Жеткіншектің психологиялық ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жеткіншектің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің
V—VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11—12 жастан 14—15
жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жасты іс жүзінде
басталуы V класқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткшшектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл
атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық
шақтан ересектікке өту осы кезеядегі дене, ақыл-ой, адамгерші-лік,
әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән
ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар
қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен
қарым-қатынастын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің,
мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен
қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта
құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Бұл қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай
сәттерінің болуымен байланысты, олар: 1) ересектіктің дамуын ге-жейтін
жайлар: балалардың көбінде басқадай тұрақты және байыпты міндеттер болмай,
тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы
еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа
алуға тырысуы; 2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан
информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының
аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте
жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен
жыныстық толысудың акселерациясы жоқ Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы
адамның жеке басының Моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және
олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта
олардың қалыптасуы жалғасады.

ЖЕТКІНШЕК ОРГАНИЗМНІҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ
Жеткіншектің дамуындағы биологиялык фактор проблемасы баланың
организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі
өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең
басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында
организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері
тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден
басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал
мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте
маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы
жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген
өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер ту-ғызады
(жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл
процестер қыз балаларда 11—13 жаста, ер балаларда 13—15 жаста неғұрлым
жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы
байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13
жаста жыныстық жетілудін бастапқы сатысында болады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректін қызметі-шамадан тыс
талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі.
Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық
бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы
бастың анналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.

Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі
балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана
қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына,
әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, онын жалпы ұшқалақтылығының,
ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің,
мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда
мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе
осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа
психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден,
жеткіншектің өзі анык сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан
ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің
ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады.
Екіншіден, жыныстық толысу баска жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа
түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен
өзі болу жеткіншектің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Жеке тұлға интеракционистік теория
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы
Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері
Пәндер