Бухгалтерлік есеп бойынша дәрістер


1-дәріс.
Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары, қағидалары және стандарттары
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептелініп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға жүргізуге міндетті.
Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
- Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
- Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті.
Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы маман іс-тәжірибеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін:
- әрбір жаңа келісімді жүргізу барысында шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп ақпаратын табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерге сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген қажеттілік туындайды;
- кәсіпорынның бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей мақсатқа, тең дәрежеде пайдаланылатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әр түрлі тәсілдермен, әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олардың білім және тәжірибе деңгейі әр түрлі болып келеді;
- бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес, ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесуі болуы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы келетін екі түрлі пікір бар:
- Бухгалтерлік есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен принциптеріне бағына бермейді, себебі оларды ұйымдастыру керек.
- Бухгалтерлік есеп түсінігі логикалық негіздеу, экономикалық теория, іс-тәжірибе, бағдарлама және ортақ келісіммен негізделеді. Осыған орай бухгалтерлік есеп түсінігі күнделікті өмірде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады.
Бухгалтер маманының қай-қайсысының болмасын негізгі кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлімет беру болып табылады.
Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Бұл ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:
- Ішкі пайдаланушылар;
- Сыртқы пайдаланушылар.
Бухгалтерлік есептің әдістері. Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
- Құжаттау;
- Түгендеу;
- Шоттар;
- Екі жақты жазу;
- Бағалау;
- Калькуляциялау;
- Бухгалтерлік баланс;
- Есеп беру.
2-дәріс.
Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу
Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі - бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған, «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорындардың әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвестордың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тен болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдаң басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және қысқа мерзімді активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауына ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады.
Бухгалтерлік есептің пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның біріншісі меншікті капитал деп аталады, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны келтіріледі. Екінші бөлімі ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылады, ал үшінші бөлімі қысқа мерзімді міндеттемелер тарауына ұйымның алдағы кезеңінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары бойынша көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланстың түрлері. Өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшылардың, акционерлердің осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болады.
Актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы құрастырған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып табылады.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалынады. Осы аталған жойылу балансының өзі екі түрге бөлінеді. Ол: бірінші ұйымның жабылғандығына байланысты және екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін.
3-дәріс.
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс баптарының аттарына сәйкес болу тиіс. Бухгалтерлік шотты бастапқы қалдығы баланстың есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағанаынан алынадыда, керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Бухгалтерлік баланстың актив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны тағы басқаларды есептеуге арналған шотты активті шот , ал пассив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот деп атайды.
Активті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың дебит жағына жазылады. Сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебит жағына, ал азаюы кредит жағына жазылады.
Бастапқы қалдық
активтердің көбеюі (+)
айналым
соңғы қалдық
активтердің азаюы (-)
айналым
Бухгалтерлік есептің басты мақсаты құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бұған дәлел ретінде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық операциясын екі жақты экономикалы құбылысқа алып келетіндігін және олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстың екі бабында да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге болады. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.
«Севен Старс» фирмасының 2012 жылғы қаңтар айында орындалған шаруашылық операцияалар
- Жабдықтаушы мердігерлерден 25000тенгеге материалдар сатылып алынды.
- Есеп айырысу шотынан 5 тенге банк несиесі өтелінді.
- 3 тенгенің материалдары өндіріске босатылды.
- Жабдықтаушы- мердігерлерге қарыз 65000 тенге банк несиесі есебінен өтелді.
Шаруашылық операцияларды екі жақты жазу әдісімен есепке алу алдында мынадай жағдайларды ескеру керек:
- Аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын;
- Шаруашылық операциясының объектіге қандай әсер ететіндігін;
- Аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қай шоттарда есептелінетінін;
- Операцияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне) .
Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаущы мердігерлерге берешек қарызы көбиеді. Келіп түскен материалдарды есепке алу үшін « Материалдар» деп аталатын активті шоты, ал жабдықтаушы мердігерлерге берешек сомманы есепке алу үшін « Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын пассивті шоты аталады. Активті шотта құралдардың көбеюі шоттың дебитіне, ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюі шоттың кредитіне жазылады. Соған сәйкес бұл операция бойынша мынандай екі жақты жазу жазылады:
Д-т:Материалдар»шоты 25000тенге
К-т : «Жабдықтаушы мен мердігерлермен
есеп айырысу »шоты 25000тенге
Екінші операция нәтижесінде ұйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк мекемесі алдындағы қарызы азайды. Бұл операцияны алдынғыға қарама қарсы деп түсінуге болады. Бірінші операцияда кәсіпорынның активтері және соған сәйкес пассивтері көбейген болса, екінші операцияда ұйымның активтері мен пассивтері азайып отыр. Бұл операция бойынша ұйымның бухгалтериясында мынандай екі жақты жазу жазылады:
Д-т : «Банк несиесі»шоты 5тенге
К-т : «Ақшалар »шоты 5тенге
Үшінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану көздерінде ешқандай өзгеріс болмаған, яғни бұл операция кәсіпорынның пассив бөлімнің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді.
Д-т:«Аяқталмаған өндіріс»шоты 3тенге
К-т : «Материалдар »шоты 3тенге
Төртінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану көздерінде бір бөлім көбейіп, ал екінші бөлім сол соммаға азайып отыр. Жоғарыда қарастырған үшінші операциада өзгеріс тек қана активті бөлімде болған болса, бұл керсінше кәсіпорынның актив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді, өз әсерін тек пассивті бөлім баптарына тигізіп отыр.
Соған сәйкес бұл операция бойынша мынандай екі жақты жазу жазылады:
Д-т : «Жабдықтаушы мен мердігерлермен
есеп айырысу»шоты 65000тенге
К-т : «Банк несиесі»шоты 65000тенге
Олай болса екі жақты жазу өзара байланысты бухгалтерлік есеп объектілерінің дебит және кредит шоттарда бірдей соммада өзгеруін бейнелейді.
Шаруашылық операцияларды бейнелеуде шоттардың арасында пайда болған экономикалық өзара байланысты - шот корреспонденциясы деп атайды, ал шоттың өзі корреспонденцияланушы шот болып табылады. Корреспонденцияланушы шоттардың дебит пен кредитте көрсетілуі бухгалтерлік жазу немесе өткізбе деп аталады.
Бухгалтерлік жазу жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай өткізбе деп шаруашылық операциялары сомасының бір шоттың дебитіне, екінші шоттың кредитіне жазылуын айтамыз.
Күрделі өткізбе деп орындалған бір шаруашылық операциясына ең аз дегенде екі шот дебиттелініп, бір шоттың кредиттелінуімен немесе керісінше, бір шоттың дебиттелініп, екі шоттың кредиттелінуін айтамыз.
4-дәріс
Есеп саясаты
Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдары есеп жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және олардың әлеуметтік шарттардың жалпылама аксиомалық түрде көрсетілуі және олардың дұрыстығына күмән болмауы тиіс.
Ағылшын американдық бухгалтерлік есеп мектебі келесі бес тұжырымдары ерекше бөліп көрсетеді; мүліктік және құқықтық жекешелену; қызметтің үздіксіздігі; есептік кезен; нарықтық айрбас операциялары; монетарлық бағалануы.
Бұл тұжырымдар экономикалық шындщық жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін құрастыруды анықтайды және есептің экономиканың тұрақты қызмет атқаруының маңызды факторы болатындығын түсіндіреді
Мүліктік және құқықтық жекешелену. Бұл тұжырым бойынша шаруашылық субьектісі құрылғаннан кейін жеке мүліктік - құқықтық кешен болып табылады, заңды түрде өз бетімен қызмет атқарады және экономикалық қатынастарында тәуелсіз деп танылады. Ұйымның мүліктері мен міндеттемелері оның меншік иелерінің және басқа ұйымдардың мүліктері мен міндеттемелерінен жеке өмір сүреді.
Үздіксіздік. Бұл тұжырым ұйымның, пайда болғаннан кейін мәнгілік өмір сүретінін, яғни жақын арада өз қызметін тоқтатуға мүдделі еместігін, сол себепті инвесторлар мен кредиторлар фирманың өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім білдіруін сипаттайды.
Есепті кезең. Бұл тұжырымға сәйкес ұйымның экономикалық қызметі белгілі - бір уақыт мөлшеріне байланысты деп танылады, сол кезең аяғында оның қызметіне баға беріледі және түзетулер жасалынады. Мұндай базалық кезең ретінде қаржылық жыл алынады. Сол арқылы эконономикалық субьектілердің экономикалық қуаты мен қаржылық нәтижелері айқындалады және салыстырлады. Қаржылық жыл соңында бухгалтерлік есептілік құрастырылуы қажет. Әрине есептілікті құрастыру мерзімі одан да жиі болуы мүмкін, бірақ адиттелуге тиісті және меншік иелеріне таратылуға тиісті базалық есептілік жылдық есептілік болып табылады.
Нарықтық айырбас операциялары. Бұл тұжырым есеп мәліметтерінің пайда болу көздерін анықтайды және екі жақта болады. Біріншіден, нарықтық экономиканың басымдылығы сипатталады, яғни өндірілген тауарлар мен қызметтердің басым бөлігін осы өндірушілр тұтынбайды, олар мүдделі тұтынушылар арасында көбінесе айырбас арқылы бөлініп таратылады. Екіншіден, айырбас операцияларының басты элементі баға болып табылады, бұл операциялар нақты орын алған немесе келісімнің шарттарына сәйкес орын алуы мүмкін болады, есеп мәліметтері белгілі бір бағаға негізделуі қажет. Осы айырбас операциялары бойынша есеп мәліметтері пайда болады да есеп жүйесінде көбейтіліп отырады.
Монетарлық бағалануы. Бартерлік емес экономикада ақша жалпы айырбас баламасының рөлін аткарады, олардың көмегімен шаруашылық субъектісінің операциялары бағаланады. Бухгалтерия әртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ осы тұжырым жүйеге тек құндық өлшемдегі операциялардың кіргізілетінін куәландырады. Мысалы, ақша каражаттары терминдері арқылы қызметкердің біліктілігін, ақпарат ағымының тиімді ұйымдастырылуын, агенттің сенімділігі мен мұқияттылығын шынайы бағалауға болмайды. Мұндай факторлар бизнес үшін өте манызды болуы мүмкін, бірақ олар бухгалтерлік тілде «баланстан тыс қалады». Екі ұқсас терминдерді араластыруға болмайды: материалды емес активтер және көрінбейтін активтер. Алғашқылары ақшалай өлшемде көрсетіледі және сатып алу-сату операцияларының объектісі бола алады, сондықтан баланста көрсетіледі, ал екіншілері, ешқандай жағдайда балансқа кіргізілмейді.
ҚР«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі » заңына есеп саясаты - ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерінен ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірбиесі болып табылады.
Шаруашылық операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды көрсетудің альтернативті әдістерін ұсынатын халықаралық қржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) есп саясатын құрастырудың базасы болады.
5-дәріс.
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Барлық кәсіпорындар нарықтық экономикада басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
- Кәсіпорындар мен ұйымдарға ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
- Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады.
Ақшалар баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс-сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz