Экономикалык теория бойынша дәрістер


Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі.
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт - аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж. ж. ) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж. ж. ) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы- меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.
Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп- физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия - еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-м аржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.
Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері - К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842-1924) . Оның басты еңбегі "Экономика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847-1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX-XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні - адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» аттыеңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, қалыпқа келтіру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпенбайланысты қызмет түрлері дей тұра, көптеген мысалдар келтіре отырып, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістеріне тоқталар болсақ, бірнеше зерттеу әдістері бар . Олар: ғылыми абстракция, талдау және синтездеу, индукция мен дедукция әдістері және объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсок, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
Экономикалық құбылыстарды талдау- зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу- бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау.
Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.
Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады.
Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Сонымен қатар, экономикалық категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс, т. б.
Экономикалық заңдар - адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.
Қоғамдық өндірістің негіздері: еңбек процесінің қарапайым моменттері, қоғамдық өнім және оның қозғалысы.
Адам мен қоғам өмірінің негізінде шаруашылық қызмет, өндіріс жатыр.
Өндіріс - бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.
Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мне еңбек құралдары өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері деп атайды.
Еңбек - бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.
Еңбек заты - адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.
Еңбек құралдары - бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.
Қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мне құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды.
Игіліктер өндірісі, біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін - экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.
Өндіргіш күштер - бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.
Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.
Экономикалық қатынастар - бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.
Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.
Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т. б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т. б. жатады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс - пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.
Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас - бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.
Тұтыну - адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.
Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.
Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну - бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т. б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну - қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т. б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.
Ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс - ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.
Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.
Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші - оның тиімділігі . Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.
Меншік қатынастары.
Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.
Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т. б. жатады.
Меншік иелері үш типке бөлінеді :
- Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.
- Меншік иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші) . Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.
- Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.
Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз - белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.
«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік - бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату - бұл толық меншік емес.
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.
Тарихи бастама ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.
Еңбектік жеке меншік тұлғалары - жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқада адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.
Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Үжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.
Меншік заңдары:
1. Өз еңбегінің өнімін иемдену;
2. Бөтен біреудің еңбегінің өнімін иемдену.
Меншік субъектісі ретінде - мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.
Меншік объектісі ретінде - жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.
Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.
Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.
Иемдену заңдары:
1. Еңбек бастапқы иемдену әдісі;
2. Басқаның еңбегін иемдену заңы.
Тақырып 4. Қоғамдық өндіріс нышандары. Тауар және ақша.
Адамдардың қажеттіліктерін тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегенміз -тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, еңбек және адам қолымен өндірілген материалдық ресурстар.
Табиғи ресурстар - бұл тауарлар мен игі қызметтердің өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары және т. б. жатады.
Еңбек ресурстары - еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі.
Материалдық ресурстар - өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.
Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім - бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қоғамдық өнім көптеген салалар мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі күрделі өзара байланыстың нәтижесі. Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінде кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауарға айналады.
Натуралдық шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. Таурлық қарым - қатынастардың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz