Бүгінде әлемдегі жетім балалардың саны
Қоғамдық өмірдің сиқын бұзушылар көбінесе әлеуметтік өмірден тыс қалған,
томаға-тұйық, комплексті адамдар екені белгілі. Жетімдер дегеніміз әке-
шешесінен айырылған, ата-анасыз өсуге мәжбүр болған қоғам мүшелері.
Кішкентайынан жетім қалған балалардың жақсы тәрбие-білім алуы, олардың
құқықтарының көзделуі барлық қоғам үшін аса маңызды. Сондықтан, Жаратқан
Иеміз мұсылмандарға жетімдерге қарайласуды, оларды аялауды, есіркеуді һәм
білім беріп, кәсіп үйретуді бұйырады:
Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Оларға айт: Жетімдерді ислах ету
(оларға жақсы тәрбие беріп, пайдалы адамдарға айналдыру) хайырлы. Ал,
олармен бірге өмір сүрсеңдер, онда, олар сендердің бауырларың. Аллаһ
бұзақылық жасаушыларды адал ғамал жасаушылардан ажыратады (біледі). Аллаһ
қалағанда сендерді захматқа (бейнетке) кіргізер еді. Күдіксіз, Аллаһ ғазиз
һәм хаким-дүр!
Аталмыш аяттағы “йәтама” арабшадағы жетім (әл-йәтим) сөзінің көпше түрі.
Сөздікте бәлиғатқа жетпей әкесіз қалғандарды жетім дейді. Олар кәмелетке
толған соң жетім аталмайды.
Исламнан бұрынғы араб қоғамында жетімдердің ақысы көзделмеуші еді.
Күштілер жетімдерді қанайтұғын. Мәселен, өлген әкесінен өзіне белгілі
мөлшерде мүлік мирас қалған жетім қыздарды байлар не өздеріне не ұлдарына
әйелдікке алатұғын. Кейбір зорлықшылар әкесінен дәулет қалған жетім
қыздарды әйел етіп ала алмаған күннің өзінде оларды күң етіп, жәбірмен
ұстайтұғын. Жетімдерді қорлау, оларды қақпайлау әдеттегі нәрсе саналатын.
Осындай себептерге байланысты Аллаһ Тағала (49), (6152) және (1734)
аяттарын түсірді:
Жетімдердің мал-мүлкін зұлымдықпен жеушілер шынында жанып тұрған от
жеп, қарындарына жалындап тұрған шоқ толтыруда! және Жетімдердің мал
мүлкіне олар ер жеткенге дейін адал жолдан басқасымен жақындамаңдар!.
Сүйтіп, Ұлық Раббымыз мұміндерге жетімдерге көмек беруді бұйырды. Бұл ес
тоқтатпаған, ержетіп өзін һәм мүлкін қорғай алатын дәрежеге жетпеген
азаматтарды қорғауымыз керектігін көрсетеді.
Осындай аяттар жіберілген соң мұсылмандар жетімдердің мал-мүлкіне
жоламай кетеді, олардың ақысын жеп кетеміз деп қорқады. Сол себепті,
олардың жағдайы күнбе-күн нашарлап, ауқаттары төмендей бастайды. Мұны
көрген мұсылмандар қайтерін білмей аң-таң болады. Олар өз меншігін басқара
алмайтын жетімдердің заттарын өздерінікіне қосса, аятқа қарсы келгендік
болады деп ойлайды. Мал-мүлкі қараусыз, иен қалған жетімдердің
бейбастақтыққа ұрынуы да мүмкін еді. Осындай жағдайда сахабалар
Пайғамбарымызға барып, жетімдердің мал-мүлкі хақында сұрайды. Сонсоң,
жоғарыдағы аят нәзіл болады. Нәтижесінде, Пайғамбарымыз жетімдерді
тәрбиелеп, оларды қоғамға, адамзатқа пайдалы азаматтар етіп тәрбиелеуді
бұйырады. Үйткені, олардың меншіктерін біз қорғамасақ талан-таражға ұшырап
кетеді де олар ер жеткенде қолында ештеңке қалмайды. Жетімдерді мәпелелеп,
тәлім-тәрбие бермесек, олар қоғамға өкпелі, құсалы жандар болып өседі де
олардың тұрмыс құруы, ұрпақ тәрбиелеуі екіталай болады. Кішкентайынан оның
мұның сөгісін естіп, әке-шешенің махаббатын көре алмай өскен жандардың
психологиялық саулығының да мардымды болмасы анық. Міне, осындай себептерге
байланысты мұсылмандардың міндеті жетімдерді есіркеу, оларға көмектесу,
оларды сыйлау болып табылады [1] .
Ал, сүйікті Пайғамбарымыз да көптеген хадистерінде жетімдердің хұқұқтары
туралы хабарлаған. Мәселен, бір хадисінде: Жетімді өз кепілдігіне алып,
қарайласқан адам және мен екеуіміз жәннетте мынандаймыз деп, ортан терек
пен өңге саусақтарын біріктіріп көрсеткен.
Жанары жәудіреген балалар...
Ай-күннің аманында оларға жетім, тастанды деген ауыр сөздер
тағылатындай, тағдыр тәлкегіне өмір табалдырығын аттамай жатып-ақ
ұшырайтындай не жазығы бар еді? Ата-анасынан бір, ана тілінен екі, дінінен
үш айырылған қара домалақтардың тағдырын кім ойлайды?
Қазақ ешқашанда жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған, үлкенге құрмет,
кішілерге мейіріммен қарап, біреудің басына іс түскенде берген қол алған
қолдан қайырлы деп бір-бірінен жәрдемдесуден қашпай, ұлттылығы мен
ұлылығын сақтап қалған халық.
Жетім балалар проблемасы қашан және қай мемлекетте болмасын, қоғамның
басты мәселелерінің бірі болып қала бермек. Өйткені өз елінде дұрыс тәлім-
тәрбие алып, отанын сүйетін азамат болып қалыптасқан бала - жетім немесе
асыраушысынан айырылғандығына қарамастан, кез-келген мемлекеттің болашағы,
сол елдің келешекте өсіп-өркендеуіне, дамуына өзіндік үлес қосар ұрпағы
болып табылады. Өз заманында жетімдіктің қайғы-қасіретін көре жүріп, соған
қарамастан елінің, ұлтының болашағы жолында жарқын істерді атқарып кеткен
айтулы тұлғалар қазақ тарихында аз болмаған. Осындай әлемді аузына қаратар
әйгілі саясаткерлер, ел қорғайтын батырлар, ғылым - білім саласын жаңа
биіктерге көтеретін ғұлама ғалымдар, ақын - жазушылар, елінің даңқын
асқақтатар өнер адамдары бүгінгі осы ұрпақтың да арасынан шығуы бек мүмкін.
Бүгінде әлемдегі жетім балалардың саны 143 миллионға жетіпті.
Халықаралық ұйымдардың ресми мәліметтеріне сүйенсек, осы жетім балалардың
тек 700 мыңына ғана әлеуметтік және күнделікті өмірдегі басқа да
қажеттіліктер бойынша көмектер көрсетіледі екен. Бұл көрсеткіш жаһандағы
барлық жетім балалардың тек 5 пайызын ғана құрайды. Ал қалған 95 пайызы
тағдырдың тәлкегіне тасталып, болашағы бұлдыр күйінде қалып отыр. Олардың
алдағы күндері қалай болары да белгісіз. Қоғамда адам саудасы, лаңкестік
әрекеттер, нашақорлық сияқты індеттердің өршіп тұрған шағында мемлекет
қамқорлық көрсетпесе, олардың арасынан өмірде өз жолын тауып, ел қатарлы
өмір сүретіндер саны арта қоймас. Бір жақсысы, мұндай жағдай мемлекеттің
әлеуметтік - экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты әр елде әрқалай
қалыптасқан және олардың осы санаттағы балаларға деген көзқарастары да
әрқилы.
Сонымен, еліміздегі жетім балалар мәселесіне байланысты жағдай бізде
қалай қалыптасқан? Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметіне үңілсек,
өткен жылы елімізде 316822 сәби дүниеге келген. Бұған тәубе деу керек.
Бірақ елімізде қилы-қилы тағдыр тәлкегіне түскен 46 мыңнан астам бала
жетімдер үйлерінде тәрбиеленуде.
Бірі жол апатының, табиғат апатының салдарынан ата-анасынан айырылса,
екіншісі ата-анасының нашақорлық, маскүнемдік індетіне ұрынып, ата-аналық
құқығынан айырылуының салдарынан, үшінші көкек ананың тасжүректігінің
салдарынан ата-ананың аялы алақанынан мақұрым болып, жетімдер үйіне жол
тартуларына тура келіп жатады. Бұл балалар ҚР-ның Неке және отбасы туралы
Заңының 91-ші бабына сәйкес, Бала асырап алудың құпиялылығы заңымен
қорғалады.
Жетім балаларды асырауға жылына мемлекет бюджетінен 2 миллиард
теңгеден астам қаржы бөлінетін болса, өткен жылы балалар үйлеріндегі әрбір
тәрбиеленушіге жұмсалатын қаражат көлемі жылына 200 мыңға жуық теңгені
құраған. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
имандылыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу және олардың жан-жақты білім алуын
қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнде республикадағы 29 отбасылық
үлгідегі балалар үйлерінде 337 бала, ал 6 балалар ауылында ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған 317 жасөспірім тәрбиеленуде. Осы орайда 2004 жылы
еліміздегі Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес, балаларды асырап, бағуға арнайы қаражат төлеу ережесі бекітіліп,
қазіргі таңда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1928 бала патронат
тәрбиешілердің қолына берілген. Мемлекет тарапынан олардың орта мектепті
бітірген соң да жоғарғы немесе орта білім беретін оқу орындарына түсіп,
білімдерін жетілдірулеріне сөйтіп, өмірден өз жолдарын табуларына
мүмкіндіктер жасалған. Жалпы алғанда еліміздегі жетім және асыраушысынан
айырылған балалардың бағып-қағу немесе оларды бүгінгі заман талабына сай
жағдайда тәрбиелеу, яғни оларға білім беру, денсаулығын нығайту мақсатында
мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер жасалып отыр. Десек те, қоғамның осы
санатындағы балалардың мәселесі бітер емес. Неге? ҚР Білім және ғылым
министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда жылына 3000-ға жуық ата-
ананың қадағалауынсыз қалған, яғни тірі жетімдер анықталады екен. Бұған
негіз болып отырған бірнеше себептер бар. Мысалы бала асырап отырған кейбір
отбасының белгілі бір себептерге байланысты әлеуметтік жағдайының
құлдырауы, балалар мен ата-аналардың денсаулығының нашарлығы, некесіз бала
туудың, моральдық жағынан азып-тозған ата-аналардың көбеюі және оларды
жауапқа тартудың пәрменді шараларының болмауы елімізде жетім балалар
санының ұлғайуына әкеліп соғуда.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 5 балалар үйі бар, онда 121
тұл жетім, 257 жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 454 бала
тәрбиеленуде.
Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарының
арта түсуі біздің бүгінгі қоғамда адамгершілік қасиеттердің төмендеп бара
жатқанынан, отбасын бүтін ететін–сүйіспеншілік, қамқорлық, аяушылық секілді
қасиеттердің кеміп бара жатқандығынан деп түсіну керек. Жас ана үшін баланы
босана салып, перзентханаға тастап кету қалыпты жағдайға айналғандай.
Осындай рухани кедейлену тек жастарды ғана емес, барлық буын өкілдерін
шарпуда.
Жетім балаларға қатысты басты мәселелердің бірі - олардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау. Қазіргі уақытта бұл міндет жергілікті жердегі
әкімшіліктің қамқорлық және қорғаншылық органдарына жүктелген. Алайда
елімізде осы міндетті жүзеге асыратын тиісті мамандардың жетіспеушілігі мен
оның құзіретінің шектеулілігі қоғамның осы санатындағы балалардың
мәселесіне байланысты тағы бір проблемаға айналып отыр. Қазіргі кезде
елімізде кәмелетке толмаған 5 миллион баланың құқықтарын қорғаумен небәрі
178 маман айналысады. Басқаша айтсақ, әр маман 40 000-нан астам кәмелетке
толмаған жастарға байланысты қалыптасқан жағдайды зерттеп, зерделеп олардың
құқықтарының аяқасты етілмеуін бақылауда ұстап отыруы қажет. Бұл өз
кезегінде осы іске жауапты маманнан жетім балалардың күнделікті өмір сүру
жағдайын бақылап, оған байланысты сараптама жұмыстарын жасап, баланы асырап
алатын қорғаншыларды, қамқоршыларды, ата-аналарды іздеп тауып, олардың
мүмкіндіктерін зерттеп, асырап алуға және жұмыс барысында кездесетін басқа
да мәселелер бойынша сот істеріне қатысып отыруды талап етеді.
Ал бұл мамандар ҚР Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес, тек
кеңесші органның қызметін ғана атқарады. Сондықтан ол балаларды қандай да
бір отбасына қамқорлыққа беру, еңбекпен қамту және тұрғын үймен қамтамасыз
ету мәселелері аталған органның тікелей ықпалымен емес, оған жауапты
Денсаулық сақтау, Білім беру, Әлеуметтік қамту сияқты органдардың көмегімен
жүзеге асады. Бұл өз кезегінде қамқоршылық және қорғаншылық органның
жұмысында көптеген қиындықтар тудырып, оның мақсаттарының толық жүзеге
асуына кедергілер келтіріп жатады. Осыдан келіп тағы да балаларды еңбекпен,
тұрғын үймен қамтамасыз етуде проблемалар туындайды. Қазіргі уақытта осы
тектес себептердің салдарынан жетім балалардың тек 22,7 пайызының ғана
бекітіліп берілген үйлері бар. Бұл мақсатта жергілікті атқарушы органдар
тарапынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітіліп берілген
тұрғын үйді сақтап қалу үшін тиісті бақылау болмауының да тигізіп отырған
зардабы аз емес. Өкінішке орай, жетім балалардың өміріне қатысты мәселелер
бұл ғана емес. Қазіргі уақытта елімізде жетім балалар тәрбиесімен айналысып
отырған мекеме, яғни балалар үйлерінің түлектерін оқуға түсіру мен жұмысқа
орналастыру мәселесінде де қиындықтар туындап отыр. Нәтижесінде қоғамда өз
орнын таба алмаған балалар күн көру үшін қылмыстық әрекеттерге бой ұруда.
Еліміздегі кейбір қоғамдық ұйымдардың мәліметтері бойынша, бүгінгі күнде
балалар үйлерінен тәрбиеленіп шыққан жетімдердің 50 пайызы қылмысты кәсіп
етуде. Олардың арасында тіпті шарасыздықтан өздеріне өздері қол жұмсап
жататындары да табылады. Бұл өз кезегінде аталған мәселеге жауапты
органдарды ойландыруы тиіс жайлар.
Қазақ жетім көрсең жебей жүр деген. Жүрегіне түскен мәңгілік дақпен,
бойын кернеген ыза отымен қылмыс жасауға бой ұрады. Оның бір дәлелі - өткен
жылдың он айында балалар тарапынан 1 мың 334 ауыр қылмыс жасалды. Қылмыстық
жауапкершілікке тартылған 6 мың 125 кәмелетке толмаған жеткіншектің 2 мың
692-сі мектеп пен лицей оқушылары. Кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтын
бұл сандарды естіп-көргеннен кейін дені сау, өнегелі ұрпақ өсіріп жатырмыз
деп көсіліп айтуға ұятымыз жібермес. Әрине, бейкүнә балаларды мұндай күйге
түсірген, олардың бастан кешіп отырған сан қайғыларына қоғам кінәлі. Өмір
есігін ашпай жатып, жарық дүниемен қоштасып жатқан сәбилердің өліміне де
кінәлі қоғам. Қала берді, көше кезген қаңғыбастар мен маскүнемдердің,
нашақорлардың сондай күйге түсуіне де тұтастай қоғам кінәлі. Бүгінде
елімізде 5 миллионнан астам бала бар. Оның 1 миллион 600 мыңнан астамы
мектеп жасына дейінгі жеткіншектер, ал 3 миллионнан астамы мектепте оқиды.
Қазақстан Республикасында (ҚР) жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ
кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына,
жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген
негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі. Қазақстан Республикасында білім
берудің ұлттық моделін жасау және дамыту жайындағы құжаттарда, білім беру
жүйесін модернизациялауға арналған тұжырымдамаларда өскелең ұрпақтың
әлеуметтенуіне ықпал ететін пәндердің ролі мен ұлттық тәрбиенің мәнін
арттыруға ерекше талаптар қойылып отыр. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму
жағдайы бала тұлғасының әлеуметтенуі балалар іс-әрекеттерінің ерекше
ұйымдастырылған, әлеуметтік тұрғыдан тәуелді, қоғамдық және тұлғалық
маңызға ие болатын баланың өзін-өзі анықтауға, ұсынуға бағытталған
әлеуметтік-педагогикалық құбылыстармен түсіндіріледі.
Жалпы, Жетім балаларды әлеуметтендіру сөзінің мағынасын
Қазақстандағы балалар үйі мен ондағы жетім балаларды әлеуметтендірудің жай-
күйін сараптау арқылы түсіндіруге болады. Қоғамнан ауқымды орын алып
отырған ең өзекті мәселелердің бірі – жетім балалар мәселесі. Олардың
өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың
әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. “Жетім” ұғымының анықтамасына
келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин.
Жетім балаларға қатысты өзекті мәселенің тағы бірі шет елге асырауға
берілген балалардың тағдыры екенін де ерекше айту керек. Қазір
Қазақастандағы балалар үйлерінде 46 мың бала тәрбиеленеді. Оның 3 мыңы
тұлдыр жетім. Шетелдік асырап алушыларға берілетін балалар – осылар.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт ішінде елімізде қаншама
сәби ересектердің шешімімен осылайша жат жерге аттандырылған екен және
олардың кейінгі жағдайы не болды екен? Осындай сұрақтың жауабын ести
алмадық.
Бұл жерде қатты алаңдататыны мынау. Қазақстан — шет елде жамандыққа
ұшыраған өз азаматтары мен қандастарын қорғауға мейлінше қабілетсіз ел.
Әсіресе жат жерде тепкі көріп тіпті, өлтіріліп жатқан қазақтың мемлекетіміз
тарапынан еш сұрауы жоқ. Мына көрші Ресейдің өзінде бірнеше қазақ айрықша
нәсілшіл жексұрындардың қолынан ешбір кінәсіз қаза тапты. Осындай айуандық
істегендер ұсталғанмен, сот тарапынан толығымен ақталып не жеңіл-желпі
бұзақылық істеді деген айыпты ғана арқалап, оңай құтылып жатыр. Қазақстан
билік орындарының, тіпті Парламентінің, оның ішінде Сенаты мен Мәжілісінің
осындай ауыр және өзекті мәселені ресми түрде көтергенін бірде-бір рет
естіген жоқпыз. Мысал ретінде айта кетсек, Санкт-Петербургте Африканың
Сенегал мемлекетінен келіп оқып жатқан студент өлтірілгеннен соң, бүкіл
Ресей дүр сілкінді. Өйткені, нәсілшілдік жауыздықтан талай жапа шеккен
африкандықтар қандастары осылайша өлтіріліп жатқанда, қарап қалуға
көнбейді. Еуропадағы, Америкадағы, тіпті бүкіл әлемдегі қара нәсіл өкілдері
Ресейдегі билік орындарын осындай қылмыстарға қайта-қайта жол бергені үшін
айыптап жатыр. Осы шудан қаймыққан Санкт-Петербургтың прокуратурасы бұл
қылмысты салған жерден нәсілшілдікке негізделген қылмыс деп тануға көнді.
Ал 2009 жылғы ақпанның 24-і күні сол Санкт-Петербургте тап
сондай жағдайда қаза тапқан қазақ қызы Айнұр Бөлекбаеваны өлтіргендердің
қылмысын құқық қорғау орындары жай бұзақылық деп қана бағалады. Бұған
наразы болып, үлкен шу шығарып жатқан қазақ жоқ. Қазақстан үкіметі де,
Парламенті де – Сенаты мен Мәжілісі де – үнсіз қалды. Бұны айтып отырған
себебіміз мынау. Сол Америкаға қазір жыл сайын мыңға жуық тұлдыр жетім не
тірі жетім бала әкетіліп жатыр. Олардың онда қандай жағдайға ұшырап
жатқанына Қазақстанда алаңдап, жаны ашитын біреулер бар дегенге сенуден
қалдық.
Шет елге, оның ішінде мұхиттың арғы жағындағы Америкаға бала асыраудан
әлемде Қазақстан салыстырмалы түрде бірінші орынға шыққан. Жасы әлі 10-ға
толмаған болса, байғұс балада ерік те жоқ. Тек осы жастан асқан болса ғана,
ол баладан келісімхат керек. Бірақ сол Америкаға әкетіліп жатқан
балалардың дені – есі тіпті кірмеген нәрестелер. Қазақстаннан бала асырап
алған АҚШ азаматтары арасында жүргізілген сұрастыруларға қарағанда, әрбір
баланы заңдастырып алуға кететін бүкіл шығын 18 мыңнан 25 мың долларға
дейін екен. Орташа деңгей – 21,5 мың доллар. Сонда, мәселен, 2004 жылы 843
баланы асырап алуға шығарған американдықтардың жалпы шығыны — 18 млн. 124,5
мың долларды құраған. Бұл, әрине, тіпті американдықтар үшін де аз ақша
емес.
Бірақ кейін ол балаларының жағдайының не болғанына аса бас қатырып жатқан
ешкім көрінбейді.
АҚШ-қа шетелдік асырауға ең көп бала берген 20 елдің тізімі
(The WOLD and book of facts 2008 жинағында жарияланған мәліметтер
негізінде құрастырылған)
№ Мемлекеттер 2008 2007 2006 2005 2004 жыл
жыл жыл жыл жыл
1. Қытай 5053 5320 4921 4800 4100
2. Ресей 4939 4358 4200 4012 3850
3. Гвателама 2219 2003 2220 2301 2510
4. Оңтүстік Корея 1779 1630 1566 1400 1621
5. Украина 1106 956 996 980 1000
6. Қазақстан 1005 990 1000 852 650
7. Въетнам 766 702 680 651 582
8. Үндістан 466 451 420 423 521
9. Колумбия 334 338 330 333 312
10.Болгария 260 255 253 251 240
11.Камбоджа 254 253 255 290 256
12.Филиппин 221 220 200 195 190
13.Гаити 187 179 180 166 160
14.Беларусь 169 161 мәлімет мәлімет мәлімет
жоқ жоқ жоқ
15.Румыния 168 160 135 120 189
16.Эфиопия 105 100 140 155 178
17.Польша 101 99 106 127 155
18.Тайланд 67 68 60 85 90
19.Перу 65 мәлімет мәлімет мәлімет мәлімет
жоқ жоқ жоқ жоқ
20.Мексика 61 55 91 54 66
Өзіңіз көргендей, Қазақстан бұл тізімде 6-ыншы орынды иемденген.
Салыстырмалы түрде алғанда және АҚШ-қа жақын жерде орналасқан Гватемала
мемлекетін есептемегенде, әлемде Қазақстан Америкаға асырауға ең көп бала
беретін ел екен. Сондағы айтқалы отырғанымыз не?
Америкаға Қытайдан тұспалды есеппен әрбір 257 мың адамның бірі, Ресейден 29
мың адамның бірі, Оңтүстік Кореядан 28 мың адамның бірі, Украинадан 43 мың
адамның бірі біржолата берілген болса, Қазақстаннан ол жаққа 18 мың адамның
бірі берілген екен. Яғни біздің еліміздің үлесі – ең жоғары үлес. Және
осынысымен шектелгелі жатқан Қазақстан жоқ.
Жетімі мен жесірін жаутаңдатпай, бауырына басып, пана болатын қазақтың
бүгінде жетімдерін жебеуіне не кедергі? Жоқ әлде қатігез қоғам жайдары
мінез қазақтың ет жүрегін тасқа айналдырып жіберген бе? Немесе бала асырап
алғысы келетіндерге бюрократтық шектеулер тосқауыл болып отыр ма? Осы
сауалдарға жауап іздеп, бұл мәселеге тереңірек үңіліп, мәселенің мән-жайын
зерделеп қарау мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың қорытындысы
бойынша келесілер анықталды:
• Жастар балалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz