Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы ҚАЗАҚ ұлттық ПЕДАГОГИКАлық университеті
Психология-педагогика факультеті педагогика және психология мамандығы 4 курс студенті
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша диплом жұмысы
Ғылыми жетекші:
Алматы - 2008ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі
Қазіргі таңдағы білім беру үдерісі білім алушының шығармашылықпен өзіндік дамуы, өзіндік оқуы және өздігінен жұмыс істеуімен қатар жүретін әлемдік интеграциялық технологиясына жаһандану жағдайында жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1-ші наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсетті [1] .
Кәсіптік білім беру саласындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер барысындағы проблемаларды зерттеуге Б. Әбдікәрімұлы [2], С. Ә. Әбдіманапов [3], Л. С. Гребнев [4], Б. Жарықбаев [5], Е. Ө. Жұматаева [6], В. В. Егоров [7], А. Д. Исмаилов [8], В. Л. Ким [9], В. П. Колесов [10], К. Қабдыкерімов [11], А. А. Нұрмағамбетов [12], Н. Э. Пфейфер [7], Б. С. Сәрсекеев [13], А. П. Сейтешев [14], Э. Г. Скибицкий [15], Л. А. Шкутина [16], И. Б. Федоров [17] және тағы басқа зерттеушілер үлкен үлес қосты.
Қазақстанның дамуындағы жаңа жағдайлар жоғары кәсіптік білім жүйесінің алдына жаңа басымдықтар мен міндеттерді қойып отыр. Ол халықаралық білім беру стандарттарына сай келуді қамтамасыз ету үшін білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа шешімдер жасауды талап етеді. Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш. А. Абдраман [18], А. Р. Анасова [19], К. М. Беркімбаев [20], Р. И. Бурганова [21], Б. Т. Кенжебеков [22], Қ. М. Кертаева [23], М. Кұрманов [24], М. А. Лигай [25], М. С. Мәлібекова [26], Г. Ж. Меңлібекова [27], О. Ү. Мұсабеков [28], Ы. А. Нәби [29], Г. К. Нұртаева [30], Ә. А. Саипов [31], О. Сыздықов [32], Ш. Т. Таубаева [33], А. Н. Тесленко [34] еңбектерінде зерттелген.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында эксперимент ретінде енгізілген кредиттік оқыту жүйесі - заман талаптарына сәйкес болашақ маман бойында толыққанды білім қалыптастыруға, өздігінен жұмыс істеу және білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқыту жүйесі. Кредиттік оқыту жүйесінің енгізілуі қоғам сұранысына сай мамандарды дайындау, соған сәйкес жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау, болашақ маманның кәсіптік деңгейінің жоғарғы сапасын қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр.
Шетел оқу орындарындағы білім беруді қарастырған Б. Андрис [35], Ж. М. Арутюнова [36], Н. Белканов [37], М. К. Борисенко [36], С. Ирсалиев [38], О. М. Карпенко [39], А. Н. Карташевич [40], М. Лаумулин [41], Г. А. Лукичев [42], Б. К. Момынбаев [43], С. Питер [44], Х. Рахимбек [45], Р. Г. Стронгин [46], Ж. К. Тлешова [47], В. П. Чинков [48], В. Н. Чистохвалов [49] және тағы басқа зерттеушілер өз еңбектерінде ол елдердегі білім беру жүйелерінің құрылымы мен ерекшеліктеріне тоқталып, кредиттік оқыту жүйесі бар елдерде түрлі факторларға байланысты оның қолданылу тәжірибелері, даму бағыттары мен проблемалары әр алуан екендігін көрсетті.
Кредиттік оқыту жүйесін теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеген Н. Асанов [50], А. Атыханов [51], Г. К. Ахметова [52], С. Б. Әбдіғаппарова [52], С. Ә. Әбдіманапов [53], Б. С. Әбдірәсілов [52], О. Боев [58], Ж. Д. Дадабаев [54], С. Р. Ибатуллин [52], Ж. А. Күлекеев [52], А. А. Құсаинов [52, 55], Б. А. Мырзалиев [52], С. Омарбаев [56], С. М. Өмірбаев [52], В. Чистохвалов [57], А. Чучалин [58] және басқа да зерттеушілер бұл жүйенің негізгі ұғымдары мен ережелерін айқындап, кредиттік технологияның жоғары мектеп практикасына ендірілуіне үлкен үлес қосты. Авторлар бұл жүйенің оқу уақытын ұтымды пайдалану, оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолдану, оқыту сапасын арттыру сияқты мәселелерді қойып отырғанын көрсете отырып, болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыруда өздік жұмыстың алатын орнына ерекше мән береді.
Кредиттік оқыту жүйесінде білім алушылардың өздік жұмысы оқу бағдарламасының барлық көлемінің үштен екі бөлігін құрайды. Болашақ экономистердің өздік жұмысының тиімді ұйымдастырылуы олардың кәсіби даярлығын қалыптастыруға әсер етеді. Ол еңбек нарығында әріптестерімен бәсекелесе алатын, тосын жағдайда жауапты шешім қабылдап, шығармашылық әрекет жасай алатын, білімдері мен біліктіліктері әлемдік стандартқа сай мамандарды даярлауға алғы шарт болады. Сондықтан кредиттік оқыту жүйесінде студенттің өздік жұмысын (СӨЖ) тиімді ұйымдастыру мәселесі, онда бірегейлік пен жүйеліліктің болуы көкейкесті болып отыр.
Жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан СӨЖ-ді ұйымдастырудың мәнін ашуға А. Е. Абылқасымова [59], Н. А. Адельбаева [60,, 61], С. И. Архангельский [62], М. В. Буланова-Топоркова [63], М. Г. Гарунов [64], И. И. Кобыляцкий [65], Р. А. Низамов [66], П. И. Пидкасистый [67] еңбектері арналды.
Өздік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У. Абдукаримова [68], В. К. Буряк [69], Т. Т. Галиев [70], Е. Я. Голант [71], К. Дүйсенбаев [68], Б. П. Есипов [72], Р. М. Микельсон [73], Е. С. Саблик [74], М. Н. Скаткин [75] еңбектерінде негізделді.
СӨЖ-ді психологиялық тұрғыдан ғалымдар Н. А. Менчинская [76], А. В. Петровский [77], С. Л. Рубинштейн [78], Н. Ф. Талызина [79] зерттеулерінде қарастырды.
СӨЖ зерттеулерін дамытуға А. Беляева [80], М. Г. Гарунов [81], А. Демеуов [82], Ж. Е. Сәрсекеева [83], Ж. Сүлейменов [84], Ш. Тлепина [85], Л. А. Шкутина [86] сынды психологтар мен педагогтардың және т. б. үлесі зор. Олар СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін жоспарлауға, оның мазмұнын анықтауға, ұйымдастыру технологиясы мен қағидаларына, формалары мен түрлеріне аса мән береді.
Жоғары мектепте жеке пәндерді оқыту барысында СӨЖ-ді ұйымдастырудың теориялық және педагогикалық негіздерін Ж. Е. Сәрсекеева (педагогика) [83], ғылыми негіздерін С. Г. Тәжбаева (тәрбие аспектісі) [87] өз зерттеулерінде анықтайды.
СӨЖ-ді ұйымдастырудың әдістемелік аспектісі мен жолдарын зерттеген К. Л. Гончарова [88], С. К. Исаева [89], Г. К. Нурмұханбетова [90], Н. К. Рядина [91], К. А. Тлеубергенова [92] еңбектерінде студенттерде өздік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға баса көңіл бөліп, нақты пәндерді оқытуда СӨЖ ұйымдастырудың әдістемелерін ұсынады.
Білім алушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері А. Айтмұхамбетов [93], Б. Әбдікәрімов [94], С. Боранбаев [93], Д. М. Жүсібалиева [95], Ж. А. Қараев [96], А. К. Мыңбаева [97], И. В. Роберт [98], А. К. Садыкова [99], Қ. А. Сарбасова [100], В. Ф. Шолохович [101] еңбектерінде айқындалды.
Осылайша педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде студенттің өздік жұмысы кеңінен қарастырылған.
Алайда, педагогика ғылымы мен практикасында СӨЖ кеңінен қамтылғанмен, еліміздегі жоғары мектепте кредиттік оқыту технологиясын ендіруге байланысты білім беру парадигмасы өзгерген жағдайда экономика мамандықтарының студенттерінің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі толық зерттелмегені анықталды. Елімізде кредиттік технология бойынша оқуды бакалавриатта алғашқы болып экономика мамандықтарының студенттері бастады. Ел экономикасын әлемдік деңгейге көтеру және оны басқару үшін білімді, жоғары білікті мамандар қажет. Қоғамдағы жаппай ақпараттану үдерістері экономика саласының болашақ мамандарынан міндетті түрде жаңа ақпараттық технологиялардың негізін меңгеруді, оның мүмкіндіктерін кәсіби іс-әрекеттерінде қолдана білуді, олармен жұмыс істеу біліктері мен дағдылары болуын талап етеді. Осы мақсатта информатика пәнінен СӨЖ-дің дұрыс ұйымдастырылуы олардың осы пән бойынша толық та терең білім алуын, оны шығармашылықпен белсенді түрде игеруін және қолдануын, болашақ мамандығына қажетті кәсіби және танымдық біліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Жоғары мектеп, мемлекет, қоғам тарапынан болашақ экономистердің тұлғасы мен кәсіби құзіреттілігіне, оларды даярлауға қойылатын талаптар және кредиттік оқыту жүйесіндегі СӨЖ-дің маңызының артуы СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Алайда, кредиттік оқыту жүйесінде СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыруға қатысты нақты ғылыми-әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарының ғылыми тұрғыдан негізделмеуі мен кредиттік оқыту жүйесінде болашақ экономистердің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру қажеттігі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалды.
Осы қарама-қайшылықтардың айқындалуы зерттеудің проблемасын анықтады: ол студенттердің кәсіби даярлығын осы кредиттік оқыту жүйесіндегі білім мазмұнына сай жетілдіру үшін студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын іздеу болды. Қарастырып отырған проблеманың көкейкестілігі, оның теория және практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі және зерттеу проблемасын шешу мақсаты тақырыпты «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде жүзеге асыру.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында кредиттік жүйе бойынша оқытуда экономика мамандықтарының студенттерінің өздік жұмысын ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеудің болжамы: егер жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, онда кредиттік оқыту жүйесі жағдайында мамандарды кәсіби даярлаудың сапасы артады, өйткені өздік жұмыс студенттердің өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық белсенділігін арттырып, оқу материалын терең игеріп бекітуге, жаңа кәсіби білім алуға, практикалық білік, дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:
- жоғары білім беру теориясы мен практикасында зерттелетін проблеманың жағдайын анықтап талдау;
- болашақ экономистердің кәсіби даярлығын қалыптастыру үшін кредиттік оқыту жүйесінде өздік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, СӨЖ жүйесінің үлгісін жасау;
- «Информатика» пәнінің ерекшелігін ескеріп СӨЖ ұйымдастырудың әдістемесін жасау, СӨЖ-ді тиімділеудің жолдары мен құралдарын анықтау және оны негіздеу;
- СӨЖ ұйымдастырудың ұсынылған үлгісінің тиімділігін, педагогикалық шарттарын эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- кредиттік оқыту жүйесінде СӨЖ-ге жаңаша көзқарастың қажеттігінің теориялық негіздемесі берілді; кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттің өздік жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар анықталып, эксперимент жүзінде тексерілді; кредиттік оқыту жүйесіндегі СӨЖ-ді ұйымдастырудың үлгісі жасалынды, оның СӨЖ-ді тиімділеуге ықпалы эксперименттік сынақтан өтті; кредиттік жүйе бойынша оқытуда информатика пәнінің ерекшелігін ескеріп экономика мамандықтарының студенттерінің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі ұсынылды; СӨЖ-ді тиімділеу үшін оның оқу-әдістемелік жағынан қамтылуы, мониторинг жасау қажеттілігі негізделіп, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері айқындалды.
Диссертация құрылымы зерттеудің қойылған міндеттерін біртіндеп шешу логикасына сәйкес құрылды және кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, диссертация тақырыбының таңдалуы негізделді, ғылыми аппараты: зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі көрсетілді. Қорғауға ұсынылатын қағидалар түзілді, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен ендірілуі сипатталды.
« Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері » атты бірінші бөлімде зерттеу проблемасына талдау жасалынып, кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ұғымдары, түрлері, әлемдік білім кеңістігіндегі жай-күйі және Қазақстанның жоғары оқу орындарында ендірудегі мәселелері анықталды. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім парадигмаларының өзгерісі көрсетіліп, оқу үдерісіндегі білім алушының өздік жұмысының маңызының артуының себептері, оны ұйымдастырудағы оқытушының рөлі анықталды. Кредиттік оқыту жүйесіндегі СӨЖ-дің орны, дәстүрлі және инновациялық түрлері, формалары сипатталды. Кредиттік оқыту жүйесінде СӨЖ ұйымдастырудың үлгісі жасалынып, оны тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.
« Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі » атты екінші бөлімде жоғары оқу орнының оқу үдерісінде информатика пәнін болашақ экономистерге оқытуда өздік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі мен СӨЖ-ді тиімділеу құралдары ұсынылды. Өздік жұмысты тиімділеуде мониторингтің қажеттігі негізделіп, оны іске асыру сипатталды. Кредиттік оқыту жүйесіндегі СӨЖ үлгісі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері көрсетілді.
1 КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кредиттік оқыту жүйесінің әлемдік білім кеңістігіндегі жай-күйі және Қазақстанның жоғары оқу орындарында ендірудегі мәселелер
Қазіргі кезеңде Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде танып отыр. Қысқа тарихи кезеңде жаңа технологияларды қолдана отырып Қазақстан экономикада алға шықты, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы анықталды. Қоғамдағы өзгерістер білім жүйесіне де ықпал етті. Оның қоғам сұранысына сай болуын талап етіліп, білім беру жүйесінің рөлі мен мәні артып, оған үлкен міндеттер жүктеліп отыр.
Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл екі үдерістен: ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асырудан тұрады. Білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтарын анықтау мақсатында, жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім беруінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынды [102, 103] . Онда білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандардың білім сапасын арттыру, оларды даярлаудың жаңа бағыттарын мен инновациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ықпалдастығы, ғылыми зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіруді көрсетеді.
Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үдерісі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясын ендіруден басталды. Бұл әлемдік және отандық білім беру тәжірибесінің ықпалдасуы ғана емес, олардың өзара толығу үдерісі де болып табылады. Осы үдерістің алдындағы Қазақстанның «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына қосылуы, ҚР «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы кредиттік оқыту технологиясының ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесін ендіру және оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясы және Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді қажет етеді [104,, 105] . Қазақстанның Лиссабон Конвенциясына қол қоюы елімізді халықаралық бағдарламалар мен келісімдердің мүшесі етті. Болон процесіне қосылу еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға әкелді. Бұл заң арқылы қазақстандық білім берудің жаңа мүмкіндіктері ашылды:
- адамдарға өздері қалаған жерде білім алу мүмкіндігін беру;
- кез келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкес келуі;
- жоғары білім берудің формалары мен бағдарламаларының барлық түрлерінде қолдануы (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқыту, сырттай) ;
- халықаралық сынақ ауысымын жасау мүмкіндігі;
- дипломдардың жалпыевропалық дипломдарға сәйкес келуі [106] .
Жоғары білім берудің жалпыеуропалық кеңістігін қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешу Болон үдерісіне тікелей байланысты болып табылады. Зерттеу барысында Болон үдерісі жайлы құжаттармен танысудан [107,, 108,, 109,, 110,, 111,, 112,, 113], оның еуропалық [114,, 115,, 116] және ресейлік [4,, 117,, 118,, 119] жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге ықпалы туралы еңбектерден оны қабылдауға объективті жағдайлар мен себептердің болғаны анықталды. Бұл елдердің ұлттық білім беру жүйелерінде түбегейлі өзгерістер жасауға жалпы әлемдік беталыстар мен Еуропадағы қалыптасқан жағдайлар себепкер болды.
Кәсіби маман даярлау жүйесінде өзгерістер жасау қажеттігінің себебі барлық дамыған елдердің экономикасындағы түбегейлі өзгерістер болып табылады. Жұмыс берушілер жоғары кәсіби білімді маманды ғана емес, жаңаша, стандартты емес түрде ойлайтын, түрлі күрделі кәсіби-өндірістік проблемалар туғанда шығармашылықпен шешім қабылдай алатын және мекеменің жұмысына бірден кірісіп кетуге практикалық дағдысы бар жастарды жұмысқа алуға тырысады. Өндіріспен байланыспаған білім жүйесінің практикалық жұмысқа дағдысы бар маман дайындай алмайтынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жағдайдан шығудың бір жолы ЖОО-ның ғылыммен ықпалдастығы болып табылады. Алайда қазіргі қоғамда мекемедегі жұмыс маманнан кәсіби білім мен білікке қоса басқа да құзыреттіліктерді: компьютерде үш деңгейде (өңдеушілік, желілік, кәсіби бағдарламалар) жұмыс істей білуді, бір немесе одан да артық шет тілін білуді, маркетинг негіздерін, психологиялық әдістемелерді, менеджерлік дағдыларды игеруді талап етеді. Мұның бәрін ЖОО қабырғасындағы студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында қамту мүмкін емес. Сондықтан студентті болашақ кәсібіне жан-жақты дайындау үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргізу керек болды. Сол себепті дәстүрлі оқыту формалары мен өмірдің талабы арасындағы алшақтықты, маманның тиімді кәсіби әрекет жасауына қажетті ғылыми білімнің көлемі ұдайы артуы мен мамандардың нақты даярлануы арасындағы диспропорцияны жоятын және толыққанды білімді қалыптастыруға, өздік жұмыс пен өзіндік білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқыту жүйесінің қажеттігі білінді.
Еуропадағы жағдайларға байланысты білім беру саласындағы өзгерістердің жасалуына төрт түрлі себептер болды, олардың үшеуі білім беру саласы бойынша Еуропаның АҚШ-тан мына көрсеткіштер бойынша артта қалуына байланысты: жоғары білімі бар дайындалған мамандардың санының екі есе аздығы; елдегі шетелден келіп оқитын студенттердің саны жағынан (АҚШ-та 500 мыңнан астам, ол барлық еуропалық елдерде оқитын шетел студенттерінің санынан артық, олардың оқуынан АҚШ-қа жылына 5-10 млрд. доллар аралығында кіріс түседі) ; ғылымның дамуы, ғылыми потенциалды дамыту қарқындылығы және оның қаржыландыруы жағынан (ғылым - экономиканы дамытудың маңызды факторы) ; төртіншісі - еуродаққа кірген елдердің өз потенциалдарын біртұтас экономикалық механизмге біріктіруге деген ұмтылысы. Ол үшін әр елдердегі білім жүйелерінің деңгейлерін жақындату, соның нәтижесінде Еуропа университетінің бітірушісі Еуропаның кез келген елінде жұмыс істей алатындай шаралар жасау қажет болды [120,, 121] .
С. Смирновтың пікірінше, Болон декларациясы жоғарыда аталған себептердің барлығын қамти алмайды. Ол білім беру мазмұны мен оқыту әдістемесінде өзгеріс жасауды талап етпейді. Білім сапасын жетілдіруге байланысты оны бағалаудың мемлекетаралық өлшемдерін жасау қажеттігі айтылғанмен, нақты бағыттары көрсетілмеген. Болон декларациясы тек қана сәйкестендіру үшін түрлі елдердің білім беру деңгейлерінің құрылымын бірыңғай етуді талап етеді [120] .
Болон үдерісінің мазмұны төмендегідей мақсаттардан тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz