ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Ғ.Н. Ерназарова

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің оқытушысы

РЕЗЮМЕ

Бұл мақалада жоғарғы оқу орындарында білім берудің педагогикалық әдістері
баяндалады.

RESUME

The article deals with pedagogical methods at higher educational
institutions.

РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматриваются педагогические методы обучения в высших
учебных заведаниях.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір оқытушының басты
міндеті. Оқытушылар сабақтың жаңа түрін пайдаланса,кейбіреулері жаңашыл
оқытушылардың тәжірибесін қолданады.Қай әдісті пайдаланса да,мақсат-
бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.Жаңа материалды
шеберлікпен түсіндіре білу.Қазіргі жаһандану заманында білім саласының жаңа
жүйеге көшуі әрбір оқытушыдан жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық
ізденісті талап етеді.

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов:Сабақ беру-үйреншікті жай ғана
шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деген. Бүгінгі күнде қоғам
алға қойып отырған талаптардың бірі, міне, осы шығаршылық адамын
тәрбиелеу.Ендеше,осындай шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі жоғарғы
оқу орындарында басталады.Сондықтан,бұл процесті жаңаша технологиямен
ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Студенттердің жас ерекшеліктеріне сай қабілет-олардың белгілі бір іс-
әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік –бұл адамның белгілі бір
іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан
қабілеттің алғашқы белгісі .Cондықтан, студенттердің бейімділіктерін дер
кезінде көре біліп,олармен өз қабілеттеріне орай жұмыс істеу-біздің
міндетті борышымыз. Кез келген студент оқытушының басшылығымен орындаған
шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. [1]

Қазіргі уақыт талабына сай жоғарғы оқу орындарында түрік тілі пәнін
практикалық мақсатта оқытып үйретудің қажеттілігі күннен-күнге артып
отыр.Сондықтан да түрік тілін жоғарғы оқу орындарында оқытып,үйретуде менің
алға қойған мақсатым:бағдарламаға сәйкес белгіленген тақырыптар мен тілдік
материалдар көлемінде студенттердің түрік тілінде өз ойын еркін жеткізе
білуі,қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып,мәтінді оқу немесе тыңдап
түсінуге бейімдеу,мәтіннің кейбір тұстарын аудара білу.Одан түйгенін
қысқаша түрде эссе,шағын хабарлар жазуға немесе әңгімелеуге,өз ойын еркін
айтып,баға бере білу әрекеттерін қалыптастыруға және студенттерді өз
бетімен жұмыс істеуге баулып,игерген білім икемділіктері мен дағдыларын кез-
келген жағдайда шығармашылықпен қолдана білуге дағдыландыру.

Осы мақсат студенттерге түрік тілін практикалық тұрғыда меңгертудің негізін
қалап,бүкіл оқыту барысында коммуникативтік бағдар бере отырып,оқытуға
негіз қалайды,яғни студенттердің түрік тілінде еркін сөйлей алу қабілетін
дамытуға негіз болады. [2]

Білім деңгейін тереңдету үшін түрік тілін жоғарғы оқу орындарында оқитын
студенттермен Дөңгелек стол өткізіп,студенттерді проблемалалық тақырыппен
таныстырып,оның шешу жолдарын анықтап, студенттердің ой-пікірлерін
тыңдап,қызу пікірталас жүргізу.

Нәтижесінде тақырыпты құрамдас бөліктерге бөле отырып, студенттердің
қабілеттеріне қарай,мысалы, іздене білу, аудармашылық және де басқа да
қабілеттеріне қарай шағын шығармашылық зерттеу топтарын құрып,әр топтың
жұмыс істеу жоспарын құру.

Әр топ мүшелері өздеріне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындау
мақсатында ақпарат көздерімен танысып,өз жұмыстарын жоспарлап,сабақтан тыс
уақытта өз білімдерін басқаларға үйретіп,олардың ой-пікірлерімен бөлісе
отырып ай сайын студенттер мен оқытушының алдында атқарған жұмыстары
жөнінде есеп беріп отыруды ұйымдастыру.

Осылайша студенттердің жұмыстары талқыланып,бағаланып,әрі қарай жұмыс
істеуіне бағыт-бағдар белгіленіп отырады.

Әр пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп,әдіс-тәсілдерін түрлендіру қажет.

Бұл тұрғыдан табысқа жету,көбінесе оқытушының оқыту құралы.Әдіс-тәсілдің
жалпы сабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық технологиясын кәсіби шеберлікпен
меңгерумен айқындалады әрі мұның ішіндегі ең бастысы - оқытушы сөзі болып
табылады.Соңғы жылдары педагогикалық ғылымын оқып үйренуде оқытушы сөзінің
құдіреттілігін айқындайтын жаңа тіркестер пайда болды. Педагогика
ғылымдарында бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі және басты назарда адам
тұрады.Өйткені, адам-тілдің сақтаушысы,әрі ойлап табушысы. Ал,Ушинскийдің
дидактикалық жүйесінде білімді кім қанша бойына көбірек сіңірсе,ол сонша
ақыл-ойға бай әрі дамуы да жоғары болады дейді. Сондықтан да оқытушы
студенттің қабілетін, еркін ойлау жүйесін, қабылдау зерделілігін дөп басып,
осы қасиеттерін жетілдіре түсуде үлкен мәнге ие. Оқытушы сөзі оқулық
мазмұнын тек түсіндіріп қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Жаңа педагогикалық технологияның жоғарғы оқу орнында оқыту
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Студенттің өзіндік жұмысы
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Пәндер