ЖИВОПИСЬ ТЕХНИКАСЫ МЕН БЕЙНЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ


ЖИВОПИСЬ ТЕХНИКАСЫ МЕН БЕЙНЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Живопись тарихы тамырын тереңнен алады. Соның дәлелі ретінде Испанияның Альтамира үңгіріндегі суретті алайық. Мұндағы әр түрлі жан-жануарлардың (бизон, бұғы, аю, т. б. ) бейнелерін ежелгі суретші әр түсті бояумен бейнелеген. Сол қарапайым бояулар арқылы жан-жануарлардың табиғи тұлғасын (болмысын), мінез-құлқын асқан шеберлікпен айқындап ашып берген.
Үңгірдің тегіс емес қабырғасына аса тиянақты салынған бұл суреттер негізінен үш түстен: қызыл, сары, қоңыр бояулардан тұрады. Осындай үш-төрт бояу түрімен салынған живопистік шығармалар сол дәуірге тән еді. Оны Египет суретшілерінің шығармаларынан да байқауға болады. Олардың керегеге салған фрескаларында көбінесе ақ, көк, қоңыр-қызғылт бояулар басым болады. Ал ертедегі грек суретшілері көбінесе ашық көк, қызыл, ақ бояуларды пайдаланған. Фреска әдісімен бейнелеу ертеде өте кең тараған. Ол - әлі күнге дейін күшін жоймаған монументтік бейнелеу өнерінің бір түрі. «Фреска» сөзі итальян тілінде «Fresco»-«шикі» немесе «жаңа жасалған» деген сөзден шыққан. Яғни, фреска жаңа ғана әктелген дымқыл қабырғаға суға езілген бояумен салынады. Кереге кепкен кезде әк бояумен қосылып бірыңғай қабатқа айналып, қатып қалады.
Бертін келе живопись өнері жанданып бояу реңдері де байи түсті, енді тек үш-төрт түстен емес, оншақты және одан да көп бояу түрлерінен тұратын колоритке бай шығармалар туа бастады. Адамның бояу күші арқылы керемет туындылар тудырып, айнала коршаған ортаны, табиғатты өмірдегідей дәл бейнелеуге қолы жетті.
«Живопись» сөзі де осындай құбылыстан кейін шыққан. Ол орыстың «живо» және «писать» деген сөздерінен тұрады. Ал қазақша дәлме-дәл аударатын болсақ, ол, мынадай мағына береді: «тірі жазу» немесе «өмірдегідей бейнелеу». Яғни, бұл мағынаны әрі қарай тереңдей тұжырымдай түссек, онда живопись - шыншыл және табиғи өмірдегідей тірі бейнелеу болып табылады.
Егер біз кез келген затты шыншыл бейнелегіміз келсе, графикалық (қарындашпен) суретпен-ақ бере аламыз. Ал бірақ, графикалық суретті дәл өмірдегідей жандандырып бейнелей алмаймыз. Оны тек живописьпен-бояу күшімен ғана көрсете аламыз. Сондықтан живописьте бояу - негізгі бейнелеу кұралы болып табылады.
Жалпы живопись деп, кез келген түрлі түсті бояулармен салынған шығармаларды айтамыз.
Живопись графикалық сурет сияқты түрлі сызықтармен, дақтармен және «мазоктармен» жазылады. Мұндағы сызықтардың сурет сызығынан айырмашылығы түрлі түсті реңкте болады. Графикалық суретте бейнелеген затымыздың көлемін, оның неден жасалғанын сызық пен штрихтардың қоюлығымен берсек, ал живописте оны бояулардың қоюлығымен, колоритпен жеткіземіз.
Живописьте шығарманың сәтті шығуы, суретшінің шеберлігіне, техникасына, дәлірек айтсақ, мазоктарды қалай қоюына байланысты болады. Мазок деп қылкаламның бөяумен қағаз бетіне жағылған ізін айтамыз. Суреттің әрбір бөлігінде түрліше құбылып түскен, түсті мазоктар оны жандандырып, әр береді. Живописьте мазок әр түрлі стильде түрліше беріледі.
Біз жоғарыда «колорит» деген сөзбен кездестік, енді сол сөздің дәл анықтамасы мен оның живопиське қандай қатысы бар екеніне тоқталайық. Мұны білу,, әсіресе, оқушыларға өте қажет. Колорит дегенім_із - алуан түр-лі бояу түстерінің бір-бірімен тығыз байланысып, бір үйлесім табуы. Колоритті жақынырақ түсіну үшін суретші С. Айтбаевтің «Әке келбеті» шығармасын алайық. Мұнда суретші қаншама құбылмалы түрлі түсті бояу-ларды пайдаланған. Туындыда алуан түрлі: қызыл да, көк те, сары да, қоңыр да, т. б. көптеген түстер бір-бірімен қиюласа, жымдаса жағылған. Бір түс басқа түстен ерекшеленіп «айқайлап» тұрған жоқ, қайта тоғысып үндесіп тұр. Бояуының құрамы алуан түрлі колоритке бай шығарма екені бірден байқалады.
Табиғатта негізінен бес бояу түсі бар. Олар; ақ, сары, қызыл, көк және қара. Бірақ сол бояулардың біреуінің өзінде қаншама ренк бар десеңізші! Қалған бояулардың бәрі, негізінен, осы түстердің қатысуымен
жасалады. Живописьте бояулар жылы түсті, суық түсті болып бөлінеді. Жылы түсті бояуларға кызыл, сары, коңыр, т. б. кіреді, ал суық түстілерге көк, күлгін, кара, жасыл-көк бояулар жатады. Бірақ, еске ұстайтын бір нәрсе, кейде осы түстердің кез келгені не суық түске, не жылы түске ауысып кетуі әбден мүмкін. Мысалға, жасыл бояуға сары түсті бояуды молырақ қоссақ, онда ол сарғыш-жасыл болып жылы түске ауысады, ал қызылға көкті қоссақ күлгін болып, қызыл түспен салыстырғанда суық түске ауысады. Осындай әдіспен бір түсті бір туспен араластыру арқылы көптеген бояу түстерін табуға болады. Сондай түстерді табуға жаттығу үшін шыққан бояу реңктерін жіктеп қатарластырып тіркеу арқылы бояу айналымын
(цветовой круг) жасауға болады. Бояу айналымын жіктеп үйрену талапкер суретшіге үлкен пайда әкеледі Біріншіден, бояу түстерінің сан алуан қосылыстарынан қаншама реңктердің қалай пайда болатынына тәжірибе
жүзінде көзі жетсе, екіншіден, жұмыс жасағанда (картина салғанда) бояу реңктерін таза алуына, палитраның бай болуына көп әсерін тигізеді. Бояу реңктерінің сан алуан түрін алу үшін тәжірибе жасауға акварель бояуы
таптырмайтын құрал.
СУPET САЛУFA ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР
Адам баласы сурет салуды қолға алғаннан бері әр алуан бейнелеу құралдарын қолданып келді. Ең қарапайым шыбық, тас «қарындаштардан» бастап, қазіргі сурет салу материалдарына дейін сан расырлық жолдардан өтті. Әрбір, кезекті сурет салудың материалдарын тапқан сайын бейнелеудің жаңа бір әдіс айласын, бұрын белгісіз құпия сырларын ашып, өнер тұңғиығына бойлай құлаш сермеді.
Заман ағымына қарай бейнелеу құралдарының күрт артуы адамның әсемдікті түйсініп, сезінуін, эстетикалық талгамың өсіре түсті. Сонымен қоса сурет өнерінің көркемдік сапасы мен техникалық қолданыстардың байи түсуіне үлкен әсер етті.
Осындай, сурет өнepінің дамуына, оның барынша жандануына ықпал етіп отырған бейнелеу құралдарына мыналар жатады: графит, көмір, сангина, соус, пастель, қаламұш, қылқалам, т. б. Бұл аталған бейнелеу құралдарының мүмкіндіктері өте жоғары. Осы құралдарды жан-жақты меңгеріп және олармен тыңғылықты жұмыс істеген талапкер-студент шеберлігі толысқан суретші болып шыға алады. Сонымен катар өнердің сан салалы түрлерін тез игеруге мүмкіндік алады (мысалы, графика, живопись -саласы) .
Алғаш сурет әліппесін үйренгенде негізгі құрал қарындаш болса, кейіннен (жоғары курстарда) техникалық теориялық біліміміз толысқан кезде жаңағы материалдарды (сангина, соус, пастель, көмір, т. б. ) күнделікті оқу бағдарламасында жиі қолданамыз. Өйткені олардың бейнелеу ауқымдылығы кең, көркемділігі жоғары. Бір жағынан олар онша қағаз талғамайды, тіпті түрлі түсті қағаздарға да сала беруге болады. Бұл бейнелеу құралдарының тағы бір артықшылығы - суретті барынша тез салуға мүмкіндік береді.
Сурет салудағы негізгі бейнелеу құралы - қарындашпен бұрыннан таныс болғандықтан, оған тоқталмай-ақ, бізге онша мәлім емес басқалармен танысайық. Енді соларға жеке-жеке тоқталып, олардың (бейнелеу құрал-дарының) табиғатына, қолданыс әдістеріне көңіл аударайық.
Сурет салудың құралы ретінде көмір сонау көне дәуірден бері пайдаланылып келеді. Көмір бай реңді бейнелеуде үлкен мүмкіндіктерге ие, әдемі материал. Ол өзінің тез өшуге бейімділігімен қатар, кандай мөлшер-дегі сурет болмасын тез салынуымен де ерекшеленеді. Онымен үлкен жазықтықта жалпақ із калдырып айғыздап бейнелеуге де, қолдың саусағымен үйкелеп салуға да болады. Бір жақсы қасиеті - қатені тез өшіріп, қалпына келтіруге таптырмайтын құрал.
Көмір-қарындаштың жасалу технологиясы да онша күрделі емес, тіпті аса қажет болса әркім өзі-ақ қолдан жасап алуына болады. Ол үшін қайыңның, жаңғақ ағашының немесе талдың кептірілген бұтақтарын алып, сыртын саз балшықпен қаптап, пешке немесе ыстық көмір шоғының арасына салып кою қажет. Белгілі уақытта бұтақ тұқылы көмірге айналғанда оттан алып, сыртындағы балшықты алып тастаймыз. Сонда қажетті көміріміз шыға келеді. Көмір тұқылын қандай жуандықта немесе неше қырлы етіп шығару өзімізге байланысты. Қысқа болса, оны ұзартқышқа орнатып пайдаланады. Тағы бір ескертетін жағдай - көмірді үштағанда оны тек бір жағынан киғаш кесу керек.
Көмірге ұқсас тағы бір сурет салу құралы - сангина болып табылады. Сангина ертедегі антикалық дәуірде белгілі болған, сол кезде оны мүсіндерді бояуға қолданған. Суретшілер кейіннен оны живопистік шыгармалардың эскиздерін жасау үшін пайдаланған. Сангина туралы алғашқы мағлуматты XIV ғасырда өмір сурген Ченино Ченинидің трактаттарынан кездестіруге болады. Онда Ченино сангинаның керемет құбылмалы қасиеті бар екенін тамсана жазып қалдырған. Әлемге аты мәшһүр ұлы суретші Леонардо да Винчи өзінің атақты «Қупия кеш» картинасының эскиз суретін осы сангинамен салған дейді.
Негізінен сангина табиғи минералдардан, балшыққа ұқсас заттар қоспасынан алынады. Сангина құрамы темір қышқылына өте бай минерал. Сондықтан да тотыққан қоңыр-қызыл реңге ие болған. Ең алғаш сангина Италияда, содан кейін Францияда табылған, біздің елімізде де оның бай қоры бар. Сангинаны қолданған кезде қолды былғамас үшін, оның тұқылын қағазбен орап, немесе рейсфедерге дәнекерлеп ұстау қажет. Сангинамен барлық қағаз түрлеріне, ұзаққа созылатын суреттер болса - ватманға, қысқа долбар суреттер болса- беті бұдыр жай қағаздарға немесе дүкендердегі зат орайтын қағаздарға да сала беруге болады. Сонымен қоса түрлі түсті қағаздарды пайдалануға болады. Сангинаның тағы бір ерекшелігі, оны көмірмен, пастельмен немесе соуспен араластырып қолдануға таптырмайтын материал.
Келесі танысатын сурет салу құралы, бұл - соус. Соус бейнелеу материалы ретінде XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында қолданыла бастады. Ол әсіресе сол кезде орыс елінде кеңінен тарады. Оны кеңінен пайдаланып, зор сүйіспеншілікпен айналысқан суретшінің бірі-И. Н. Крамской болды. И. Н. Крамскойдан кейін де орыс суретшілері, атап айтқанда, И. Е. Репин, H. A. Ярощенко, А. К. Саврасовтар соусты өз еңбекте-ріне жаратып, көптеген суреттер қалдырды.
Негізінен соустың екі түрі бар: біріншісі - құрғақ, екіншісі - суйық майлы соус. Құрғақ соус өте үгілгіш, штрихтап сурет салуға онша көнбейді, ол тек бүйірлей жатқызып сызуға жарайды. Сонымен қоса қағазға онша жабыспайды, сыдырылып түсіп қалады, тез өшіріледі., Сондықтан мұндай соуспен салынған туындыларды тек әйнектің астында ғана сақтауға болады. Екінші бір сақтау тәсілі фиксаторды пайдалану арқылы іске асы-рылады. Әдетте фиксаторлық суйықты суреттің бетіне шашып, соусты бекітеді. Мұнда фиксаторлық суйық, соус туйіршіктерімен байланысып қағазға жабысып қалады, бірақ та соустың түсі қоюланып өзгереді.
Көбінесе соусты суйық күйінде қолданады. Соустың бар бейнелеу мүмкіншілігін, қасиетін осы сұйық күйінде пайдаланғанда байқауға болады.
Сұйық соуспен жұмыс істер алдында біраз дайындық жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Бірінші, қағазды күнделікті қолданып жүрген тақтаға желімдеп көреміз. Қағаз өте сапалы, мықты болуы керек, өйткені оны қыл-қаламмен бірнеше рет қырнап жууға тура келеді. Сонан соң сумен мұқият араластырып қылқаламмен өзіңізге қажетті қоюлықта қағаз бетіне жағамыз. Кейіннен соус кепкен кезде қағазбен біте байланысып, өзінен-өзі бекиді. Ешқандай фиксатордың қажеті болмайды. Егер apтық кеткен қате жерлер болса, жұмсақ өшіргішпен оңай түзеуге болады. Бұл да сангина сияқты басқа материалдармен қосылғанда (көмір, тушь, құрғақ, соус) жанданып, өзіндік реңге бөленіп, бай көрініске ие болады.
Соустың жасалу технологиясы да өте қарапайым. Жанған тамақ калдықтарын түйіп ұсату арқылы ұнтақ алынады. Сол ұнтаққа қоймалжың өсімдік желімін (балауыз) қосып араластырсақ өзімізге қажетті соус пайда болады. Сонан соң оны белгілі қалыпқа салып сығымдайды да одан шыққан малта-таяқшаларды кептіріп, сыртын жылтыр қағазбен қаптап, пайдалануға жібереді.
Өзінің түрлі түсті құбылмалы керемет қасиетімен ерекшеленетін бейнелеу құралының бірі - пастель. Оның табиғаты өте бай, ол сурет өнеріне де, живопись өнеріне де қолданыла беретін материал. Сонымен қоса басқа материалдармен жақсы араласып, бейнелеу тәсілінде ұтымды құралдың бірі болып табылады.
Пастель түрлi түсті пигменттерден тұрады, сонымен қоса оның құрамында бор, желім бар. Пигмент ұнтақтарына балауыз араластырып қамыр иленеді. Осы сөз төркініне сай, пастель итальянша «pasta»-«қамыр» деген сөзден шыққан. Қамыр дайын болған соң одан жұмыр малта таяқшалар жасап, кептіреді. Қарап отырсақ, пастель мен соустың жасалу әдістері өте ұқсас.
Пастельмен салынған суреттердің сан алуан бай бояуы, оның құрғақ қарындаштармен салынуына қарамастан, майлы бояумен жазылған живописьтей әсер етеді. Оны сондай-ақ суға езіп, акварель мен гуаш сияқ-
ты колдануға да болады.
Пастель ертеден белгілі. Ең алғаш ол туралы, оның суретке қолдану әдістері туралы жазып қалдырған суретші - Джованни Пабло Ломаццо болды. Ол өзінің курста жан-жақты сөз еткенбіз. Ендігі көңіл бөлетініміз - кеңістік терейдігі. Қеңістік тереңдігін перспективалық сызықтармен оқай беруге болар еді, ал көлеңке мен жарық ренктері арқылы беру өз алдына бір мәселе. Жалпы кеңістік екі түрлі әдіспен беріледі: біріншісі - егер жарық (екі адамдық суретте) алғашқы кейіпке мол түсіп, одан әрі қарай сұйылып, фонға барғанда қараңғылыққа ұласса, онда кеңістікті біртіндеп қоюлыққа ұласқан көленке арқылы береміз (20-сурет), ал екінші әдіс-алдыңғы қатардағы кейіпкер келеңкеге шомып, екіншісіне жарық мол түссе, оңда кеңістік терендігі жарық арқылы беріледі (21-сурет) . Сypeттeгi демалып отырған жұмысшының (ер адам) артындағы фоны штрихталмаған, ақ қағаз-күйінде қалған. Сол кеңістікті көрсетеді. Осындай кеңістік тереңдігін беру оқушыдан үлкен шеберлікті және штрихтармен жұмыс істеу техникасын жақсы меңгеруді қажет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz