Білім – оқыту мен оқудың бірлігі ретінде
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытудың жүйесі
1.Білім – оқыту мен оқудың бірлігі ретінде.
2.Оқыту процесінің теориялық негізі.
3.Оқыту мен білім, білік, дағдының байланысы және олардың
айырмашылықтары.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес Жоғары оқу орындары оқытуды жаңа
тұрғыдан жетілдіру – педагогика ғылымының кезекті міндеті болып табылады.
Осыған орай ,жоғарғы оқу орындары білімінің мазмұнын, маңызын, оның
білім беру жүйесінде алатын орнын, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарындағы оқу-
тәрбие процесінің ерекшеліктерін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгі
принциптерін (ережелерін) және әдістері мен формаларын жетілдірудің
жолдарын ашып беру – дидактиканың алдында тұрған міндеттері екенін айтуға
тиіспіз.
Қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесінде болып жатқан өзгерістерді, озат
педагогикалық тәжірибені (атаулы университеттер, жаңашыл мұғалімдер іс-
тәжірибесі) зерттеп, жаңа тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға міндетті.
Оқытуда оқытушы мен студенттің арасында адамгершілік, ізгілік
қатынастардың және ынтымақтастыққа негізделген оқу әрекетінің болу
ерекшеліктерін анықтау дидактиканың шұғылданатын мәселесі. Сонымен қатар
оқытуды тәрбиенің қуатты құралы ретінде пайдаланудың, студенттің білімге
деген ынтасын, шығармашылдық қабілетін, оның рухани дамуын қамтамасыз
етудің шарттарын айқындаудың маңызы өте зор.
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір студенттің өз мүмкіндігін,
қабілетін және іскерлігін өзі іс жүзінде көрсетуге жағдай жасалуы және
олардың дербес ерекшеліктері (ықыласы, жігері, темпераменті еске сақтау
қабілеті, ойлау мен білім деңгейі т.б.) қатаң ескерілуі тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы – мектептегі оқыту.
Өйткені, ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске
асады. Ол мақсат міндеттер мыналар:
- студенттерді қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен
терең және берік қаруландыру;
- білім беру негізінде студенттердің ғылыми көзқарасын
қалыптастыру;
- студенттердің таным қабілеттерін дамыту;
- студенттердің ғылымның кейбір қарапайым методтарымен
таныстырып, өздігінен оқудың тиімді әдіс-амалдарын меңгеруге
үйрету;
- студенттердің білімге қызығуын арттырып, олардың бойынша
өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру;
- ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру. Бұл міндеттерді
семья мен жоғарғы оқу орындары тығыз байланыста болғанда ғана
ойдағыдай орындап шығуға болады, сонда ғана студенттерге
берілетін ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді.
2.Оқыту процесінің теориялық негізі.
Б.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі
мынадай жолдарын атап көрсетеді:
- Әрбір мұғалім – тәрбиеші. Өйткені оқушылар мен мұғалімдер
коллективінің арасында рухани бірлік болғандықтан, оқыту тек білім беру
емес, сонымен қатар түрлі қарым-қатынастар жасау процесі де. Мұғалімдер мен
студенттерді ортақ интеллектілік, моральдік, эстетикалық, қоғамдық-саяси
мүдделер біріктіреді.
- Сабақ-білімге құмарлық пен моральдік сенімділік тудыратын бірінші
күш.
- Әрбір мұғалім жеке оқушыға дара әсер ете білуі керек.
Ол өз үлгісімен, білімімен, рухани байлығымен оқушыны әр нәрсеге
қызықтыруға, талаптандыруға міндетті.
- Ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру коллектив пен жеке бастың
жан-жақты интеллект өміріне негізделген оқыту процесіне
байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде студент –
жеткіншек өз білімін, рухани байлығын басқаларға беріп және
басқалардан өзі алғысы келу қажеттілігін сезінетін болады.
- Барлық адамдардың білім алуға, ақыл-ой еңбегімен шұғылдануына
қабілеті жетеді. Ақыл-ой еңбегінің өзіне тән қуанышын сезуі
үшін сабақта білімнің тек қарапайым негіздерін беріп қоймай,
баланың тілек-талаптарына қарай білімді кең көлемде,
түрлендіріп, жаңартып отырған жөн.
Оқыту – қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны
қоғам қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Жастарға берілетін білім
мазмұны мен тәсілдерін белгілеуде шешуші рөл атқаратын нәрсе – жеке баланың
мүддесі емес, қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер.
Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға
біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Оқытудан тыс балалар
мен жас өсіпірмдердің жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оқыту процесінде
студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани жетілдіру –
мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тәрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны (білім беру ісін)
өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыруды керек етеді.
Оқу – студент үшін еңбек, оның тәрбиелік мәні зор. Ол студентті жүйелі
түрде ой еңбегімен шұғылдануға дағдыландырып, оның жігері мен мінезін
тәрбиелейді. Оқыту барысында ғылым негіздерін оқып үйрену, ғылымның
тарихымен және оның методтарымен, ұлы ғалымдардың өмірімен және қызметімен
танысу, мұғалімнің білімі, мәдени дәрежесінің жоғары болуы студенттерге
тәрбиелік жағынан үлкен ықпал етеді.
Оқыту – таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады,
оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет – студентті
табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен
қаруландыру.
Студенттің оқуы – жалпы адамның дүниетану процесінің өзгеше бір
формасы. Дүние тану заңдары барлық адамдарға (студенттерге де, ересектерге
де, ғалымдарға да) бірдей ортақ болады. Адамның дүние тану әрекеті
бірыңғай, бір сатылы емес, диалектикалық сипатта болатындығы және оның
белсенді екенін еске сақтау керек.
Студенттердің таным процесі өзіне тән ерекшелігі бар күрделі
психикалық процесс екенін де ұмытпау керек. Студенттің таным әрекеті
мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Студент білімді
қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және
арнайы жазылған оқулықтардың көмегіне сүйене отырып алады. Дүние тануда
студент ғалым адамдармен салыстырғанда, өзі жаңадан ғылыми жаңалықтар
ашпайды, ол – ғылымда бұрын ашылған, зерттелінген фактілерді, заңдылықтарды
ұғынуға міндетті.
Студенттің нәтижелі, оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе
себептер болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын
негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қарай қадам басқанда
әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу
нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту процесіндегі ең негізгі
қайшылық: ол – педагогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің
(білім мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық.
Бұған тағы да студенттің теориялық білімі мен репродуктивтік ойлауы
арасындағы қайшылық. Бұған тағы да студенттің теориялық білімі мен
репродуктивтік ойлауы арасындағы т.б. қайшылықтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz