Жобаларды қаржылық талдау


Жобаларды қаржылық талдау
Қаржыландыру көздері.
Жобаларды басқаруда негізгі тапсырмалардың бірі оның қаржыландыруын ұйымдастыру, яғни жобаны инвестициялық ресурстармен қамтамасыздандыру. Олардың құрамына тек қана ақшалай қаржылар емес, басқа да ақшалай эквивалент белгісіндегі инвестициялар, соның ішінде негізгі және айналым қаржылары, меншіктер құқық және материалдық емес активтер, несиелер, қарыздар және уақытша жерді пайдалану құқығы және т. с. с . . .
Жобаларды қаржыландыру - әрқашан тәуекелді болатын, инвестициялық қызметтің бір түрі, және Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайдың ерекшелігімен. Тиімсіз инвестициялық климат, жобаны басқарудың әлемдік тәжірбиесінің талаптарына лайықты жауап бере алмайтын заң шығарушы база, жобаның нәтижелі ұйымдастырылуына обьективті себептердің кедергісі. Қазақстан заңнамаларында, мысалы, «жобалық қаржыландыру» деген термин бар, бірақ та «жалпыәлемдік жобаның түсінігі» деген түсінік жоқ .
Жобаны қаржыландыру келесі шарттарды орындау арқылы жүргізіледі:
- Инвестиция динамикасы уақыт және қаржының шектелуіне сәйкес жобаның ұйымдастырылуын қамтамасыздандыруы тиіс;
- Сәйкес құрылымдар, қаржыландыру көздері және анықталған ұйымдық өлшемдер, соның ішінде: салықтық жеңілдіктер, кепілдемелер, әртүрлі қатысу формалары қаржы шығындарын және жобаның тәуекелдігін төмендетуін қамтамасыздандыру.
- Жобаны қаржыландыру келесі негізгі кезеңдерден тұрады: алдын-ала жобаның өміршеңдігін зерттеу (шығындар және жоспарланған табыс бойынша жобаның мақсаттылығын анықтау) ;
- Қаржыландыру ұйымы, соның ішінде;
- Қаржыландырудың мүшесін болатын формалармен бағалау және нақты формаларды таңдау;
- Қаржыландырушы ұйымдарды анықтау;
- Қаржыландыру көздерінің құрылымын анықтау;
- Жоспардың орындалуын және қаржыландыру шарттарын бақылау. Жобаны қаржыландыру келесідей жолдармен орындауы мүмкін:
- Өзін-өзі қаржыландыру, қаржыландырудың көзі ретінде инвестордың өз қаражатын қолдануы (бюджеттік қаржылардан және бюджеттік емес қорлардан мемлекет үшін, өз қаржыларынан к/о үшін. ) ;
- Қарыздың және тартылған қаржыларды қолдану. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жүйесі өзіне:
- Қаржыландыру көздерін;
- Қаржыландырудың ұйымдастырылған формалары;
Жобаларды қаржыландыру көздерінің классификациясы 1. 1.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерінің
классификациясы.
Классификация
белгісі
- Меншікті
- Тартылған
- қарыздар
Меншік
түрлері
- мемлекеттік инвестициялық ресурстар (бюджеттік қаржылар және бюджеттік емес қорлардың қаржылары, мемлекеттік қарыз, акция пакеттері және мемлекет қарамағындағы меншік және т. б. )
- коммерциялық және коммерциялық емес субьекттің инвестициялық соның ішінде қаржылық, шаруашылық ресурстары; қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар соның ішінде шетел инвесторлары;
- шетел инвесторларының инвестициялық ресурстары (шетел мемлекеттері, халықаралық қаржылық және инвестициялық институттар, жеке кәсіп орындар, институттық инвесторлар, банктер мен несиелік орындар) ;
Меншік
деңгейлері
Мемлекет және федерация субьектісі деңгейінде:
- бюджет меншігінің қаржылары және бюджеттік емес қорлар;
- мемлекеттік, халықаралық қарыздану түріндегі қарыздық қаржылар (мемлекеттің сыртқы қарыздары) ; мемлекеттік облигациялар, ұзақ уақыттық тауарлар жәнеде басқада қарыздар (мемлекеттің ішкі қарыздары)
Кәсіп орын деңгейінде:
- меншік қаржылар (табыс, шығарымдар, шығындарды қайтарудың сақтандыру соммасы, негізгі және айналым қаржылардың артылғандары, материалдық емес активтіктер т. б.
- қаржыландыруды тарту, соның ішінде: жарнамалар және қайырымдылық салымдары, акциядан қаржылар және т. б.
- бюджеттік, банктік және коммерциялық несиелер (қайтарымды және қайтарымсыз негіздегі проценттік және проценттік емес) түріндегі қарыздық қаражаттар;
Инвестициялық жоба деңгейінде:
- Р. Ф. бюджетінің қаржылары, федерация субьектісінің, бюджеттік емес қорлардың қаражаттары;
- Шаруашылық субьектілердің қаржылары - отандық кәсіп орындар және ұйымдар, ұжымдық институттарды инвесторлар қаражаттар;
- әр түрлі формадағы шетел инвесторлары;
Нарықтық қатыныстары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толып жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарасытырмас бұрын, ) «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй»дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр-түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шермет “Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады” деп жазған.
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ бсақа шаруащылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетіеді».
Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы-бұл оның қаржы бәсекелестік қабілетігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттігілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу.
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелген біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс. Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады»
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы- бұл тәуекелдіктің мүмкін болатын деңгейде төлем қабілеттігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табыстыөсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».
«Қаржылық тұрақтылық-бұл табыстытың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануы қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқалы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процессінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады »(9) . Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әр дайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні-қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етді, оларды келесідей түрлерге жүктейді:
- пайда болу орнына байланыста- ішкі және сыртқыҒ
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша- тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысы ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқыфакторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындармен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген тұрақты және айналымы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі- активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сонда-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері-кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңғызды факторлардың бірі-бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақща қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па?-деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдардың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстарғандағы динамикасы;
- қолар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөнінгдегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, блин, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестіктермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайын бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейиін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін адам, ал заем мерзімі біткен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеіун қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда- қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзісге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзісге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетігінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражаттың болмауына, ал көп болуы дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестіктегі, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz