Қазақстандағы құс шаруашылығы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстандағы құс шаруашылығы - нарықты ет және жұмыртқа өнімдері-мен қамтамасыз ететін ұлттық экономиканың бірен-саран салалардың бірі. Қа-зіргі уақытта Үкіметтің кәсіпорын саласының отандық экспортқа кешенді шара-лардың көмегімен көршілес елдер нарығына шығуға мүмкіндік туды. Бірақ та-сымалдау қызметінің жоғары бағасы, ветеринарлық сертификаттарды рәсімдеу процедурасы және транзитті кілтті алу ұзықтығы, осы атқарылған жұмыс нә-тижелерін минимумға шегеруге бейім.
Құс шаруашылығындағы негізгі мақсаттың бірі - халықты сапалы өнім-дермен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін құстардың жоғары деңгейдегі өнімділігі мен олардың сақталуына қол жеткізуді жүзеге асыру маңызды мəсе-лелердің бірі болып табылады.
Құс шаруашылығы ең рентабельді, тиімді және өзін тез ақтайтын мал ша-руашылығы саласының бірі болып табылады. Қазақстандағы құс шаруашылы-ғының қалыптасуы мен дамуының үлкен тарихы бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында Қазақтанда 70 етті және жұмыртқа бағытындағы құс фа-брикалары жұмыс істеп тұрды. Жыл сайын бұл кәсіпорындар 3,5 млн. дана жұ-мыртқа және 140 мың т құс етін өндіріп отырған. Бірақ азық өндіретін егістік жерлердің жетіспеуі, өндірісітік өнімдердің бағасының төмендеуі және т.б. сынды бірқатар оқиғалардан кейін көптеген құс шаруашылық кәсіпорындары өздерінің жұмысын тоқтатты.
Қазіргі уақытта құс шаруашылығы даму сатысында тұр және жұмыртқа бағытындағы шаруашылықтар жеткілікті түрде өндірістік базаларға ие және ха-лықты толығымен қамтамасыз ете алады, ал ет бағытындағы өндірістер әлі күн-ге дейін жеткіліксіз және жеткіліксіз ет өнімдерін импорт негізінде жоғары са-палы деп айтуға келмейтін жақын және алыс шет елдерден тасымалданады [3].
Қазақстанда құс етін өндіру жəне оны пайдалану кеңінен қолданылып ке-леді. Көптеген елдерде жылына адам басына шаққанда 20-30 кг құс етін пайда-ланса, АҚШ-та бұл көрсеткіш 50 кг құрайды. Бұған қосымша, қазіргі уақытта құс өнімдері, жануарлар өнімдерімен салыстырғанда тұтынушылар үшін бағасы жағынан өте тиімді екені белгілі болып отыр.
Соңғы жылдары Қазақстанда құс шаруашылығы қарқынды жолмен да-мып келе жатыр. Көптеген ет өндіру бағытындағы құс фабрикалары жеке мен-шік (АҚ, ЖШС жəне т.б.) қарамағында. Бройлер құс фабрикаларының айрықша көзге түсетін ерекшеліктері: қысқа уақыт ішінде құс табынының тез жетіліп, өсуге қабілетті, азықты аз мөлшерде пайдалануы жəне еттің өзіндік құнының төмендігі.
Отандық құс еті мен оның өңделген өнімдері, импорттық құс өнімдерін өндіруге қарағанда сапасы жағынан тұтыну нарығында едəуір бəсекелестік артықшылықтары бар, атап айтқанда: жаңадан мұздатылуы (ұшаның, ұша бө-ліктерінің, жартылай фабрикаттар ассортиментінің), аз уақытқа сақталуы, тұты-ну қағазына оралуы; майлылығының төмендігі (ұшасында, құс санының төрт-тен бір бөлігінде, қанаттары мен басқа да бөліктерінде), құс етінде ГМО болма-уы жəне т.б. Осы жайттар соңғы уақытта құс етінен жасалған отандық өнімдер-ге халық сұранысының артуына өз ықпалын тигізбей қалған жоқ. Бройлер өнер-кəсібі етті бағыттағы құс шаруашылығының тез өсіп-жетілетін саласы болып табылады. Етті бағыттағы тауықтардың қазіргі кросстарының қолда бар қоры бройлер-балапандарын жоғары өнімді кросстарын алуға мүмкіндік береді, əрі олардың тірі салмағы 42-күндігінде, 1,8-2,0 кг құрама жем азығын жұмсай оты-рып, 1800-2000 г дейін жетеді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде ROSS-308, Кобб-500, Титан, Иза- 15 сияқты етті кросстар кеңінен пайдаланылып отыр. Бройлер-балапандардың бұл кросстары Қазақстанның құс фабрикалары жағдайларында табысты қолда-нылып келеді. Осыған орай, шаруашылық мамандарының алдында олардың ішінен неғұрлым тиімдісін, əрі зоотехникалық-технологиялық жəне сапалық көрсеткіштер талаптарына толық жауап бере алатын түрін таңдап алу мəселесі тұр. Бұл кросс балапандарының өз ерекшеліктері мен кемшіліктері, артықшы-лықтары бар екендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер саланың рентабелділігі мен дайын өнім сапасына тікелей ықпал етеді.
Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын жем-азық қорының мəні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 65-70%-ын жем-азық-тың бағалары құрайды. Құрама жемнің нəрлі болмауы (əсіресе, ақуыз жетіспе- уі), оның амин қышқылдары мен алмасу қуаты бойынша өз мөлшері деңгейінде болмауы құс шаруашылығына əжептəуір шығын əкеледі. Өйткені, бір кг ет өн-діру үшін ондай құрамажем ғылыми дəлелденген мөлшерден 1,5-2,0 есе көп жұмсалады, яғни өнімнің өзіндік құны өсіп, құстың генетикалық əлеуеттілігі толық жүзеге аспайды.




1 Әдеби шолу
Үй құстарының ішіндегі ең кеңінен тарағаны - тауық. Дұрыстап бағып, азықтандырып өсірген бір мекиен жылына 220-240 жұмыртқа туады. Мысалы, 3-5 адамдық отбасы 10-12 тауық ұстаса, онда жыл бойы диеталық жұмыртқалармен өздерін толық қамтамасыз етеді. Бұған көп жем де шығын болмайды. 10 жұмыртқа өндіру үшін 2 кг-ға жуық жем жұмсалады.
Жеке шаруашылықтарда, тауықты алысқа жібермей, қора ішінде ұстауға мүмкіндік бар. Күннен сақтайтын қалқан жасалу керек. Қысты күні (желсіз, өте ызғарлы емес күндері) тауықтарды таза ауаға шығарып (қыдыртып) алуға болады. Ол үшін ауланы тазалап, сабан төсеу керек. Тұқымға қалдырылған жас тауықтар күзге қарай жұмыртқалай бастайды. Олардың жұмыртқалауына құс қорадағы температура мен күннің ұзақтығы қатты әсер етеді. Қора ішінің температурасы 5-7 0 С-тан төмен болмауы тиіс.
Жеке қожалықтарда балапандарды 1 тәулігінен, 2-3 немесе 4 апталығынан жылдың кез-келген мерзімдерінде өсіруге болады. Оларды инкубаторлы құс шаруашылықтарынан сатып алуға болады.
Балапандар екі әдіспен өсіріледі. Біріншісі - тауық бауырында, екіншісі - жылитын қорап ішінде. Бірінші әдіс бойынша өсіру үшін құрық болған мекиеннің бауырына 2-3 жұмыртқа салады да, түнде алдымен 3-5 балапан салып, тауық үйренген соң балапан санын 30-ға дейін жеткізеді.
Ең қолайлы, тез үйренетін тауықтар - олар жергілікті және етті-жұмыртқалағыш тауық тұқымдары болып келеді.
Алғашқы 2-3 күндері тауықы балапандарымен бірге жылы жерде ұсайды. Осы уақы ішінде балапандар дем жеуді, су ішуді үйренеді. Дегенмен де 2-ші күні кешке жатарда балапандардың жемсауларында жем бар-жоқ екенін анықтап, тексеріп шығу керек. Аш балапандарды тең көлемде сүтке араласқан жұмыртқа уызын пипеткамен балапанның аузына құйып азықтандырады. 2-3 рет осылай тамақтандырғаннан кейін, олар өздері-ақ үйреніп кетеді. Желсіз, күншуақ, ауа температурасы 15[0]С жылы күндері 3-4 күндік балапандарды енесімен бірге аулаға шығарып, 2-3 сағат сайын жем беріп, шақырып тұрады.
Нашар балапандарды жәшікпен аулаға шығарып, күннің көзінде 20-30 минуттай ұстайды. 10 күннен асқан балапандарға 7-10[0]С жылыда да далаға шыға беруіне болады.
Бірінші күндері балапандарға жаңа пісірілген жұмыртқа, ірімшік, тары, жақсы майдаланған жүгері және бидай беру керек. Майдаланып араластырылған бидай мен жұмыртқаны, тағы басқаларын фанер тақтайға салып жылу жақсы келетін жерге қояды. Оның жанына үй температурасындағыдай су қою керек.
Жаңа сауылған, таза сүт беруге болмайды. Себебі ол тез ашып, балапандардың іштерін алып кетеді. Сондықтан көк сүт ұйытып берген жөн. Балапандарды 10 күндігіне дейін тәулігіне 5-6 рет, ал 1 айлығынан бастап 3 рет азықтандырады. Үш күндіктерінен бастап витаминдері баршылық көк - қалақай, жоңышқа, беде береді.
Бөлек астаушада ірі, таза құм немесе қиыршық тастар үнемі жатуы тиіс.
Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасына жақсы азықтандырып, күтіп-бағу қажет.
Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады. Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады.
Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғадылық 60-70%, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағат аралығынла ауытқу керек. Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+37[0]С аралығында ұсталып, микрокиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыру үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+30[0]С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 26[0]С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 3[0]С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 18[0]С болуы тиіс.

2 Негізгі бөлім
2.1 Толықтырғыш топтағы балапан өсірудің биологиялық негіздері
Толықтырушы балапандарды бағыттап өсіру организмнің өсуі мен дамуын жалпы заңдылықтарын білуге негізделген. Ол азықтандыру мен бағып-күтудің қолайлы жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
Жұмыртқа бағытындағы тауықтар балапандарының тәуліктік мерзімінен 22 апталығына дейінгі өсу жылдамдығы біркелкі болмайды. Балапандардың бесінші апталық мерзімдегі өсу жылдамдығы жоғарырақ болады. Дененің күнделікті өсімі 4%-дай болады, 6-9 апталығында -3,5; 10-17 апталығында - 1,77 және 18-22 апталығында тәуліктік өсім 2,85%--ға дейін жетеді.
Балапандардың өсуінің артуы әр кезеңнің бастапқы мерзіміне пайыз есебімен 1,5 апталығында 723-782; 6-9 апталығында - 138-128; 10-17 апталығында - 182-194 және 18-22 апталығында 33,8-30,3 болады. Тәуліктік абсолюттік өсім алғашқы кезеңде 7,02-7,6 г, екінші кезеңде - 12,1, үшінші кезеңде 11,0-11,8 г және төртінші кезеңде 6,0-5,7 г болады. 22 аптада тәуліктік орташа өсімі орта есеппен 9,19 г болады. Яғни балапандардың ең жоғары салыстырмалы өсу жылдамдығы бірінші кезеңге (1-5 апта) келеді. Сондықтан да балапан өсіргенде осы кезең ең жауапты болады. Осы кезеңнің соңына қарай дене,бас,мойын түгелдей қауырсынданады. Ал 6 апталық мерзімінде балапан толық қауырсынданады. Ал 9 апталығында қауырсын түгелдей мамық жүнге айналады. 4-5 айлық кезінде балапандардың ювенальды түлеуі басталып, өсудің соңына қарай (20-22 апта) аяқталады.
Алғашқы бір жарым аптада балапан организімінің жылуды реттеу қасиеті болмайды, қанаттың қауырсын жүндерінің өсіп-жетілу қарқыны баяулайды. Балапан сары уыздың қалғанымен қоректенеді. Бұл кезеңде барлық ұлпалар мен органдардың дефиренциясы жүріп олар нығая түседі. Ас қорыту трактының, ішкі секреция бездерінің, ұдайы өндіру органдарының қызметтері дами түседі. Балапанның қозғалысы шектеліп маужырап ұйықтай береді. Жылуды көбірек талап етіп сыртқы тітіркенткіш күштерге жөнді назар аудармайды. Бұл өте жауапты кезең, сондықтан балапандарды күтетін адамдар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Келесі жас кезеңі (1,5-4,5 апта) жеделдете өсу қарқынымен сипатталады. Бүл кезеңде балапандардың дене жылуы жоғарылап, мамығы жеделдете өсе бастайды. Ішкі секреция бездерінің жетілуіне байланысты өсу мен қауырсындануда жыныстық деформизм байқалады. Ұрғашы балапандар мен балапан әтештерді жынысына қарай анықтауға болады. Кезеңнің ең соңында ювеналды түлеу басталып, балапандар суды көбірек талап етеді. Үшінші кезең (5-9 апта) қарқынды өсумен сипатталады және ол ювеналды түлеп аяқталады. Организмнің жылуды реттеуі қалыптасады.
Өсудің бірінші кезеңінің аяғында (1,5 апта) балапан бастапқыдан гөрі екі есе кең алаңды талап етеді. Екінші кезеңнің аяғында (4-5 апта) балапанның тірілей салмағы мен денесі 2 есе ұлғайып, үшінші кезеңнің аяғында тірілей салмағы тағы да екі есе артады. Балапандардың шамамен тірілей салмағы 1,5 апталығында 70-75 г, 4-5 апталығында 280-300, 6-9 апталығында - 620-640 грамм болады.
Өсіру кезеңінде азықтандыру мен күтімнің қолайлы жағдайларын, температуралық ылғал мен жарық режимдерін жасау қажет. Қоректік заттардың, энергияның, витаминдер жеткіліксіздігі және микроклимат жағдайларын сақтамау тұтас организмнің, оның жекелеген органдарының өсуі мен дамуын тежейді. Өсу мен дамудың тежелуін қайтару қиынға соғады. Ол азықтандыру мен күтімнің жағдайлары жақсарғанның өзінде де толық түзелмейді. Осыған байланысты өсіру кезеңінде балапандардың тірілей салмағы, ішкі органдарының салмағы, қауырсындануы, екінші реттік жыныстық белгілердің дамуы бойынша және балапандардың өсуі мен жетілуі қатаң бақылауға алынып, нормалық көрсеткіштен төмендеген кезде балапандарды азықтандыру мен күтуді жақсартудың жедел шаралары қолданылады.
Ұрғашы балапандар мен балапан әтештер тәуліктік мерзімнен 17 апталығына дейін еденде бөлек бағып күтіледі. Әтештерден бөлек өсірілген тауықтардың аман сақталуы мен жұмыртқалауы, жұмыртқалардың ұрықтануы мен балапандардың шығуы жоғары болады. Балапан әтештердің екі апталық мерзімнен бастап ұрғашы балапандарға қарағанда өсім мен зат алмасуы жоғары болады. Мұның өзі қоректік заттарды көбірек талап етіп күтім жағдайларын жақсартуды қажет етеді.
Ұрғашы балапандар мен әтештерді бөлек өсіру, азықтандыру мен күтімнің қолайлы режимдерін жасауға мүмкіндік береді. Сол арқылы организмнің жақсы өсіп-жетілуін, құстың өнімділік және ұдайы өнімділік сапаларының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Бөлек өсіру технологиялық факторларға да байланысты болады. Айтып өткеніміздей балапан әтештердің екі апталығындағы өсімі ұрғашы балапандарға қарағанда жоғары болады. Сондықтан 17 апталық мерзіміне дейінгі балапан әтештер клеткалы ұрғашы балапанды өсіруге бейімделген батареяларда күтіледі. Өйткені 13 апталық мерзімнен жоғары балапан әтештердің бірқалыпты өсуі мен жетілуін қамтамасыз етпейді.
Балапандарды өсуі мен жетілу қарқындылығын ескере отырып азықтандырады. Өсу жылдамдығы жоғары кезеңде (алғашқы 9-10 апталығында) балапандар рациондарында протеин мен алмасу энергиясы көп мөлшерде болуы тиіс. Тіршілігінің алғашқы 4-5 күнінде балапандарға минералды азықтар берілмейді. Егер балапандар ширақ болса, онда азықтың 100 грамында шикі протеин деңгейі 20-21% және 1,17-1,24 МДж (280-295 ккал), жоғары жұғымды рационы қолданылады. Егер балапандар әлсіз болса, көк сүттен, ірімшіктен немесе айраннан тұратын диета бір апта бойында қолданылады. Содан кейін балапандар шикі протеин мөлшері 20-21%-ға жететін жұғымдылығы жоғары азықтармен азықтандырылуға көшіріледі.
Құстың жыныстық дамуын тежеу үшін 13-22 апталығында рационнан белокты азықтарды алып, бидай, қара бидай, күріш кебектерін және витаминді шөп ұнын үстеп қосады. Клетчатканың мөлшері 7-7,5%-ға жетуі мүмкін. Құстың өсуі мен жетілу барысы бақылауда болады (1-кесте). Балапан тіршілігінің алғашқы екі айында апта сайын, одан кейін төрт аптада бір рет өлшенеді. Кем дегенде 50 бас балапан өлшенуі керек. Олардың орташа салмағын есептеп, стандартпен салыстырады. Егер балапанның тірілей салмағы нормадан төмен, не жоғары болса, онда өсіру кезінде пайдаланылған азықтандыру мен жарық режимін анықтап, талдайды. Жетінші апталығынан бастап балапандардың қанатының алғашқы қатардағы қауырсындар саны есепке алынады. Қауырсындардың ауысуының тежелу өсу мен даму қарқындылығының төмен болуына байланысты.

Құстың жасы, апта
Тірілей салмағы, г
Қауырсын қанаттарын ауыстырудың орташа саны
Ұрғашы балапан айдарының биіктігі,см

ұрғашы балапандар
балапан әтештер

4
230-270
320-360
-
-
9
610-680
670-750
3,5-4,0
-
13
950-1050
1250-1350
6,5-7,0
1,2-1,3
17
1250-1300
1600-1700
6,8-8,8
1,5-1,6
22
1450-1500
1800-2000
9,5-9,6
2,2-2,3
1-кесте. Клеткада өсірген кездегі толықтырушы балапанның өсімі мен дамуының бағдарлы параметрлері

Бақылау кезінде құстардың жыныс органдарымен айдарының дамуын қатаң қадағалайды, қандағы гемоглобин, бауырдағы А витаминінің мөлшері анықталады. Союға бес құс іріктеліп алынып лабораторяға жөнелтіледі. Бауырдың 1 г А витаминінің мынандай мөлшері болуы тиіс, мкг: апталық мерзімде 12-25; 20 күндігінде -36; 60 күндігінде - 42,5; 100 күндігінде - 60 және 150 күндігінде - 113. Егер бауырдағы А витаминінің мөлшері төмен болса, онда оның азықтағы үлесін тексеру қажет.
Күн сайын балапандар, азықты таратқаннан кейін байқаудан өткізіледі. Әлсіз балапандар жемге келмейді. Бұл олардың жағдайының нашарлығанның алғашқы белгісі болып табылады. Балапандардың әлсіздері, ұсақтары, әр түрлі жарақаттары және А витаминоз белгілері барлары жарамсыздыққа шығарылады.

2.2 Толықтырғыш балапандарды өсіруге арналған қора-жайлар
Құс қорасын жастары мен жетілуі бірдей толықтырушы балапандар топтармен комплектілейді. Бір қорада жастары әр түрлі балапандар тобын өсіруге қатаң тиым салынады. Құс қорасындағы балапандардың жас айырмашылығы үш күннен артық болмауы керек. Балапандарды жынысына қарай сұрыптау инкубацияда жүргізіледі. Демек, тәуліктік ұрғашы балапандар мен әтештер тобы ересек құстарға арналған құс қорасынан көбірек сыйуы тиіс.
Еліміздің барлық шаруашылықтарында жұмыртқа бағытындағы тауықтардың толықтырушы балапандары клеткалы батареяларда өсіріледі. Клеткалы батареялар балапандарды өсіру технологиясына байланысты өзінің констркуциясы жөнінен мынандай түрлерге бөлінеді: орын ауыстырмастан 1-17 апта немесе жасына қарай орын ауыстырылатын 4-9-17 апталық болады.
Алғашқы апталығынан 17 апталығына дейін орын ауыстырмастан ұрғашы балапандарды өсірген кезде КБУ-3, БКМ-3, БГО-140 клеткалы батареялар қолданылады. Толықтырушы балапан өсірудің бұл оңтайлы схемасы құс өсіретін қоралар мен комплекстерді жобалаудың негізі болып табылады. Тәулігінен 17 апталығына дейінгі мерзімде толықтырушы ұрғашы балапандарды орын ауыстырмастан өсіру, 4,9 және 17 апталық балапандарды орын ауыстырып өсірумен салыстырғанда құстың аман сақталуы 5-8%, балапанның шығымы 6,7% артық, қора алаңының қажеттілігі 7%-ға азаяды.
КБУ-3 клеткалы батареялар толықтырушы балапандарды орын ауыстырмастан бір апталық мерзімнен 20 апталығына дейін өсіруге арналған. Бұл этажерка тәрізді екі қатарлы үш қанатты универсалды клеткалы батарея. Онда азық тарату, суару мен саңғырық шығару процесстері механикаландырылған. Клеткалы өлшемі 700х900 мм. Оның екі жағына азықтандырғыштар орналастырылған. Алғашқы күндері балапандар үшін азықтандырғыштарға қосымша ыдыс орнатылады. Оған азық қолмен салынады. Содан соң қосымша ыдыс алынып, азық аспалы бункерлі азық таратқыштармен таратылады. Құстар желобкалы суарғыштардан су ішеді. Желобкалы суарғыштар клетканың іш жағының орта тұсындағы қанатқа клеткалы батареяны бойлай монтаждалады. Бұл суарғыш балапандарды бір апталығынан бастап өсіруге арналған. Суарғыштың бірінші және үшінші қанаттары клетканың сыртқы жағында азықтандырғыштың үстіне монтаждалған. Клеткалы батареяларда құс саңғырығы қырғыш транспортерлермен тазартылады. Батареяда электрлі жылытқыш жүйелері жоқ. Сондықтан қорадағы қолайлы температура желдеткіш жабдық арқылы қамтамасыз етіледі.
Барлық қанаттарда клеткалардың алдыңғы есіктерінде жапсырмалары болады. Олар арқылы балапанның жасына байланысты шыбықтардың ара қашықтығын 21 мм-ден 48 мм-ге дейін реттеп отыруға болады. Мұның өзі алғашқы есікті ауыстырмастан балапанды тәулігінен 17 апталығына дейін өсіруге мүмкіндік береді.
Клеткалы батареяның қалқандарында арнайы тіреуіштер болады (әр қалқанда 3 тіреуіш) оның жәрдемімен едендегі тордан азықтандырғыш жиегіне дейін қашықтық балапандардың жасына байланысты реттеледі. Балапандар тіршілігінің алғашқы 4-5 апталығында алдыңғы есіктегі клетканың биіктігі 365 мм, едені көлбеу жағдайда болуы тиіс. Мұның өзі балапанның азыққа емін еркін жетуін қамтамасыз етеді. Балапандардың өсу деңгейіне қарай едендегі тордың алдыңғы бөлігі төмен түсіріледі. Ол көлбеу жағдайда болып клетканың биіктігі 410 мм-ге жетеді. Алғашқы күндері азықтандырғыштың жиегіне дейінгі клетканың биіктігі 40 мм, 4-5 аптадан кейінгі биіктігі 100 мм болады.
Тордың табан астындағы 12,5x50 мм өлшемді ұялары болады. Тіршілігінің алғашқы 3-5 күнінде балапандардың аяқтары ұяларға қыстырылып жарақаттануы мүмкін. Жарақаттану мен балапандар шығынын болдырмау үшін көптеген шаруашылық табан астындағы торға қағаз бен картондарды бірнеше қабаттап төсеп, қайықша азықтандырғыштармен суарғыштар орнатады. Олар бір аптадан кейін алынады.
Тәуліктік балапандарды орта қанаттағы клеткаларға 30-36 бастан, 20-25 күннен кейін оларды жоғары және төменгі қанаттағы клеткалардың әрқайсысына 10-12бастан отырғызады. Балапандарды отырғызбастан бұрын батарея есіктері шыбықтарының арасындағы болар болмас саңлауларды (21 мм) реттейді. Суарғыштар төмен түсіріледі (клетка еденінен 15-15 мм). Азықтандырғышқа қосымша ыдыс қойылады.
Кейбір шаруашылықтарда тәуліктік балапандарға арналған желобкалы суарғыштар батареяның үшінші қанатында монтаждалып, тәуліктік балапандар отырғылады. Өсірудің алғашқы күндері қолайлы температуралық режим жасауға болатын үшінші қанатта 3-4 апта күтілгеннен кейін балапандар бірінші және екінші қанатқа отырғызылады.
БКМ-3 клеткалы батареясы - каскадты үш қанатты механикаландырылған. Батареяның клеткаларында толықтырушы балапандарды өсіруге жақсы жағдайлар жасалады. Құстың бір қалыпты жарықпен қамтамасыз етілуін оператор бақылап отырады. Клеткада құсқа қол жеткізу ыңғайлы және ол аз жарақаттанады. Балапан жақсы өсіп, тез жетіледі. КБУ-3 клеткалы батареясымен салыстырғанда балапандардың шығымы 3%-ға, еңбек өнімділігі 1,6 есе артады. Өнімнің бір өлшеміне жұмсалған еңбек шығыны 36%-ға артады. Клеткалы батареяның ені 1550 мм, ол құс саңғырығы шұқырының үстіне орнатылады. Клетка өлшемдері мынадай, мм: ұзындығы - 900, ені - 600, алдыңғы есіктің биіктігі - 400 мм, артқы есіктің биіктігі - 370; батареяда 564 клетка болады. Әр клеткаға 16-18 тәулік балапан отырғызылады. Батареяға барлығы 10152 балапан сияды. Өлшемі 18х96 м құс қорасына 6 батарея орнатылады. Құс қорасы алаңының әр 1 м2 33 бастан келеді.
Батарея клеткалары каскадты ретпен орналастырылған. Батареяның жоғарғы қанатынан құс саңғырығы саңлау арқылы көлбеу төсеніштерге келіп түседі, содан соң саңлаулар арқылы саңғырық шұңқырға барып түседі. Саңғырықтың қалдықтары көлбеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР, ТМД елдері және әлемдегі мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Орал құс фабрикасындаңы бройлерді азықтандыру
Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
Қазақстандағы құс шаруашылығы мәселелері
Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиясы, жануарлар дүниесі
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Маркетинг өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің кешенді жүйесі ретінде
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Пәндер