Жеткіншектер поэзиясы
Жеткіншектер поэзиясы
Халық ұғымында бала бес жастан бастап өзінше дәурен кешеді. Бұл
жастағы баланы ойын баласы дейді, Яғни бала тез тұрғыластарымен тіл
табысып, ересектер өмірінен азат әлемге кіреді. ... Барша халық 5 пен 7
мөлшеріне ерекше мән береді. Бұл кезенде ата-анлар оларға кіші балаларды
бағып-қағуды, мал-жанға қаруды, басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра
бастаса, балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкершілікпен
алады... Бес, жеті жаста бала естияр болды деп есептеледі де, жақа
әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие болады— деп жазады Щ.
С. Кон. Әрине, бұл жердегі баланың сәбилік шақтан өтіп балалық кезеңге
енуінің дәл 5 жастан басталуы өте шартты ұғым. Ол біртіндеп болатын, одан
ертерек те басталып, кейде кешірек те толысатын құбылыс.
Яғни бала күн санап өскен сайын айтылатын жырдың (мазмұны да өзгеріп
күрделене түседі. Келе-келе ол өлеңдерді балалардың өздері де жаттап алып
айтып жүреді. Ал ересектер күнделікті тұрмыста балаларға өз репертуарындағы
күрделі фольклордың үлгілерін де үйретеді. Сондай-ақ түрлі әдет-ғұрып, жиын-
тойларға да балалар ғана тамашалаушы емес, шама-шаркынша белсене араласады.
Сондықтан да ересектер фольклорындағы кей-жырлардың екі ортада қабат өмір
сүретініне таң қалуға болмайды. Бір жағынан қарағанда балалар фольклоры
деген терминнің тым шартты көрінетін себебі де осында. Бұл орайда Э. С.
Литвиннің Біздің ойымызша, алар әдебиетін кез келген елдің әдебиетінің
тұтас даму процесінен бөліп қарай алмайтынымыз сияқты, бала фольклорын да
халықтың жалпы халық шығармашы-лығынан бөле-жара, оқшаулаудың жөні жоқ.
Балалар әдебиетінің классикасына айналған көптеген шығармалар бастапқыда
балаларға арналып жазылмағаны бар-шаға мәлім. Пушкин ертегілерінің, Свифт
сатирасының, Диккенс пен Марк Твен романдарының тағдыры дәл осындай. Халық
шығармашыльгғының өміршең төжірибесі тек қана балалар аудиториясына әдейі
арналып айтылатын шығармалардың ғана орасан көркемдік әсерге ие емес
екендігін көз жеткізе дәлелдеп келеді, — деген дұрыс тұжырымына ден қоюға
тура келеді.
Әрине, үлкендер жырларының барлығын балалар өз репертуарына қабылдай
бермейтіні сөзсіз. Халық шығармашылығы тарихына барлай қарасақ, түрлі
жырлардың балалар репертуарына өту процесінде үлкен екшеудің, таңдаудың
болатындығын байқаймыз. Балалар поэзиясына тек олардың өзіндік психикасына
сай, халық педагогикасының талаптарына сәйкес келетіндері ғана ауысып, сол
ортаға сай өзгерістерге ұшырап өмір сүретінін көреміз.
Балалар ана тілінің нәрін түсініп, толық игере бастаған, ересектердің
басшылығмен шаруаға араласып, түрлі әдет-ғұрыптарға қатыса бастаған сәттен
бастап халық фольклорының да сырына ден қойып, үңіле бастайды. Алғашында
олар жай ғана тамашалаушылар ғана болса, бірте-бірте оның кейбір
үзінділерін жаттап, ұққан-білген-дерін қабілетінің жеткен жеріне дейін бір-
біріне айтып, күнделікті ойын үстінде қайталап отырады.
Мәселен, үйленуге байланысты жиын-тойларда көрген-білгендерін балалар
өзінше ойынға айналдырып, біреулері жар-жардан үзінділер айтса, енді
біреулері ұзатылған қыздың сыңсуын келтіріп, кейде күлкіге айналдырып
жүретіндері бар. Сол сияқты балалардың әр жиын-тойда болатын айтысқа да
қатты еліктейтінін байқауға болады. Сондықтан да арғы дәуірдегі айтыс
ақындарынан Жамбылға дейінгі жыр дүлдүлдерінің барлығы да айтыскерлігі
жолдарын тым ерте, 9—10 жастарында бастағанын көреміз. Мұның барлығы да
балалар шығармашылығы күнделікті өмірмен өте тығыз байланыста жатқандығының
дәлелі. Бұл орайда балалардың қандай шығармаларға ден қоятынын М. Жұмабаев
та көңіл аударады.
Халық өмірінде балалар, әсіресе, маусымдық мерекелерге ерте араласатын
болған. Жұрт балаларын ертіп жүріп, бұл мерекелердің мәнін ұқтырып қана
қоймаған, оларға өзінше тапсырмалар да жүктеген, олардың да өзіңше
атқаратын қызметі, рөлі болған. Сондай мерекенің бірі — Наурыз.
Н а у р ы з— Азия халықтарының көпшілігінде мерекеленетін өте көне жаңа
жыл мерекесі. Қазақтар бұл мерекені 22 наурызда күн мен түн теңелген күні
Ұлыстың ұлы күні деп атап өтеді. Бұл күнді халықтың еңбек мерекесі
ретінде ойын-күлкі, жақсы тілекпен қарсы алып, сол қуаныштарын жыр
жолдарымен білдіретіндігі зерттеу еңбектерде айтылып жүр. Балалардың бұл
мерекеге белсене ат салысатынын:
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшактасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен,—
деген өлең тексінен аңғарсақ, сондай-ақ:
Амансын ба?
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін,—
деген балалар жаттауына лайық тақпақтар тексінен де байқаймыз. Балалардың
бұл мерекеге қатысуы жөнінде революцияға дейін жарияланған көктемгі мереке
жөніндегі баспасөз мәліметтерінде де деректер келтіріледі.
Бұл мерекедегі балалардың міндеті үйден-үйге жүгіріп хабаршы болу,
құттықтау өлеңдер айту болған. Өкнішке орай, наурызға қатысты балалар
өлеңдері, ондағы балалардың атқаратын міндеттері жөнінде деректер бізге
жетпеді. Тіпті, жоғарыда келтірілген наурызға қатысты бір-екі ауыз жыр тек
Шәкәрім Құдайбердіұлының іждағаттығының арқасында ғана бүгінге жетіп отыр.
Сондай-ақ бізге жетпей қалған жанрлық түрлер бұл ғаңа емес. Балалар
фольклорының көптеген жанрлары әлі күнге жете ескерілмей жүр. Балалардың
наурыз мерекесіне белсене араласатынын көрші туысқан татар, өзбек балалары
халық шығармашылығынан айқын көреміз. Мәселен, татар балалары наурыз күні
үй аралап:
Урус капка,
Тәрәзәң япма,
Әйтәбәз нэурүз!
Ярлыкасын ходай,
Нардуган бугән
Әбекей соен,
Нәуріш,—
деп әндететін көрінеді.
Балалардың әдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты жырларды үлкендермен
жарыса айтуының тағы бір мысалын Жарапазан жырынан байқаймыз. Бұл жырды
айту салты қазақтар арасында ислам діні орныққаннан кейінгі кезде шыққан.
Ислам дінінің негізгі шарттарының бірі — жылына бір рет отыз күн ораза
ұстау. Жарапазан, міне, осы кезде айтылады. Бұл өлеңнің астарында,
біріншіден, діни насихат жатса, екіншіден халықтың сауықшыл, әнқұмар, көңіл
көтергіш психологиясы жатыр. Ораза кезінде айтылатын жарапазан өлеңдерінен
тек дін үгіті ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар, бұл өлеңдерден сол
кезде үстем таптың езуіне ұшыраған, қаналған, қайыршылық жағдайға душар
болған адамдардың да тұрмыс-күйі, ауыртпалық өмірі елестейді,— деп жазады
М. Ғабдуллин. Яғни, ашаршылық, ауыртпашылық кезде кедей-кепшік бұл жырда
байларды мақтап, қайыр-садақа сұрау тәсіліне де айналдырған. Ал кейінгі
кезде жастардың көңіл көтеру ермегіне айналып, жарапазан айтуға балалар да
араласқан, олар, әрине, үлкендер шығарған өлеңді жаттап айтатын болған.
Астымдагы тана-ды,
Жатайын деп барады.
Құдайдың күні еңкейіп
Батайын деп барады,
Қасымдағы бала еді,
Қайтайын деп барады,—
деген текст жарапазан айтушылар тобында балалардың болатындығын бекіте
түседі. А. Байтұрсыновтың ...ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде
үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады,— деп жазуы да осының дәлелі.
Жарапазан айту салты көпшілік жерлерде, бүгінге дейін сақталған, елдің
кейбір түпкірлерінде бүгінге дейін бар және оларды айтушылар негізінен
балалар болған. Бірақ бұл кезеңде жаңа текст тумаған, тек балалар
үлкендерден үйреніп жаттап алып жатқан. Сондықтан да болар 1943 жылы шыққан
Бөбек жыры атты жинақ жарапазан жырының үлгісін толық қамтыған бірден-бір
кітап болып келеді.
Жарапазан айтуға балалардың қатысуынан жыр құрылысының
қарапайымдылығы, жаттауға жеңілдігі, тексг астарында әсірелеу әлементтері
мен жеңіл әзіл, мысқылдық, ойындық элементтердің жататындығы да аз әсер
етпеген. Балалардың әдет-ғұрып жырларына қатынасы, әрине, мұнымен шектеліп
қоймайды. Қай халық өмірінде болмасын балалар адет-ғұрып салттарына да
қатыстырылған. Бірақ балалар бұл ғұрып-салттардың мәнін терең түсіне
бермеген, көпшілігін әуестікпен жаттап алып қайталаған. Ал жаттап алған
жырларын өз түсініктеріне, тіл ерекшеліктеріне ойын аралас өмірлеріне
ыңғайлап, әндетеді. Мысалы, жарапазан жырлары балалар арасында ешқашан
тұтас күйінде емес, тек үзік-үзік күйінде ғана, әр түрлі жағдайға
байланысты айтылады. Балалар арасында осындай күрделі өңдеуге ұшырап;
терең сіңісіп балалар репертуарына біржола кешкен өлеңдер қатарына
маусымдық жырларды жатқызуға болады.
Маусымдық жырлар
Жаз шыға жайлауға, қыс түсе қыстауға қоныс аударып жүрген көшпенді
халықтар табиғат аясына етене жақын ғана емес, оның құбылмалы өзгерісіне
тәуелді де болған. Бір малы екеу болып, ауыздары аққа тиетін көктем мен
жазды қаншалықты зарыға күтсе, қылышын сүйретіп келетін қысқа әркез
іждағатпен дайындалған. Қазақ даласында көктем мен күз ұзақ болмайды.
Сондықтан да қазақ ұғымында алты ай қыс, алты ай жаз
деп бүкіл жылды негізінен екі-ақ кезеңге бөлу ұғымы қалыптасқан. Бұл
туралы 1893 жылы Оренбургский листок (1893 № 2 газетінде жазылған
Қазақ балаларының ойындары Игры киргизских детей) атты мақалада да
Көктем мен күз өтө қысқа, сондықтан ол жөнінде айтып жатудың қажеті жоқ,—
деп атап көрсетілген. Сондықтан да қазақ балаларының маусымдық жырларын:
1. Көктем, жаз және
2. Күз бен қыс өлеңдері деп екіге бөлген жөн. Мұндай жіктеуді біз В. П.
Аникин еңбегінен де көреміз. Ол орыс балаларының маусымдық жырларын Песни
зимнего цикла, Песни весенне-летнего цикла деп екіге бөледі
Жылды екі мезгілге (суық-жылы) бөлу әлеуметтік дамудың түрлі
кезеңдерінде тұрған көптеген халықтардың күнтізбелерінде кездеседі.
Мәселен, ертедегі германдықтар мен кельттерде б. д. дейінгі екі мың жылдың
көлемінде Солтүстік Кавказ халықтарында осындай түсінік болған. Мұндай
болу тәсілі неолит дәуіріндегі славяндарда да болған. Жылды бұлайша екі
мезгілге бөлу финдер мен болгарларда да, албандықтар мен гректерде де бар.
С. А. Токарев жыл мезгілдерін екіге бөлу төрт мезггілге бөлуге
қарағанда әлдеқайда ескі, көне деген тоқтам айтады.
Бұл пікірін ғалым мал бағумен айналысқан Еуропанын барлық бөлігі
өздерінің шаруашылық күнтізбесін малды қыс қыстауға, жаз жайлауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz