Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
• Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері.
• Жәрдемақылардың белгілері.
• Жәрдемақылардың түрлері.
• Жәрдемақының мөлшері.
• Жәрдемақыларды төлеу көздері.
3. Қорытынды.

Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері.
Зейнетақылар азаматтаға не заңдарға белгіленген жасқа толған кезде, не
олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда
белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.
Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі
шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та,
яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін көздері
болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай
жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.
Жәрдемақылар заңдарда көзделген жағдайларда беріледі. Олар, әдетте,
әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат
есебінен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі.
Әлеуметтік қамсызданудағы жәрдемақылар – бұл заңда көзделген жағдайларда
берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік
ақшалай әлеуметтік төлемдер.
Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында
жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүрудің жалғыз көзі болып табылған
кездері болған.Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар
заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған оларға материалдық
көмек көрсетуінен тұрады.

Жәрдемақылардың белгілері.
Жәрдемақылар бірқатар айрықша белгілерге ие, бұл белгілер оларды
зейнетақылардан, өтемақылардан, материалдық көмектен ерекшеленеді. Мұндай
белгілерге мыналар жатады:
1. Жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері. Егер зейнетақы алу құқығын
негізінен жұмыс істемейтін азаматтар иеленсе, жәрдемақылар барлық
тұлғаларға бағытталған.
2. Жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған
жалақыны толығымен, не ішінара орын толтыру немесе заңдарда көзделген
жағдайларда отбасының қосымша шығындарының орнын толтыру мақсатында
төленеді.
3. Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар, жоғарыда атап
өткеніміздей, уақытша жоғалтылған жалақының немесе қосымша шығындардың
орнын толтыру үшін тұрақты түрде емес, уақытша төленеді. Ал,
зейнетақы, мысалы, тұрақты түрде төленеді.

Жәрдемақы түрлері.
Жәрдемақылардың түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері,
мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін
туғызады.
Бізің көзқарасымызша, жәрдемақыларды топтастырудың басты белгісі болып,
жәрдемақыларды берудің әлеуметтік-құқықтық негіздері және мақсатты
бағыттылығы табылады. Бұл белгі жәрдемақылардың мақсаты бағыттылығын ғана
емес, сонымен қатар оны алуға құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің
ұзақтығын анықтайтындықтан да, біз оны басты деп атап отырмыз. Осы саладағы
заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік
береді.
1. Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне еңбекке уақытша жарамсыздық
жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған жағдайдағы, отбасының
науқастанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәрдемақылардың түрлері және ерекшеліктері
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жәрдемақылар
Халықты әлеуметтік қорғау туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы
Әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық
Пәндер