Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

І Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы6

1. 1 Жеткіншектік шақтағы мәселелерге теориялық көзқарастардың дамуы6

1. 2. Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері10

ІІ Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері20

2. 1 Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар20

2. 2 Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдау нәтижесіндегі соматикалық өзгерістер29

2. 3 Психотропты заттардың әсерінен жеткіншек жастағы балалардың психикасы мен мінез-құлқындағы бұзылулар37

ІІІ Жеткіншектер арасындағы психотропты заттарды қабылдауын эксперименталды зерттеу48

3. 1 Жеткіншектердің қауіпті еліктеулер туралы ақпараттану деңгейін зерттеу48

3. 2. Жеткіншектердің психотропты заттарды қабылдаудың алдын алу және түзету56

Қорытынды61

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі

Бүгінгі таңда жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауы, олардың психикасына психотропты заттардың әсері өте ауқымды мәселеге айналып отыр.

Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстан әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану проблемасын туындатты.

Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаспаған қалыптаспаған жеткіншектер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқуы жиі кездесетін құбылыс. Мұндай әрекеттерден белең алуынан бастап - ақ оларды алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.

Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық жеткіншектердің психотропты заттарға әуестілігі деп аталады.

Жеткіншектік шақтың басталуы бірнеше арнайы қасиеттер арқылы байқалады. Олардың ең маңыздысы құрдастармен қарым-қатынасқа ұмтылу, өзбетімен болуға тырысу және тәуелсіз болуға ұмтылу болып табылады.

Жеткіншектік шақ - бала өмірінің күрделі және қарама-қайшы кезеңі. Жеткіншектік жастағы баланың психикасындағы және физиологиясындағы күрт өзгерістер мұғалімдер мен ата-аналардың көзіне түседі.

Жеткіншектік шақ - бала дамуындағы «өте ауыр дағдарыс» кезеңі.

Бұл жаста баланың аутизмі «өзіне кетуі» анық байқалады. Жеткіншек әр нірсеге уайымшыл болады. Жеткіншектер жасайтын қылмыстар мен өзі-өзіне қол жұмсаулар олардың кезеңіндегі дағдарыспен түсіндіріледі. Жеткіншектердің тұйықталу себептерін, олардың физиологиялық өзгерісіне тәуелді емес. Оның ересектермен дұрыс қарым-қатынас құра алмағандықтан туады. Ересектер оларды түсінбейтін сияқты. Олар өздерін керексіз және қамқорсыз сезінеді.

Жеткіншектің жеке басының ерекшеліктерін үш сөзбен түсіндіруге болады - өзбетімен болуға ұмтылу. Бұл оның мінез-құлқында, жеке басында және сезімінде байқалады.

Жеткіншектердің психотропты заттарға әуес болуы өте қауіпті мінез-құлыққа айналып отыр.

Психотропты заттарға құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Соның ішіндегі ең қауіпті есірткі затар. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты болуы мүмкін.

Психотропты заттар жеткіншектің көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол жеткіншектің есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, жеткіншек психотропты затсыз көңіл-күйі түсіп, бейшара халге түседі. Психопторты зат - бұл аса қаупті, қоғамның жас тобының тағдырына зиянды ісер етеді. Жеткіншектер психотропты заттардың кеселінен өзін-өзі ұстай алмай, жағымсыз мінез-құлықты көрсетеді.

Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауына әсер ететін факторлар өте көп. Психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді. Ішкі факторларға жеткіншектің мінез ерекшеліктеріне; оның пубертантты кезеңінің көріну формасына; орталық жүйке жүйесінің микроағзалық және дисфункционалды аутқушылығына (перинаталды ауытқушылық кезінде, бас-сүйек зақымы болғанда, жүйке инфекцияға шалдыққанда) байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, жоғары қатерлікті көрсететін жеке бас ерекшеліктерінің жиынтығынан психотропты заттарды қабылдауға бейім болады.

Жеткіншектердің ерекшелігі - олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық белгілерінің қатты дамып, өзгеруінде. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады.

Физиологиялық тәуелділік - психобелсенді және психотропты заттарды қабылдау кезінде пайда болатын соматикалық бұзылыс. Бұл бұзылыстарды абстинентті синдром деп атайды. Бұл кезде жеткіншек ағзасының зат алмасу үрдісінде өзгерістер пайда болады. Психотропты заттарды қабылдауды тоқтатқан кезде ағзаның өздігінен қызмет етуі әлсірейді. Себебі, психотропты заттар ағзаның қызмет етуін жақсартады, белсендіреді. Сондықтан, физиологиялық тәуелділік туады.

Зерттеу мақсаты - психотропты заттардың жеткіншек жастағы балалардың психикасын әсерін қарастыру және олардың алдын алу.

Зерттеудің міндеттері:

- психотропты заттардың жеткіншек жастағы балалрдың психикасына әсерін анықтау;

- психотропты заттарды қолданудың алдын-алу жолдарын қарастыру;

- психотропты заттардың жеткіншектің мінез-құлқының бұзылуының себептеріне түзету жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу объектісі: Жеткіншек жастағы балалар

Зерттеу пәні: Жеткіншек жастағы балалрдың психикасына психотропты заттардың әсер ету үдерісі.

Зерттеу болжамы - егер жеткіншектердің психотропты заттар туралы ақпараттану деңгейі анықталып, олармен алдын алу және түзету жұмыстары үнемі жүргізіліп отырса, оның арнайы бағдарламасы құрылса, онда жеткіншектердің психотропты заттарға тәуелділігі пайда болмайды.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - Л. С. Выготский, Э. Геккель, А. Адлер, З. Фрейд, Р. С. Немов, Қ. Жарықбаевтың еңбектері қарастырылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы - мектеп психологтары, мұғалімдердің, сынып жетекшілердің, тәрбиешілердің, әлеуметтік педагогтардың жұмысында пайдалануына материалдар қалдырылды. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерімен таныстырып, психотропты заттарды қабылдаудың алдын алу және түзету жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеу базасы - Тәжірибелі эксперимент жұмысы Семей қаласының № 17 жалпы орта білім беретін мектебі, 6-8 сынып оқушылары.

І Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы

1. 1 Жеткіншектік шақтағы мәселелерге теориялық көзқарастардың дамуы

Нақты жеткіншекті зерттеу қазіргі таңда оның тарихи пайда болуына тоқталуды мәжбүр етеді.

ХVII-XVIII ғғ. жеткіншектік жас ерекше кезең ретінде қарастырылып, анықталмайды. Балалық кезеңі жыныстық пісіп жетілумен аяқталатын болды. Көптеген жастарды ересектер өміріне еңдірді. Жыныстық пісіп жетілу акселерацияның арқасында қазіргі жастарда ерте пайда болып отыр. Әлеуметтік пісіп жетілу де балалық шақ пен ересектер арасында үлкен айырмашылықты тудырды. Жеткіншектік шақтың пайда болу себебі неде? Оны неліктен зерттеп қарастырды?

Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер капиталдық формациямен байланысты болғандықтан, онтогенез кезеңін өзгертті. Балалық шақ мәселелерімен айналыса отырып, француз тарихшысы П. Арье бұл өзгерістерге келесі әлеуметтік өзгерістер ісер етті деп санайды. Олар бұқаралық мектептер, орта және жоғары оқу орындарының көбеюі, сонымен бірге әскерге бару болып табылады. (XVIII ғасырларда Еуропа елдерінде ұл балалар мектеп аяқтаған соң әскерге шақырыла бастады) . Сондықтан жеткіншектік шақтың пайда болуы кейіннен болды. Ол балалық шақ пен ересектер арасындағы кезең деп есептеледі. Яғни, бала емес, бірақ әлі ересек те емес. Қазір психологияда жеткіншектік шақ туралы көптеген теориялар бар. Ол өте қарқынды дамыған кезең. Бұдан 4-5 жүзжылдық бұрын жеткіншектік шақ әлі болған да емес. [14]

Жеткіншектер балалық кезеңңен өткеннен кейін, ата-аналарымен қарым-қатынастан, құрдастарымен қарым-қатынасқа, ой бөлісуге көшеді. Ата-аналардың, мұғалімдердің, ересектердің пікірінен құрдастарының пікірін артық санайды. Тек жеткіншектер ғана бірін-бірі түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идеал, ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш - бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі. Осылай жеткіншек өзін-өзі таниды.

Адамның өмірлік циклындегі объективті өзгерістерді сезіне отырып, жастар құқығы үшін әлеуметтік қозғалыс пайда болды. XIX ғасырдың аяғында бұл қозғалыстың нәтижесінде капиталистік мемлекеттер Еуропа және Америка жеткіншектің заңды статусын қабылдауға мәжбүр болды. Сонымен бірге жастардың құқығын қорғау заңын да бекітті.

Сол екі жүзжылдық бойы әлем өзгеуде және жаңаруда. Сонымен бірге жеткіншектік жастың психологиялық мінездемесі өзгере ме? Бұл психолог үшін біржақты жауап болып табылады. Ол: әлеуметтік-тарихи өзгерістер әр жас кезеңге әсер етеді және бұл кезеңдер онымен бірге өзгереді.

Жеткіншектік жастың дамуына және оның әлеуметтік құбылысына ең алғаш Ж. Ж Руссо мән беріп қарастырған болатын. Өзінің 1762 ж. жазылып шыққан «Эмиль» атты романында (Ж. Ж. Руссо, 1981) ол адам өміріндегі бұл жастағы психологиялық өзгеріске ең алғаш мән беріп байқаған. Руссо, жеткіншектік жасты екінші рет дүниеге келу деп қарастырды. Бұл жаста өзіндік сана дамитыны туралы айтып кетті. «Эмиль» еңбегі жеткіншектік шақтың қалыптасуына үлкен түрткі болса да, өзінің тақырыбына ғылыми жаңалықты С. Холлдың «Есею: оның психологиясы және антропология, физиология, әлеуметтену, секспен, қылмыспен, дінмен біліммен байланысы» негізгі екі томдық жұмысында көрді. Бұл еңбегі ең алғаш 1904 жылы жарық көрді. Ол кең тарады. С. Холлды өтпелі кезеңнің әкесі деп бекер атамаған. Ол бұл жасқа тән концепцияларды атап қоймай, осы жастағы бірнеше мәселелер туралы да айтып кетті. Бұл мәселелер жеткіншектік шақты толық суреттейді деп айтуға болады. [18]

С. Холлдың анықтамасы бойынша өзіндік санада пайда болатын дағдарыс, баланың «индивидуалдығының» қалыптасуына түрткі болады.

Дамудың жеткіншектік феномендерін анықтай отырып, С. Холл Э. Геккелдің «биогенетикалық заң» тұжырымдамасына сүйенеді. Онтогенез биогенез моделіне ұқсас эволюциясы болып табылады.

Биологияда Э. Геккелдің заңы эмбриология негізіне сүйенсе, онда психологияның эмпирикалық мағлұматы холдық социогенетикалық моделімен толық ұласады.

Кейін жеткіншектік жасты зерттеуші теоретиктер дамудың социогенетикалық моделінен бас тартып, оның орнына эволюциялық моделді қабылдады.

Дағдарыс түсінігі - холлдық концепциясының жетістігі. Бұл қазір де көптеген жұмыстарда пайдаланылады.

Атақты орыс психологы Л. С. Выготский дамудың дағдарыс кезеңін басқаша бейнелейді. Бұл дағдарыс кезеңінде жағымсыз белгілермен қатар, жағымды белгілері де бар екенін дәлелдеді: «Дағдарыс кезеңіндегі ең маңызды мазмұны жаңадан қалыптасу болып табылады». [17]

Жеткіншектік жастағы дағдарыстың теориялық моделдері барлық батыс және отандық зерттеушілердің еңбектерінде жарық көрді. З. Фрейд және А. Фрейдтің (психоанализ), К. Левин (гештальтпсихология) және Р. Бенедикт (бихевиоризм) теориялары бір-біріне мүлдем ұқсас болмаса да, жеткіншектік жасты суреттеген кезде онтогенетикалық дамуды зерттеуде ұштасады.

Жеткіншектік жаста балалардың психикалары бұзылады. Олар жағымсыз мінез-құлыққа барады. Жеткіншектік жаста балалардың жеке басының пісіп жетілуіне оның отбасы, құрдастары және мұғалімдердің қатынасы әсер етеді.

Жеткіншек жастағы балалардың әлсіз, кішкентай болып көріну алдында қорқынышы пайда болады. Өзінің есейгенін білдіру үшін, дөрекілік және қырсықтықты көрсетеді. Алайда ол өзінің қателігін түсінеді.

Жеткіншекке қатты, дауыс көтеріп сөйлеген кезде, ол ренжіп, қарсылық және агрессия білдіреді. Ол кез келген салада өз пікірімен бөлісіп, өзіндікін дәлелдеуге тырысады.

Социогенетикалық моделді эволюциялық моделге өзгерту Боастың еңбектерінен болды. Антропологтардың жұмыстары жас аборигенлердің жыныстық пісіп жетілуі ешқандай сыртқы кикілжіңдермен жүрген жоқ.

Л. Н. Толстой өзінің автобиографиялық еңбегінде жеткіншектің уайым-сезімдерін жақсы суреттеді: « . . . қара тақтаның алдында тұрып, мен көп ойландым. Неліктен симметрия көз үшін жағымды? Симметрия дегеніміз не? Мен не ойлап тұрмын? Бұл ой қайдан пайда болды?

. . . ойлануға бейімділігім, әр нірсені күрделіндіреді. Неліктен, мен қарапайым нәрсе үшін басымд ауыртамын? Менің басымда неше түрлі ойлар бар . . . Өзіме-өзім мен не туралы ойлап отырмын? деген сұрақ қойып, өзім жауап беремін. Мен не туралы ойлап отырғанымды ойлап отырмын деп . . . Ойдан ой пайда болды». (Толстой полн. собр. соч., т. 2. М. : Гослитиздат. )

Мұндай өзін-өзі талдау әрбір жеткіншекке тән. Бұл жеткіншектік шақтың өзі-өзін талдаудың ерекшелігі болып табылады.

Егер индивидтің дамуы табиғи үрдіс болса, онда әлеуметтік ықпал табиғи үрдісті өзгертеді.

Адамның дамуын жануардың дамуымен теңестіруге болмайды. Адамның дағдарыс кезеңі мүлдем басқаша жүреді.

Л. С. Выготский Арнольд Геззельдің «Ерте жастың педалогиясы» атты кітабында бала жеке басы әлеуметтік деп қарастырған. Әлеуметтік өзгерістен биологиялық өзгеріс болады деп жазған. [17]

Р. Бенедикт 30 жж. биховиористік бағытты зерттеген. Ол өз жұмыстарында Баос 20 жж. антропологиялық еңбектеріне сүйенді. Бенедикт үнді елінің жеткіншектерін, сонымен қатар Африка, Мексика және Жаңа Гвинея жеткіншектерін зерттеген. Ал оның әріптесі М. Мид Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеу объектісі ретінде алды. Еуропалық пен американдық жеткіншектер даму формасына қарай бір-бірінен өзгешелеу болды.

Жеткіншектер өздерін «ересекпін» деп есептеуі - өмір қағидасы. Жеткіншектердің барлық жағынан ересектікке талпынуына толық құқығы бар. Себебі ол - психологиялық, физиологиялық, жыныстық, ақыл-ой, ата-анамен қатынас жағынан жетілген, үлкен өзгеріске ұшыраған кезең. Сондықтан да олар өздерін ересектер санатында ұстап, ересектерден де соны талап етеді.

Жеткіншек бала емес, бірақ әлі ересек те емес. Ол басқалардың оның жеке басына қол сұққанды ұнатпайды. Жиі ата-аналары баласының өсіп келе жатқанын мойындағысы келмегіндіктен жеткіншекпен кикілжіңге түседі. Көптеген ата-аналар жеткіншек жастағы балаларына «кәшкентай бала» деп қарайды.

Жеткіншектік шақ - барлық кезеңдер ішіндегі жеке бастың қалыптасуының ең ауыр кезеңі. Басқа жағынан ең жауапты кезең. Бұл кезде жеткіншектің адамгершілік құндылықтары, өзін, басқаларға деген қатынасы қалыптасады. Сонымен қатар, бұл шақта жеке бас қасиеттері мен қатынас стилдері қалыптасады. Жеткіншектер өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі нақтылауға ұмтылады.

Жеткіншектердің ерте есеюіне олардың физиологиясындағы және дене бітіміндегі өзгерістер әсер етеді.

К. Левин жеткіншектер қауыпдастығы деп қарастырды. Ол балалар қауымдастығынан ересектер қауымдастығына көшу деп санады. Яғни жеткіншектердің дамуы оның ортасына және қауымына тікелей байлансыт деп айтып кетті. Сонымен қатар, жеткіншектік шақты зерттеуге қз үлестерін қосқан зерттеушілер Л. Айзенгер, Э. Шпрангер, Ш. Бюлер, К. Юнг, А. Адлер, Ж. Пиаже және т. б.

1. 2. Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері

Өтпелі кезең - бұл балалық шақ пен жасөспірімдік шақ ортасындағы кезең. Ол 10-11 жастан 13-14 жасқа дейінгі кезеңді (5-8 сынып) қамтиды. Өтпелі кезең түсінігі жеткіншекалды, ерте жеткіншектік және орта жеткіншектік шақ дегенді білдіреді.

Жеткіншектік шақтың басталуы бірнеше арнайы қасиеттер арқылы байқалады. Олардың ең маңыздысы құрдастармен қарым-қатынасқа ұмтылу, өзбетімен болуға тырысу және тәуелсіз болуға ұмтылу болып табылады.

Жеткіншектік шақ - бала өмірінің күрделі және қарама-қайшы кезеңі. Жеткіншектік жастағы баланың психикасындағы және физиологиясындағы күрт өзгерістер мұғалімдер мен ата-аналардың көзіне түседі.

Жеткіншектік шақ - бала дамуындағы «өте ауыр дағдарыс» кезеңі.

Бұл жаста баланың аутизмі «өзіне кетуі» анық байқалады. Жеткіншек әр нірсеге уайымшыл болады. Жеткіншектер жасайтын қылмыстар мен өзі-өзіне қол жұмсаулар олардың кезеңіндегі дағдарыспен түсіндіріледі. Жеткіншектердің тұйықталу себептерін, олардың физиологиялық өзгерісіне тәуелді емес. Оның ересектермен дұрыс қарым-қатынас құра алмағандықтан туады. Ересектер оларды түсінбейтін сияқты. Олар өздерін керексіз және қамқорсыз сезінеді.

Жеткіншектің жеке басының ерекшеліктерін үш сөзбен түсіндіруге болады - өзбетімен болуға ұмтылу. Бұл оның мінез-құлқында, жеке басында және сезімінде байқалады.

Кіші мектеп жасындағы балалармен салыстырғанда, жеткіншектер мектепте және отбасында жаңадан орынға ие болады.

Оның денелік күші мықтыланып, өмірлік тәжірибесі кеңейді. Мысалы, жеткіншек жастағы ұл бала өзінің денелік мүмкіндіктері мен білімі арқасында көп нәрсені өзбетімен орындай (бір затты жөндеп, керексіз затты жинап, шығарып тастау және т. б. ) алады деуге болады.

Жеткіншек бала емес, бірақ әлі ересек те емес. Ол басқалардың оның жеке басына қол сұққанды ұнатпайды. Жиі ата-аналары баласының өсіп келе жатқанын мойындағысы келмегіндіктен жеткіншекпен кикілжіңге түседі. Көптеген ата-аналар жеткіншек жастағы балаларына «кәшкентай бала» деп қарайды.

Ересектердің жеткіншектерге деген қатынасы қандай болу керек? Баланың мінез-құлқын, әрекетін үнемі қадағалағанның орнына, оның жеке басына үлгі-өнеге болу керек. Жеткіншектер қатал, бірақ әділ мұғалімдерді ұнатады. Мұндай мұғалімдер жеткіншектерге талап қоя біледі және олардың жеке басын да сыйлайды. [21]

Жеткіншектер үшін қызығушылықтардың әр түрлі болу қасиеттері тән. Оларды дұрыс тәрбиелеп, дамыту кезіңде қабілеттіліктер мен бейімділіктерінің дамуына ықпал етеді. жеткіншектің білімі тереңдеп, ол ғылыми пәндерді оқиды, белгілі пәндерге деген ерекше қызығушылығы пайда болады. Сонымен қатар, жеткіншек «жас техник» деген бейімділіктерді игеруі мүмкін. Кісіби қызығушылықтар осы жаста пайда болып, жоғары сыныпқа келгенде толығымен қалыптасады.

Жеткіншектер спортпен, музыкамен, туризммен шұғылданады, театрға барады, көркем өнерпаз үйірмесіне қатысады, өздерінің кумирлері бар плакаттарды жинақтайды, фан-клубтарға қатысады. Көп жағдайда қызығушылықтары құмарлыққа айналады. Уақытын дұрыс ұйымдастырып, күн тәртібін сақтаған кезде, жеткіншек сабақты жақсы оқып, мектептен тыс іс-шаралармен айналысып, және қызығушылықтарына уақыт бөле алады.

Жасөспірімдік шаққа жетіп қалған жеткіншектер үшін адамдардың сезімдері мен уайымдарына жоғары қызығушылық таныту тән қасиетке айналады. Олар өздерінің жан дүниесіне үніліп, өзін-өзі талдауға және сараптауға бейім болады.

Л. Н. Толстой өзінің автобиографиялық еңбегінде жеткіншектің уайым-сезімдерін жақсы суреттеді: « . . . қара тақтаның алдында тұрып, мен көп ойландым. Неліктен симметрия көз үшін жағымды? Симметрия дегеніміз не? Мен не ойлап тұрмын? Бұл ой қайдан пайда болды?

. . . ойлануға бейімділігім, әр нірсені күрделіндіреді. Неліктен, мен қарапайым нәрсе үшін басымд ауыртамын? Менің басымда неше түрлі ойлар бар . . . Өзіме-өзім мен не туралы ойлап отырмын? деген сұрақ қойып, өзім жауап беремін. Мен не туралы ойлап отырғанымды ойлап отырмын деп . . . Ойдан ой пайда болды». (Толстой полн. собр. соч., т. 2. М. : Гослитиздат. )

Мұндай өзін-өзі талдау әрбір жеткіншекке тән. Бұл жеткіншектік шақтың өзі-өзін талдаудың ерекшелігі болып табылады.

Өзіндік сана - бұл өзін-өзі саналы түрде сезіну. Жеткіншек бұл кезде өзінің кемшіліктерін, өзінің қабілеттіліктер мен мүмкіндіктерін сезінеді, өзінің қылықтары үшін жауап бергісі келеді.

12-14 жаста жеке өміріне деген қызығушылық пайда болады. бұл қызығушылық жасөспірімдік шақта арта түседі.

Жеткіншектер басқа біреулердің берген мінездемесін өзінің мінездемесі ретінде қабылдайды. «Өзінің мұндай қасиетін жайлы қайдан білесің?» деген сұраққа ересектердің айтқан пікірінен деп жауап береді. Алайда олар басқаларға да баға беруге бейім болады.

Басқаларды бағалау кезде жеткіншектер көп қателіктер жібереді. Олардың адамдардың жеке қылықтарын олардың жеке бас мінездемесі деп қабылдайды.

Жеткіншектің пікірлері әрқашан объективті бола бермейді. Мысалы, олар достарының дөрекілігі және тұйықтылығы туралы айтып, өзінің тарапынан мұндай мінез-құлықты байқамайды. Жеткіншектердің барлығы өзі-өзіне сын көзбен қарамайды, өздерінің қателіктерін шын және ашық түрде мойындағылары келмейді.

Сыртқы ескертулер мен бағалауларға жеткіншек өте сезімтал. Сондықтан ол жүрегіне жақын қабылдап, көңіл-күйі құбылып тұрады. Ересектер тарапынан аса көп мақтаулар жеткіншектің өзіндік бағасын тым жоғарылатып, өзімшілдігін арттырады. Ал кішкентай сәтсіздік оның өз күшіне сенімсіздігін тудырады. Бұл кезде сенімсіздік, ұялшақтық және тұйықтылық сезімдері артуы мүмкін. Сондықтан жеткіншектермен қарым-қатынасқа түскен кезде мұғалімдер, ата-аналар және тәрбиешілер дұрыс қарым-қатынас стилін ұстану керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Даму психологиясы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz