Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде


жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 8
1. 1 Психология-педагогика ғылымдарында жетімдер мәселесі 8
- Балалар үйі тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық қолдау әлеуметтену құралы ретінде 21
- Балалар үйі жағдайында жетім балалардың әлеуметтену мәселесін шешу жолдары 36
II БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ
ҰЙЬІМДАСТЬІРУШЬІЛЬІҚ - МАЗМҰНДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ 49
2. 1 Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі
мәселелерін диагностикалық зерттеу 49
- Балалар үйі жағдайындағы жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдау моделі 63
- Балалар үйі жағдайында жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдау моделін еңгізу нәтижелерін талдау 75
ҚОРЫТЫНДЫ 87
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 89
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақытта отбасы балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибені, бәрінен бұрын адамдар арасындағы эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынастарды берудің негізгі көзі мен тобы болып табылады деп есептеледі. Отбасын жоғалту - баланың тағдырына үлкен із қалдыратын ең ауыр қасірет.
Мемлекеттік жетімдер мекемелерінде тәрбиелеу, мекемемен бала қамқоршысының ауысуы, кеш асырап алу - баланың психикасын зақымдайтын, оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қиындататын, оның тағдырын толығымен ауыстыратын, оның қоршаған әлеммен өзара қатынасын ұзаққа бұзатын және әлеуметтенуі процесіне әсер ететін фактор. Сонымен қатар, бүгінгі күні экономикалық, саяси, мәдени - демографиялық жағдайларға бейімделген тұлға ғана, интеллектуалды, рухани, физикалық, өнегелі дами алатындығы анық болды.
Жетімдік фактор ретінде қолайлы жағдайларда дамып жатқан құрдастары мен ересектер әлемі, әлеуметтік орта мен баланың эмоционалды байланысын бұзады, физикалық, психикалық және әлеуметтік сипаттағы бұзылыстарды туындатады.
Соңғы жылдары жетімдіктің өсуін шарттайтын әлеуметтік - экономикалық себептер айтарлықтай шиеленісті. Қазақстан Республикасында орташа есеппен күніне ата-ана қамқорлығынан түрлі себептер бойынша айрылған 2 ден 4 балаға дейін әлеуметтік жетімдер пайда болып келеді.
Соңғы жылдары берілген дәрежедегі балаларды асырап aлy (қамқорлық), асырап алушылар отбасына беру (асыранды немесе патронатты ата-ана) сияқты тәрбиелеу формалары қарқынды кең таралуына қарамастан, жетімдердің айтарлықтай бөлігі (25-30%) баяғыдай әр түрлі мемлекеттік интернат мекемелерінде тұрып жатыр. Еңбек пен халықты қорғау Министрлігінің есеп беруіне сәйкес тек Оңтүстік аймақ бойынша әр түрлі үй - интернаттарындағы мұндай балалар 2007 жылдың басында 360 адам болып есептелген.
Осыған байланысты жалпы жетімдік пен тәрбиелеу - оқыту процесін ұйымдастыру және кең көлемді психологиялық - педагогикалық қолдаумен камтамасыз ету педагогикада, сонымен қатар психологияда, әлеуметтік педагогикада және ғылыми танымның басқа салалар қатарында жеткілікті өзекті болып қалуда. Бұл дәрежедегі балалар педагогтар, психологтар, дәрігерлердің зерттеу нысаналары болды.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының психологиялық -
педагогикалық негіздері Б. Г. Ананьев, О. А. Ахвердова, И. В. Боева, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. Н. Гуров, В. В. Давыдов, И. А. Зимняя, А. Н. Леонтьев, И. А. Малашихина, А. В. Петровский, С. Л. Рубинштейн және басқалардың еңбектерінде берілген.
Жетім балалардың жекелік ерекшеліктері - И. В. Дубровина, С. Д. Забрамная, Е. И. Казакова, М. И. Лисина, B. C. Мухина, A. M. Прихожан, А. Г. Рузская, Е. А. Стребелева, Л. М. Шипицина және баска да көптеген ғалымдармен жан-жақты зерттелуде.
Тәрбиелеуде әлеуметтік әсерлердің тиімділігі М. А. Алемаскин, А. Г. Асмолов, В. Т. Ащепков, А. В. Беляев, А. А. Бодалев, В. Г. Бочаров, Б. П. Битинас, Л. П. Буева, Ю. А. Лобейко, А. В. Мудрик, Л. Н. Новикова, В. Д. Семенов, Д. И. Фельдштейн, А. Г. Харчев, В. А. Шаповалов, В. Я. Ядов және басқа ғалымдардың жұмыстарында зерттелген.
Оқыту мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық кызметтің құрылуы мен пайда болуының жалпы мәселелері А. И. Акулова, Н. е. Бекетова, Т. А. Василькова, Ю. В. Василькова, М. А. Галагузова, В. Н. Гурова, М. П. Гурьянова, И. Н. Закатова, В. П. Озеров, Е. М. Рыбинский, П. А. Шептенко, Т. Ф. Яркина және басқалардың еңбектерінде ашылған.
Балаларды, сонымен қатар жетім балаларды тәрбиелеу мен жеке тұлғалық қалыптасу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау мәселесін О. С. Газман, А. В. Гордеева, В. В. Морозова, Л. Я. Олиференко, Л. К. Сидорова және басқалардың зерттеулерінде ашылған.
Біздің диссертациялық зерттеулер шеңберімізде жүргізілген әдебиеттерді талдау - жетімдік мәселесі жеткілікті зерттелмегенін дәлелдейді. Бұл әсіресе, интернат мектептерінде немесе балалар үйі жағдайында жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселесіне қатысты. Жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік реабилитациясы бойынша іс-шараларға деген көптеген қызығушылықтарға қарамастан, педагогикалық тәжірибеде берілген тапсырмалар интуитивті - эмпирикалық деңгейде жүзеге асырылады. Қазіргі жетім балалар үшін оқу жоспарлары мен мекеме бағдарламаларының талдауы көрсеткендей, олардың әлеуметтетунлері барлық оқу - тәрбие жұмысының негізгі соңғы нәтижесі ретінде қарастырылады. Интернаттар, балалар үйі әлі де олардың әлеуметтік бейімделулері үшін білімді есепке алмай, оқу жоспарының әрбір пәні бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыруға әлі де бағытталған. Өзбеттілік өмірге бүтіндік бағдарламалардың жоқ болуы - берілген жұмыстың тиімділігін төмендетеді. Арнайы ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді және практикалық тәжірибелерді талдаудың қорытындысы да осыны дәлелдейді. Мұның бәрі мыналар арасындағы тұрақты қайшылықтар қатарын бөлуге мүмкіндік береді:
- жетім балалар тұлғасының әлеуметтенуі міндеттерін психологиялық-педагогикалық қолдау тәсілдерінің қажеттілігі мен мүмкіндігі және бұл мүмкіндіктердің балалар үйі іс-әрекетінде жеткіліксіз тиімді қолданылуы;
- балалар үйінде жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының біріккен педагогикалық потенциалы және мұның іс-әрекеттің ұйымдастырушылық - мазмұндық ғылыми - теориялық, әдістемелік жағдайда тәжірибелік өңделуі;
- жетім балаларды психологиялық-педагогикалык қолдауды жүзеге асыруға бағыттарды өзгертуге және балалар үйіндегі мамандардың берілген қолдаудың жаңа моделін жүзеге асыруға деген дайындықтарына қажеттілік.
Осыған орай, мынадай
мәселе
туындайды: балалар үйінде жетім
балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі ұйымдастырушылық-мазмұндық шарттары қандай? Көрсетілген мәселе
зерттеу тақырыбын төмендегідей етіп таңдауға себепші болды: «Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде».
Зерттеу мақсаты - балалар үйінде жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды тиімді ұйымдастырушылық-мазмұндык жағдайларының жиынтығын анықтау, модельдеу, түзету және ғылыми дәлелдеу.
Зерттеу пәні - балалар үйі жағдайында жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдау.
Зерттеу нысаны - балалар үйі жағдайында жетім балалардың әлеуметтену процесі.
Зерттеу болжамы - егер балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуінің маңызды құралы ретінде психологиялық - педагогикалық қолдаудың теориялық аспектілеріне негізделе отырып, тұлғаның қалыптасу процесінде балалар үйі тәрбиеленушілерінің жекелік-даралық психофизиологиялық (жыныстық-жастық) және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескеретін болсақ, жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдау моделін жүзеге асыру барысында басшылар, тәрбиешілер, педагогтар, психологтар, психотерапевтердің өзара әрекеттестігін ұйымдастыра білсек, онда балалар үйі жағдайында жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдауды тиімді жүзеге асыруға болады.
Зерттеудің мақсаты, пәні, нысаны және болжамына сүмене отырып, келесідей міндеттер анықталып отыр:
- Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер іс-әрекетінің педагогикалық теориялары мен тәжірибелерінде жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселесінің қазіргі жағдайын талдау.
- Ғылыми-теориялық қайнаркөздерді және жұмыс тәжірибесін зерттеу мен қамту негізінде жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдау моделін өңдеп, қабылдау.
3. Моделді қабылдау барысында балалар үйіндегі жетім балаларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-мазмұндық жағдайын анықтау және дәлелдеу.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі тұлғаның қалыптасу мәселесі бойынша Отандық және шет елдік зерттеушілердің еңбектері (Б. Г. Ананьев, Л. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, И. С. Кон, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, А. Маслоу, К. Роджерс, А. Томас және басқалар) ; әлеуметтік қатынастар - жүйесінде баланың қосылуын қарастыратын әлеуметтік бейімделу тұжырымдамасы (А. А. Анцыферова, Б. З. Вульфов, В. Н. Гуров, А. В. Мудрик) ; жетімдік феноменін ашатын психологиялық - педагогикалық қазіргі зерттеулер И. А. Бобылева, Н. Н. Волоскова, О. В. Заводилкина, Н. П. Иванова, Г. С. Красницкая, Л. Я. Олиференко, Е. А. Стребелева) негізгі болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы жетім балалар мен әлеуметтік жетімдік, асырып алудың толық ашылған анықтамасы беріледі, жетімдіктің пайда болуы мен кең таралу жолдары, жетім балалардың өзара, педагогтармен, қоршаған ортамен өзара қатынастары зерттелуінен тұрады.
Зерттеу көздерін барлығына ортақ байланыс пен дамудың, объективтіліктің, жүйеліліктің, ғылымилықтың жалпы ғылыми принциптерін көп компонентті процесс ретінде тұлғаның дамуы жайлы философиялық және психологиялық түсініктері педагогиканың қазіргі тұжырымдарын білім берудің адамгершіліктігі мен білім беру процесін басқару, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық зерттеулердің басты әдіснамалық бағыттардың жиынтығын тұлға ретінде адамның әлеуметтік, іс-әрекеттік және шығармашылық мәні жайында түсініктерді дәлелдейтің жүйелік ыңғай; адамның қоршаған ортамен шынайы өзара әрекеттестігін зерттеуге мүмкіндік беретін және өмірлік маңызды белгілі-бір тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттік ыңғай; оқыту - тәрбиелеудің - үйлесімді, әлеуметтік белсенді және өзін-өзі дамытатын тұлғаның дамуына колайлы жағдайларды құрудың негізгі міндеттері қойылып, шешілетін жекелік-іс-әрекеттік ыңғайлар құрайды.
Зерттеу міндеттерін шешу және зерттеу болжамын тексеру үшін әдістердің келесідей жиынтыгы қолданылган болатын:
теориялыц әдістер: философиялық, тарихи, психологиялык-педагогикалық және ғылыми - әдіснамалық әдебиеттерді және нормативтік-құқықтық актілерді талдау, ғылыми-зерттелушілік жұмыстарды және зертеліп отырган мәселе бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау;
эмпирикалъщ әдістер: эксперименттерді белгілейтін және қалыптастыратын іс-әрекеттің өнімін тестілеу, сауалнама алу, талдау;
статистикалыц әдіс: тәжірибелік-экспериментік зерттеу материалдарын сапалық және сандық өңдеу.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
«жетімдік» және «әлеуметтік
жетімдік», «жетім» және «әлеуметтік жетім» сияқты түсініктердің логикалык
арақатынастары белгілеуінде, «жетім балаларды психологиялық- педагогикалық қолдау» ұғымы нақтыланды, балалар үйіндегі жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың үйлесімді ұйымдастырушылық-мазмұндық жағдайлары, сонымен қатар жетім балаларға көрсетілген қолдаудың барынша тиімділік критерилері анықталғандығында көрінеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған мәліметтер балалар үйінің мүғалімдері мен тәрбиешілеріне арналған ұсыныстар ретінде колдаланылуы мүмкін. Өңделген диагностикалық әдістер жетім балалардың мінез-құлықтарын анықтау, түзету және алдын-алуда әдіснамалық құрылгы есебінде қызмет етуі мүмкін.
Алынған нәтижелердің дәлелдігі мен негізділігі зерттелуші мәселеге бүтіндік бағытпен байланысты бастапқы әдістемелік және және-теориялық тұрғының жиынтығымен және зерттеудің заты, мақсаты, міндеттеріне бір калыпты теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдану, корытындының дәлдігімен логикалығы, алынған нәтижелердің кең көлемді мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Зерттеу кезеңдері:
І кезең - және жұмыстың тақырыбы бойынша матариалдар жинақталып, мазмұндық құрылымына талдау жасалынды /2007-2008ж. /.
ІІ кезең - жинақталған матриалдар негізінде және жұмыстың теориялық және тәжірибелік тұрғыдан мазмұны анықталды. Экспериментах - зерттеушілік жұмысты жүзеге асыру барысында тиісті тәжірибелік мәліметтер айқындалып, қорытынды тұжырымдар жасалды /2008-2009ж. /.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік білім беру мекемесі, Тараз қаласы Жамбыл облысы «Сарымолдаев атындағы балалар үйі» болып табылады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиегтер тізімінен және қосымшадан тұрады.
I БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНДА ЖЕТІМДЕР МӘСЕЛЕСІ
Жетімдік - біздің қоғамымыздың алдында тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Жетімдік мәселесінің кең таралуы қазіргі таңда көптеген елдерге тән мәселе болып табылады. Бүкіл елдерде мұндай балаларды әр түрліше атайды-қабыл алмаған балалар», «қазыналық бөбектер», «тастау үшін туылғандар», «мәңгі жаңадан туылғандар».
Ата-анасын жоғалтқан бала - бұл ерекше, шын мәнінде - қасіретті әлем. Ата мен анаға деген қажеттілік - бала қажеттіліктері ішіндегі ең күштісі.
Қазақстандағы жетімдіктің шынайы бейнесін анықтау қиын. Соңғы жылдары Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі Зайқалуда. Олардың жалпы саны жыл сайын шамамен 30-40 мың адамға өсуде. Қазақстан Республикасы аймағында 2003ж. жетім балалардың жалпы саны 662, 5 мыңнан астам адам, 2005 ж. олардың саны шамамен 700мың адамды құрады.
Жетімдіктің барлық себептерін айту өте қиын, себебі бұл түрлі аймақтағы ғалымдар айналысып, әлі соңына дейін зерттелмеген көп аспектілі мәселе.
Жетімдік фактор ретінде баланың оны қоршаған әлеуметтік ортамен, ересектер мен құрдастар әлемімен эмоционалды байланысты бұзып, екінші кайтара терең физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамудың бұзылысын тудырады. Балалықты әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы әлеуметтік-педагогикалық мекемелерді құруды алдын ала ескертеді.
Мұндай мекемелерге деген қажеттілік «тәуекелділік топтары» балаларының көптеген деңгейлерінің пайда болуымен шартталған. Олардың мәселелерін типтік білім беру мекемесі: ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар; тұрақты үйі мен тіркелуі жоқ балалар; қашқын-балалар; түрлі жәбір көретін жаман халдегі отбасынан шыққан балалар; отбасы немесе қоғамда іағдарысты жағдайларды жүрген балалар және басқалар шеше алмайды. Бұл құқықтары және бәрінен бұрын олардың толыққанды дамулары үшін қажетті өмір деңгейіндегі құқықтары бұзылған балалар. Сондықтан инновациялық әлеуметтік-педагогикалық мекемелер - бұл балалардан тартылып алынбайтын құқықтарын қорғауға, оларға қажетті көмек пен қолдауды шұғыл көрсетіп, уакытша баспанаға мүмкіндік беріп, тамақ пен киіммен, медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделулері мен қажеттілік болғанда - әлеуметтік ақталуға жағдайлар жасауға шақырылған.
Мұндай мекемелер Қазақстанда жақында пайда болды. Соңғы жылдары көптеген қалаларда әр түрлі саладағы көптеген әлеуметтік-педагогикалық мекемелер құрылған және құрылып келгенімен, әзірше олар біз үшін жаңа. Бұл екемелер бір-бірінен тек атауымен ғана емес, сонымен қатар көрсететің қызметтерінің спектрі, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар, жұмыс жүргізілетін балалар конгтингентімен, шешілетін мәселелердің сипаттымен және т. б. айтарлықтай айрықшаланады. Олардың бірі қарқынды дамып, оқыту-тәрбиелеу мекемелері қатарында берік орынды алады, өзгелері өмірге қабілетсіз, болашақсыз болады. Нақты балалықты әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың ең тиімді ұйымдастырушылық формаларын беретін «табиғи іріктеу» жүргізіліп келеді.
Бірақта кәсіби іс-әрекеттің жаңа ортасын құрудағы бастапқы кезеңдегі барлық қажеттілік пен шарасыздыкта Мұндай жол маңызды тиімсіз ақпараттар мен әлеуметтік шығындарға ұшыратады. Қаржылық жетіспеушілік жағдайларында әлеуметтік күтілетін нәтиже бермейтін жаңа мекемелерді құруға үлкен қаржыны салу болдыртпайтын іс. Бір ғана шынайы мүмкіндік Мұндай шығынды төмендету мүмкіндігі - жаңаны еңгізудің ғылыми негізделуі.
Ежелден бері жетімдер өздеріне аянышты қарым-қатынас, бишаралық халге түскен баланы еркелетіп, аялап, жұбатуға талпынысты тудырған, дегенменде жетімдердің тағдырлары қашанда оңай болмаған.
Жетім балаларды орналастыру үшін түрлі формалар қолданылған: жетімдер үшін мекемені ұйымдастыру - тәрбиелеушілік үйлер, жетім балаларға жетімхана, оқыту-тәрбиелеу мекемесі (шіркеудегі, мемлекеттік, жеке адам қаржыларына және т. б. ) ; қамқорлық пен бағып-қағу, асырап алу. Қараусыз калған балаларға арналған алғашқы ірі мекемелер Еуропада VIII ғасырдан (Милан), Рессейде -XVIII ғ. бастап (Новгород) танымал болды. XX ғасырда әлемдік соғыстар, революциялар және өзге әлеуметтік күйзелістер, қоғам дағдарысы жетімдер санының ұлғаюының себебі болып қана қоймай, сонымен катар әлемнің көптеген елдерінде жаңа құбылысты - қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және өнегелік процестермен шартталған және өз балаларына деген қарым-қатынаста ата-аналардың құқықтарынан айыруда көрініс табатын әлеуметтік жетімдіктің тууына себепші болды.
Интервенция, індет және аштық көптеген отбасыларды бұзды, көптеген балалар ата-анасыз қалды. Балаларды құтқаруға мүмкіндік болар күштер мен каражаттар жұмсалды. Балалар мекемелері А. С. Макаренко, М. М. Пистрак, В. Н. Сорока-Росинский, С. Т Шацкий және басқалар сияқты әйгілі педагогтармен ұйымдастырылып, басшылық етілді.
Кез келген әлемдік және жергілікті мәселелер елдердің халықтық жағдайларында қиын көрініс табады. Бірінші әлемдік соғыстан кейінгі кең тараған және кейінгі онжылдықта азайған қараусыздық пен бақылаусыздық кұбылысы жаңа күшпен ХХғ. 1980 ж. туындады. 1980-ші жылдардың ортасынан бастап әлеуметтік жетімдік мәселесі әлемдік қауымдастықтың назарында болды. Көптеген мемлекеттерде жетім балаларды әлеуметтік корғаудың арнайы бағдарламалары өңделіп келеді. ООН (ЮНИСЕФ) балалар коры әлемдегі әлеуметтік жетімдіктің теориялық және практикалық зерттеулерімен айналысуда.
Бұл кезең жетім балаларды зерттеу аймағында ғылыми ашылулардың жарқ етуімен сипатталады. Кеңес ғалымдарының қатарлары (B. C. Мухина, МИ. Лисина және т. б. ) жетім балалар тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін зерттей бастады, сонымен қатар жетімдікпен байланысты психологиялық және физиологиялық сипаттағы ауытқулар бөлініп, ғылыми негізделді.
Интернаттық мекемелерде тәрбиеленушілердің саны үш есе өсті, олардың құрамы да өзгерді. Олардың көбін бас тартылған балалар - некеге тұрмаған жалғыз басты анамен туылғандар және олармен мемлекеттік қамқорлыққа қалдырылғандар, сонымен қатар соттың шешімімен баланы тәрбиелеу кұқығынан айырылған ата-аналардың балалары құрайды. Физиологиялық, ақыл-ой және өнегелік дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалардың саны өсті. Жетім балалар өмірлерін қалпына келтіру бойынша мемлекеттік іс-шаралар қатары қабылданды, жетімдердің құқықтарын қорғау нақтыланды, интернаттық мекемелердің материалды базалары бекітілді. Бірақта мұндай әлеуметтік жетімдік жағдайын жақсарту әрекеттері оны толығымен өзгерте алмады [66] .
XX ғасырдың 90-шы ж. біздің елімізде отбасылық балалар үйінің үлкен көлемі ашылған болатын, сонымен қатар еліміздің бірінші ханшайымы Сара Назарбаеваның «Бөбек» балалар ауылының қазақстандық моделінің дамуы өріс алуда.
1975ж. балалар үйінің саны 914 болатын, онда 105 мың бала тәрбиеленген. 1980 - 1989 жылдар аралығында жетім балаларға арналып мектеп-интенаттары пайда болды. Балалар үйлері азайып, ал жетім балаларға арналған интернаттық мекемелердің барлық түрлері 3605-тен 3812-ге дейін, бұл каңа мектеп-интернаттардың - 106 және дамуында кемістіктері бар балалар үшін мектеп-иметернаттарының - 158 ашылуы есебінде өсті. Барлық осы мекемелерде тәрбиеленушілердің саны айтарлықтай баяу өсті - 556 дан 575 ішң адам, яғни небары 19 мың адам, олай болғанымен де 1988ж. қамқорлыққа алынған жетім балалар - 290 мың және асырап алуға - 525 мың адамға дейін -сі. Дәл осы кезеңде ЦК КПСС пен СССР Министрлерінің Кеңесінде коғарыда аталған маңызды қаулысы, сонымен қатар СССР Министрлері -кеңесінің 17. 04. 88ж. №2012 «Отбасылық түрдегі балалар үйін құру жөнінде» каулысы қабылданған болатын. Олар әлеуметтік жетімдіктің өсуін төмендетуге - ағымды әсер етті.
Қазіргі таңда жетім балалардың жағдайы қандай? «Қазақстан 2002 ж. балалардың жағдайы жайында» мемлекеттік баяндаманың берілгендері бойынша ата-ана қарауынсыз қалған балалар саны ұлғаюда. 2001 жылы олар 28, 1 мың, ол 2000 жылға қарағанда 4, 0%-ға көмірек, 1999ж. қарағанда 12, 4% -"2 көп. Олардың 40% - дан астамын ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың балалары құрайды.
2001 ж. 56, 4 мың балалардың ата-аналары эке-шеше құқықтарынан айырылған, ол 2000ж. салыстырғанда 6, 2 % -ға көбірек, және 1999ж. қарағанда 21, 1%-ға көп. Мемлекет қамқорлығындағы, ата-аналары өз құқықтарынан айырылған балалар саны 2001 ж. өткен жылға қарағанда 15, 9 %-ға азайып, 3, 4 мың адамды құрады, ол 1999 ж. салыстырғанда 2, 4 %-ға аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz