Қазіргі кезеңдегі университеттердегі көп дәрежелі білім



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары білімнің даму кезеңдері.

1 Жоғары оқу орындарының типтері
2 Жоғары білімді мамандар
3 Қазіргі кезеңдегі университеттердегі көп дәрежелі білім
4 Жоғары білім,оның міндеттері
5 Жас түлектерді талдау жүйесі

1 Жоғары оқу орындарының типтері
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында жоғары білім еліміздің
президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиясында анықтап
берілгендей, басты ұлттық басымдықтың бірі ретінде жауапты міндет атқарады.
Жоғары оқу орындарының бірі академия жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу
орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын;
өндірістік ғылыми және ғылыми- педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы
үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және
олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ғылымның немесе мәдениеттің
көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны.
Университет – мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды ғылыми және ғылыми –
педагог қызметкерлерді қайта даярлауды немесе солардың біліктілігін
арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми- зерттеулер
жүргізілетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік
орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны.Университет неміс
тілінде Universitat, латын тілінен universitas-жиынтық деген мағынаны
береді. Бірнеше жеке факультеттері бар, көп салалы жоғары оқу орны, әрине
ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Институт - латын тілінен institutum-орнықтыру, мекеме деген мағынаны
білдіреді.Жоғары білім беретін оқу орны, ғылыми-зерттеулер жүргізетін
мекеме, қоғамдық құрылым, қоғамдық қарым-қатынас, ережелер мен құқықтарды
әлеуметтік, мәдени білім беретін қоғамдық ұйымдардың жиынтығы; институт-
орнату, белгілеу, құру деген мағынаны береді, басты бағыт экономикалық,
саяси, құқықтық, педагогикалық, рухани, қоғамдық өмірді сипаттайтын
әлеуметтік және қоғамдық қарым–қатынастар мен адамдардың мінез-құлық,
әлеуметтік өмір сүру ережелері болып табылады.
Консерватория – латын тілінен conservatorio-жоғары музыкалық
білім беретін оқу орны.
Жоғары білім беру қызметін Қазақстан Республикасында 145 жоғары оқу
орындары атқарады, олардың ішінде:
• 9 ұлттық
• 1 халықаралық
• 33 мемлекеттік
• 13 акционерленген
• 17 азаматтық емес
• 75 жеке меншік
Болашақ стипендиясына ие болып шет елдерде білім алушылардың үміттері
бойынша білім алуға ұмтылыстары бойынша:
■ Ұлыбритания-601
■ АҚШ-584
■ Ресей-175
■ Канада-129 білім алуға құжаттар, 957 талапкер бағдарлама бойынша
магистр болуға, 815- бакалавр, ал үшінші клиникалық ординатор, онан
соң PhД докторы білім алуға үмітті.(2008,20 қыркүйек, интернеттен)

2 Жоғары білімді мамандар
ТМД елдері ішінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында
ақпараттандыруда компьютерлендіру мәселесін Жоғары оқу орны, сондай-ақ
мектептерде де шешті, олардың 96 пайызы интернетке қосылды.
Жоғары оқу орындары ақпараттандыру әлеміне еніп, интерактивті оқу
ресурстарын пайдалануда. 2005 оқу жылынан мультимедиялық лингофондық
кабинеттер жаңа үлгіде жұмыс істеуде. ҚР президенті 2008 жылғы Қазақстан
халқына Жолдауында: Үкімет тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын іске
асыруды жеделдетуі тиіс-деді (Егемен Қазақстан, 2008 жыл 7 ақпан). Төрт
жыл ішінде еліміздің оқу орындарында осындай 2000-нан астам мультимедия
кабинеттері ашылды. 2007-2008 оқу жылынан бастап мемлекет басшысы
Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша оқу үдерісінде он-лайн- оқыту жүйесі
ендірілуде. Осы уақыт ішінде 1750 мектеп интерактивті тақталармен
қамтамасыз етілген.
Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдары
басымдықпен дамыту-бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты- деді
Елбасы Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты тақырыптағы 2007 жылғы
Қазақстан халқына жолдауында. (Егемен Қазақстан, 2007 жыл, 1
наурыз)
Жоғары білімді мамандар даярлауда, атап айтқанда Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетіне еліміздің білім беру жүйесінің
тарихында елеулі орын алған оқиға-философия докторлары дипломдары берілді,
бұл жоғары білім саласындағы реформаның алғашқы нәтижесі. Сапалы білім-
бәсекеге қабілеттіліктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
АҚШ тарихнамасындағы позитивизм
Ортағасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті
Кеңес дәуірінде жастардың саяси қатысу дәстүрі
Білім туралы көрсеткіштерді есепке алу және оны компьютерлік техниканы қолдану жолдары
Техас
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Құқықтық құжаттарды аудару ерекшеліктерін зерттеу
Пәндер