Жетісудағы ұлт - азаттық қозғалыс (19ғ.ІІ жартысы-20ғ. басы)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы

Қолжазба құқығында

Туреханов Ғабит Әмірханұлы

Тақырыбы: «Жетісудағы ұлт - азаттық қозғалыс (19ғ. ІІ жартысы-20ғ. басы) »

Мамандығы - 07. 00, 02 тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.

Рылыми жетекшісі:

Тарих ғылымдарының докторы, профессор: С. Мадуани.

Қазахстан Республикасы

Алматы - 2008

Кіріспе .:
  1. Кіріспе .
3: 3
Кіріспе .:

1 Патшалы Ресейдің Жетісудағы үстемдігі және

оған Ұлы жүз қазақтарының қарсылығы . . .

3: 17
Кіріспе .: 1. 1 Орыс әскери құрылымдарының Жетісуға басып кіруі және Тойшыбек бекінісі түбіндегі шайқас . . . . . .
3: 17
Кіріспе .:
  1. 1. 2 Ұлы жүз қазақтарының Верный бекінісінің салынуына қарсылығы және Ұзынағаш шайқасына қатысуы . . .
3: 38
Кіріспе .:
  1. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдардағы Жетісу өлкесіндегі

азаттық күрес . . .

3: 59
Кіріспе .:

2 ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай

және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

3: 88
Кіріспе .: 2. 1 Жетісу қазақтарының азаттық күресіндегі ұлттық интелегенциясының рөлі . . . .
3: 88
Кіріспе .: 2. 2 Жетісудағы 1916 жылғы көтеріліс. . . .
3: 104
Кіріспе .:
  1. 1917 жылдағы Ақпан төңкерісінің Жетісу

қазақтарының азаттық күресіне тигізген ықпалы…… . . .

3: 118
Кіріспе .:
  1. Қорытынды
3: 135
Кіріспе .: Пайдаланған деректердің тізімі .
3: 138

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде тәуелсіздігімізді алып, жас мемлекетіміздің ірге тасын қалаған қазіргі таңда қазақ халқының тарихын жаңаша көзқараспен жазуға және онда орын алған мәселелерге талдау жүргізіп, ғылыми тұрғыдан баға беру қажет-ақ. Осыған байланысты отан тарихында аз зерттелген немесе назардан мүлдем тыс қалған және тарихи тұрғыдан өз бағасын ала алмай келе жатқан мәселелер аз емес. Соның бірі Ресей империясының Жетісу өлкесіне басып кіргеніне наразы болған, аяғы толассыз ұлт-азаттық қозғалысқа ұласқан жергілікті халықтың күресі еді. Аталған мәселе отандық тарихнамада өз деңгейінде ғылыми сараптаудан өтпеген немесе әлі үстүрт қаралып келеді. Сондықтан да тарих ғылымында бұл мәселенің арнайы зерттелуі Ресейлік отарлауға қарсы шыққан Жетісу қазақтарының азаттық күресін ғылыми негізде тура және терең түсінуге жол ашпақ.

Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген еді: «Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың әз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады» [1] .

ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықта болған Жетісу өлкесіндегі жергілікті халықтың азаттық жолындағы күресі Жетісу өлкесіне басып кірген орыс әскеріне барынша тосқауыл қою, патша үкіметінің Жетісу өлкесіне салған бекіністер тізбектерін жою, Ресейдің орталық губернияларынан қоныс аударған шаруаларды тоқтату, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде окоп қазу және тыл жұмыстарына адам бермеу сияқты қарсылық түрлерінен тұрды.

Диссертация тақырыбының өзектілігі сонда, осыған дейін Жетісу өлкесіндегі азаттық қозғалыстың тарихы арнайы түрде зерттелмеген. Бұл мекеменің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің билігіне бағындыру кезінде жүзеге асырған іс-қимылдары мен айла-әрекеттері тарихта мүлдем ашылмай, ғылыми тұрғыдан өз бағасын әлі күнге дейін өз бағасын алмаған. . Сол себептен де зерттеліп отырған патша өкіметінің Жетісудағы әскери-әкімшілік мекемесінің отаршылдық жүйедегі ерекше орнын және оның қазақ даласындағы әрекет-қимылдарының өзгешелігін деректер негізінде ашып көрсету өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысты зерттеулер біршама бар болғанымен, Жетісу өлкесіндегі қазақтардың азаттық күресіне ерекше көңіл бөлінбеген. Осыған қарамастан зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты еңбектер революцияға дейін және кеңестік заманда, сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдарында да жарық көріп отырған. Қарастырылып отырған мәселе бойынша революцияға дейінгі деректердің өз алдына құндылығы сонда, осы заманғы тарихшылар үшін аса маңызды фактілерді, көзқарастарды тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден тасада қалған нақты оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы мүмкін.

Жетісудағы азаттық күресті зерттеуде Ресей саяхатшыларының рөлі ерекше. Өйткені Жетісу өлкесі Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін патша үкіметі аймақтың өткен тарихын зерттеп, табиғи ресурстары мен өндіргіш күштерін анықтауға ұмтылды. Ал 1861 жылғы реформадан кейін Патшалы Ресей өзінің тез қарқынмен алға басып, жаңа рыноктық қатынаста жылдам және сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан өнеркәсібі мен саудасына арзан шикізат көздерін іздей бастады.

Сол себептен патша үкіметінің алдына отарлық шет аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын анықтау, сондай-ақ жергілікті халықтың Ресей билігіне деген көзқарастары мен қатынастарын түбегейлі зерттеу мәселелері тұрды. Оның едәуір бөлігі ғылым атын жамылған Орыс географиялық қоғамына жүктелді. Осы мақсатты көздеген патша өкіметі ХІХ ғасырдың ІІ жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдарының алдарына тәуелділікке түсіп қалған елдерге ғылыми экспедицияларды жарақтандырып, олар туралы географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс-тарихи материалдар жинап, оларды өндеу және тарату міндеттерін қояды.

Осыған байланысты саяхатшылар мен өлкетанушылар өз еңбектерінде Жетісу өңіріне географиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар ХІХ ғасырдың ІІ жартысында орын алған саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне жалпылама түрде сипаттама береді. Мәселен, сол ғасырдың 50 жылдарының аяғынан бастап-ақ өлкеге ғылыми және әскери мақсаттармен келген Ш. Ш. Уәлиханов [2], П. П. Семенов-Тянь-Шаньский [3], М. Венюков [4], П. Пичугин [5], Н. Северцов [6], А. И. Макшеев [7], Влангали [8] және тағы басқа да зерттеушілер келіп, арттарынан көптеген еңбектер қалдырады.

Шоқан Уәлиханов болса мазмұнға бай және өте құнды еңбектер қалдыра отырып, Жетісудің тарихына көңіл бөлген ол Іле өлкесіне географиялық сипаттама және орыстардың Ұлы жүз қазақтарын басқару тәртібін ашып көрсету арқылы Жетісу үшін тайталасқан Ресей, Қытай және Қоқан мемлекеттерінің іс-әрекеттеріне талдау жасайды. Ол өлкедегі патша әкімшілігінің шектен шыққан қысымына сыни көзбен қарап, Ұлы жүз қазақ руларының наразылықтарына тоқталады. Ал Жетісу мен Орталық Азияға бірнеше рет саяхат жасап, Тянь-Шань тауын жан-жақты зерттеген П. П. Семенов болса өзінің зерттеу еңбегінде Жетісу өлкесіне табиғи тұрғыдан ғана емес, сол кезде өңірде қалыптасқан саяси жағдайларға баға беріп, жергілікті патша әкімшілігінің басқару құрылымдары мен тетіктеріне, сондай-ақ қазақ билеушілерінің жаңа «тәртіпке» байланысты ұстанған бағыттары және халықтың отаршылдарға қарсы күресін сипаттайды.

М. И. Венюковтың шығармалары негізінен Ресей империясының азиялық шекарасы болды. Оның зерттеулерінде Жетісу өлкесінің Ресейдің империялық геосаяси жүйесінде қандай орын алатындығы мен орыс билігін сақтап қалу және оны баянды ету үшін Ұлы жүз қазақтарын қандай жолдармен бағыныштылықта ұстау, олардың ұлт-азаттық қозғалысын болдырмау шаралары сияқты мәселелерді қозғайды. Дегенмен ол Жетісу өлкесін мекендеген халықтың батылдығы мен жауынгерлік шеберлігіне баға беріп өткен.

П. Пичугиннің еңбегінде Ұзынағаш түбінде өткен шайқастың барысы жөнінде мәселе қозғалады. Бұл еңбекте қоқандықтармен бірігіп соғысқан қазақтардың ұлт-азаттық жолындағы тайталасы талданады.

Влангалидің еңбегінде қазақ билеушілерінің саяси ұстанымдарына көп көңіл бөледі. Әсіресе, оның еңбегінде Тойшыбек түбінде болған шайқаста орыс әскерінің жеңіліс табуының негізгі себептерін тереңірек талдап, қазақтардың азаттық күресі бүкіл Орта Азияға билік құруға ұмтылған патшалы Ресей үшін өте қауіпті болып табылатынын атап өткен.

Сондай-ақ, Жетісу тарихына байланысты мәселелер М. А. Северцов пен А. И. Макшеевтың еңбектерінде жазылады. Олар зерттеулерінде Жетісу өлкесін мекендеген халықтардың этникалық, саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелері келтіріледі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Жетісу тарихы және онда мекен еткен жергілікті халықтардың азаттық күресі жайлы мәліметтер Н. А. Аристов [9], В. Е. Недзвецкий [10], П. И. Пашино [11], Д. И. Романовский [12], А. Ф. Костенко [13], Ю. Д. Южаков [14], А. Иванов [15], Белявский [16], секілді көптеген патша офицерлері мен орыс шенеуніктерінің еңбектерінде көрініс тапты. Олардың еңбектерінде қолданылған деректер әлі күнге дейін маңыздылығы жағынан өз құндарын жоймаған. Алайда, бұл авторлардың еңбектері патшалық биліктің түрлі сұраныстарына негізділіп, империялық тұрғыдан жазылған. Бұл авторлар Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық күресін орнымен атамай, олардың наразылығын «тәртіпсіздікке», «бүлікшілікке» теңеген және жергілікті патша әкімшлік орындарына қатал шаралар қолдану жөнінде өз «кеңестерін» берген.

Мысалы: Н. А. Аристовтың еңбегінде Жетісу өлкесіндегі қазақ билеушілерінің саяси ұстанымдары олардың Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты қолдауы, патша әскерлерінің жаулап алушылығына қарсы қазақтың сұлтандары мен билерінің күресі және қырғыз руларының орыс билігіне қарсылығы беріледі.

Сондай-ақ В. Е. Недзвецкийдің еңбегінде де Ұзынағаш соғысына қатысқан қазақтардың рөліне тоқталады. Патшалы Ресейдің қазақтарға қарсы отаршылдық саясатын және Ұзынағаш соғысының сипаттайтын еңбегі ғылыми құндылығы жағынан өте жоғары деп бағалауға болады. Онда патша әкімшілігінің Жетісу өлкесіндегі билігін және жергілікті тұрғындар тарапынан наразылықтар туындамас үшін қатаң бақылауда ұстауының әдіс-тәсілдерінің жетілдірілуіне көп көңіл бөледі. М. А. Терентьевте өз еңбегінде Жетісу өлкесіндегі орыстардың отаршылдық жүйесіне тоқтала келіп, жергілікті патша әкімшілігінің әлі де болса да өлкенің байырғы халықтарына «жұмсақ» саясат қолданып, еш алаңсыз отырғанын, кез-келген уақытта көтеріліс бола қалса ешқандай дайындығы жоқтығын көрсетіп, сыни тұрғыдан жазады.

Патша өкіметінің Жетісу өлкесіне орнығуының стратегиялық жағынан маңыздылығын құптаған Белявский онда жергілікті халықтың наразылығын алдын алу үшін әскери биліктің жалғыз орыс шенеунігінің қолында болуы қажеттілік дегенді алға тартады.

Жетісу өлкесінде орын алған Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрестің сипаты мен барысын және сол көтерілістердің ошағын жою мақсатында жергілікті патша әкімшілігінің әр түрлі әдіс-тәсілдерді шебер қолданғаны туралы мәліметтерді М. А. Терентьев [17] пен И. О. Бабковтың [18] еңбектерінде кездестіреміз.

Жетісу өлкесіндегі қазақтардың орыс отаршылдарына қарсы күресін зерттеуде мұрағаттық деректерге сүйенген Н. В. Леденов [19] пен А. Г. Серебренниковтің [20] жазған еңбектері де өте бағалы болып табылады.

Н. В. Леденов өз еңбегінде патша өкіметінің қазақтардың көтерілісін басып жаншуда казактарды қарулы күш ретінде пайдаланғанын деректер арқылы келтірсе, Түркістан генерал-губернаторының нұсқауымен жазылған полковник А. Г. Серебренниковтың жазбасы да бірыңғай мұрағат деректердің негізінде жасалып, сол кездегі Жетісу жеріндегі қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына байланысты саяси оқиғалар туралы шынайы мәліметтер қалдырған.

Ресей империясының қазақ даласындағы отаршыл саясатын және оған қарсы шыққан қазақтардың наразылығына ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары да өз бағасын берген. Жалпы алғанда олардың еңбектерінде көрсетілген мәселелер тек Жетісу өлкесін ғана емес, бүкіл қазақ даласын қарастырған болатын. Авторлар патшалық әкімшілік жүргізген отаршылдық саясатын ашық талқыға салған және қазақ халқына әділетсіздік қысым көрсетілгеніне көп көңіл аударған. Алаш қайраткерлері өз еңбектерінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың мәнін аша түседі. Мәселен, Алаш жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінде жариялаған мақалалары Ресей үкіметінің жүргізген отаршылдық саясатын ашықтан-ашық сынайды. Ол 1916 жылғы қазақтардың Жетісудағы көтерілісі туралы еңбекті тұңғыш рет жазып, теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің төте жолы деп өркениетті елдердің мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер-білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа стратегиялық бағыты етіп алған. Ол қарусыз бейбіт халықты қырып, жерін күшпен тартып алып, малын айдап әкеткен патша өкіметінің қиянаттық іс-әрекеттерін әшкерелейді

М. Дулатов [21] пен М. Тынышпаев [22] өздерінің жер мәселесіне арнаған мақалаларында орыс шаруаларын қоныстандыру нәтижесінде жер мен судың азайып бара жатқанын, жергілікті тұрғындарға қысым көрсетіліп жатқанын жаза отырып, 1916 жылғы көтерілістің маңызын көрсетіп өтеді.

Революциядан кейінгі Жетісудағы және қазақ даласында болған ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты жарық көрген еңбектерге тоқталар болсақ, онда Т. Рысқұлов [23], И. Чеканинский [24], А. Ф. Рязанов [25], М. П. Вяткиннің [26], Г. Сафаров [27], П. Г. Галузо [28], А. Сұлтан-Заде [29], С. Асфендияровтардың [30] зерттеулері болды.

Бұлардың кітаптарында өлкедегі қазақтардың азаттық күресі Т. Рысқұлов пен И. Чеканинскийдің еңбектерінде көтеріліске себеп болған саяси факторларды баяндаса, қалған авторлардың зерттеулері отарлаудың көлеңкелі тұстары, орыс езгісінің пәрменділігі, әскери-әкімшілік орындардың құрылымы мен қызметіне шолу жасап, әрекеттерін ащы шындықпен көрсетеді.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында А. Ф. Рязанов мұрағат қорларындағы құжаттарды ғылыми айналымға енгізе отырып, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысына баға беріп кетеді. Жекелеген даулы мәселелерге қарамастан оның еңбегі өз құнын жойған жоқ.

Сырым Датұлының көтерілісін нақты деректемелер арқылы кең көлемде ашқан М. П. Вяткиннің зерттеу еңбегі елеулі. Еңбек көтеріліс кезеңдерін айқын зерделеп, оның барысы мен қорытындысына сипаттама береді. Г. Сафаров өз еңбегіңде өлкедегі отарлау алғашқы кезде әскери басқыншылық түрінде болып, содан кейін барып Ресейден дайын күйінде әкімшілік - полицейлік құралдың әкелініп танылғаны туралы қорытынды жасайды.

Мұндай қорытындыны П. Г. Галузо да жасайды. Ол Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді «қосып алуға» өте мүдделі екенін атап өтеді. П. Г. Галузо отарлық билікті «түзімдіктерді билейтін аппараты» және «орыстың әскери - шенеуіктік аппарат» деп екіге бөліп қарастырып, отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндіріп, отарлық саясат шет аймақтарға зор қасірет алып келді деген пікірге тоқтайды. «Отар Түркістан» деген деген кітабында ол былай деп жазады: «Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендеп кіруі ХVІІІ ғасырдың І жартысында-ақ басталған болатын. Орыс әскерлері елге ентелей әрі толассыз дерлік сұғына түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды…» Өйткені, Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясаты жөнінде келтірілген алысты көздейтін агрессиялық жоспарларын қарастыра отырып, Ресей Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің халықаралық ортада өз беделінен айрылып қалудан қатты қорықты.

Отарлық билік жүйесінің қазақ даласына енгізілуінің аяғы зор қасіреттерге ұшыратқанын С. Асфендияров та өз еңбегінде жазған болатын.

Қазақ даласындағы патша әкімшілігінің отаршылдық саясаты жөнінде және ондағы халықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне байланысты зерттеулер көптеген кеңестік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде орын алып, зерттеу нысандарына айналды. Дегенмен бұл зерттеушілердің сол кезде орын алған кеңес өкіметінің қысым көрсетуінің негізінде өздерінің көзқарастарын ашық көрсете алмағандықтан, қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына баға бере алмай, қайта керісінше Ресейдің жаулап алуы «прогрессивті», қазақтардың орыстарға қосылуы еркті түрде өтті деп жазуға мәжбүр болды. Мәселен маркстік-лениндік әдістемеге сүйенген кеңестік тарихшылар Н. А. Халфин [31], Е. Бекмаханов [32], А. Ибраев [33], Б. С. Сүлейменов пен В. П. Басин [34], С. М. Мәшімбаев [35], С. Е. Толыбеков [36], Г. С. Сапаргалиев [37], К. А. Жиреншин [38] патша өкіметінің отаршылдық саясатын көпе-көрнеу бұрмалап, қазақ халқына жасалынған зорлық-зомбылықтарды ұмыттырып, Ресейдің «басқыншылық саясаты» деген терминдерді алып тастап, оның орнына «өз еркімен қосылу» сияқты терминдерді қолданысқа енгізеді. Кеңес тарихшыларының мұндай тұжырымы коммунистік жүйе жойылғанға дейін үстемдік құрып келді.

Жалпы алғанда бұл ғалымдар патшалық Ресейдің жүргізген ұлы державалық саясаты қазақ халқына қайғы-қасірет емес, қайта керісінше олардың Ресейдің «қамқоры» арқылы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріліп, тек қана жақсылық әкелді деген көзқарасты ұстанды.

Мәселен Е. Бекмахановтың зерттеу жұмысы Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жатрысы - ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының тарихын патша өкіметінің қоныстандыру саясатымен тығыз байланыста алып қарады. Б. С. Сүлейменов пен В. П. Басиннің еңбектерінде патша өкіметінің реформалық шаралары отарлық билікті нығайтуға бағытталған деген ой орын алса, ал Г. С. Сапарғалиев пен С. М. Мәшімбаевтің еңбектері болса патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген жазалау шаралары мен әкімшілік - басқару жүйесінің құрылымдарын көрсетеді. К. А. Жиреншиннің зерттеуінде ХІХ ғасырдағы қазақ даласының саяси даму барысына баға беріледі.

Сонымен Жетісу өлкесіндегі Верный қаласының маңыздылығын ашып көрсеткен А. А. Горячеваның ғылыми еңбегі болды [39] .

Ұлы жүз қазақтарының 1858 жылғы күресі және 1860 жылғы Ұзынағаш шайқасына қатысқаны туралы Р. Бекназаровтың еңбегінде көрсетіледі [40] .

Тәуелсіздік жылдары ұлт-азаттық қозғалыс мәселесі жаңа қырынан зерттеліп, қазақ батырларының, билері мен төрелердің саяси келбеті, қоғамдық-саяси келбеті, қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттеулер жарыққа шыға бастады.

70 жылға созылған Кеңес империясы ыдыраған соң, отандық тарихта «ақтаңдық» беттері ашылып, ескі методологиялық зерттеуден бас тартып, ұлт-азаттық қозғалыстарға жаңаша тұрғыдан бағалар беріле бастайды. Қазақ тарихышлары арасында мұрағаттық деректерды сараптай отырып, 1916 жылы Жетісу өлкесіндегі қазақтардың көтерісін алғаш рет ғылыми негізде талдаған М. Қозыбаев болды [41] . Ол 1916 жылы қазақтардың съезде қабылдаған шешімдерін, көтерілістің барысына тоқталады. Ал келесі бір тарихшы С. Мадуановтың еңбегі Жетісу өлкесіндегі азаттық күреске нақты баға бермесе де, Орталық Азия халықтарының өзара қарым-қатынасын зерттеп, ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезінде Жетісу өлкесіндегі саяси оқиғаларға назар аударған. Алаштанушы ғалымдар К. Нұрпейісов [42] пен М. Қойгелдиевтың [43] еңбектерінде жадидтік және жалпымұсылмандық қозғалыстар, Орталық Азия халықтарының тәуелсіздік үшін күресі, Алаш қозғалысы жаңаша тұрғыдан зерттеле бастайды. К. Нұрпейісов өз зерттеуінде 1917 жылғы қазақ съездері, олардың шешімдері, Алаш автономиясы және оны құрудағы қазақ зиялыларының рөлі көтеріледі. М. Қойгелдиевтың еңбегі болса алғаш рет көпшіліктің назарына қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметін ұсынды. М. Қойгелдиевтың монографиясында 1905-1916 жылдардағы патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюі және ондағы қазақ зиялыларының саяси қызметтері көрсетіледі. Ол Алаш қайраткерлерінің Қытайдан қайтқан қазақ босқындарына көмектің қалай ұйымдастырғанын жазады. Сонымен қатар өлкедегі революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалысының ерекше белгілерін тереңірек танып білуге К. Л. Есмағамбетов [44], Д. А. Аманжолова [45], С. Мадуановтың [46] еңбектері мүмкіндік беріп, азаттық күрестің дамуындағы маңызды негізгі кезеңдері және қозғалыстың жеңілу себептері мен оның қазақ халқының тарихында қалған маңызды орнын көрсетеді.

Отарлау мәселесінің бағыттары мен қадамдары, оған қарсы азаттық қозғалыстағы қатысты мәселелер ұстанымдары Е. Ж. Валиханов [47], В. З. Галиев [48], М. Әбдіров [49], А. Махаева [50] және С. Рүстемовтың [51] еңбектерінде қарастырылған.

М. Әбдіровтың еңбегінде қазақ даласына алғашқы орыс қазақтарының келу уақытын, өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінде казактардың алатын орнын, казактардың қазақ даласын жаулап алуға және қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарын казактардың басып-жаншуда атқарған рөлін анықтауды міндет етіп қойған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның 19ғ.екінші жартысындағы -20ғ.басындағы мәдениеті
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтік психология саласындағы жетекшіліктің мәселесі
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz