
ІІ ТАРАУ Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеудің шарттары . . . 26
2. 1 Психодиагностика - жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеудің психологиялық әдістемесі . . . 26
2. 2 “Жетім бала - ересек: қарым-қатынас терапиясы” атты психокоррекциялық бағдарламасы . . . 32
ІІІ Қорытынды . . . 39
ІУ Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 40
Ү. Қосымша . . . 43
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы жылдары психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік психология және басқа да теориялық ғылымдарда жетім балаларды тәрбиелеу, оқыту және психологиялық көмек көрсетудің концептуалдық негіздерін өзгерту және оларды жаңаша қамтамсыз ету көкейтесті болып отыр.
Л. С. Выготскийдің еңбектерінде дәлелденген - баланың өмірлік потенциалының дамуына әсер тигізетін оның әлеуметтік жағдайлары мен әлеуметтік болмысы [1]
Жетім балаларды әлеуметтіндірудің психологиялық мәселелерін зерттеген шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектеріне қысқаша талдау жасауға болады. Айталық, жетім балалардың агрессивті мінез-құлқын зерттеген К. Бютнер [2] .
Жетім балаларды балалар үйінде тәрбиелеу мәселесімен И. В. Дубровина [3], Д. Боулби [4] ., Горячева [5] . ; В. С. Мухина[6] . жетім балалар үййіндегі жасөспірімдердің мінез-құлқының психологиялық дамуына көңіл аударған. Қазақстандық ғалымдар арасында жетім балалардың бойындағы мінез-құлықтың ауытқуын Г. А. Уманов[7] ., Л. К. Керімов[8] ., ал жетім балалрды әлеуметтендіру мәселесімен айналысқвн З. Зұбайраева[9] ., т. б. Белгілі психологтар Б. Г. Ананьев[10] ., А. А. Бодалев[11] ., А. Н. Леонтьев[12] ., Қоянбаев Ж [13] . балалардың әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктері өз биліктері мен өмірінде алатын орны айқындаған.
Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері нақты және күрделі мәселе болып отыр.
Зерттеу мақсаты. Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көпқырлы қиын мәселе екенін дәлелдеу және олармен жұмыс істеу барысында алдын-алу жұмыстарды жүргізудің жұйесі белгілеу мен психокоррекциялық бағдарламасын ұсыну.
Зерттеу объектісі. Жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні . Күрделі процесс ретіндегі жетім балаларды девианттық міне-құлық көріністері
Зерттеудің міндеттері:
- жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықтау;
- жетім балалардың әлеуметтік дамуындағы психологиялық қиындықтарына сипаттама беру;
- жетім балаларды психологиялық - әлеуметтік алдын-алу - психологиялық мәселеле екенін дәлелдеу;
- жетім балалармен психологиялық жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдері: түзету бағдарламасын ұсыну
- Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықталып, процес ретінде сипаттама берілсе; жетім балалармен жұмыс істеу барысында олардың әлеуметтік даму сферасындағы психологиялық қиындықтар ескерілсе және психокоррекциялық бағдарлмасы іске асырылса, онда әлеуметтік қоғамға, ортада толық жеке тұлғалық қасиеттері бар азамат орын табар еді.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім тұралы заңдары, балалар құқығы тұралы заңы, балалар құқығы тұралы конвенция, оқу-әдістемелік құралдар, философия, психология, педагогика, әлеуметтік психология білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектер.
Зерттеудің әдістері : Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: жетім балаларды жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықтаудың психологиялық сипаты мен жетім балалардың әлеуметтік дамуының психологиялық мәселелері; жетім балаларды психологиялық диагностика; жетім балалармен коррекциялық жұмыстарды жүргізудің жұйесі мен бағдарлмасы.
1-ТАРАУ Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеудің теориялық негіздері
1. 1 Қоғамда жетім ұғымының анықтамасы
Жетім бала - ата-анасының екеуі де немесе біреуі қайтыс болған жалғыз басты бала.
Жетімдіктің екі категориясы бар, ол табиғи және әлеуметтік жетімдік. Қоғамда негізінен ата-ана қамқорлығынан айырылғандарды табиғи жетім және әлеуметтік жетім деп екіге бөледі.
Әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан жетім бала дегеніміз отбасындағы дағдарыс кезеңіндегі баланың психологиялық, құлықтық қондырғыларының құлдырауында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі кезеңінде пайда болады.
Қазақстан Республикасында білім берудің ұлттық моделін жасау және дамыту жайындағы құжаттарда, білім беру жүйесін модернизациялауға арналған тұжырымдамаларда өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне ықпал ететін пәндердің ролі мен ұлттық тәрбиенің мәнін арттыруға ерекше талаптар қойылып отыр. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы бала тұлғасының әлеуметтенуі балалар іс-әрекеттерінің ерекше ұйымдастырылған, әлеуметтік тұрғыдан тәуелді, қоғамдық және тұлғалық маңызға ие болатын баланың өзін-өзі анықтауға, ұсынуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық құбылыстармен түсіндіріледі.
“Жетім” ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин[14] .
(Сурет 1) .
Сурет 1 - Х-ХХІ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы
Қазақстан Республикасында (ҚР) жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі.
Жетім ұғымымен қатар кейінгі кезде «Әлеуметтік жетім» ұғымы қолданыста бар. “ Әлеуметтік жетімдер ” дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты ата-аналары құқығынан айырылғандардың балалары және тастанды балалар [15] . Әлеуметтік жетімдер балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі, олар толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу қажет емес. Бұл мәселе жөнінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды жүздеген мектеп-интернаттардың, балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің және т. б. ұйымдардың жұмысынан байқай аламыз. Жетім балалар мәселесіне байланысты қабылдаған бірқатар норматив-тік құжаттарда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті отбасында тәрбиеленулері, рухани-адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуы, білім алуы және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі қадағаланады.
ҚР интернаттық білім беруді ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде интернаттық ұйымдар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім, панасыз балалар мәселесі көтерілген. Атап айтқанда онда «Интернаттық ұйымдар - белгілі бір категориядағы азаматтарға тұратын орын беріп, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта, білім беру жүйесінің мекемелері» - деп анықтама беріледі [16] . Бұл интернаттардың қазіргі кезде бес түрі бар: жалпы типті мектеп-интернат, яғни ол ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылары, жалғыз басты аналар (әкелер) мен денсаулық жағдайы, еңбегі, өмір жағдайына байланысты қоғамдық тәрбиені қажет ететін ата-аналарының (олардың орнын ауыстырушылар) балаларына тұратын орын беріп, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта, білім беру жүйесінің мекемесі; санаториялық типтегі мектеп-интернаттар, мұнда денсаулықтарына байланысты атап айтқанда, туберкулез-өкпе ауруына душар болған балалардың емделуі, оқуы, тәрбиесі қамтамасыз етіледі; девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаттар, сот пен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның шешімімен балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту; жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар - білім мен тәрбие алуда отбасы жағдайына жуықтайтын қолайлы жағдай жасап, мамандық таңдауға көмек көрсететін және оларды өз бетінше өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ететін білім беру мекемелері.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе әлеуметтік жетімдер саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95%-ы әлеуметтік жетімдерді құрайды. Бұл мекемелерде балаларға бірдей талап қойылып, нәтижелері де бірдей болуы көзделуімен, әрқилы көрсеткіштерге ие. Сонымен қатар, көбіне белгілі бір жасқа дейін сол мекемелер көлемінде ғана қарым-қатынасқа түсетіндіктерінен қоғаммен бетпе-бет тікелей келгенде көпшілігі тығырыққа тіреледі. Олардың әлеуметтенулері де осы тұрғысынан ерекше-ленеді.
Қазіргідей елімізде экономикалық жағдай жақсарып, елдің тұрмысы түзеле бастаған тұста бала мен отбасылық мүдделер ескеріліп, интернат типтес балалар үйлерінен басқа да қамқорлықтың баламалы түрлері көбейе бастады. Мысалы, патронаттық тәрбие. Патронат - ата-анасыз қалған баланы өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тәрбие формасы. Содан кейін патронаттық келісім-шарттарға көрсетілген уақыт бойында баланы патронаттық ата-анасы тәрбиелейді. Патронаттық тәрбие - балалар үйіндегі жетім балаларды әлеуметтендірудің және оларға отбасы жағдайында тәрбие берудің бірден-бір көзі.
«Әлеуметтену» - (латын сөзінен шыққан «socialis» - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе [17] .
“Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады
«Әлеуметтену» - (латын сөзінен шыққан «socialis» - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе және т. б. Әлеуметтенуде, дейді Г. Гусарова, тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады[18] .
Сонымен, әлеуметтену: индивидтің әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; әлеуметтік доктринаға сай адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т. б. Осы анықтамаларға сүйене отырып, біз өзіміздің жетім балаларды әлеуметтендіру анықтамамызды ұсындық
Жетім балаларды әлеуметтендіруді біз арнайы схема арқылы талдап көрсетуімізге болады (Сурет 2) .
және т. б. Э. Дюркгейм [19] . әлеуметтену процесін қарастырып, оның белсенді бастамасы қоғамға тән, сол себепті ол әлеуметтену субъектісі болады деген. Сондықтан қоғам адамды «өз үлгісіне салып» қалыптастыруға талпынады.
Т. Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге келген қоғам мәдениетіне қатысты болса, ролдерді қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар реквизитін игеру қажет [20] . Әлеуметтенуде, дейді Э. В. Ильенков тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады [21] .
Жетім балаларды әлеуметтендіру дегеніміз олардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы күрделі үдеріс.
Әлеуметтендіру ұғымы көбінесе әлеуметтенудің негізгі механизмдері арқылы да түсіндіріледі.
Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға болады: адамның стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік бақылауы адамдардың өзін-өзі өзгертуі.
Осы механизмдер мен процестер әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесі бола отырып, тікелей әлеуметтік педагогтың қызметімен айқындалады.
Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол
Әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан жетім бала дегеніміз - отбасындағы дағдарыс кезеңіндегі баланың психологиялық, құлықтық қондырғыларының құлдырауында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі кезеңінде пайда болады. Ажырасулардың көбеюі ата-аналардың біреуі баланы тәрбиелеуде - әкесі немесе шешесі, некеден тыс туған балалардың тууының саны ұлғаюы. Ата-аналардың ажырасуы баланың мінез- құлқына яғни психикасына әсер етеді. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында яғни өз елімізде 100 мыңнан астам балалар, сәбилер үйлерінде және арнайы интернаттар да тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйлері шағын болғандықтан онда әр баланың жүрегіне жол табуға тырысқан, бірақ әр балалар үйінде, мектеп интернаттарында жетім баланың әлеуметтік мәселелерін шеше алмайды [22] .
Психологиялық - әлеуметтік жетімдіктің себебі неде?
- ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ана санының көбеюі;
- тілексіз туған балалар;
- халықтың материалдық жағдайының төмендеуі;
- осы себептерге байланысты түрлі психологиялық дағдарыстардың пайда болуы.
Жетімдік қоғамның, адамзат қоғамының дамуымен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық дамудың білінбес бір бөлшегі.
Жетімдік бірнеше категориялары бар:
1 - табиғи жетімдік;
2 - психологиялық-әлеуметтік жетімдік.
Жетім балалар мәселелесі қазіргі таңда әлеуметтік-психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі жетім балалар санының жылдан - жылғы өсіп отыруы мен байланысты болып табылады.
Жетім мәселесі ХХ ғасырдың 20-30 жылданынан бастап, күні бүгінге дейін педагогтардың, психологтардың және заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылыпкеле жатыр. Атап айтсақ: Балалармен жасөспірімдерлің мінез-құлқындағы ауытқушылықты болдырмаудың ұйымдастырушылық -педагогикалық және медициналық - алдын алу шарттарын жасауға арналған зерттеулер А. С Макаренко, С. Т Шацкий, Л. С Выготский, В. Н Мясищев, С. М Елеусізова және т. б. .
Л. С. Выготскийдің еңбектерінде дәлелденген - баланың өмірлік потенциалының дамуына әсер тигізетін оның әлеуметтік жағдайлары мен әлеуметтік болмысы [23]
Жетім балаларды әлеуметтену мәселесі - қоғамнан ауқымды орын алып отырған мәселелрдің бірі.
Сонымен, әлеуметтену: индивидтің әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; әлеуметтік доктринаға сай адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т. б. Осы анықтамаларға сүйене отырып, біз өзіміздің жетім балаларды әлеуметтендіру анықтамамызды ұсындық.
Психологиялық - әлеуметтендіру ұғымы көбінесе психологиялық бейімделу мен әлеуметтенудің негізгі механизмдері арқылы да түсіндіріледі. Атап айтқанда, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдер (импринтинг, еліктеу, экзистенциалды қысым көрсету, моббинг, идентификация, рефлексия), әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері (әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі, әлеуметтенудің институционалды механизмі, әлеуметтенудің стильді механизмі, әлеуметтенудің тұлға аралық механизмі) [24]
Туылғаннан есейгенге дейін жетім балалар, кәдімгі балалар секілді даму сатысынан өтеді. Осы кезде баланың бойында адами- даралық психологиялық қасиетеріде өзгере бастайды. Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің ΙΥ ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада ΧΥΙΙ ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған. Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады [25] .
Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.
Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты.
Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белесене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады. Мазасыздану дегеніміз, бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы.
Жалпы жетімдер үйінде, мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады. Бұл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті - дене жағынан және адамгершілікке қабілетті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.
Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс.
Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе - ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «мама», «папа» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.
Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ, жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды.
Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса, 2004-ші жылы 614 интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді, онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады [26] .
Бұл мекемелердегі бір баланы жыл бойы ұстап-тәрбиелеу үшін шамамен 3600 АҚШ доллары жұмсалады. Негізгі шығын ол мекемелердегі қызметкерлер еңбегін төлеуге, әлеуметтік салық пен балалар тамағына жұмсалады. Әрі, мемлекеттік құрылымдар қоғаммен бірлесе отырып, қолдарындағы мемлекеттік құрал-жабдықтарды иемдене отырып, жетімдік проблемасының қайнар көздерін, яғни ішімдікпен, нашақорлықпен, қажетсіз жүкітілікпен тағы басқаларды жоюға орай үлкен жұмыстар атқаруда және бұл құрылымдар психологиялық, әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруда, көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек беруде елеулі еңбек етуде.
Жетімдер үйлерінен шыққан көптеген адамдар кәдімгі өмір салтын да сақтауда. Ал, кейбірі өздерінің өтініш-тілектерін де білдіруде. Ол тілектер мыналар:
- жетімдер үйлерінен кейін олардың дербес өмір сүрулері барысында жеңілдіктерін алып тастауы;
- жоғары оқу орындарына түсе алмайтындықтары;
- 5 б - статьясын алып тастау, яғни ол дегеніміз психикалық және тілдік дамудың артта қалуы. Осы статьяға орай, жұмысқа орналасу көп қиындық келтіреді;
- Немесе біздерге зейнетақы төлейтіндей мүгедектіктің құжаттарын жасап берсін тағы басқалар.
Міне, осы сынды өтініш тілектер айтады. Әрине, мұның барлығы ащы шындық.
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары, яғни соңғы он жыл ішінде 24 жаңа балалар үйі пайда болған.
16000 балалар үйінде тәрбиеленушілердің 2000-ы толық жетімдер, ал қалғандары - “тастандылар және бас тартқандардың балалары”. Міне, осы балалар үйлерінен де олар “тастанды және бас тартқандар” болып өмірге де қосылады. Бұрын олардан ата-аналары бас тартса, кейін онымен мемлекет айналысады.
Жалпы алғанда, жетімдік мәселесі үнемі де көпшілік бұқараны алаңдататын, мемлекет назарын үнемі өзіне аударатын үлкен ауқымды мәселе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz