Ортағасырлық қалалардың деректері
І тарау. Ортағасырлық қалалардың деректері
1.1 Археологиялық деректер
Аймақтың ежелгі ескерткіштерінің зерттеле бастағанына (негізінен
ортағасырлық) 150 жылдай уақыт өтті. Оның басталуы 1854 жылы Ш.Уалихановтың
Ыстықкөлге жасаған саяхаты болды. Оның саяхаты Омскіден басталып, Орталық
Тянь-Шань таулары арқылы өтті. Өзінің күнделігінде қазақтар мен
қырғыздардың тұрмысы, олардың тарихы, табиғаты жайлы ғана жазған жоқ,
сонымен қатар ортағасырлық қалалардың қалдықтары, қырғыздардың мазарлары,
архитектуралық ескерткіштерге сипаттама берді [5].
1867 жылы Оңтүстік Қазақстанды ғылыми зерттеу мақсатымен П.И.Лерх,
ал Жетісуға (1862ж., 1868ж. және 1870ж.) түркітанушы В.В Радлов жіберілді.
Бұл зерттеушілердің есептерінде архитектуралық құрылыстар- қорғандардың,
қалалардың үйінділерінің, сауран минареттерінің, Түркістандағы Ахмет Ясауи
мавзолейінің ғылыми сипаттамалары берілген.
Бұл басылымдар кең жұртшылықтың назарын аударып, Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан архитектуралық ескеркіштерінің ежелгісі мен ортағасырлық
тарихын зерттеуге деген қызығушылық өрлей түсті. Археологиялық ескеркіштер,
соның ішінде Ахмет Ясауи мавзолейі жайлы әр түрлі мәлімет беретін
қолжазбалар пайда болды. Археологиялық ескерткіштерді зерттеуге үлкен үлес
қосқан В.В.Бартольд болды [3]. В.В.Бартольд ортағасырлық қалаларды зерттеу
барысында аймақтың саяси тарихына сүйенді. Ол өзінің мақалаларында қала
салу мен архитектуралық мұрағатқа: Айша-Бибі мавзолейінің салынуы,
алғашқылардың бірі болып Іле бойындағы қалалардың топографиясына көп көңіл
бөлді. В.В. Бартольдтың қызметі Ташкентте 1895 жылы құрылған Түркістан
археология әуесқойлар үйірмесімен байланысты болды. Үйірменің қайраткер
мүшелері Н.Н.Пантусов және В.А.Каллаур болды. Н.Н.Пантусовтың Жетісудың
ежелгі құндылықтарына арналған жазбаларының ішінде архитектуралық
ескерткіштерге жазылған беттері бар.
В.А.Каллаур өзінің сапарларының барысында ежелгі қалалар жайлы
халық аузындағы аңыздар мен өзінің бақылауының нәтижесін жазды.
Археологиялық ескерткіштерді зерттеуде өз үлесін кружок мүшесі А.А.Диваев
қосты [6,10-13]. Түркістан үйірмесінің қызметімен Қазақстанда алғаш рет
ортағасырлық қалаларда жүргізілген қазба жұмыстары мен археологиялық
ескерткіштерді зерттеу байланысты. 1904 жылы А.К.Кларе мен А.А.Черкасов
Отырар қаласының жоғарғы қабатын қазды. Қазба жұмысы барысында құрылыс
материалдары мен архитектуралық декор табылған. Ежелгі құндылықтардың
революцияға дейінгі зерттеу дәуірін сипаттай келе, алғашқы зерттеушілер –
Ш.Ш. Уалихановқа, П.И.Лерхке, В.В.Бартольдқа, Түркістан археология
әуесқойлар үйірмесінің мүшелеріне қазіргі ғылым қарыздар. Өйткені олар
берген алғашқы мәліметтер өте маңызды, бірнеше онжылдықтар өтіп, кейбір
ескерткіштер бұзылып, кейбірінің сыртқы келбеті өзгеріске ұшырады. Қазір
ескерткіштер жайлы тұтас ұғымды алу және оларды қайта қалпына келтіру үшін
алғашқы зерттеушілердің мақалалары мен есептеріне сүйенуге тура келеді. Бұл
кезеңнің маңызды оқиғасы ортағасырлық қалаларда жүргізілген қазбалар болып
табылады. 1917 жылдан Қазан революциясынан кейін қоғамда соның ішінде
ғылымда да өзгерістер болды. Бірақ алғашқы онжылдықта зерттеулер
революцияға дейінгі дәстүрде жүргізіле берді. В.В.Бартольдтың және оның
ізбасарларының қызметтері жалғаса берді. 1921 жылы құрылған Туркомстарис -
Мұражай,ежелгі мұрағаттарды сақтау, өнер мен табиғат істері жөніндегі
Түркістан комитеті (1924 жылдан бастап Средазкомстарис болды) Түркістан
археология әуесқойлар үйірмесі қойған мақсаттарды көздеді. Бірақ оның
маңызы мемлекеттік дәрежеге жетті.
Туркомстаристің жұмыстарының маңыздысы архитектуралық ескерткіштерді
зерттеу, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру болды. Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанда да экспедициялар ұйымдастырылды. 1922 жылы құрамында
А.А.Семенов, А.О.Шмидта, С.А.Орлова бар Ахмет Ясауи мұражай комплексін
қорғау мен қайта қалпына келтіру үшін әдейіліп экспедиция ұйымдастырылды.
Бұл кезеңнің мазмұнды еңбектерінің бірі Сайрамдағы М.Е.Массон мен
П.П.Иванов жұмыстары болды. Осылай алғаш рет Сайрамның топографиясы,
архитектуралық ескерткіштердің сипаттамасы жайлы орасан зор материалдар
табуға мүмкіндік боды. 1928 жылға дейін Туркомстарис жақсы қызмет жасап,
одан кейін әр одақтас республикада осы мақсаттарды көздеген ұйымдар
құрылды.
20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында Алма-Атада
аймақтық және ғылыми жұмыстар басталып кетті. 1928 жылдан бстап кездейсоқ
табылған археологиялық материалдарды жинақтап, ортағасырлық Алматы
қаласында кішігірім қазба жұмысын ұйымдастырды. М.Танышпаевтың,
К.Ходжиковтың , В.Д.Городецкийдің естеліктері пайда болды [7.25-30].
Аймақтың археологиялық архитектурасы жайлы жаңа материал 1936 жылы құрылған
Жетісулық археологиялық экспедицияның жұмысының барысында алынды. 1938-1941
жылдары экспедицияны А.Н.Бернштам басқарды. 1936-1938 жылдары Талас алқабы,
соның ішінде ежелгі Тараз қаласында жүргізілді. 1938 жылы Тараз қаласының
цитадельінде геометриялық, өсімдік сипатындағы жазбаларға бай ХІ-ХІІ
ғасырларға жататын моншаны тапты. Бұл Орта Азия мен Қазақстанда қазба
жұмысы нәтижесінде ашылған алғашқы монша еді, бұрын моншалар жайлы
деректер, тек жазбаша мәліметтерден ғана белгілі болған. Архитектурасы,
соның ішінде археологиясы, құрылыстың дәстүрлі дамуының динамикасына
сипаттаманы А.Н. Бернштам өзінің арнайы жазылған монографиясында
берді [8.81-97]. Онда ортағасырлық Жетісу қалаларының пайда болу, даму
жолдары, олардың топографиясы, құрылыс нысандары жайлы деректерді берді.
1946 жылы Қазақ ССР-нің Ғылым академиясының, оның құрамында Тарих,
археология және этнография инстутының құрылуы Қазақстан археологиясының
дамуының жаңа кезеңі, тіпті жеке бағыттарының дамуына негіз болды. 1947
жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция құрылды, оны 1947-1951
жылдары А.Н.Бернштам басқарды. Оның құрамында Тарих, археология және
этнография инстутының археология бөлімінің археологтары Е.И.Агеева,
Г.И.Пацевич және А.Г.Максимова жұмыс істеді. Экспедицияның зерттеу орталығы
Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау жотасындағы қалалар мен елді-мекендерді,
Отырар оазисін зерттеумен айналысты. Жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz