Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері

1. Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар

2. Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдау нәтижесіндегі соматикалық өзгерістер

3. Психотропты заттардың әсерінен жеткіншек жастағы балалардың психикасы мен мінез-құлқындағы бұзылулар

4. Жеткіншектердің психотропты заттарды қабылдаудың алдын алу және түзету

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі таңда жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауы, олардың психикасына психотропты заттардың әсері өте ауқымды мәселеге айналып отыр.

Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстан әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану проблемасын туындатты.

Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаспаған қалыптаспаған жеткіншектер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқуы жиі кездесетін құбылыс. Мұндай әрекеттерден белең алуынан бастап - ақ оларды алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.

Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық жеткіншектердің психотропты заттарға әуестілігі деп аталады.

Жеткіншектік шақтың басталуы бірнеше арнайы қасиеттер арқылы байқалады. Олардың ең маңыздысы құрдастармен қарым-қатынасқа ұмтылу, өзбетімен болуға тырысу және тәуелсіз болуға ұмтылу болып табылады.

Жеткіншектік шақ - бала өмірінің күрделі және қарама-қайшы кезеңі. Жеткіншектік жастағы баланың психикасындағы және физиологиясындағы күрт өзгерістер мұғалімдер мен ата-аналардың көзіне түседі.

Жеткіншектік шақ - бала дамуындағы «өте ауыр дағдарыс» кезеңі.

Бұл жаста баланың аутизмі «өзіне кетуі» анық байқалады. Жеткіншек әр нірсеге уайымшыл болады. Жеткіншектер жасайтын қылмыстар мен өзі-өзіне қол жұмсаулар олардың кезеңіндегі дағдарыспен түсіндіріледі. Жеткіншектердің тұйықталу себептерін, олардың физиологиялық өзгерісіне тәуелді емес. Оның ересектермен дұрыс қарым-қатынас құра алмағандықтан туады. Ересектер оларды түсінбейтін сияқты. Олар өздерін керексіз және қамқорсыз сезінеді.

Жеткіншектің жеке басының ерекшеліктерін үш сөзбен түсіндіруге болады - өзбетімен болуға ұмтылу. Бұл оның мінез-құлқында, жеке басында және сезімінде байқалады.

Жеткіншектердің психотропты заттарға әуес болуы өте қауіпті мінез-құлыққа айналып отыр.

Психотропты заттарға құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Соның ішіндегі ең қауіпті есірткі затар. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты болуы мүмкін.

Психотропты заттар жеткіншектің көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол жеткіншектің есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, жеткіншек психотропты затсыз көңіл-күйі түсіп, бейшара халге түседі. Психопторты зат - бұл аса қаупті, қоғамның жас тобының тағдырына зиянды ісер етеді. Жеткіншектер психотропты заттардың кеселінен өзін-өзі ұстай алмай, жағымсыз мінез-құлықты көрсетеді.

1 Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар

Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауына әсер ететін факторлар өте көп. Психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді. Ішкі факторларға жеткіншектің мінез ерекшеліктеріне; оның пубертантты кезеңінің көріну формасына; орталық жүйке жүйесінің микроағзалық және дисфункционалды аутқушылығына (перинаталды ауытқушылық кезінде, бас-сүйек зақымы болғанда, жүйке инфекцияға шалдыққанда) байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, жоғары қатерлікті көрсететін жеке бас ерекшеліктерінің жиынтығынан психотропты заттарды қабылдауға бейім болады.

Жеткіншектік шақ психотропы заттарды қабылдауға итермейлетейтін негізгі фактор болып табылады. Ағзаның құрылымдық және қызметтік жүйесінің нәтижесінде еліктеі өрісінің қысымы (жеткіншектік гиперсексуалдық, агрессивтілік және т. с. с. ) пайда болады.

Әсер етуші факторлар

Психологиялық факторлар. Психотропты заттарды қабылдаудың себебі эмоционалды қозушылық, депрессия, өз көңіл-күйін жоғарылату себептері түрткі болады. Психотропты заттар үрейді жояды. Дәрігерлер депрессиядан емдеу үшін антидепрессанттарды ұсынады. Антидепрессанттардың құрамында психотропты заттар болады.

Егер ең алдымен бұл депрессиядан құтылу әдісі болса, онда біраз уақыттан соң ол депрессивті көңіл-күйдің бастауы болады. Жеткіншектің көңіл-күйі бұдан былай психотропты заттарсыз көтерілмейді. Жиі депрессия кеңет жоғарылайды, әсіресе, жеткіншектік шақта. Психотропты заттарды қабылдауға бейім жеткіншектердің мінезін суреттесек, олар өте сезімтал, эмоционалды, өзіне сенімсіз, тұйық және ортаға бейімделе алмайтын жеке бастар. Олардың берік және белгілі әлеуметтік қызығушылықтары болмайды. Олар ертеңгі күндеріне сенімсіз болады. Мұндай жеткіншектер қоршаған ортаның қысымына шыдамайды. Артистік және көркем ортадан шыққан адамдар өздерін қоғамда әлсіз, қамқорсыз сезінеді. Жиі суретшілер, музыканттар және артисттер есірткінің кеселінен өмірден ерте кетіп жатады. Суреттелген бейнелерден басқа, әлеуметтік деңгейі төмен, мәдениетсіз жастар да есірткіге құмар болады. Жеткіншектік өтпелі шақ есірткіге құмарлықтың пайда болу кезеңі деп айтуға болады. Бұл кезде жеткіншектің психологиясы жаңадан қалыптасады, сыртқы факторларға төзімсіз және сезімтал болады, ескертулерді көтере алмайды. Осы кезде ол өзінің жан тыныштығын есірткіден табуы мүмкін. Жеткіншектер қоғамды өзіне қарсы деп қабылдауға өте бейім болады. Әлсіз, өзіне сенімсіз жеткіншектер стрестік жағдайға төтеп бере алмайды, бұл олар күйзеліске ұшырайды. Бұл жеткіншектің жеке бас ерекшелігіне байланысты.

Психотропты заттарды қабылдауға психикасында ақаулықтары бар және мінезінде екпіні бар жеткіншектер барады. Мінез екпіндерінің ондаған түрлері бар, және де олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. есірткіге құмарлары эпилептоидты, истеройдты, гипертимді, конформды типтер. Әрбір жеткіншектің мінез екпіні болады. Алайда олардың артуына әсер етуші фактор әлеуметтік орта болып табылады.

Биологиялық факторлар. Бүгінгі таңда психотропты заттарға тәуелділік адамдардың әлеуметтік және жекебас - психологиялық мәселелерінен туындайды.

Психортопты заттарға тәуелділік кезінде биологиялық факторлардың рөлі көп. Сонымен қатар, әлеуметті-психологиялық факторлар биологиялық факторлармен тығыз байланысты. Олардың қайсысы басым екенін анықтау өте қиын.

Бұл ғалымдар дәлелдеген жалғыз фактор. Психотропты және есірткі заттарға тәуелділік тұқымқуалайды. Ата-аналары есірткі заттарға тәуелді болса, жеке бастың есірткі заттарға тәуелділігі ықтимал.

Психотропты заттардың бірнеше түрлері бар. Олардың құрамында психобелсенді заттар болады. Оның бірі ЛСД. ЛСД-ның пайда болу тарихы өте ұзақ құбылыс.

ЛСД-25 ең алғаш 1938 жылы швейцар химигі Альберт Хофман анықтады. Бірақ бұл заттың психотропты қасиеттері 1943 жылы кездейсоқ табылды. Белгілі уақытта бұл дәрі арқылы шизофрения ауруының табиғатын зерттемекші болды. Бірақ ортақ қасиеттеріне қарамастан, шизофрения мен ЛСД-ң әсері арасындағы байланыс жоққа шығарылды. 1950 жж. басында дүниежүзінің психиатриялық мекемелері адамдар мен жануарларға эксперимент жүргізді. Ал швейцарлық компания Sandoz құрамында ЛСД-25 бар Делизид деген дәрілік препарат жасап шығарды.

1960 жж. ЛСД-ы белсенді зерттеді. Ең жақсы эксперименттер «МК Ультра» бағдарламасы бойынша ЦРУ-да (АҚШ) жасалды. ЛСД-ң әсерін АҚШ-тың университеттерінің және басқа елдердің ғалымдары зерттеді. Станислав Грофтың және Тимоти Лиридің зерттеулері неғұрлым танымал болды. Тимоти Лири ЛСД-ң зиянды элементтеріне қарағанда, пайдалы жағы бар екенін дәлелдеуге тырысты. Ол ЛСД-ны кейбір студенттерге, оның зиянды әсері туралы айтпай, таратты. Соның нәтижесінде Тимоти Лириді билік қуғынға салды.

Зерттелгеннен кейін ЛСД шизофрения сияқты ауруларды емдеу үшін психиатрияда кеңінен қолданылды. Алғаш рет қолданылған кезде ЛСД өте әйгілі препараттарға айналды. Бірақ бұл психотропты затты жастар қоғамында қабылдай бастағандықтан, ЛСД-ы ем мақсатында да қолдануға тыйым салды.

Америка бойынша психотропты заттарға және ЛСД-ге ермек пайда болды. Доктор Лиридің сөзі кең тарады: «Tum on, tune jn, drop out» («Оян, күйіне кел, өш») . Зерттеушілер бойынша ЛСД-ны қабылдауға тыйым салудың негізгі себебі жастар ортасындағы масштабты әлеуметтік өзгерістер алдында қоға мен үкіметтің консерватизмі және қорқыныші болып табылады. Сол уақыттағы әлеуметтік және саяси ахуал ЛСД-ны қолдануға тыйым салудың бірден бір себебі (сол уақытта хиппи қозғалысы дамыды, Вьетнамдағы соғысқа қарсылық күшейе түсті) .

2005 жылдың жазында «Психиатрияның Британдық журналында» («The British Journal of Psychiatry») ЛСД-ң медициналық мақсатта пайдаланудың маңызы туралы мақалада жазылды. Нәтижесінде тәуелсіз медициналық журнал «The Lancet» редакторлық мақаласында ЛСд-ны пайдалануға рұқсат берілді. ЛСД-ны медициналық жолда қолдану уақыты Альберт Хофманның 100 жылдығына сәйкес болды (2006 жылдың қаңтар айында) .

Психотропты препараттар өте көп. Соның ішінде әлсіз әрекет ететін препарат, бірнеше түрлері бар, сәл масайтатын әсері бар әйгілі - кенепшөп (кендір, қарақурай, сора) орысша атауы конопля, (Cannabis sativa) . Кенепшөптің дәндері б. э. дейін 3-ші мыңжылдықта еуразияда табылған каннабистан дайындалады (Сібір өңірінде өсетін әр түрлі түстен тұратын өсімдік) .

Кенепшөп Көне әлемде атақты болды. Хирург Доскорид каннабисті анестезия үшін пайдаланды. Оның әр түрлі бейнелер мен елестерді тудыратын қасиеті бар деп айтты (ауруды басатын эффект үшін гашиштің жоғары дозасы қажет. Конопляның смоласынан бұл кезде галлюциногендік қасиеттері көрінеді) . Геродот айтуы бойынша скифтер ыстық тастарға кенепшөптің дәндерін шашып, оның буын иіскеп, «қуанышқа және ләззатқа бөленетін» (б. э. д. 5-4 ғғ. ) . каннабиске «масаю» туралы Демокрит пен Гален де жазған болатын.

Кенепшөптің аңызы және оны қабылдауы туралы көптеген діндендерден анықтауға болады: Синтоизмде (Жапонияда) кенепшөпті жас жұбайлардың некесін қию рәсімі үшін, аластау үшін және некеде бақыт пен қуанышты тудыру үшін пайдаланды; индуизмде - кенепшөп киелі өсімдік. Шива кенепшөпті Гималайдан «адамның ләззат алуы үшін және тазаруы үшін» әкелуді бұйырды; буддизмде кенепшөп тағам және рәсім мақсатында кеңінен қолданылады. Зоратустраның ізін басушылар (Маг - Персия, б. э. д. 5-6 ғғ. ) кенепшөпті медициналық және діни мақсатта пайдалануға тәжірибе жасады; эссендер (Ежелгі Египет - б. э. д. 1 ғ. ), исламдық суфийлер, копттер (алғашқы египеттік христиандар) және басқа діни қауымдастықтар бұл өсімдіктің қасиеттері туралы жақсы білді.

Психотропты заттардың адам ағзасына қаупі бар. Қазіргі жастар қоғамында психотропты заттарды пайдалану ауқымды мәселеге айналып отыр.

Әлеуметтік фактор. Әр адамның өмірінде отбасы болады. әрбір адам отбасынан шығады. Отбасы ең бірінші әлеуметтік институт және баланың дұрыс өсіп жетілуіне әсер етуші әлеуметтік фактор болып табылады. Жақсылық та, жамандық та отбасынан шығады. Отбасында баланың қатынас құру дағдылары қалыптасады, отбасынан бастап бала әлемді тани бастайды. Отбасында ата-аналар мен балалар өзара рухани байланыста болады.

Жеткіншектің психотропты заттарға немесе есірткіге құмарлығы тұқымқуалаушылықтан немесе тәрбиеден болады. отбасындағы мәдениеттілік, рухани тәрбиенің деңгейінен жеткіншектің өзін-өзі ұстауы және тәртібі тәуелді болады. Ата-ана баласы үшін үлгі-өнеге болады. дүниеге келгеннен бала ішімдікті көрсе, яғни ата-аналары ішімдікке тәуелді болса, онда оның да тәуелділігі қалыптасады. Отбасында жылулық көрмеген бала жылулықты даладан іздейді. Ал қазіргі қоғамның мәдениеті төмен деп те айтуға болады. Әлі санасы пісіп жетілмеген, психологиясы тұрақсыз жеткіншек сондай зұлым ортаға түскенде, ешбір тәрбие де, жақсылық та көрмейді. Отбасының тәрбиелеу стилі әр түрлі болады. Олар: авторитарлы, демократиялық және либералды стильдер. Сонымен бірге, ата-аналар тарапынан гипеопека (бейқам қарау) және гиперопека (тым қамқорлық) тәрбиелеу түрлерін көруге болады. Бұлар баланың қауіпті еліктеулерге түрткі болатын бірден бір факторы болып табылады.

Ата-ананың ішімдікке салынуы - қызы немесе ұлының нашақорлыққа қаупінің маңызды факторы. Жеткіншектің психотропты затты қабылдауда ата-анасының ауруы немесе нашақорлығы биологиялық факторы болып табылады.

Психикалық тұрақсыздық - жеткіншектің психоропты заттарды қабылдаудың бірден бір себебі.

И. П. Павлов бойынша шартты рейлекстер (инстинкттер) біріншілік және екіншілік сигналдық жүйесінің ревлекстері қалыптасатын биологиялық негізі болады.

Қазіргі уақытта жаңашыл ғалымдар И. П. Павловтың пікірін растады. Павлов: «Бас миының бөліктерін тітіркендіргенде, өмірлік тәжірибе мен санаға тәуелді бір қимыл тудыратын мықты импульстары пайда болады». бағдарланған генетикалық еліктеулерді мотивация деп атайды.

Ғалымдар: «Арқа-ми сұйықтығындағы серотониннің деңгейі төмен болса, есірткіге тәуелділіктің биологиялық факторлары туындайды».

Психикалық күйі. Психотропты заттарды психикалық бұзылыстары бар жеткіншектер қабылдайды. Психикалық аурулар физиологиялық себептерден пайда болады. мысалы, бас миының эндогенді ауруы. Ондай ауруға шалдыққандар өте көп. Оған шизофрения, психоз бен психопатияның кейбір түрлері жатады.

Зерттеулер бойынша 84, 1 % психотропты заттарды қабылдайтын жеткіншектердің тұқымында психикалық ауытқушылықтар бар. Адамның есірткі заттарға бейімделуінің психикалық және биологиялық автоматизмнің үш деңгейі бар.

  1. Өзін-өзі реттеудің жалпы биологиялық деңгейі. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
  2. Неғұрлым жоғары. Жалпы биологиялық үрдістерді анықтайды.
  3. Өте жоғары - гностикалық автоматизм. Индивидтің өмір бойы дамуын қамтамасыз етеді. жеке бастың қажеттіліктер мен еріктік белсенділігі ықпал етеді. Ол бас миының қыртысының іс-әрекетімен байланысты.

Барлық үш деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің қызметі бұзылса, ауытқушылық пайда болады.

Әлеуметтік орта жеткіншектің жеке басының қалыптасуына басты ықпал етеді. Жеткіншектер психотропты заттарды көп мөлшерде қабылдауы мүмкін. Әсіресе, ұл балалар бір-біріне еліктеп, психотропты және есірткі заттарды қабылдайды. Наркологиялық бақылаулар бойынша жеткіншек жастағы ұл балалар психотропты заттарды мөлшерден тыс қабылдайды.

Есірткі заттар мен психотропты заттарды көп мөлшерде жүйелі түрде қабылдау дені сау адамда психикалық, физиологиялық тәуелділік және толеранттылық пайда болады.

Қазіргі фармокологияның жетістіктері арқылы орталық жүйке жүйесіне әсер ететін психотропты заттарды алуға болады. Олардың көбіне тәуелділік пайда болады. Сондықтан, көп жағдайда психортопты заттарды медициналық емес жолда қабылдайды.

Психотропты заттар - бұл психикаға әсер ететін және химиялық тәуелділікті тудыратын заттар. Наркологияда бұларды «психобелсенді заттар» терминімен түсіндіреді. Олардың түрлері төменде берілген.

Ұйықтататын заттар. Ұйықтататын эффекті бар препараттар. Олардың көп бөлігі барбитураттар. Көп уақыт қабылдаған кезде тәуелділік пайда болады. Психотропты заттарды қабылдауды тоқтатқан кезде абстинентті синдром туады. Яғни физиологиялық, жүйке және психикалық бұзылыстар пайда болады. Егер ішімдікті психотропты заттармен қоса қабылдаса, жеткіншек үшін өте зиянды болады.

Антидепрессанттар. Бұл депрессивті көңіл-күйді жоятын заттар. Бұл препараттарды тек психиатр дәрігерлер ұсынады. Белсенділікті арттырады. Көп уақыт қабылдаған кезде психикалық тәуелділік пайда болмайды. Алайда көп уақыт қабылдағап, қабылдауды тоқтатқан кезде физиологиялық тәуелділік байқалады. Жиі дәрігердің рұқсатынсыз препаратты қайта қабылдай бастайды.

Транквилизаторы. Үрейді жоятын препараттар. Жеткіншектерге невроз және неврозға жақын күйде қабылдауды ұсынады. Ұзақ уақыт қабылдаудан тәуелділік пайда болады. Ал оны қабылдауды тоқтатқаннан абстинентты синдром туады. Қабылдауды тоқтатқаннан кейін үрейлену сезімі одан сайын жоғарылайды. Осыған орай, жеткіншектер бұл препаратты қайта қабылдайды, бірақ мөлшерін көбейтеді. Жеткіншек бұл психотропты затты дәрігердің рұқсатынсыз қабылдай бастайды.

Психостимуляторлар. Шаршағанды басатын, психикалық және денелік белсенділікті жоғарылататын заттар. Сонымен қатар, химиялық тәуелділікті тудырады. Мөлшерін көбейткеннің нәтижесінде психикалық бұзылыстар пайда болады.

Сонымен бірге, жеткіншектердің ауруын басатын және жөтелге қарсы дәрілерден тәуелділік және абстинентті белгілері пайда болады.

Жоғарыда аталған фармакологиялық заттардың барлығы жеткіншектің психикасына және химиялық тәуелділіктің артуына әсер етеді. дәрілік препараттарға тәуелді жеткіншектердің есірткі заттарға тәуелді адамдардан ешқандай айырмашылықтары жоқ.

Токсикомандық заттардың бөлек түрлері де болады. Олар да тәуелділікті тудырады. Оларға әр түрлі органикалық сұйықтықтар, жанар май, тұрмыстық химия тауарлары, химиялық зауыттарда пайдаланылатын химиялық заттар және т. с. с. Химиялық өндірістерде, фармокологияда жұмыс істейтін адамдарда тәуелділік белгілері көрінеді.

Нашақорлық үрдісіндегі биологиялық аспекттердің рөлі өте маңызды. Себебі денелік тәуелділікті тудырады.

2. Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдау нәтижесіндегі соматикалық өзгерістер

Психотропты заттардан жеткіншектер әр түрлі улану қалпына келеді. Бұл жеткіншектің физиологиялық және психологиялық ерекшелігіне байланысты. Психотропты заттардан масаю кезінде жеткіншектің өз әрекетін қадағалуы әлсірейді, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайды, мінез-құлық мотиві өзгереді, ермек пен ләзатқа ұмтылу байқалады. Психотропты затқа уланған жеткіншек өзінің қалауын сол сәтте орындағысы келеді. Әрине, мұның нәтижесі жағымсыз болады. Психотропты затқа масайған жеткіншек көп сөйлейді, қимыл әрекеті тежелуі мүмкін, сыртқы келбетінен көрінеді.

Сонымен қатар, ішімдіктен уланған жеткіншек артикуляциясы, сөздері анық естіелмейді, қозғалыстары тепе-теңдікті ұстамайды, бет әлпеті бозарады, сөздері қайталанады. Мұндай күйде жеткіншектер қылмысқа баруы мүмкін.

Есірткі затты қабылдаған жеткіншектің көз алдына әр түрлі елестер көрінеді. Жүйелі түрде психотропты заттарды қабылдаған кезде, жеткіншектің соматикалық өзгерістері пайда болады. Жеткіншектің физиологиялық тәуелділігі пайда болады. Оның жұмысқа қабілеттілігі азаяды. Баланың интеллектуалды қабілеттілігі төмендейді, ұйқысыздық, мазасыздық пайда болады. Жеткіншек жастағы баланың зейіні шашыраңқы бола бастайды.

Мұндай кезде өзбетімен болуға ұмтылу, отбасылық қамқорлықтан бас тарту жеткіншек тарапынан қарқынды көріне бастайды. Жиі жеткіншек ата-анасына қарсылық білдіру үшін өзінің қызығушылығына сейкес болмаса да, мінез-құлықты көрсете бастайды. Психотропты заттардан жеткіншектің денсаулығы және өзін-өзі сезінуі әлсірейді.

Жоғарыда аталған психикалық бұзылыстармен бірге, әр түрлі галюцинациялар пайда болады. Жеткіншектер сандырақтайды, жалған елестер көз алдына көрінеді.

Жүйкелік және соматикалық бұзылыстар.

Физиологиялық тәуелділік - психобелсенді және психотропты заттарды қабылдау кезінде пайда болатын соматикалық бұзылыс. Бұл бұзылыстарды абстинентті синдром деп атайды. Бұл кезде жеткіншек ағзасының зат алмасу үрдісінде өзгерістер пайда болады. Психотропты заттарды қабылдауды тоқтатқан кезде ағзаның өздігінен қызмет етуі әлсірейді. Себебі, психотропты заттар ағзаның қызмет етуін жақсартады, белсендіреді. Сондықтан, физиологиялық тәуелділік туады.

Физиологиялық тәуелділіктің нәтижесінде жеткіншек психотропты заттарды үнемі қабылдауға тырысады. Ересектерге қарағанда, жеткіншектерде психотропты заттарға физиологиялық тәуелділік өте қысқа мерзімде қалыптасады. Мысалы, жеткіншектің ішімдікті үнемі қабылдау нәтижесінде алкогольдік ауруы екі-үш жылда қалыптасады.

Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер бойынша психотропты және психобелсенді заттарды жүйелі қабылдау нәтижесінде букіл ағза жүйесі бұзылады. Мұнымен байланысты туған ауытқушылықты полижүйелі ауру деп атайды. Психотропты және басқа да психобелсенді заттарды қабылдайтын адамдардың миын томографияға түсіргенде, олардың миында өзгерістер анықталды.

Психотропты заттар - кез келген табиғи немесе жасанды химиялық зат немес қосылыс. Олар орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер етіп, психикалық күйін өзгертеді. Бұл өзгерістер жағымды (емделу) немесе жағымсыз болуы мүмкін.

Психотропты заттарды жиі психикалық ауруларды емдеу мақсатында медицинада пайдаланады. Ал заң жүзінде тыйым салынған психбелсенді заттарға тәуелділік пайда болады. Оларды есірткі заттары деп атайды.

Психотропты заттар - дәрілік препараттардың жиынтығы. Олар орталық және шеткі жүйке жүйесіне әсер етеді. Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлігінде жүйке қызметін қоздырады немесе тежейді. Жүйке бқліктерінің сезімталдығын азайтады немесе арттырады және рецептерлік синапстарға ықпал етеді.

Жасалуы бойынша психотропты заттар табиғи, жартылай жасанды және жасанды болып бөлінетін психобелсенді заттардан жасалады. Психотропты заттардың барлығы есірткіге жатпайды, бірақ олар психобелсенді болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар
Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы
Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы
Девиантты мінез-құлық -әлеуметтік педагогика мәселесі
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Компьютерлік ойындардың бала психикасына кері әсері
Компьютерлік ойындардың мінез - құлыққа агрессивті әсер ету проблемалары
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz