Инвестициялар және оған әсер ететін факторлар



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Жиынтық сұраныс және оны анықтайтын факторлар
2. Жиынтық сұраныс: классикалық және Кейнс модельдері
3.Тұтыну мен қор жинау
4.Инвестициялар және оған әсер ететін факторлар

1. Жиынтық сұраныс және оны анықтайтын факторлар
Жиынтық сұраныс – ол мемлекеттің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың
және шетелдердің әртүрлі қолайлы бағамен сатып алатын өнімінің көлемі.
Қаншалықты баға дәрежесі жоғары болса, соншалықты кәсіпорындар, тұтынушылар
өнімді аз сатып алғысы келеді, ал баға дәрежесі төмен болса, соншаға көп
сатып алғысы келеді.
Жиынтық сұраныс = C + I + G + Xn;
Мұндағы: С – үй шаруашылығының жиынтық сұранысы;
І – инвестициялық сұраныс;
G – мемлекет тарапынан болатын сұраныс;
Xn – таза экспорт
Баға дәрежесі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі арасында кері
байланыс. Жиынтық сұраныс – счалыстырмалы түрде тұрақты, олар баяу
өзгереді, мысалы, тұтыну шығындары, ал басқалары – динамикалы, мысалы,
инвестициялық шығындар, олардың өзгеруі экономикалық белсенділіктің
ауытқуын тудырады.
Жиынтық сұраныс қисығы (АД) әрбір баға дәрежесінде тұтынушылардың
сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің мөлшерін көрсетеді.
Ол тауар және ақша нарығының тепе – теңдігін қамтамасыз ететін шығару
көлемі мен жалпы баға дәрежесінің комбинацияларын экономикада береді.
Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлар:
1.Процент ставкасының әсері;
2.Байлық әсері;
3.Импорт тауарларының әсері.
1. Процент ставкасының әсері - тұрақты ақша массасында баға
дәрежесінің өсуі процент ставкасының өсуіне алып келеді. Өйткені ақшаға
деген қажеттілік өседі. Процент ставкасының өсуі тұтынушылардың сатып
алуларын, ал өндірушілердің инвестицияларын қысқартуға алып келеді. Осының
нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды.
2. Байлық әсері - баға дәрежесінің өсуінде акция, облигация,
мерзімдік активтердің құны төмендейді. Қолында осындай қаржы активтері бар
халықтың жағдайы нашарлайды. Нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды.
3. Импорт тауарларының әсері - елдің ішіңде баға өскенде отандық
тауарларға сұраныс азаяды, ал арзан импорт тауарларына баға өседі. Бұл баға
дәрежесінің өзгеруімен байланысты.
Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар:
I. Тұтыну шығындарындағы өзгерістер
1) Тұтынушылардың тұрмысы;
2) Тұтынушылардың күтуі;
3) Тұтынушылардың қарызы;
4) Салықтар.
II. Инвестициялық шығындардағы өзгерістер
1) Процент ставкасының өзгеруі;
2) Инвестициядан күтілетін пайда;
3) Кәсіпорындарға салынатын салық;
4) Жаңа технологиялар;
5) Артық қуаттылық.
III. Мемлекет шығынындағы өзгерістер.
IV. Таза экспорт көлемінің шығынының өзгеруі.
1) Шетелдердегі ұлттық табыс;
2) Валюта курсы.
Бағалық емес факторлар жиынтық сұранысқа әсер еткенде қисық оңға
немесе солға қарай жылжиды: АD→АD1 өскенде, АD→АD2 азайғанда.
I. Тұтыну шығындары.
1) Материалдық және қаржы активтерінен тұратын тұтынушылардың жақсы
тұрмыс жағдайына тәуелді болады. Нақты құн қымбаттағанда, тұтынушылар
тауарларды сатып алу үшін көп қаржы жұмсайды, ал ол жиынтық сұранысты
көбейтеді. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды. Нақты құн
арзаңдағанда, жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды.
2) Болашақта кірістің өзгеруіне байланысты тұтынушылардың күтуі. Егер
адамдар болашақта кірісі көбейеді деп күтсе, ағымдағы кірістен саудаға көп
ақша жұмсайды. Жиынтық сұраныс көбейіп, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай
жылжиды. Керісінше жағдайда, жиынтық сұраныс азайып, жиынтық сұраныс қисығы
солға қарай жылжиды.
3) Тұтынушылардың қарыздары - тұтынушылардың қарыздары көп болса,
ағымдағы тұтыну азайып, жиынтық сұраныс азаяды, жиынтық сұраныс қисығы
солға қарай жылжиды.
4) Салықтар - табысқа деген жоғары салық жиынтық сұранысты азайтады,
жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды және керісінше.
II Инвестициялық шығындар.
1) Процент ставкасының өзгеруі - баға дәрежесімен байланысты емес
процент ставкасының өсуі инвестициялық шығындарды азайтып, жиынтық
сұранысты азайтады, жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды. Процент
ставкасының төмендеуі инвестициялық шығындарды көбейтіп, жиынтық сұранысты
көбейтеді, жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды.
2) Инвестициялардан күтетін пайда - егер, кәсіпкерлер болашақта көп
пайда болады деп болжамдаса, жиынтық сұраныс көбейеді, ал аз болады деп
болжамдаса, жиынтық сұраныс азаяды.
3) Кәсіпорындардан алынатын салық - егер, салықтың деңгейі жоғары
болса, жиынтық сұраныс азаяды, салықтың деңгейі төмен болса, жиынтық
сұраныс көбейеді.
4) Жаңа технологиялар - жаңа технология инвестициялық шығындарды
ынталандырады, бұл жиынтық сұранысты көбейтеді.
5) Артық қуаттылық - артық қуаттылық жиынтық сұранысты азайтады,
өйткені кәсіпорындарда қолданылмаған капиталдың болуы жаңа инвестициялық
тауарларға сұранысты тежейді, сондықтан жиынтық сұранысты азайтады.
III. Мемлекеттік шығындар.
Мемлекеттің шығыңдары көп болса, жиынтық сұраныс көбейеді, мемлекеттің
шығыңдары аз болса, жиынтық сұраныс азаяды.
IV. Таза экспорт көлемінің шығынының езгеруі.
1)Жиынтық сұраныс экспортер елдердің ҰТ-нан тәуелді болады. Егер,
экспортер елдердің ҰТ-ы көп болса, олар шет мемлекеттермен көп сауда
жасайды. Бұл елдердің жиынтық сұранысы көбейеді, керісінше жағдайда,
жиынтық сұранысы азаяды.
2) Валюта курсының өзгеруі жиынтық сұраныска әсер етеді. Егер осы
елдердің валюта курсы жоғарыласа, шетелден көп тауар сатып алуға мүмкіндігі
болады, бұл жиынтық сұранысты көбейтеді және керісінше.
Бұл қарастырылған 4 фактор баға дәрежесімен байланысты емес. Сондықтан
оларды бағалық емес факторлар деп қарастырамыз.

2. Жиынтык ұсыныс классикалық және Кейнс модельдері
Жиынтық ұсыныс - экономикада өндірілген түпкі өнімдер мен қызметтердің
жалпы мөлшері. Бұл ұғым көп мөлшерде ЖҰӨ синонимі ретінде қолданылады.
АS = ЖҰӨ
Жиынтық ұсыныс қисығы АS экономикада бағаның әртүрлі дәрежесінде
нарыққа өндірушілермен жиынтық өнімнің қандай көлемі ұсынылатынын
көрсетеді.

Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторлары технологияда, баға
ресурстарында, салық салудағы т.б. өзгерістер. Бағалық емес факторлар
әсерін тигізгенде жиынтык үсыныс қисығы оңға немесе солға жылжиды. Жиынтық
ұсыныс өскенде, AS→AS1, жиынтық ұсыныс азайғанда AS→AS2 жылжиды.
Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторларының ерекшелігі олардың бәрі
өндіріс шығындарын анықтайды, сондықтан бағалық емес факторлардың өзгеруі
бірлік өнімге кететін шығындарды өзгертеді. Мысалы, мұнайға және мұнай
өнімдеріне бағаның өсуі өндіріс шығындарын көбейтіп, экономикада әрбір баға
дәрежесінде жиынтық ұсынысты азайтады, АS қисығы солға жылжиды. Жақсы ауа-
райынан егіншіліктің көп болуы, жиынтық ұсынысты көбейтіп, АS қисығы оңға
жылжиды. АS қисығының формасы классикалық және Кейнс мектептерінде әртүрлі
түсіндіріледі. Макроэкономикада қысқа мерзім (2-3 жыл) және ұзақ мерзім
уақытының номиналды және нақты көрсеткіштері қарастырылады. Қысқа
мерзімде номиналдық көрсеткіштер (баға, номиналды жалақы, номиналдық
проценттік ставка) нарықтық ауытқулардың әсерінен баяу өзгереді, ол олардың
салыстырмалы қаттылығын көрсетеді. Нақты көрсеткіштер (шығару көлемі,
жұмыспен қамту деңгейі, нақты проценттік ставкасы) - өте езгермелі,
икемді. Ұзақ мерзімде керісінше номиналдық көрсеткіштер көп өзгеріп
отырады, икемді деп санайды, ал нақты көрсеткіштер өте баяу өзгереді,
сондықтан зерттеуге оңай болу үшін оларды тұрақты деп санайды.
Классикалық модель экономиканың жағдайын ұзақ мерзімде бейнелейді.
Классикалық теорияда жиынтық ұсыныс зерттеуі келесі жағдайлардан қүрылады:
- Шығару көлемі тек қана өндіріс факторларының (еңбек пен капиталдан)
мөлшерінен және технологиядан тәуелді, ал баға дәрежесінен тәуелсіз.
- Экономика өндіріс факторларының толық қамтылу жағдайында жұмыс
істейді, сондықтан шығару көлемі потенциалды ЖҰӨ-ге тең.
- Бағалар және номиналдық жалақы - икемді, олардың өзгерулері
нарықтағы тепе-тендікті қолдайды.
АS қисығы бүл жағдайда шығару дәрежесі мен факторлардың толық қамтылуы
жағдайында тік болады.
Классикалық модельде АS қисығының формасы еңбек нарығының зерттеуімен
байланысты, еңбек негізгі фактор болғандықтан, қысқа мерзімде оның өзгеруі
шығару көлеміне әсерін тигізеді.
Бағаның жалпы дәрежесінің өсуі нақты жалақыны төмендетеді, сондықтан
еңбек нарығында еңбекке деген сұраныс ұсыныстан көп болады. Бұл номиналдық
жалақының өсуіне алып келеді. Нәтижесінде нақты жалақы бұрынғы дәрежесіне
дейін өседі, бүл еңбек нарығында тепе-тендікті қамтамасыз етеді, сондықтан
шығару көлемі өзгермейді (аз ғана ауытқулар болуы мүмкін).
АS кисығының оңға немесе солға жылжуы - өндіріс факторларының немесе
технологияның мөлшері өзгергенде болады.
Кейнс моделі экономиканың жұмысын салыстырмалы қысқа мерзім уақытында
қарастырады. Жиынтық ұсыныс зерттеуі келесі алғы шарттарға негізделеді:
- Экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс
істейді.
- Бағалар, номиналды жалақы т.б. номиналдық көрсеткіштер салыстырмалы
түрде қатты, нарықтық ауытқуларды баяу сезінеді.
- Нақты көрсеткіштер (шығару көлемі, қамтылу, нақты жалақы т.б.)
қозғалмалы нарықтың ауытқуын тез сезінеді.
Кейнс моделінде АS қисығы көлденең немесе оң түрде еңкейген. Номиналды
көрсеткіштердің салыстырмалы қаттылығының қысқа мерзімдегі себептері: еңбек
келісім шарттарының ұзақтылығы, минималдық жалақыны мемлекеттік реттеу,
өнімді, шикізатты жеткізуге келісім шарттардың мерзімі, кәсіподақтардың
әрекеті т.б.
Егер номиналдық жалақы жеткілікті түрде қатты болса, ал бағалар
салыстырмалы түрде икемді болса, онда жиынтық сұраныстың өсуімен байланысты
олардың өзі нақты жалақының төмендеуіне алып келеді, еңбек арзан болады,
бүл фирмалар жағынан еңбекке деген сүранысты көбейтеді.
Егер АD= АS болса, онда тауар нарығында тепе-теңдік орнайды. Бірақ
нақты өмірде бүл тепе-теңдік сақтала бермейді.
1. Егер АD АS, онда тепе-теңдік орнату үшін 2 варианты болуы мүмкін:
- өндіріс көлемін өзгертпей бағаны өсіру;
- шығарылатын өнім санын арттыру.
2. Егер АD АS, онда мұнда да 2 вариант болуы мүмкін:
- өндіріс көлемін қысқарту;
- өндіріс көлемін өзгертпей бағаны түсіру.

3. Тұтыну мен қор жинау
Тұтыну адамдардың өмірінің негізін құрайды. Осы мақсатқа сәйкес олар
материалдық игіліктер өндірісін ұйымдастырады. Өндіріс дәрежесінен тұтыну
дәрежесі тәуелді болады. Тұтыну дәрежесімен анықталатын өмір сапасы әрбір
жанұяда, әлеуметтік топтарда бірдей болмайды. Тұтыну дәрежесі табыстан
тәуелді болады. Тұтыну халықтың тауарлар мен қызметтерге сұранысын
анықтайды. Сондықтан экономикалық теорияда түтыну ол халықты тауарлар мен
қызметтер сатып алуға жүмсайтын ақша шығындары ретінде қарастырылады. Әрбір
жанұяның, әлеуметтік топтардың тұтыну дәрежесі олардың бюджетінен, кейбір
игіліктердің қажеттілігінен, кейбір игіліктердің төлемді немесе
төлемсіздігінен, нарықта тауарлардың болуынан т.б. факторларға тәуелді
болады. Бірақ жанұялардың табыстары бірдей болғанымен, шығындар құрылымы әр
түрлі болады. Халықтың қор жинау дәрежесі табыс дәрежесінен тәуелді болады.
Қор жинау дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық тепе - теңдік
Жобаны басқару. Лекция тезистері
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялар
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі және оның маңызы
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Инвестициялардың жалпы сипаттамасы
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Инвестицияның мәні, экономикадағы мазмұны
Пәндер