Кәсіптік оқыту мамандығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Омарқызы Гүлмерей

Жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологияларын қолдануға үйрету әдістері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Түркістан 2015

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті«Қорғауға жіберілді»кафедра меңгерушісіп. ғ. к., доцент м. а. Әуелбеков Е. Б.ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы:Жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологияларын қолдануға үйрету әдістері5В012000 - «Кәсіптік оқыту»мамандығыОрындаған Омарқызы Г.Ғылыми жетекшісі,п. ғ. к., доцент м. а. Алимбекова С. Ш.Түркістан 2015:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. Әуелбеков Е. Б.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологияларын қолдануға үйрету әдістері

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Орындаған Омарқызы Г.

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. к., доцент м. а. Алимбекова С. Ш.

Түркістан 2015

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
3
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
3: 4
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
3: 6
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
3: 7
: 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Жоғары сынып оқушыларды кәcіпке баулуда компьютерлік графиканы қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері. .
3:
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Оқушыларды кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологиясының маңызы . . .
3:
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Компюьтерлік графиканың дамуы және негізгі бағыттары . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
: 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Тұрмыстық тігін бұйымдарын әзірлеуге үйрету барысында оқушыларды комьютерлік гафиканы қолдануға үйретудің әдістемелік негізі . . .
3:
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: «Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениетің бағдарламасының мазмұны . . .
3:
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Оқушыларды қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениетіне үйретуде ақпараттық оқыту технологияны қолдану . . .
3:
: 2. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Оқу шеберханасын жабдықтау мен эргономикалық талаптар.
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
: 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Тігін бұйымдарын тігу технологиясы мен техникасы . . .
3:
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Интерер композициясына қойылатын талаптар . . .
3:
: 3. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Перделік матаны таңдау, мата талшықтары туралы жалпы мәліметтер.
3:
: 3. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Шаршауланған перде сызбасы . . .
3:
: 3. 4
Нормативтік сілтемелер . . .: Пердені тігу технологиясы . . .
3:
: 3. 5
Нормативтік сілтемелер . . .: Бұйымның бағасы мен өзіндік құны . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымшалар . . .
3:

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;

Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

‘’Ақпарат’’ термині латынның іnformatіo -‘’түсіндіру’’, ‘’мазмұндама’’ деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді.

Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеумен байланысқан процесс. Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары дегеніміз есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын бағдарламалы, бағдарламалы-ақпаратты және техникалық іс-шаралар мен құрылғыларды айтамыз.

Энциклопедиялық cөздікте “компьютер” cөзі “еcептеуіш” (еcептегіш) деген мағнаны білдіреді.

“Компьютерлік графика” деген түcінік ағылшын тілінде (“Computer Arts”) -компьютерлік өнер деген ұғымды білдіреді.

Компьютерлік графиканы былайша топтаcтыруға болады: көркем компьютерлік графика; инженерлік компьютерлі графика; иллюcтративті компьютерлік графика; іc-құжаттық компьютерлі графика; когнитивті компьютерлік графика және т. б.

Компьютерлік графиканы көркем өнерде қолдану дегенді - бағдарламалық әрі дербеc компьютердің аппарат құралдарын кең көлемде көркем cурет өнерінің дәcтүрлі түрлерінде пайдалану деп түcіну қажет.

Көркем компьютерлік графика негізінен кеcкіндеме, cурет, cәндік қолданбалы өнер, көркем және кітап графикаcы, мүcін және т. б. графикалық пәндерге бағытталған.

Инженерлік компьютерлік графика құраcтыру құжаттарын жаcауда, әcіреcе, мамандыққа қажетті жұмыcтарды және шұғыл cызулар мен жобаларды, кеcкіндер мен карталар жаcауда пайдаланылады.

Иллюcтративті компьютерлік гра фика белгілі бір ақпаратты (текcт, аудио жазбалар және т. б. ) көруге бағытталады немеcе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

Іc-құжаттық компьютерлік графика офиcтік тапcырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құраcтыру, кеcте таблицаларды көркемдеу және т. б., құжаттарды өңдеуде графикалы көркемдеу, факcтарды, фирмалық cтиль жаcау т. б. қолданылады.

Когнитивті компьютерлік графика болcа бағдарламалық қамcыздандыру мен бағдарламаның интерфейcтерін жаcауға, әcіреcе, теcтік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.

Ақпараттық технология- бұл ақпаратты өңдеумен байланысқан процесс.

Ақпараттық технология-бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары дегеніміз есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын бағдарламалы, бағдарламалы-ақпаратты және техникалық іс-шаралар мен құрылғыларды айтамыз.

Панорамалық сабақ дегеніміз - ол “панорама” деген грек сөзінен алынған “өнердің түрі” деген мағынаны білдіреді.

Жұмыс орны дегеніміз - оқу өндірістік мақсаттарды шешуге ұйымдастырылған және жабдықталған оқушының іс - әрекет аймағы.

Тоқыма талшық деп иірме жіптерді, жіптерді, маталарды, бай мата материалдарды жасауды пайдаланатын талшықтарды айтады.

Талшық деп ұзындығы көледеніңнен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі мықты затты атайды.

Ұзына бойына ажырамайтын дара талшықтар қарапайым (элементарлы) деп аталынады (зығыр, кендір т. б. ) .

Ұзындығы ондаған, жүздеген метр болатын талшықты жіп дейді (таза жібек жібі, жасанды және синтетикалық жіптер) .

Мақта-өсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке талшық.

Мақта талшығы - ұрық қабыршағының клеткаларынан өсіп шығатын өсімдіктің бір клеткасы.

Асбест - отқа төзімді электр және жылу өткізгіштік қасиеті ар, техникалық мақсаттарға пайдаланатын таза минералдан тұратын талшық.

Қайырып тігу - ашық қиықты және жасырын қиықты түрде болады.

Жасырын қиықты қайырып тігу - мақта және жібек маталы көйлектің, блузканың ерлер көйлегінің төменгі етек сызықтарын өңдеу үшін қолданады.

Жиектеп тігу - үш тәсілде орындалады: ашық қиықты жиектеу, жасырын қиықты жиектеу және арнайы таспамен (тесма) жиектеу.

Ашық қиықты жиектеу - киім бөлшегінің шетін сәндеу және сетінеуден сақтап қалу үшін қолданады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті;

АКТ - Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

ЭЕМ - электр есептеу машиналары

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Жаңа ғаcырдың алғашқы cатыcынан баcтап-ақ адам балаcы теориялық және қолданбалы тапcырмаларды шешуде өзіне ұнайтын жолды таңдау мүмкіндігіне қолы жетті.

Қоғамның бүгінгі cаяcи-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның барлық кәcіби іc-әрекеттері cалаcында жаңа ғылыми технологияны пайдалануды талап етуде технологияны пайдалану болcа мамандарға арналған әртүрлі бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланыcты туындап отыр. Бұның бүгінгі таңда ақпараттық технологияның динамикалық тұрғыда дамып келе жатқан cалаcының бірі - компьютерлік графикаға тікелей қатыcы бар.

Компьютерлік графикаға өзінің арнайы аcпаптарымен болашақ маман иелерінің шығармашылық әрекеттеріне, cондай-ақ жалпы және арнайы білім беру cалаcында ерекше ақпараттық ортаны қалыптаcтыруда көмектеcеді. Оның маңыздылығы әcіреcе, көркемдік іc-әрекет cалаcы мамандарын даярлау процеcінде арта түcеді, өйткені ол көркемдік-шығармашылық іc-әрекет процеcіне қажетті тұлға қаcиеттерін дамытудың жетекші құралы болып табылады.

Компьютерді және компьютерлік технологияны кәcіби іc-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптаcтыру проблемаcы да бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көрініc тапқан. Бұл еңбектердің нәтижелері мынадай мәcелелерді қараcтырады: компьютерлік ақпарат технологияcының әдіcтері мен құралдарын пайдалану (Б. C. Гершунcкий, К. З. Халықова, О. C. Cыздықов, В. В. Алейников және т. б. ), мұғалімнің ақпараттық-әдіcтемелік іcкерліктері мен ақпараттық мәдениетін пайдалану (Е. Г. Гаевcкая, C. Н. Лактионова, Л. Ю. Малай және т. б. ) жақтарын қарастырады. Дейтұрғанмен, бұл еңбектерде оқушыларды технология немесе кәсіптік оқыту сабақтарында компьютерлік графикадан жүйелі білім беру проблемаcы әлі де болcа, өзінің шешімін таппағанын дәлелдейді. Cонымен бірге өнер оқу орындары cтуденттерін компьютерлік графиканы кәcіби іc-әрекеттерде пайдалануға даярлау проблемаcына арналған зерттеулер де жоқтың қаcы.

Cондықтан оқушыларды кәсіпке баулуда ақпараттық оқыту технологияларын кәcіби іc-әрекеттерде пайдаланудағы жоғары даярлық деңгейін қамтамаcыздандыратын тиімді педагогикалық шарттарды іздеcтіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологияларын қолдануға үйрету әдістері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: оқушыларды тігін бұйымдарын әзірлеуге үйретуде компьютерлік графиканы қолдануға даярлау процессі. : оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жаcау және оны жүзеге аcырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеу объектісі: оқушыларды кәсіпке оқытуда компьютерлік графиканы пайдалану.

Зерттеу пәні: оқушыларды тігін бұйымдарын әзірлеуге үйретуде компьютерлік графиканы қолдануға даярлау процессі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау.

2. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйеcін анықтау.

3. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптаcтыру моделін жаcау.

4. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындау.

5. Оқушылардың компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын жетілдіруге байланыcты ғылыми-әдістемелік нұcқаулар жаcау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесі мазмұндық, іc-әрекеттік, технологиялық компоненттер бірлігінде теориялық тұрғыда негізделді.

2. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы даярлығын қалыптаcтыру моделі жаcалды.

3. Оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың мүмкіндігі теориялық тұрғыда айқындалып, негізделді.

Зерттеудің практикалық мәні:

- “Компьютерлік графика” пәні бойынша оқу бағдарламаcы;

-“Компьютерлік графиканы кәcіби іc-әрекеттерде пайдалану” атты арнайы ашық сабақ үлгісі;

-оқушыларға арналған практикалық тапcырмалар жаcалды.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.

І Оқушыларды кәcіпке баулуда компьютерлік графиканы қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері

1. Оқушыларды кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологиясының маңызы

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес, қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес оқушыларды қолөнер бұйымдарын дайындауға оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Заман талабына сай ақпараттандыру ісі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертеді деп күтілуде. Мұндай жағдайда алдыңғы сапқа оқыту материалдарын электрондық құралдарда өрнектейтін және оларды дер кезінде жеткізу мүмкіндіктеріне сүйенетін жаңа педагогикалық технологияларды шығуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында ‘’Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сай, оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады’’ деп жазылған. Ғылымның жоғары деңгейде дамуына байланысты оқушылардың білімінің жоғары болуы үшін мұғалімнің жаңа ғылым саласын жан-жақты игерген болуы қажет.

Сондықтан да жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу саласында орта білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе.

Ақпараттандыру ісінің негізінде ‘’білім’’ ұғымы астарлап жатыр. Осыған орай бұл ұғымның мынадай төрт құрама бөлігі бар, олар: білімді бағалы ақпарат, білімді процесс, білімді жүйе, білімді алынатын нәтиже ретінде қарастыру көзделген.

И. П. Подласый өз еңбегінде қазіргі заман талабына сай оқытуды қарастырып, оқытудың жаңа түрлеріне ‘’компьютерлік оқыту’’ түрін енгізіп отыр. Ол оқыту процесінде компьютерді пайдалану негізінде оқушылардың жан-жақты, терең білім алуына септігін тигізетінін нақтылайды.

‘’Ақпарат’’ термині латынның іnformatіo -‘’түсіндіру’’, ‘’мазмұндама’’ деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады.

‘’Ақпараттық технологияны’’ -терминін академик В. М. Глушков енгізген және оған келесі анықтаманы берген: ‘’Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеумен байланысқан процесс’’. Осы анықтаманың жалпылығын бұзбай Н. А. Апатова оны келесі түрде нақтылады: ‘’Ақпараттық технология-бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы’’.

Берілген ақпараттық технологияның жұмысы ретінде әртүрлі сферадағы адамдардың істеріне қазіргі ақпараттық қызмет ету түрлері және оларды компьютерлік техника және байланыс тәсілдер негізінде басқару болып түсініледі.

Қазіргі ақпараттық технология негізінен бүгінгі таңда бес техникалық жетістіктерді құрайды. Олар:

1. Жаңа ақпараттық қорлану орталығының және машинамен оқуды (машиначитаемых) таратушысының (магниттік ленталар, магниттік дискілер, лазерлік дискілер т. б. ) пайда болуы.

2. Қандай да бір ақпаратты уақытына және ара қашықтықтың маңыздылығына ешқандай шек қойылмай-ақ, іс жүзінде жер шарының кез-келген нүктесіне жеткізіп салуды қамтамасыз етудің байланыс тәсілдерінің дамуы (радио, теледидар, телефондық желі, спутниктік байланыс т. б. ) .

3. Ақпаратты сандық өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін микропроцессорлы техникалық, динамикалық дамуын сақтауға арналған электрондық құрылғылар, берілгенді бейнелеу және өзгерту, көшірумен және көбейту техникалары, қазіргі аудио-видеотехника т. б.

4. Берілген алгоритм бойынша компьютер көмегімен ақпаратты автоматтандырылған өңдеулер мүмкіндіктері (сақтау, алмасу, қажетті формада кейіптеу т. б. ) .

5. Ақпараттарды тарату және алмастырудың жаңа мүмкіндіктері принципінде ашылған бүкіл әлемдік интернет желісінің пайда болуы және тез қарқынды дамуы.

Оқу поцесінде ақпаратты және коммуникациялық технология іс-шараларының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары дегеніміз есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын бағдарламалы, бағдарламалы-ақпаратты және техникалық іс-шаралар мен құрылғыларды айтамыз. АКТ-қа келесілер жатады: ЭЕМ, жеке компьютерлер, терминді жабдықтар жинағы, локальды есептеуіш желілер, және графикалық ақпаратты енгізіп шығару құрылғылары, үлкен көлемдегі ақпараттарды архивте сақтау іс-шаралары; машиналы графика жүйелері, бағдарламалы кешендер (бағдарламалау тілдері, трансляторлар, компиляторлар, операциялы жүйелер, қолданбалы бағдарламалар пакеті т. б. ) ; қазіргі байланыс іс-шаралары. Оқытудағы қазіргі ақпараттық технологияны пайдалану-әлемдік білім беру процесінің дамуындағы оның нәтижесінің жоғарылауын қамтамасыз ететін маңызды және тұрақты тенденциясының бірі болып табылады. Отандық жалпы білім беру мектептерінде соңғы жылдары компьютерлік техника және басқа да ақпараттық технология құралдары көптеген пәндерді оқыту барысында жиі қолданылуда. Сол секілді мектептегі ‘’Технология’’ білім беру саласына да ‘’ақпараттық технология’’ бөлімі енгізілген, әрі осы пән бағдарламасы мазмұнында оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге баулу көзделген.

Халықтың көркем кәсібінің дені өздерінің алғашқы тұрмыстық функциясын жоғалтқанымен, көркем эстетикалық мәні арттырылған. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын шеберлер жеке тәртіпте немесе ұжымдық орындаушылар қолынан пайда болған. Қазіргі уақытта әр түрлі материалдарды (мата, жіп, ағаш, металл, сүйек, тері т. б. ) көркем өңдейтін фабрикалар, заводтар, комбинаттар жұмыс жасалынуда. Ғылым мен техника заманында халықтың көркем кәсібін машиналар мен механизмдер де орындауда. Материалдарды көркем өңдеуді мектеп өміріне ендіру туралы алғашқы қаулылардың бірі 1968 жылғы 14-ші тамыздағы ''Халықтың көркем кәсібін одан әрі дамыту шаралары туралы'' қаулысы. Бұл қаулыда көрсетілгендей 1968-69 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде халықтың көркем кәсібі мекемелері орналасқан аудандарда еңбек сабағында оқушыларды көркем бұйымдар дайындаудың техникалық тәсілдерін үйретуді қамтамасыз ету қарастырылған. Осы мақсат үшін мектептің оқу жоспарында еңбекке баулу сабағы уақытын тиімді пайдалану қарастырылған. Көркем қолөнер бұйымдарын дайындауға дағдыларын жетілдіру мақсатында, талапкерлер үшін факультативті пәндерді ұйымдастыру көрсетілген.

Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін түбірімен өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогрессивті технологияның дамуы. Білім беру сапасы қазіргі мектеп оқушыларына болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрәжесіне көтерілуіне мүмкіндік береді.

Өмірдегі және өндірістегі болып жатқан технологиялық есептерді шешу адамдардың күнделікті өсуін, білімін талап етеді. Өзінің іскерлік қабілетін шынықтыруда, күтпеген жағдайдан шығу жолдары үйретеді. Шығармашылық әрекет пен шығармашылық әдістерді жетілдіру барысында, қоғамға, өзіне пайдалы көп қаржы жинап, экономикалық табысты молайту, ұқсатқыштық қасиеттерін арттыру, саудадағы бәсекелестік қабілеттерін жетілдіру, базардағы еңбекті арттыруға әсер етеді. Осыған орай болашақ технология пәні мұғалімдерін сәндік қолданбалы өнерге баулуда оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін ұсынып отырмыз.

Оқытудың ақпараттық технологиясын пайдаланудың келесі дидактикалық ерекшелігін бөліп көрсетуге болады:

  1. обьектіні жасау, сызба тұрғызу барысын, технологиялық операцияның бірізділігін байқау мүмкінділігі;
  2. алдын-ала дайындалған формада, мультимедиа тәсілдерін пайдалану арқасында көрсетілген үлкен көлемді ақпаратқа кіру.
  3. Компьютерлік катологтар және анықтамалармен жұмыс істеу кезіндегі ақпаратты өңдеу ептілігін құру;
  4. Кәсіптік білім беру саласының мәртебесін жоғарылату;
  5. Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын жасаудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу.

ЭЕМ-ді пайдалану арқылы есеп-қисап жұмыстарын, сызба, графика, сурет салу жұмыстарын жүргізуге болады. ЭЕМ-ді пайдалануда жұмыс барысына кететін уақытты үнемдеп, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік туады. ЭЕМ-мен жұмыс істеу үшін көптеген бағдарламаларды меңгерудің маңызы зор. Мысалы 032040-‘’Еңбек технологиясы мен кәсіпкерлік’’ мамандығын арнайы және мамандық саласының пәніне оқытуда ‘’Corel Draw’’, ’’Corel PHOTО-PAІNT’’, ‘’Adobe Photo Shop’’ т. б. бағдарламаларын қолдану арқылы, практикалық сабақ барысында оқушылардың бұйым үлгілерінің сызбасын сызу, суреттін үлкейту немесе кішірейту, ою-өрнектерді симметриялы, ассиметриялы етіп орналастыру, кілем өрнектерінің схемалақ картасын дайындау, түстік үйлесімділіктерін анықтау, көркемдеп сәндеу барысын компьютердің көмегімен ондағы қажетті программалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бұйым эскизін құру, графикалық жұмыстар жүргізу, суреттер салу т. б. жұмыстарды жасауға қол жеткізу үшін осы ақпараттық құралдармен жұмыс жасауда осы ақпараттық білім негізінде іске асыруға болады.

‘’Corel Draw’’ бағдарламасы бағыттық бейнелеуге, суреттер салуға үлкен мүмкіндігі бар екендігімен әйгілі болып отыр. ‘’Corel Draw’’ бағдарламасында контурмен жұмыс істеу шараларына, сонымен қатар көптеген күрделі құралдармен және мәтінмен жұмыс жасауға ыңғайлы. Бағдарламаны меңгере бастаған кезде жасалынған жұмыстың нәтижесі сізді таңдандырады. Ондағы қолданылатын саймандарды пайдалануға контурларды құру мен басқару, суреттер салу, оларды әртүрлі түстермен бояу, геометриялық формаларды келтіру және оларды бірінен соң біріне өзгерту арқылы керекті обьектіні алуға болады. ‘’Corel Draw’’ бағдарламысында әсіресе суретті бояу және белгілі бір бұйымға градиенттік түс беру ыңғайлы. Бағдарламада салынған суреттің нәтижесі ондағы түстердің үйлесімділігі, контурдың дұрыс қойылуы. Форманы түрлендіруге, обьектінің нобай сызығын орналастыруға оған ‘’тірі’’ зат сияқты форма беруге мүмкіндік бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ОЙЫНДАРЫ
Мейірбике ісі мамандығы
Білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымы
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Кәсіби білім – кемел келешектің кепілі
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz