Мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жылқы шаруашылығы -- мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Біз қазақ халқы, тегіміз - түркі, түлігіміз-жылқы деп өскен елміз. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте-мөте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен.
Орталық Азия, оның ішінде қазақ даласы - жылқының отаны, оған дәлел жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі - Ботай қонысы. Ботайлықтар әлемдегі алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер.
Осыдан 6 мың жылдай уақыт бұрын кіндігі қазақ жері болып саналатын, арғы тегі тарпаңдар мен керқұлаңдардан тараған қораш жылқылардан бүгінде көпке әйгілі қылқұйрық тұқымдары: ақалтекелер, араб жылқылары, арғымақтар, қазанаттар, ағылшынның таза қанды сәйгүліктері, мініс, жегіс аттары, ірі жүк жылқылары іріктеліп, сұрыпталып шықты.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т.б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстандақайтадан көбеюде.
Демек, XXI ғасырда егеменді ел атанғанда мемлекетіміздің басты шарушылығы - жылқы өсіру, халқымыздың сүйіп ішетін сусыны- қымыз, ұлттық идеямыздың негізі - тұлар болуға тиіс.
Жылқы қазақтың жаны мен қаны, қанатына баланған пырағы. Біз қазақтың жылқысы дегенде сәйгүліктерді ғана ойлаймыз. Неге оның қымызы мен қазы-қартасын айтпаймыз? Осы жағын жарнамалауға болмай ма? Қазір Италия, Франция елдері бізге экологиялық таза өнім жіберіңдер − деп отыр. Басқа елдердің жылқыларына қарағанда, қазақы жылқылардың сүті мен етінің қаншама ауруларға ем екендігін екінің бірі біледі. Басқасын былай қойғанда, жылқы етiнiң адам ағзасын жасартатын қасиетi бар екендігін мамандар мойындап отыр. Бұл дегенің - Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған біздің ел үшін үлкен мүмкіндік. Ат спортын дамыту, қымызын, етін, қазы-қартасын көптеп дайындау, шағын фермерлік шаруашылықтарда күш көлігі ретінде пайдалану қаншама пайда әкелер еді. Бірақ, осы жүйе бізде бір ізге түспеген. Бір сөзбен айтқанда, жылқының қадір-қасиетіне әлі жете алып отырған жоқпыз.
Қазіргі таңда еліміздің жылқы шаруашылығындағы басты қызығушылық - ет пен сүт өнімдерін мол беретін, өндіріс шығыны аз қазақы жылқыны өсіру. Жабы типті қазақы жылқы, басқа жылқыларға қарағанда өзіне тән ерекшеліктері мен артық: жыл бойы жайылымда тебіндеп жайылуға бейімділігімен, ірілігімен және жоғары тірілей салмағымен ерекшеленеді. Қазақы жылқының басы дөрекі, жалпақ бетті, жақ сүйектері жетілген, мойны бұлшық етті қысқа, тұрқы ұзындау, орта бойлы, арқасы тік, белі мықты әрі жалпақ, сауыры етпен білеуленген, аяқтары қысқа да сүйекті, артқы аяқтары түсіңкі, жалы қою, қылы ірі талшықты, терісі қалың, жүні қыс айларында түкті, ұзындығы 4-5 см-ге дейін келеді.
Қоңдылығы жоғары жабы типті қазақы жылқының тірілей салмағы 450-530 кг-ға дейін жетеді. Көктемгі және күзгі жайып семірту кезінде тез қоң алу қабілеті өте жоғары жануар. Биелері тәулігіне орташа есеппен 10-15 литр, ал ең үздіктері құлынның емген сүтімен есептегенде 21 л-ге дейін сүт береді. Жылқының адам бойына күш, рух сыйлайтын ала-бөтен қасиеті бар. Ол - намыс, ол - ұлттық сана-сезім, ол - тектілік рухы еді. Қазақ үшін бұл тіпті де қажет.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді мақсат етіп, 2050 стратегиясына қадам басқан қазақтың өз ұлттық бренді болуы тиіс. Бұл - заман талабы. Ал ежелден келе жатқан ата кәсіп - мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы малын асылдандыру арқылы бұған жедел жетуге болады.

1 Әдеби шолу
Таза қанды ағылшын жылқы тұқымы әлемнің барлық жерінде таралған, оны XVII-XVIII ғасырда Ұлыбританияда жергілікті мініс бағытындағы жылқылардың биелерін шығыс тектес айғырлармен өндіре шағылыстыру арқылы, тек ат спортының жазықтағы шабыстарына арналып шығарылған, осы тұқымға арабтың, варварлық және түріктік тұқымы қатысқан. Негізгі тұқымдық шежіресіне 3 айғыр қатысқан.
Байерлей-Терк 1680 жылы тұқым болып бекітілген. Вена қаласын түріктер қоршап алғанда соғыс олжасы болып, капитан Байерлей үшін Ирландияға жеткізіледі (таза қанды ағылшын жылқы тұқымының шежіресі Херод айғырынан тараған, ол 1758 жылы тұқым болып бекітілген ).

1 сурет - Байерлей айғыры.

Дарлей Арабиян айғыры 1700 жылы тұқым болып бекітілген, бұл тұқымды ағылшынның Дарлей деген кісінің есімімен атаған. Дарлей Алеппо қаласынан сатып алып 1710 жылы Ұлыбританияға әкелген ( Осы таза тұқымды жылқыдан мықты айғырдың бірі Эклипс деген тұқым шығарған, ол 1764 жылы туылған).

2 сурет - Дарлей Арабиян айғыры

Таза қанды ағылшын жылқы тұқымының жұйріктілік қасиетінің қалыптасуына негізін салған тұқым Дарлидің немересі жирен айғыр Эклипс. Эклипс атауы ағылшын тілінен аударғанда (Eclips) - күннің тұтылуы деген мағананы білдіреді. Эклипс айғыры туылған мерзімі сәуір айының 1 күні 1764 жылы, яғыни сол кезде күннің тұтылуы мен тұспа тұс келуіне байланысты Эклипс лақабы берілген.
Эклипс жылқыларының конституциясы мықты, ірілігі өте ірі , сауыры мен аяқтары ұзын, артқы жағы биік, ал тұлғасы орташа яғыни сымбатты емес, жүрген кезде басын төмен түсіріп жүрген. Сол себепті бұл тұқым қанша жүйрік болсада ат жарысында ыңғайсыздық тудырған, яғни ат үстінде аттан құлау жиі болған.
Эклипс тұқымы бірлескен патшалықтың ең ұздік жылқысы ретінде Патшалық кубокты 11 рет жеңіп алған. 23 жылдан бері Эклипс тұқымы 26 рет жарысқа қатысқан ( кейбір мәлімет бойынша 18 рет) соның барлығында жеңіске жеткен. Сонымен қатар ол ешбір жылқыны алдына салмаған, тіпті оған тең келетін жылқы болмаған.Бастапқы кездегі сатылымда бұл тұқым 75 фунт стерлингке бағаланған, бұл айғыр өлгеннен кейін оның қаңұасы 1000 фунт стерлингке сатылған.
Оның жүйріктілігінің құпиясын зеттеу мақсатында Эклипстің өлген денесін жарып оның ішкі ағзаларын тексерген. Сол кезде оның жүрегі 6,3 кг болған яғни қалыпты жағдайда жықылардың жүрегі 5 кг шамасында болады. Бұл зерттеуде ғалымдар оның жүрегінің осыншама ұлкен болу себебімен бұл тұқымның жүйрік болғанын анықтаған.
Эклипс тұқымының 344 ұрпағы ең жүйрік тұқымдардан болған. Қазіргі таңдағы таза қанды ағылшын жылқы тұқымы осы Эклипс тұқымдарынан шыққан. Қазіргі таңда эргономикада Эклипс тұқымын бақа әсері деп атаған, себебі Эклипс тұқымы шабыс кезінде дене тұлғасы созылып, аяқ алысының қашықтығы ұзарға
Эклипс тұқымының шабыс кезіндегі басының төмен түсіріп шабуынның себебін ғалымдар аяқ алысындағы инерциялық күшінің әсер ететіндігін айтқан. Генетиктердің айтуы бойынша Эклиастің сүйегі, шеміршегі, сіңірлері басқа аттардан қарағанда 3 есе мықты болған. Осы қасиетінің себебінен еш жарақат алмастан жеңіске жеткен.
Годольфин Барб айғыры 1724 жылы тұқым болып бекітілген. Оны Тунис сұлтаны 1730 жылы француз патшасы XV Людовикке сыйлаған, сосын оны Ұлыбританиядағы жылқы зауытындағы Годольфинге жіберген (нәтежесінде жүйрік жылқы Кэд тұқымы шығарлады, оның ұрпағы Метчем тұқымы шығарылады, ол 1748 жылы тұқым болып бекітіледі ).

3 сурет - Годольфин Барб айғыры.

Таза қанды ағылшын жылқы тұқымын шығаруға ең көп үлес қосқан тұқым Эклипс, одан кейінгі үлесті Херод тұқымы, ең аз үлесті Метчем тұқымы құрады. Осы үш тұқымның ұрпақтарының жүйріктілігін қатаң сұрыптап, таза тұқымдылығын жетілдіру нәтежесінде таза қанды ағылшын жылқы тұқымын
Таза қанды мініс жылқыларын өсіретін зауытттарда тек ұшқыр айғырларды пайдалану, құлындарды жақсы азықтандыру мен мәдени - тебінде өсіру және де жүйелі түрде жаттықтыру нәтижесінде таза қанды мініс жылқыларды асқан жүйріктілігімен қатар, өте сымбатты, тұлғасы зор, ірі, көркем болып қалыртасқан.
Бірақ таза қанды мініс жылқыларының конституциясы нәзік, күтімді көп қажет ететін тұқымдар қатарына жатады. Негізгі түр - түстері- көбінесе торы, қара торы, қаракер, жирен.
Таза қанды мініс жылқылары өте жүйрік, әсіресе жақын қашықтыққа ұшқыр келеді. Ипподромдағы 1000 метрлік қашықтықта 0,53 сек шауып өткен, 2400 метр қашықтықта жасаған ұшқыр рекордтары - 2.27.2 (Заказчик,1968ж.), ал 3200 метр қашықтықта-4,22 (Эльфаст,1970 ж.).
Таза қанды мініс тұқымдарына келесі аталық ізідері айқындалады- қысқа қашықтықта - Флорис, Форвор, Сен Стар (спринтерлер) және ұзақ қашықтықтағы жылқылар - Тогор, Рабл, Прэнс Роз (стайерлер). Бұл аталық іздермен таза қанды мініс тұқымдарындағы жылқылардың ұшқырлығы мен қашықтыққа шабу қарқындылығын бірге үйлестіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Таза қанды мініс жылқы тұқымдары бүкіл дүние жүзінде ат спортына кеңінен пайдаланып жүр, мысалы жазықтағы шабысқа, кедергіден секіру жарыстары, сонымен бірге стипль-чез ойындары.
Таза қанды мініс жылқы тұқымы буденный, қостанай, жаңа-қырғыз, украин, ағылшын - кабарды және тағы басқа жылқыларды шығаруда кеңінен қолданылады.
Бұл жылқыларды асыл тұқымдары ТМД елдерінің 14 жылқы зауыттарында өсіріледі. Мысалы, бұл жылқылар Краснодар өлкесіндегі Восход және Лабинский жылқы зауыттарында, Украинадағы Деркульский жылқы зауытында, Қабарды-Балқар жылқы зауытында, Қазақстандағы Рахат, Азем, Бейбарс және тағы басқа жылқы зауыттарында бар.
Көп жағдайда бәйге жылқысы деп аталып жүргені - таза қанды салт мінетін жылқылар. Олар нағыз жүйрік, әсіресе жақын жерге шапқыш келеді. Бұл жылқылар басқа тұқымдарды асылдандыруда өте көп пайдаланылды.
Өзі шыққан тұқымынан бұлардың айырмашылығы - тұрқының ұзындығы және денесінің төрт бұрышты болып келуі. Сымбаты тым әсем, денесі ірі, аяқтары сәнді әрі мықты болып келеді. Басы ошаң, мойны түзу, ұзын, шоқтығы биік, ұзын. Денесі тықыр және жіңішке жүнді болып келеді. Жалы және құйрығы өте қалың болады.
Таза қанды ағылшын жылқысың шоқтығының биіктігі 157,0см,тұлғасының қиғаш ұзындығы 156,0см, кеуде орамы 182,0 см,жіліншік орамы 18,5 см, қарқындылық рекорды минсек 1000 м 1 минутта шауып өтеді. Таза қанды жылқылар дүние жүзіндегі ең ұшқыр жылқылар болып есептеледі.

2 Негізгі бөлім
2.1 Таза қанды ағылшын жылқы тұқымын күтіп-бағу және азықтандыру технологиясы
Жылқышының міндетіне малдарға жем-шөп, су беруден басқа, оны тазалау және ат қораны тазалау да кіреді.
Жылқышының күн тәртібі бөлмесінің ауасын тазарту, денесін шынықтыру, жууыну және бөлмесін жинаудан басталуы керек. Адам сияқты жылқыға да тазалық қажет. Оның денесі, тұяғы, түтіктері, жүні, жалы мен құйрығы шаң тозаң, ағаш ұнтағымен ластанады. Жылқы денесінен тер арқылы улы заттар шығады, одан қайызғақ бөлінеді де дене кірлейді. Соларды тазалаған кезде жылқышы жай ғана тазалап қана қоймай сонымен бірге жылқы денесіне массаж жасайды. Ондай массаж таңертеңгілік дене шынықтыру сияқты жылқының жұмыс істеуіне әсер етеді.
Жаздың күні жылқыны ат қорадан шығарып, ашық жерде, қыста ат қораның ішінде жылқылар жүретін жолда тазалайды. Жылқының өзі тұратын бөлмеде тазалауға болмайды. Себебі ылас заттар жем шөп салатын жәшікке, су құятын ыдысқа түсіп кетуі мүмкін.
Жылқыны өзіне үйрету. Адам ойламаған жерден кездейсоқ шыға келген кезде жылқы малы шошынып, басқа жаққа жалт беруі, аспанға қарғуы, не болмаса артқы аяқтарымен теуіп жіберуі мүмкін. Сондықтан жылқыға жақындамас бұрын, оған шын көңіліңмен, ешқандай жамандық жасамайтыныңды өз қимылыңмен көрсете білуің керек. Жылқы малы адамның тек дауысының өзінен қандай оймен келгенін бірден сезіп қояды.
Жылқыны бірінші күннен бастап мынаған үйрете білуі керек - әрқашан жылқыға сол жағынан келіп, оны желкесінен, мойнынан ақырын сипап, еркелете өзіне үйрету керек. Бұл күндегі істейтін әдетке айналуы керек. Одан кейін ақырындап мойнынан сипай отырып, оған сәбіз беріп үйреткен жөн.
Жүген салу.Жылқыға жүген салу үшін оның сағалдырығын босатып, сол жағына келіп, оң қолы мен жағынан сипай отырып, сол қолдағы қысып ұстап отырған жүгеннің ауыздығын екі тістің арасына қыса салу керек. Жүгенді дұрыстап салған соң, оның сағалдырығын қысып бекіту қажет. Сағалдырықты қатты қысуға болмайды. Оның тамағы мен қысылған сағалдырық арасына үш елі саусақ сиюы керек.
Жылқының мінезін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жақындағанда жылқыны үркітіп алмау үшін дыбыстап (қру - қрулап) шақырады. Кермеде тұрған жылқыға артынан баруға болмайды, оны алдынан барып кермеден артқа шегіндіріп алып шығады.
Жылқыны тазарту үшін тазартқыш щетка, мауыт (түкті шүберек), ат тарақ (щетканы тазалау үшін), ағаш пышақ немесе тұяқ тазалайтын ілмек және тұяқтарын тазалау үшін 3 - 4 жылқыға бір шелек қажет. Жылқыны қысқа ағашқа байлап, сол жағынан тазалай бастайды. Ол үшін щетканы сол қолға, ал ат тарақты тістерін жоғары қаратып оң қолға ұстайды. Сосын оң қолдың ортаңғы саусағымен ноқтаны жылқының құлағына қарай шегіне жеткенше апарады да иек қайысты қоса алып, жылқының құлағына жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды. Басын желкеден төмен қарай, сосын құлағы мен көзінің айналасын тазалайды. Көзін зақымдап алмау үшін щетканы абайлап жүргізеді.
Бастың сол жағын тазалап болып, мойнының сол жағына, сол жақ аяққолын, кеудесін, сәуірін және артқы аяққолдарын тазалауға кіріседі. Сол жақ алдыңғы аяққолын тазалауды иық алдынан бастап, содан соң алдыңғы сираққа көшеді. Мойны мен кеудесін тазалағанда аяғын жерге нық етіп кең қойып, жылқыға бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай денесінің біраз бөлігін тазалауға мүмкіндік береді. Мойын, не кеуде бойымен қолды кең сермеп щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның бойымен күш түсіре қозғайды. Әр қозғалғанда бір жерін қайта-қайта үйкелемей, терінің жаңа бөлігін алып отырады. Жылқы түгінен 3-4 рет өткізгеннен кейін щетканы ат тарақпен (тістерін бойлап) тазалайды. Щетканы қарсы бағытта тазартып, алдын тазалап отырады. Ат тарақтағы жиналған шаң мен ласты ағаш жаңғырыққа жеңіл соғу арқылы түсіреді. Ат тарақтың шаңын соғып тазалайды (кермеге, астауға соғып түсіруге болмайды).
Соңынан жылқыны денесінің да дымқыл шүберекпен сүртіп, жылтырау үшін - щеткамен тарайды. Жылқының терісін жауып тұрған түктерін тазалап болғаннан кейін жал, құйрық, кекіл секілді қорғаныш шаштарын тазалауға кіріседі. Жал мен құйрықты тазалау үшін тарақты пайдалануға болады. Сол қолымен жалдың бір бөлігін алып, жабысқан шаштарын біртіндеп айырады. Шаш талшықтарын таза және дымқыл шүберекпен дұрыстап сүртеді. Жал мен кекілді басқа бөліктерін де осылай айырып тазалайды.
Механикалық тазалау жылқының жұмысын жеңілдетеді, оның шаштарының жиналуын көбейтеді, жылқы күтімінің гигиеналық жағдайын жақсартып, ат қораларын таза ұстауға мүмкіндік береді. Пневматикалық тазалау кезінде түлеген кезде түсетін шаш, қайызғақ ауамен темір тарақ және резинка түтік арқылы шаңсорғыштың вакуум шелегіне тартылады.
Сол жақ алдыңғы аяғын тазалап, қарау үшін жылқының иығын тіреп, оң қолмен аяқ - қолын жоғарыдан төмен қарай, сипай отырып, бақайды ұстап, тізелік буынынан бүгіп, аяққолын көтереді. Бүгілген аяққолын сол қолына алып, ағаш пышақпен немесе ілмешекпен тұяғының жүрекше таптарының балшығын тазалайды. Сосын барып тағасын қарайды. Сол жақ артқы аяғының тұяғын тазалап, тағасын қарау үшін жылқының басына жақын келіп, мойнын, арқа және сәуірін ақырындап сипайды және оң аяғын жылқының артқы аяғына қарсы қойып, сол аяғын орнында қалдырады. Әрі қарай сол қолымен жылқының жамбасына сүйеніп, ал оң қолымен жамбасын төмен қарай сипай отырып, бақайынан ұстап аяғын көтереді. Содан соң өзінің аяғын алға шығарып, оған тұсау буыны тізеден жоғары асып кетпейтіндей етіп жылқының аяғына салады. Бұдан кейін тұяғын тартып,тағасын қарайды. Оң жақтағы артқы және алдыңғы аяқ - қолдарын да осыған ұқсас етіп тазалайды.
Жылқыға суды және азықты жылқышы береді. Жылқыға өз уақытымен, қажетінше берілген азықпен сол малдың денінің саулығы, жұмысқа жарамдылығы, жүрісі және көңіл күйі орнығады. Сол себепті әрбір жылқыға жаттықтырушы мен мал дәрігері олардың ағзаларына қажетті мал азығын есептей отырып жеке жеке азық мөлшерін жасайды.
Еш уақытта кезекші жылқышымен келіспей жылқыға өз бетінше тамақ, не болмаса су беруге болмайды. Ондай жағдай жылқыны ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Жұмыс атын азықтандыру. Ат денесін алып жүруге механикалық энергияның 25-30% жұмсалады. Атқаратын жұмыс жолы ұзарып немесе аттың тарту күшікеміген сайын бұл энергия шығынының үлесі өсе түседі де жұмысы ауырлаған сайын энергиялық және қоректік мұқтаждығы ұлғаяды (6-кесте).
6 кесте - Жұмыс атын азықтандыру нормасы

Көрсеткіш
Жұмыстан
бос кезде
Атқаратынжұмысы

Жеңіл
орта
ауыр

Аттың тірілей салмaғы, кг

400
500
400
500
400
500
400
500
Азықөлшемі
5,4
6,7
7,0*
8,7
9,0
11,2
10,8
13,5
АЭ, МДж
56,5
70,3
73,3
91,6
93,8
117
113
146
Құрғақзат, кг
9,0
11,2
10,0
12,5
11,2
14,0
12,0
15,0
Қорыт. протеин, г
540
670
700
870
840
1050
960
1200
Acтұзы, г
22
27
24
30
29
39
47
59
Кальций, г
18
22
30
37
37
46
47
59
Фосфор, г
14
17
25
31
29
36
36
45
Каротин, мг
44
56
76
95
92
115
140
175

Ескерту. *Жұмыс атқарылатын жол құмдауыт не батпақты болса бұл көрсеткіштер - 10%, ал жер жырту, шөп шабу секілді ауыр жұмыстарда - 15% жоғарылатылады.Жұмыс атқаратын ат азығының 1 азық өлшемінде 80 г қорытылатын протеин, 5-6 г кальций, 4-5 г фосфор, 10-15 мг каротин жеткізілуі тиіс. Аттың терімен көп көлемде су мен тұз жоғалтылатындықтан, жұмыс атының 100 кг тірілей салмағына- жеңіл жұмыста - 6 г, орта ауыр жұмыста - 7 г, ауыр жұмыста - 9 г ас тұзын береді. Арықтаған аттарға қосымша 3-4 кг жем жегізіледі.Жұмыстан тыс кезде аттарды жайылымда жаю жеткілікті болса,жеңіл жұмыста ат басына - 30-50 кг көкшөп, 12-16 кг сүрлем, 4-5 кг картоп, 6-8 кг тамыр-жемістілер, 10-15 кг пішен, 1-3 кг жем берілсе, жұмысы ауырлаған сайын құнарлы жемнің үлесі - 3-5 кг-нан 5-8 кг-ға дейін молайтылады. Жұмыс атына тәулігіне сұлы дәнін - 8, арпа дәнін - 6, тары дәнін - 4, бұршақ дәнін - 2, күнбағыс күнжарасын - 3,5, кендір күнжарасын - 2,5, мақта күнжарасын - 1,5, бидай кебегін - 4 кг-ға дейін беруге болады.
Құлын-тай, құнан-дөнен, спорт атын азықтандыру.
Алғашқы айдан бастап құлынға жеке науаға сүйек ұнын, азықтық бор, ас тұзын салып қойып, мыжылған сұлы дәніне бидай кебегін, шөп ұнын, күнжара ұнтағын қосып, 1 азық өлшемінде 110-120 г қорытылатын протеин бар қоспаны 2-айлығында - 0,5-1 кг, 5-6-айлығында - 4-5 кг жегізеді. Тай, кұнан, дөненге өсіру бағытына сәйкес әр 100 кг тірілей салмағына жегізілетін азық кұрғақ затын мөлшерлейді. Спорт аттарын жастайынан жаттықтырып, бойына мол күш-қуат жинауына бағыттап азықтандырады (7-кесте).

7 кесте - Жас және спорт аттарын азықтандыру нормасы

Көрсеткіш

Жасы, ай

Спорт аты

6-12
12-18
18-24
жарысатын
тыс кезде
жарыс
кезінде
100 кг тірілей салмағына
келетін құрғақ зат , кг
3,0
2,8
2,6
2,2
2,5
1 кг құрғақ заттағы
- азық өлшемі
0,92
0,88
0,83
0,85
1,00
- қорыт. протеин, г
94
80
76
72
72
- ас тұзы, г
2,0
2,3
2,5
3,0
5,0
- кальций, г
7,0
5,5
5,0
5,0
5,0
- фосфор, г
5,0
4,5
4,0
4,0
4,4
- каротин, мг
6
5
5
5
5

Ескерту. Еркек құлынның азықтық мұқтаждығы ұрғашы құлындікінен 10% жоғары болады.
Тұқымдық тай, кұнан, дөненді жазда мүмкіндігінше жайылымдабағып, қыста аралас пішен мен пішендеме, 31 бөлігі бидай кебегінен, 32 бөлігі күнжара, шрот, сұлы, арпа мен жүгері жармасынан тұратын жем қосындысын, құнандарға - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Мал шаруашылығының өнімдері
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдері
Пәндер