Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ - түрік

Университеті

Шымкент институты

Педагогика және психология кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Жетім балалардың психологиялық ерекшеліктері.

Ғылыми жетекші:

Педагогика ғылымының

кандидаты,

аға оқытушы Қойшиев Қ. Е.

Орындаған:

050103 мамандығының 46 - 14

Оқу тобының студенті

Айдарбекова Іңкәр.

Шымкент - 2008

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3-7

Ι - тарау. Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы . . . 8-10

1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық дамуы . . . 11-16

1. 3 Жеткіншектің психикалық дамуы . . . 17-23

1. 4 Балалардың түрлі жас кезеңіндегі отбасынан тыс жағдайда тәрбиеленуінің

психологиялық жақтары . . . 24-44

ΙΙ - тарау. Бала психикасының біркелкі дамымау себептері.

2. 1 Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым - қатынас

ерекшеліктері . . . 45-49

2. 2 Балалардың өзін - өзі бағалауы . . . 50-53

2. 3 Балалардың оқу іс - әрекетін зерттеу . . . 54-58

Қорытынды . . . 59-60

Әдебиеттер тізімі . . . 61-62

Қосымшалар . . . 63-64

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік жедел жаңаруында Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбиенің шешуші факторы болуы заңдылық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 ж., 2007 ж. ) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын қазіргі балалар үйі - толық мемлекеттің қарамағындағы ұйым. Балалар үйінде негізінен жетім балалар, жалғызбасты аналардың баласы, жағдайы төмен отбасы балалары немесе денсаулығы нашар, кемтар балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетіні айтылса, «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы №1738 қаулысының жалпы бөлімінде: «Мемлекет сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды олардың білім алу кезінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киім-кешектерді, медициналык көмектер алуын, окулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды» деп көрсетілген.

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу - балалар үйінің және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян. Бұл жөнінде «Балалар үйінің жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын, сейлеу тілінің дұрыс дамуын және балалардың мектепке оқуына әзірлігін қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетілген.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазакстан Республикасы бойынша 18 мыңнан астам ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен тастанды балалар тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің 80% қазақ балалары. Олардың 4% ғана әртүрлі тағдыр тауқыметтерімен ата-анасынан айырылғандар болса, 96% ата - анасынан тірідей айырылғандар, яғни әлеуметтік жетімдер (әке-шешелерінің ішімдікке салынуынан, өз балаларын перзентханаларға немесе өзге орындарға тастап кетулеріне байланысты сәбилер үйі мен балалар үйлеріне қабылданғандар) . Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 78% - нан астамында физиологиялық, педагогикалык, психологиялық жағынан дамуында ауытқушылықтар байқалады. Оған себеп ата-ана өлімі, отбасының ұрыс-керістері, күнделікті күн тәртібінің балалар үйіне келгенге дейінгі уақытта дұрыс болмауының әсерінен болады. Мұның барлығы балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жүйелі де, бірізді жылы қарым-қатынасты жағдай жасауды талап етеді. Себебі, аналарының ақ уыз сүтін бір тойып еме алмаған, ананың аяулы алақаны, әкенің жүрек жылуын сезіне алмаған, төңіректеріне тосырқап қарайтын, жандары жабырқау, көкіректері шерменде қаракөз бүлдіршіндердің тағдырын ел болып бір жақты реттейтін уақыт келген сияқты. Тарихқа көз жүгіртсек, бала тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, келешек ұрпағының тексіз, түпсіз өсуіне жол бермеген, жесірлерін жерге қаратпаған, жетімдерін жылатпаған елдік дәстүрлер болған. Алайда, бүгінгі қозғап отырған мәселеде Отанымыздың келешек белсенді мүшелері - нәрестелерімізді қорғап, ұлттық тәрбиені ата-баба дәстүрлерінің озық үлгілерін баланың санасына орнықтырып, сәби кезінен бойына сіңіріп, ойына ұялату бүгінгі таңдағы ең басты мәселе ретінде қарастырылады.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны калыптастыру тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет.

Дамыған қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімділігі, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік қарым - қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын кеңес дәуіріндегі педагогтар П. П. Блонский, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский т. б өз зерттеулерінде дәлелдеп берді.

Қазақстандық белгілі психолог-ғалымдар Ә. Алдамұратов, Қ. Б. Жарықбаев, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Г. А. Урунтаева, Х. Т. Шерьязданова зерттеулерінде оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері туралы құнды ой-пікірлер айтылған.

Ресейлік психолог - ғалымдар Л. С. Выготский, А. Г. Ковалев, А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов С. Л. Рубинштейн т. б. жеке тұлғаның психологиялық іс-әрекетінің қалыптасу теориясы мен ұстанымдары туралы ой-пікірлер түйіндеген. Ал, мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері туралы белгілі психологтар Е. Е. Кравцова, А. А. Люблинская, В. С. Мухина тұжырымдары зерттеуімізге негіз болды.

Тұлғаны қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Бұл шет ел ғалымдары Х. Дейкер, Г. Н. Нойнер, З. Фрейд, Э. Эриксон енбектерінде көрініс тауып, теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттелген.

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша тарихи-әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар А. С. Әмірова. Б. Б. Баймұратова, С. Ғ. Бәтібаева, Ф. Н. Жұмабекова, С. Н. Жиенбаева Т. Иманбеков, Т. А. Левченко, А. Е. Манкеш, А. К. Меңжанова, М. С. Сәтімбекова, М. Т. Тұрыскелдина және тағы басқа да зерттеушілер мектепке дейінгі кезеңнің алуан түрлі мәселелерін жан-жақты қарастырып, балаларға білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын, тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, қағидаларын тұжырымдаған.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен оқу-тәрбие жүйесіндегі қарым-қатынастар мәселесін зерттеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғалымдары: Т. А. Баласанян, А. А. Виноградова, Е. В. Виноградова. Т. М. Землянухина, А. А. Лобанов, О. Д. Мухаева, Л. И. Рюмшина, Т. И. Тарабарина, С. П. Юняева, А. А. Ярулов өз еңбектерінде балаларды жан-жақты қалыптастырып тәрбиелеу мәселелерін зерттеп, ғылыми - әдістемелік жолдарын ұсынған.

Қазақстандағы арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалардың дамуы мен тарихын Л. Г. Акжаркенова, Ж. И. Намазбаева, А. К. Сатова, М. Ж. Смайловтар арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда білім беру мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өз үлестерін қосты.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі тәрбие беретін балалар үйі саласында бірқатар еңбектер жазылғанымен, оларда тек жан-жақты дамыту және тәрбиелеу әдістері мен мәселелері қарастырылады, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері туралы мәселе көтерілмейді.

Қоғам мен тұлға бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті, жеке тұлға өзінің көздеген міндетін іске асыру арқылы қоғамдық мүддені шешеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік кұбылыстардың барлығы адамдардың тікелей қатысуы арқылы пайда болады. Бұдан Қазақстан тәуелсіздігінің кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жолдарының анықталмауы, мектепке дейінгі жастағы балалар үйінде оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын жаңарту қажеттігі, мемлекеттік тілде дайындалған арнайы балалар үйіне арналған оқу - әдістемелік құралдардың жоқтығы, халық педагогикасы материалдарының жеткіліксіз қолданылатындығы, жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдерінің нақтыланбағандығы мен педагогика ғылымында айтылған мәселенің толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі арасындағы қарама - қайшылық анық көрінеді.

Зерттеудің мақсаты: Балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін түрлі әдістерді қолдана отырып зерттеу.

Зерттеудің нысаны: Балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу үдерісі.

Зерттеудің пәні: Балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикалық дамуында кешеуілдер мен ауытқулар бар екендігі анықталса, бұл тақырып жалғасын тауып, балалар үйінде тәрбиеленушілерге педогогикалық, психологиялық нақты, жан - жақты зерттелген, нәтижесі оң болатын әдіс - тәсілдерді қолданып, көмектер көрсетіледі. Осы мәселеде бұл жұмыс септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Зерттеудің міндеттері:

1. Жалпы балалардың жас ерекшелігінде байланысты дамуын теориялық тұрғыдан негіздеу;

2. Баланың дамуында отбасының маңызын анықтау;

3. Балалар үйінде тәрбиеленуші балалар мен отбасында тәрбиеленуші балаларды салыстыра отырып, психологиялық айырмашылықтарын зерттеу.

4. Балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға психологиялық көмек көрсету жолдарын іздестіру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жалпы балалардың психикалық онтогенездегі даму, балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың түрлі жас кезеңіндегі психологиялық жақтары, олардың қарым - қатынас ерекшеліктері, тұлғалық ерекшеліктері.

Зерттеудің көздері :Философия, психология, педогогика ғылымдарының дүниетаным, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Констутциясы, «Білім туралы» Заңы, «Неке және отбасы туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, Бала құқықтарын қорғау туралы конвенция, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы - қарарлары, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық алыс, жақын шет елдік психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, автордың әдіскерлік іс - тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық әдістемелік зерттеулерге талдау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, диагностикалау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2005 - 2006 жылдар) тақырып алып, зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасалынды. Мектепалды тобындағы тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктері анықталды.

Екінші кезеңде (2006 -2007 жылдар) балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың түрлі жас кезеңіндегі тұлғалық дамуы анықталды.

Үшінші кезеңде (2007 -2008 жылдар) балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың адамдармен қарым - қатынасы, эксперимент жұмысының нәтижесі қорытындыланып, осының негізінде ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің базасы :Шымкент қаласындағы №3 балалар үйі, №51 мектеп.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- әр жас кезеңіне қарай балалардың психикасының дамуы анықталды;

- ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас жасау ерекшелігі анықталды;

- балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге психологиялық көмек көрсету жолдары нақтыланды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: диплом жұмыстағы теориялық тұжырымдар, зерттеу нәтижелері мен қорытындылары осы мәселе бойынша келешекте жүргізілген ғылыми ізденістерге негіз болады; зерттеу материалдарын балалар үйі іс - тәжірибесінде және орта арнаулы педагогикалық оқу орындарда қолдануға болады.

Зерттеу нәтижесінің дәлділігі мен негізділігі әдіснамалық және ғылыми - теориялық негіздерге сүйеніп айқындалумен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкес келуі, алынған нәтижелері мен тұжырымдардың балалар үйінің оқу - тәрбие үдерісінде қолданылуы арқылы зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді.

Диплом жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің практикалық мәнділігі, дипломдық жұмыстың құрылымы баяндалды.

«Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері» атты бірінші тарауда мектеп жасына дейінгі, бастауыш мектеп оқушыларына, жеткіншек балалардың психикалық дамуына талдау жасай келе, балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың психологиялықжақтарын, олардың дамуындағы ерекшеліктер, ауытқулар анықталған.

«Балалардың (жетім балалардың) отбасынан тыс жағдайда тәрбиеленуінің психологиялық жақтары» атты екінші тарауда балалардың қарым - қатынас, тұлғалық ерекшеліктері т. б мәселелер, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы анықталып балаларға психологиялық көмек беру тәсілдері ұсынылған.

Қорытындыда ғылыми - теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен мәселенің болашағын айқындайтын ұсыныстар берілді.

Қосымшада «Балалар үйінде оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасы мен оның мазмұны негізінде жүргізілген сабақ жоспарлары ұсынылды.

І тарау Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы.

Нәрестелік кезең (туылғаннан 1жасқа дейінгі кезең) . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез - құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе ( тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы ), оның дамуы күрт баяулайды. Негізгі іс- әрекеті - айналадағы адамдар мен эмоциялық, сезімдік қатынас орнату.

Екі - үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялық реакциясы қалыптасады.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым - қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады.

Қарым - қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда - ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына таман нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды.

Бір жас ішінде бала қимыл - қозғалыстарының дамуы және психикалық процестерімен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында тік тұруды үйренеді. Үш - төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық заттарға ұмтылады, ұстауға тырысады.

Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды.

Нәрестелік шақтың соңына таман балалар үлкендердің көптеген іс- әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.

Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді.

Сәбилік кезең (1 жастан 3 жасқа дейін) . Үш жасар бала өзін - өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қатынастыңсөздік формаларын ғана емес, мінез- құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті, тәуелсіз болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше формаларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңына таман сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу - ол үшін қиын іс. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді.

Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым - қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады.

Ерте сәбилік кезеңдегі ақыл - ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекетінің жаңа түрлері құрастырады. Қабылдау заттық іс- әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның «сыртқы бағдарлану» әрекеттері қалыптасады.

Көзбен қабылдау мен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңына таман балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс - әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс - әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты.

Құрдастарымен жасалынатын өзара қарым - қатынас сипаты көп жағдайда ересек адамның баламен өзара қарым - қатынас сипатына тәуелді болады. Егер ересек адам балаға деген қарым - қатынастың эмоциялық қолайлы тәсілін қамтамасыз ете білсе, онда бала оның қалай қарайтынын сезіне отырып, құрдастарымен де белсенді қарым - қатынас жасайды. Бала бүкіл дүниені жақсы көреді, ол басқалардың сәтсіздігіне бірге қынжылып, қуанышына қуануға даяр, осыған ыңғай білдірген құрдастарымен тез араласып, қарым - қатынастың қолайлы тәсілдерін бұзушы құрдастарымен жасалатын қарым - қатынас формаларын іздестіреді. Мұндай болмаған жағдайда баланың әлеуметтік белсенділігі өшеді. Ол үшін эмоциялық тұрғыдан «бәрі жаман». Оның енді балалармен ойнағысы келмейді, олардан аулақтанып, өзімен өзі ғана болады немесе фрустриация күйіне түседі. Ересек адам - бала белсенділігінің тұрақты катализаторы.

Сәбилік кезең бала мен ересек адамның бірлескен іс - әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым - қатынас басшылығын өзіне алады. Ол өзара түсінісуді ұйымдастырады. Заттық іс - әрекетте ересек адам ынтымақтастық сипатын анықтайды.

Бұл кезеңде балалар айналадағы заттардың аттарын білуге ұмтылады. Үлкендердің айтқандарын қайталай отырып, балалар аттарын айта бастайды. Екі жастың соңына таман өз атын атап айту «мен» деген есімдікпен ауыстырылады. Бөбек өзін ересек адамнан ажырата білуге үйреніп, өзіне дербес «мен» ретінде қарай бастайды. Яғни онда өзіндік сананың алғашқы формалары пайда бола бастайды.

Үш жас дағдарысының ерекшеліктері қырсықтық, қыңырлық, айтқанды орындамау, өз беттілікті талап ету.

Үш жас дағдарысы - бала мен ересек адамныңөзара қарым - қатынасының дамуында болатын объективті құбылыс. Балада өз қажеттілігін өзінің дербес қанағаттандыру тенденциясы пайда болады да, сол арқылы баланың белсенділігін тежейді. Қалыпты дұрыс дамып келе жатқан бала бұрынғы қарым - қатынастарға қарсыласа бастайды. Ол қыңырланып, барлық істі керісінше жасай бастайды.

Балдырғандар (3 - 7 жас аралығы) . Негізгі іс - әрекеті - ойын. Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері - қимыл сезгіштігінің табалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым - қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс - әрекеттерін игерудің нәтижесі болып табылады.

Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады. Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді 3 түрлі: көрнекі - әсерлі, көрнекі - бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдерімен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі - бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді. Мінез - құлық ерекшеліктері: еліктеушілік, ширақтылық, тынышсыздық, қуаныштық тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Дамудың биогенетикалық теориялары
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу
Балалық шақ психологиялық зерттеу пәні ретінде
Даму психологиясының әдістерін топтастыру
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Балалардың психикалық даму белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz