ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТА СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТА СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Суицид қазіргі кезде дүние жүзілік қауіпті өзекті мәселелерінің бірі
болып отыр. Әсіресе, көптеген келеңсіз өмір жағдайларынан туындайды. Осыған
орай, жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен суицидтік мінез-құлықтың
психологиялық аспектілерін зерттеудің маңыздылығы кешенді түрде
психологиялық жан-жақты зерттеуді керек етеді. Олай болса, біздің
қарастырып отырған мақаламызда, осы мәселе төңірегінде жасөспірім шақтағы
түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке бейімділікті анықтауға
болатын психологиялық аспектілеріне, стресс жағдайындағы психологиялық-
физиологиялық ерекшлектеріне көңіл бөлу маңызды.
Қазіргі психологиялық зерттеулер тұлғалардың өмірде кездесетін
мәселелерді өзін-өзі өлтірумен шешуге бейім тұратындығын және генетикамен
байланысты екенін дәлелдейді. Адамның психологиялық факторы, мәдени деңгейі
және тоны қоршаған адамдар суицидті мінез-құлық түрлерін тудыруға мүмкіндік
жасайды. Адам неғұрлым әлеуметтік ортаға жақсы бейімделсе, соғұрлым
суициттік мінез-құлық деңгейі аз болады.
А.Е. Личко, К. Леонгард жасөспірім шақта суицидтті мінез-құлық типтерінің
үш түрін бөліп көрсетті. Атап айтқанда, демонстративті, аффективті, шынайы
[1; 38 б.].
М. Әділбекованың мақаласында, түрлі мінез-құлық көріністері кезінде
суицидке бейімділікті анықтауға болатынын атап көрсетумен қатар,
төмендегідей типологиялық белгілері бар адамдар тобын ұсынады:
- өзіне деген сенімсіздік;
- өзінің бағалау деңгейі төмен;
- оптимизмнің төменгі деңгейі;
- өзін кінәлауға бейім;
- өзін қорғансыз сезінеді;
- инфантилизм (дамудағы тежеу). Сонымен қатар, автордың пікірінше, олар
басқалармен қарым-қатынасқа түскегенде көрінетін мінез-құлықтық белгілеріне
мына топтағы адамдар қатарын жатқызады. Атап айтқанда, мінез-құлық
құрылымының өзгеруі, өзіне тән емес тұйықтық және көпшілік адамдармен
араласуда белсенділігінің төмендеуі; мінез-құлықтың қозуы және
белсенділігінің жоғарлығы; тұлғааралық қатынастың бұзылуы, шешім қабылдауда
ерік-жігерінің болмауы; қоршаған әлемге қызығушылығының болмауы.
Жасөспірімдердің мінез-акцентуациясының мінез-құлықтарындағы ауытқуларына
қарамастан, бұл мәселе негізінен кленикалық, медициналық аспектіде
қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде
қолдану қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және іс-әрекетпен байланысты
психологиялық-педагогикалық анализ қажет.
Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М.А. Алемаскин, П.П. Блонский,
Л.С. Выготский, Л.М. Зюбин, И.А. Невский, В.А. Сухомлинский, В.А. Татенко,
Д.И. Фельдштейн, С.Г.Шацкий және т.б. жүргізген зерттеулерінде қиын
тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және
психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын
тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-
психологтар П.Б. Ганнушкин, М.М.Кабанов, О.В. Кербиков, В.В. Ковалев, К.
Леонгард, А.Е. Личко, Ю.С. Скроцкий, Г.Е. Сухарева, Н.И. Фелинская, Г.К.
Ушаков және т.б. үлкен үлес қосты.
И.Б. Бойконың пікірінше, суицид – адам мінез-құлқының актісі, ол-
психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаю жағдайда жасалады.
Суицидент адам өз өміріне қол жұмсаушы адам. Суицидттік оқиға өзін-өзі
өлтіру актісі немесе оның орындалуына әрекет жасау деп қарастырады [2; 65
б.].
А.Г. Абрумова уайымның өзін-өзі өлтірушілікпен аяқталатын суициденттердің
мінез-құлық жіктелуінің түрлерін ұсынады. Олар: суицидальды мінез-құлық –
ол кез-келген ішкі және сыртқы психологиялық жағдайлардың өзін-өіз өлтіруді
ойлауға бағыттайтын түрі.
Ішкі формалары – суициденттердің ойлары, беталыстары, түпкі ойы,
ниеттері.
Суицидентті мінез-құлыққа қиялданып уайымдау түрткі болады, өзінің өлімі
туралы айқын көз алдына елестетпейді, тек қана өмірді мойындамау ғана
болады. Өмірдің мәніні бағаламауын, олардың (өмір сүрудың керегі, жоқ, тек
тіршілік етудемін деген сөздерінен байқауға болады).
Пассивті суицидентті ойлар - өліп қалсам жақсы болар еді, ұйықтап оянбай
қалсам деген қиялдары өздерінің өлімі туралы емес, өздерінң өмірінің
қиюының елестетіп сипаттап беруі. Бұл ойлар олардың суицидентке іштей дайын
екенін көрсетеді.
Суицидальды түпкі ойлар- суицидалды әркеттің белсенді түрі, өзін -өзі
жоспарын құрайды (амалын ойластырып, орны мен уақытын таңдайды).
Суицидальды ниет - өзін-өзі шешім қабылдауға және тікелей суицидальды
әрекетке кірісу.
Суицидальды мінез-құлықтың сыртқы түрі- суицидальды әркет жасауды
көрсетіді.
Суицидалды әрекет – тікелей өзіне -өзі қол жұмсап, бірақ өлмей қалуы.
Суицидалды ойдан әркетке барғанға дейінгі кезең суицидтің алды деп
аталады, бұл өлгісі келу алдындағы қатты күйзелістің ұзақтығы бірнеше
минуттан бірнеше айға созылады.
Мақсатына сәйкес суицидальды мінез-құлық нағыз және парасуицидальды
болып бөлінеді. Нағыз суицидальды мінез-құлыққа мақсатына жету үшін өзіне-
өзі қол жұмсаудың қастандық әркеттері жатады.
Парасуицидальдысуицид - әлеуметтенуге қарсы тұлғаларда жиі қолданылады.
Бұл өткір сезімді іздеген адамдарды кездеседі.Олар сезім ояту үшін
қолданылады.
Аффективті суициальды әрекет -қатты ашуланғанда ұзақ созылған
психологиялық аккумуляциясы, уақытша есінен адасуға алып келуі.
Ашықтан-ашық қоқан лоқылы суицидальды мінез-құлық. Бұл жағдайында
суицидтік әркет шарты түрде болуы мүмкін. Саналы түрде өмірде қауіпті
әркетер мен айла –амалдар жасалыныады деп қарастырған [1; 39-40 бб.].
Суицидтік жағдайларда психикалық күйлер (қобалжу, бақытсыздық, рухани
құлазу, қорқыныш пен мазасыздану, ұят, кек, стресс және т.б.) байқалады.
Психологиялық стресті соңғы 4-5 жылда шетел және еліміздің ғалымдары
адамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетінде қарастыруда [3;34 б.].
Стрестің физиологиялық негізі-американдық физиолог У.Кенноның (1871-1945)
гомеостазис (бұл терминнің мәні-ішкі организм қызметінің қалыпты жағдайы
дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің
сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғану жөніндегі
зерттеуі [4; 65 б.]. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдары
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АУТОДЕСТРУКТИВТІ ӘРЕКЕТТЕРІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері
Жасөспірімдік шақтағы мінез акцентуация типтерінің көрінісінің жастық-жыныстық ерекшеліктері және динамикасы
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Психологияда стресті зерттеу және студенттердің түрлі өмір жағдайларында кездесетін стрестік күйлер
Пәндер