Жоғары мектеп психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ

Кіріспе

Жоғары мектеп психологиясы оқу құралы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалып,
білім мекемелеріндегі болашақ мамандарға, магистранттарға, сонымен қатар,
тәжірибелік психологтарға, педагогтарға, пән мұғалімдеріне, өзінің кәсіби
біліктілігін арттыруға қажет болған басқа да мамандарға арналған.
Оқу құралында кәсіби білім беруді дайындау үдерісін зерттеу үшін
мамандық түсінігі - белгілі дайындықты қажет ететін және адам тіршілігін
материалды қамтамасыз етудің қайнар көзі ретінде қарастырылатын қызмет түрі
деп түсіндірілген, мамандық белгілі адамға тән білім, іскерлік және
дағдылар жүйесі ретінде сипатталған.
Кәсіптік білім мамандық алуға бағытталған, сондықтан, кәсіби тағдырын
өзі шешу немесе мамандық таңдау, кәсібилік сана-сезімі, субъектінің
кәсібилік даму кезеңдері және онымен байланысты кәсіби іс-әрекетке ере
жүретін психологиялық мәселелерді талдау сияқты проблемаларды зерттеудің
арасындағы логикалық бірізділік ескерілген.
Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру белгілі ұстанымдарға бағынатындығы,
осы ұстанымдарға сүйене отырып, кәсіптік білім психологиясының пәндік
аймағына кіретін зерттеулер тобы көрсетілген.
Кәсіби оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің құрылымын, қасиеттерін және
заңдылықтарын зерттейтін болғандықтан, кәсіби білм беру психологиясында
қолданылатын, психологиялық ғылымның барлық саласында жүргізілетін әдістер
кеңінен берілген.
Авторлар, оқырмандардың ескертпелері мен тілектері болуы мүмкін деп
болжайды. Оның барлығы оқу құралын одан әрі жетілдіре түсу үшін алғыспен
қабыл алындаы.

1 Кәсіби білім беру психологиясы

1.1 Кәсіби білім беру ұстанымдары
Педагогикалық психология кәсіби білім беру саласы бола отырып, кәсіби
білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмдерін
зерттейді. Кәсіби білім беруді дайындау үдерісін зерттеу үшін мамандық
түсінігін қарастыру керек. Мамандық термині - белгілі дайындықты қажет
ететін және адам тіршілігін материалды қамтамасыз етудің қайнар көзі
ретінде қарастырылатын қызмет түрі деп түсініледі. Мамандық белгілі адамға
тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі ретінде сипатталады. Кәсіптік
білім кәсіби-техникалық орта және жоғары білім беру мекемелерінде алынған
арнайы білім болып табылады. Сонымен, кәсіптік білім беру бастауыш, орта
және жоғары оқу орындарында мамандар дайындайды, сондай-ақ, білім беру
жүйесін құрастыратын курстық дайындау және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімін жетілдіру үдерісін жүргізеді.
Кәсіптік білім мамандық алуға бағытталған, сондықтан, кәсіби тағдырын
өзі шешу немесе мамандық таңдау, кәсібилік сана-сезімі, субъектінің
кәсібилік даму кезеңдері және онымен байланысты кәсіби іс-әрекетке ере
жүретін психологиялық мәселелерді талдау сияқты проблемаларды зерттеуді
міндетті түрде қажет етеді.
Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру белгілі ұстанымдарға бағынуы керек:
- кәсіптік білімнің арнайы білім берудің әлемдік заманауи
тенденциядарына сәйкес болуы;
- кәсіптік білімді фундаментализациялау білім алудың психологиялық
үдерістерімен, әлемдік бейненің қалыптасуымен (Е.А.Климов), жүйелік білім
алу мәселелерін қоюмен байланыстарды қажет етеді;
- кәсіптік білімді дараландыру ұстанымы әртүрлі мамандық өкілдеріне
қажетті кәсіби өте маңызды қасиеттерді қалыптастыру проблемаларын зерттеуді
талап етеді;
Осы ұстанымдарға сүйене отырып, кәсіптік білім психологиясының пәндік
аймағына кіретіндер:
- кәсіптік білім жүйесіндегі жеке тұлғалардың жасына байланысты және
дербестік ерекшеліктерін зерттеу;
- адамды өміріндегі қызмет жолында кәсіби іс-әрекет субъектісі
ретінде зерттеу;
- кәсіби оқыту және тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттеу;
- кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Кәсіби оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің құрылымын, қасиеттерін және
заңдылықтарын зерттейтін болғандықтан, кәсіби білім беру психологиясы
психологиялық ғылымның барлық саласында жүргізілетін әдістерді қолданады:
бақылау, эксперимент, әңгімелесу, анкеталау, іс-әрекет нәтижелерін зерттеу.
Адамның еңбек іс-әрекеттерін зерттеу бағытында профессиография,
бейнелеу-техникалық және адамның еңбек іс-әрекеттерін психофизиологиялық
сипаттау әдістері кеңінен қолданылады.
Бұл әдіс кәсіби іс-әрекет және оны жан-жақты ұйымдастыру туралы
деректерді жинау, сипаттау, талдау, жүйелеуге бағдарланған.
Профессиографиялау нәтижесінде нақты еңбек үдерісі және оны
ұйымдастыру жөнінде профессиограммалар немесе мәліметтер (техникалық,
санитарлы-гигиеналық,технологиялық, психология- лық,психофизиологиялық),
сонымен қатар, мамандық психограммасы құрастырылады.
Психограммалар нақты еңбек іс-әрекеттерді психологиялық талдау
негізінде құрастырылған мамандық портреті, оның құрамына кәсіби маңызды
қасиеттер (КМҚ) және нақты іс-әрекетпен маңыздалатын және оның орындалуын
қамтамасыз ететін психологиялық және психофизиологиялық құрамдастары
кіреді.
Профессиография мен кәсіптік білім психологиясы әдістерінің
маңыздылығы оның жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың
мазмұны мен әдістерін модельдеуге, әртүрлі мамандықтар арқылы белгіленген
және сол ғылымға сүйене отырып, олардың даму үдерісін құруға мүмкіндік
беретіндігінде.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіби білім беруді арнайы
білім түсінігімен теңдестірілетін кәсіби дайындықтың орындаушы функциясы
ретінде қарастырып, оны алудың екі жолын болжауға болады - өздігінен білім
алу немесе кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу.
Кәсіби білім берудің жетістігін анықтайтын маңызды психологиялық сәт –
таңдаған мамандықты игеруге өзгеше дайындықтың (эмоционалдық,
мотивациялық) болуы.
Адамның ішкі ресурстарын талдау нәтижесінде және оларды мамандықтың
талаптарына сәйкестендіру жолымен жүргізілетін мамандық таңдау адамның
қоғамда өзін танытуының негізі және өмірдегі ең басты шешімі болады.
Мамандық таңдау психологиялық тұрғыдан екіаспектілі құбылыс болып
табылады: бір жағынан – кім таңдайды (таңдау субъектісі), екінші жағынан –
нені таңдайды (таңдау объектісі).
Көптеген сипаттамаларды игере отырып, таңдау субъектісі де, объектісі
де мамандық таңдаудың әртүрлі мағыналылығын анықтайды. Мамандық таңдау –
бірсәттілік әрекет емес, ол бірқатар кезеңдерден тұратын, ұзақтылығы сыртқы
жағдайларға және мамандық таңдау субъектісінің дербестік ерекшеліктеріне
байланысты.
Кәсіби таңдауын өзі шешуге ынталану жоғары мектеп жасынан басталады,
бірақ, оның алдында әртүрлі кезеңдер өтеді:
- бірінші мамандық таңдау кезеңі, әлемдегі мамандықтар туралы
түсініктері толық қалыптаспаған, таңдалған мамандыққа қажетті ішкі
ресурстар туралы тек ситуациялық бейнелері бар, кәсіби пиғылы әлі
тұрақсыз, мамандықтың мазмұны, ол жұмыстың жағдайлары туралы мәселе
қойылмаған төменгі мектеп жасындағы балаларға тән. Кейбір кезде бұл кезеңде
жасөспірімдер де қалады;
- кәсібилік өзіндік таңдау (жоғары мектеп жасы). Бұл кезеңде кәсіби
пиғылдар және еңбектің әртүрлі салаларында алғашқы бағдарлар пайда болады
және қалыптасады;
- таңдалған мамандықты игеру үшін кәсіби оқыту мектепте орта білім
алғаннан кейін жүргізіледі;
- кәсіби бейімделу іс-әрекеттің дербестік стилінің қалыпта- суымен
және өндірістік пен әлеуметтік қатынастар жүйесіне кіруімен сипатталады;
- еңбекте өзін көрсете білу (жартылай немесе толық) кәсіби еңбегіне
байланысты өзі күткен үміттерінің орындалуына немесе орындалмауына
байланысты.
Кәсібилік өзіндік таңдау жеке тұлғаның барлық кәсіби қызмет кезеңін
қамтитын үдеріс ретінде қарастырылады: кәсіби пиғылдың пайда болуынан
бастап еңбек іс-әрекеттерінен шыққанға дейін созылады.
Ол адамның барлық өмірлік жолында бірге өтеді. Бұл құбылыстың ең
жоғарғы шыңы, өмірдегі өзгерісті кезеңі - мамандық таңдау сәті болып
табылады.
Көбінесе мектеп бітіру кезеңіне сәйкес келеді және кәсіби өзіндік
анықтаудың алдыңғы кезеңдерімен тығыз байланысты.

1.2 Мамандықтар түрлерін жіктеу
Психологиялық әдебиеттерде мамандық таңдау туралы шешім қабылдаудың
психологиялық факторларын анықтаудың әртүрлі тұрғылары беріледі. Кейбір
зерттеушілер мамандық таңдауды іс-әрекет таңдаумен сәйкес деген қағиданы
алға тартады. Кәсібилік өзіндік анықтау еңбек субъектісінің даму үдерісі
ретінде қарастырылады. Мамандықты іс-әрекетті таңдау ретінде түсіну
контекстісінде, дұрыс таңдаудың негізгі детерминанты кәсіби мүдделілік
немесе кәсіби бағыттылық деген көзқарастар таратылуда.
Кейбір авторлар мамандық таңдау жеке кездейсоқ әлеуметтік өзіндік
анықтау деген пікірді ұстайды, яғни мамандық таңдау - ең алдымен
мамандықтың әлеуметтік сипатымен анықталатын әлеумет- тік белгіленген
құбылыс. Мамандық таңдауға адамның тұтас тіршілі -гіндегі маңызды оқиға
деп қарау ең тиімді көзқарас болып табылады.
Мамандық таңдау жеке тұлғаның өткен тәжірибесімен байла- нысты, ал
кәсібилік өзіндік анықтау үдерісі алыстағы болашаққа кетеді, адамның МЕН
жалпы бейнесінің қалыптасуына қатысады, оның өмір ағымын анықтайды.
Мамандық таңдауды субъект және объект қатынасының жүйесі ретінде
қарастырып, мамандық таңдау объектісінің өзінің, яғни нені таңдайды,
сондай-ақ, субъектінің, яғни таңдаушының мінездемелеріне тоқталу қажет.
Мамандықты сипаттаудың дәстүрлі жалпы схемасы төрт аспектіні
тұспалдайды:
- әлеуметтік-экономикалық ( мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық
шаруашылығы жүйесіндегі ролі, мамандар дайындау туралы деректер,
лауазымының жоғарылау перспективасы, айлық жалақысы, мамандықтың беделі);
- өндірістік-техникалық (технологиялық үдерістер,объекті- лер, еңбек
қарулары, жұмыс орны, жұмысты ұйымдастыру түрлері туралы деректер);
- санитарлық-гигиеналық (климаттық жағдайлар туралы ақпараттар, жарық
және басқа санитарлық факторлар сипаты, еңбек кестесі және ритмі,
медициналық жарамаусыздықтар);
- психофизиологиялық (жеке тұлғаның психикалық үдеріс- тері мен
қасиеттерінің ерекшеліктеріне қойылатын мамандықтың талаптары).
Е.А.Климов мамандық типтерінің көрнекі белгілері, мақсаттары, еңбек
құралдары мен жағдайлары бойынша төртярусты шолу классификациясын ұсынды
және кәсіби іс-әрекеттердің бес схемасы берілді: Адам - табиғат, Адам -
техника, Адам - белгі, Адам - бейне, Адам - адам:
1) Адам – тірі табиғат (Т). Мамандықтың бұл типінің өкілдері өсімдік
және жануарлар организмі, мироорганизмдер және олардың тіршілік
жағдайларымен жұмыс жүргізеді (жеміс-жидек маманынң шебері, агроном,
зоотехник, ветеринар, микробиолог);
2) Адам -адам (А). Мүдделер, көмек көрсету, айырып тану, қайта
жаңарту бұл жерде қоғамдастықтардың, халық топтарының, әртүрлі жастағы
адамдардың әлеуметтік жүйесі болып табылады (сатушы, шаштараз, өндірістегі
инженер-ұйымдастырушы, дәрігер, оқытушы, әлеуметтік қызметкер);
3) Адам - техника (Т) және өлі табиғат. Қызметкерлер еңбектің
жансыз, техникалық объектілерімен жұмыс жүргізеді (слесарь-жинаушы, техник-
механик, электрослесарь, инженер-электрик, техник-технолог);
4) Адам – таңбалар жүйесі (Т). Табиғи және жасанды тілдер, шартты
белгілер, символдар, сандар, формулалар – бұл типтегі мамандар өкілдерінің
айналысатын тақырыптық әлемдері (фототеретін автоматтың операторы,
программист, сызғыш-картограф, математик, басылым редакторы, тілтанушылар);

5) Адам – көркемдік бейне (К). Шындықты көркемдік бейнелеу
фактілері, құбылыстары – бұл типтегі мамандық өкілдерінің айналысатындары
(суретші-декоратор, суретші-реставратор, музыкалық аспаптарды бабына
келтіруші, концерттік орындаушы, балет артисі, драма театрының актеры).
Е.А.Климов мамандықтың әрбір типінің шегінде мақсаттарының белгісі
бойынша оларды класстарға бөлді:
- гностикалық мамандықтар (Г);
- қайта жаңарту (Ж);
- іздеушілер (І).
Әрбір класс шегінде негізгі еңбек жарақтарының, құралдарының белгілері
бойынша олардың 4 бөлімін берді:
- қол еңбегі мамандықтары (Қ);
- машинамен орындалатын еңбек мамандықтары (М) (қолмен жүргізілетін
машиналар еңбек құралдарын өңдеу, қозғалту, қайта жасау үшін қолданылады,
сондықтан, бұл бөлімдегі мамандықтар жүргізуші, машинист және т.б.);
- автоматтандырылған жүйелерді қолдануға байланысты мамандықтар (А) –
машина операторлары және т.б.;
- көбінесе еңбектің функционалды құралдарымен байланысты мамандықтар
(Ф).
Еңбек жағдайлары бойынша мамандықтарды төрт топқа бөлуге болады:
- микроклимат жағдайы тұрмыстық, бөлменің жағдайларына жақын жұмыс
(Т): лаборанттар, бухгалтерлер, ЭВМ операторлары;
- барлық ауа райы жағдайында ашық ауада жасалынатын жұмыс (А):
агроном, болат және темірбетонды конструкцияларды монтаждаушы, МАИ
инспекторы;
- ерекше жағдайларда жүргізілетін жұмыс ( жоғарыда, жер астында, су
астында, жоғары және төмен температурада (Е): антенші, суда жүзуші, тау
комбайнының машинисі, өрт сөндіруші);
- адамның өмірі мен денсаулығы үшін көтеріңкі рухани жауапкершілік
жағдайындағы жұмыс (Р) – ересектердің немесе балалардың, үлкен материалды
құндылықтармен байланысты (балалар бақшасының тәрбиешілері, оқытушы,
дәрігер, тергеуші).
Мамандықтың әрбір типі үшін әрекеттер құрылымын талдай отыра,
Е.А.Климов олардың 4 тобын белгіледі:
1) қозғалыс (орнын ауыстыру, орналастыру, айналдыру және т.б.);
2) танымдылық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, елестету жіне
логикалық әрекеттер жатады;
3) тұлғааралық қатынастар әрекеттері: диагностикалық, әрекет-талап,
партнерді ақпараттық басқару әрекеті;
4) күш салуға келісу бойынша әрекеттер.
Е.А.Климов кәсіби таңдауды анықтайтын сегіз негізгі факторды атап
көрсетті:
1) отбасының үлкендерінің позициясы;
2) құрдастарының позициясы;
3) мектептің педагогикалық ұжымының позициясы (оқытушы, сынып
жетекшісі және т.б.);
4) жеке кәсіби және өмірлік жоспары;
5) қабілеттіліктері және оның көріністері;
6) қоғамдық құрметке талаптану;
7) әртүрлі кәсіби іс-әрекеттерден ақпараттандырылуы;
8) бейімділігі.
Мамандық таңдауды анықтайтын негізгі факторлар ретінде психологтар
мыналарды атайды: мүдделер (танымдық, мамандыққа кәсіби ынта
қою,бейімділік); қабілеттіліктер (іс-әрекеттің белгілі түрінен жетістікке
жету үшін қажетті психологиялық механизмдер сияқты); темперамент, мінез-
құлық.
Бұл факторларды субъективті факторлерге жатқызады.
Факторлардың келесі тобы (олдарды объективті деп атауға болады)
дайындық деңгейінен (үлгерімі), денсаулық жағдайынан, әлемдегі
мамандықтардан хабардар болуынан тұрады.
Әлеуметтік сипаттарды да көрсетеді: әлеуметтік орта, үй жағдайы, ата-
аналарының білім деңгейі.
Қабілеттілік факторы ерекше орын алады. Көбінесе қабілеттілік
проблемасын дарындылықпен байланыстырады, бірақ, қабілеттіліктің осындай
деңгейін индивидтен мамандықтардың аз ғана саны талап етеді.
К.М.Гуревич қызметкерлерге қойылатын талаптарды анықтау бойынша
мамандықтың үш типін бөліп көрсетті:
- әрбір дені сау адам іс-әрекеттің қоғамда қабылданатын нәтижесіне
жете алатын мамандықтар;
- әрбір адам қажетті нәтижеге жете алмайтын мамандықтар;
- өзінің мәні бойынша шеберліктің жоғарғы сатысына жетуді талап ететін
мамандықтар, олар адамның индивидуалды ерекшеліктеріне спецификалық
талаптар қояды (абсолютті кәсіби жарамдылықты талап ететін мамандықтар).
Мамандықтың әрбір типі адамның әртүрлі қабілеттіліктеріне және
қасиеттеріне белгілі талаптар қояды.
Адам-табиғат типіндегі мамандықтардың адамға қоятын психологиялық
талаптары: дамыған елестету, көрнекі-бейнелей ойлау, жақсы көз қапері,
байқаушылық, өзгермелі табиғат факторларын алдын ала болжау және бағалау
қабілеті, іс-әрекет нәтижесі уақыт өткеннен кейін белгілі болатындықтан,
маманға шыдамдылық, табандылық керек, ұжымнан бөлек, әсіресе, келіссіз ауа
райы жағдайында, балшықта жұмыс жасауға дайын болуы керек.
Адам- техника мамандығының көпшілігі:
1) техникалық құрылымдарды жасау, құрастыру, жинастырумен (мамандар
техникалық жүйелерді, құрылымдарды жобалайды, құраcтырады, оларды дайындау
үдерістерін жасайды. Ұсақ-түйек бөлшектерден машиналар, механизмдер,
приборлар жинайды, оларды реттейді, түзетеді);
2) техникалық құралдарды пайдаланумен (мамандар станоктарда жұмыс
жасайды, көлік жүргізеді, автоматтық жүйелерді басқарады);
3) техникалық құралдарды жөндеумен (мамандар техникалық жүйелердің,
приборлардың, механизмдердің бұзылғандарын анықтайды, жөндейді, реттейді,
жөнге салады) байланысты.
Бір техникалық құрылым әртүрлі мамандардың еңбегін қажет етуі мүмкін
(кесте 1).

1 кесте –Техникалық құрылымдарды пайдалану
Техникалық Жинастыру Пайдалану Жөндеу
құрылым
Санды Механиканы ЧПУ станогінің Өндірістік
бағдарламамен жинастыру операторы, жабдықтарды
басқару станогіжұмысының ЧПУ станогін жөндеу слесары
слесары жөнге келтіруші
Энергетикалық Электро-монтаждауЭлектропульт Электроқұрылым
құрылым шы операторы дарды жөндеу
слесары
Прибор Радионы Радио технигі Радио
монтаждаушы аппараттарын
жөндеу слесары
Фотокино-аппараКинофото Киномеханик, Кинофотоаппара
тура аппаратураны фотограф тураны жөндеу
жинаушы-слесарь слесары

Адам–техника мамандығының адамға қоятын психологиялық талаптары:
жақсы қозғалыс координациясы; толық көру, есту, вибрациялық және
кинестетикалық қабылдау; дамыған техникалық және шығармашылық ойлау және
елестету; зейінді ауыстыру және жинақтауды дағдылау; бақылаушылық.
Адам–таңбалар жүйесі типіндегі мамандықтардың көпшілігі ақпаратты
өңдеумен байланысты, еңбек құралдарының ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Оның
болуы мүмкін:
1) ана тіліндегі және шетел тіліндегі мәтіндер (редактор, корректор,
машинка теруші, іс қағаздарын жүргізуші, телеграфист, әріптерді теруші);
2) сандар, формулалар, кестелер (программист, ЭВМ операторы,
экономист, бухгалтер, статистик);
3) сызбалар, кестелер, карталар (конструктор, инженер-технолог,
сызушы, көшірмеші, штурман, геодезист);
4) дыбыс сигналдары (радист, стенографист, телефонист, дыбыс
оператор).
Адам–таңбалар жүйесі типіндегі мамандықтардың психологиялық
талаптары: жақсы оперативті және механикалық есте сақтау; дерексіз
(таңбаланған) материалдарға ұзақ зейінді жинақтау қабілеті; зейінді жақсы
тарату және ауыстыру; қабылдаудың дәлдігі, шартты таңбалардың артында
тұрғанды көру дағдысы; ыждағаттылық, төзімділік; логикалық ойлау.
Адам – көркемдік бейне бағытындағы мамандықтар:
1) әдеби шығармаларды жазу, жобалаумен (жазушы, суретші, композитор,
моделдеуші, архитектор, скульптор, журналист, хореограф);
2) түпнұсқа бойынша әртүрлі бұйымдарды қайта орнына келтіру, жасаумен
(ювелир, реставратор, гравер, музыкант, актер, қызылағаш шебері);
3) көркемдік шығармаларды бұқаралық өндірісте көбейтумен (фарфорды
бояу шебері, тастар мен хрустальді тегістеуші, бояушы, басып шығарушы)
байланысты.
Осы типтегі мамандықтардың адамға қоятын психологиялық талаптары:
көркемдік қабілеті; дамыған көру қабылдауы; бақылаушылық; көру есте сақтау;
көрнекі-бейнелі ойлау; шығармашылық қиял; адамға эмоциналдық әсер етудің
психологиялық заңдарын білу.
Адам - адам типіндегі мамандықтардың көпшілігі:
1) адамды оқыту, тәрбиелеумен (тәрбиеші, мұғалім, спорт
жаттықтырушысы);
2) медициналық көмек көрсетумен (дәрігер, фельшер, медбике, күтуші);
3) тұрмыстық көмек көрсетумен (сатушы, шаштараз, официант, вахтер);
4) ақпараттық көмек көрсетумен (кітапханашы, экскурсия жүргізуші,
лектор);
5) қоғам мен мемлекетті қорғаумен (заңгер, милиционер, инспектор,
әскеримамандар) байланысты. Көптеген лауазымдар: директор, бригадир, цех
бастығы – жұмыстары халықпен байланысты, сондықтан оларға да Адам-адам
типіндегі мамандықтарға арналған талаптар қойылады.
Осы типтегі мамандықтардың адамға қоятын психологиялық талаптары:
қатынастыққа ынталану; танымайтын адамдармен тез тіл табыса алуы; жұмыс
кезінде адамдармен тұрақты жақсы көңіл-күйі; тілектес болу; қайырымдылық;
ұстамдылық; эмоцияны тоқтата білу; айналасындағы адамдардың және өзінің
мінез-құлқын талдау қабілеті, басқа адамдардын ойын және көңіл-күйін
түсіну, адамдардың ара қатынасын түсіне білу, олардың арасындағы
түсінбеушілікті жоюды білу, олардың өзара қатынасын жақсартуды ұйымдастыра
білу; оймен өзіңді басқа адамның орнына қоюды білу, тыңдай білу, басқа
адамның пікірін еске ала білу; сөйлеуді, мимиканы, дене қимылын игере білу;
дамыған сөйлей алу, жақсы дамыған сөйлей алуы, әртүрлі адамдармен тіл
табысу қабілеті; халықты сендіре алу қабілеті; тиянақтылық, дәлдік,
жинақтылық; адамдардың психологиясын білу.
Мамандық таңдау адамның өзінің қабілеттілігі мен мүмкіншілігін
бағалауға негізделген жеке талабының белгілі деңгейін көрсетеді. Сонымен
қатар, мамандық таңдау, өзінің кәсіби тағдырын анықтау субъектінің жоғары
белсенділігін талап етеді, қалыптасқан саналы психикалық өзін өзі реттеу
деңгейіне, бақылау-бағалау аймағының даму деңгейіне байланысты болады.
Өзінің кәсіби тағдырын анықтаудың ең маңызды факторлары:
- өзінің қасиеттерін адекватты бағалау қабілеті мамандық таңдау
факторы ретінде;
- мамандық әлемін зерттей білу, кездейсоқ факторларға сүйенбей,
мамандық туралы адекватты түсінік қалыптастыру қабілеті;
- мамандық таңдау кезінде өзіне ең басты деректі бөліп алу қабілеті,
яғни факторлардың индивидуалды иерархиясын, мамндық таңдау жағдайын барынша
адекватты бағалауды қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары
1. Кәсіби білімнің бағыттарын сипаттаңыз.
2. Кәсіби білімнің әдістері мен ұстанымдарына түсінік беру.
3. Мамандық типтеріне сипаттама беріңіз:
а) адам – тірі табиғат;
б) адам - адам;
в) адам - техника;
г) адам – таңбалар жүйесі;
д) адам – көркем бейне.
Өзін-өзі бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар:
1. Мамандықтың психикалық типтері нешеу?
1) 5;
2) 4;
3) 3;
4) 6;
5) 2.
Жауабы: 2).
2. Д.Сьюпердің айтуынша қандай жаста кәсіби жоғарылау жолында лауазым
тұрақтанады?
1) туғаннан 14 жасқа дейін;
2) 15 жастан 24 жасқа дейін;
3) 25 жастан 44 жасқа дейін;
4) 45жастан 64 жасқа дейін;
5) 65 жастан кейін.
3. Хейвигхерст бойынша қай жаста нақты кәсіби сәйкестік қалыптасады?
1) 25 жастан 45 жасқа дейін;
2) 10 жастан 15 жасқа дейін;
3) 15 жастан 25 жасқа дейін;
4) 46 жастан 70 жасқа дейін;
5) 70 жастан кейін.
4. Қай кезеңде адам мамандық таңдау мәселесін уаймдай бастайды?
1) оптант;
2) адаптант;
3) адепт;
4) шебер;
5) авторитет.
5. Қай кезеңде жас маман ұжым нормасына бейімделеді?
1) адаптант;
2) тәлімгер;
3) адепт;
4) шебер;
5) авторитет.
6. Гинзберг өзінің теориясында мамандық таңдау кезінде қандай
фактілерге көңіл бөледі?
1) ата-аналарына ұқсас мамандық таңдайды;
2) ерте балалық кезден бір сәтте шешіледі;
3) әр адамда мамандық таңдау әртүрлі өтеді;
4) өмірдің белгілі бір уақытында шешіледі;
5) қандай мамандыққа сұраныс көп.
7. Батыс мәдениетінде Холланд жеке тұлғалықтың неше типін көрсетті?
1) 7;
2) 3;
3) 5;
4) 6;
5) 4.

2 Кәсіби даму теориясы
Барлық кәсіби даму теориясы, тәжірибе көрсеткендей, өзінің мақсаты
ретінде аталған мәселелерді алдын ала анықтауды көздейді: кәсіби таңдаудың
бағыты, мансапқа жету жоспарын құру, кәсіби жетістістіктің шынайылығы,
жұмыстағы кәсіби мінез-құлықтың ерекшеліктері, кәсіби еңбектен қанағат
алуы, жеке тұлғаның білім алу әрекетінің нәтижелілігі, жұмыс орнының,
мамандықтың тұрақтылығы немесе ауыстырылуы.
Психодинамикалық бағыттың теориялық негізі З.Фрейдтің жұмысында
көрсетілген, адамның ерте балалық шақтағы тәжірибесінің барлық өмір
бойындағы тағдырын анықтайтын әсерін мойындай келе, кәсіби таңдау
детерминациясы мәселелерін шешуге және жеке тұлғаның мамандығынан қанағат
алуына көңіл бөлген.
Кәсіби таңдау және адамның кәсібилік мінез-құлқы бірқатар
факторлардың салдары ретінде түсіндіріледі:
1) ерте балалық шақта қалыптасқан талаптардың құрылымымен;
2) ерте балалық сексуалдық тәжірибесімен;
3) адамның негізгі құштарлық энергиясын қоғамдық пайдалы жылжыту және
негізгі қажеттіліктердің фрустрациясы себебінен болатын аурулардан қорғау
үдерісі ретіндегі сублимациямен;
4) маскулиндік (маскулинность) кешеннің көрінуімен (З.Фрейд, К.Хорни),
ана болуды көре алмаушылық (К.Хорни), жарамсыздық кешені (А.Адлер).
Сценарлық теория, 50-ші жылдардың ортасында американдық психотерапевт
Э.Тзерн дамытқан, кәсіби таңдау үдерісін және адамның кәсібилік мінез-
құлқын ерте бала кезінде қалыптасқан сценаримен түсіндіреді.
Сценарлық теорияда, халықтың аз ғана бөлігі өмірде толық автономияға
жетеді; өмірдің ең маңызды аспектілерінде (тұрмыс құру, бала тәрбиелеу,
мамандық пен мансап таңдау, айырылысу және өлу түрі) адам сценарийлерді,
яғни біртіндеп даму бағдарламасын, ата-анасының әсер етуімен ерте бала
кезінен дағдыланған және адамның мінез-құлқын анықтайтын өзгеше тіршілік
жоспарын басшылыққа алады деп қабылданған.
Жақсы мансаптық сценарийлер іске асуы үшін, кейбір шарттарды орындау
қажет болады: ата-аналар табыс етуді қалайды, ал бала бұл сценарийді
қабылдауға дайын, икемді; балада сценарийге сәйкес дамыған қабілеттілік
және сценарий мазмұнына қайшы келмейтін өмірлік оқиғалар болуы керек; екі
ата-анасы да өзіндік жеңімпаздар сценарийлердің иегерлері болулары қажет
(яғни, олардың жеке сценарийлері мен қарсы сценарийлері пара-пар).
Сценарлық теорияның структуралық бөлімінде субъектінің жеке тұлғалық
құрылымына және МЕН күйінің біреуінің басымдырақ болуына байланысты
кәсіби таңдаудың мазмұнына түсінік беріледі (Ата-ана, Ересек, Бала). Кейбір
адамдар үшін МЕН күйінің біреуінің басымдылығы олардың мамандықтарының
басты сипаттамасы болады: дін қызметшілері – негізінен Ата-аналар;
диагностар – Ересектер; клоундар – Балалар.
Өздерін догматикалық Ата-аналар ретінде ұстайтын жеке тұлғалар –
қауырт жұмыс жасайтын және міндеттілік сезімі бар адам, басқаларды сөгетін,
сынайтын және олармен амал-айла жасайтын адамдар, көбінесе басқа адамға
үстемдік жүргізетін мамандықтарды таңдайды (әскерилер, саясаткерлер,
компания президенттері, дін басшылары).
Өзін әрқашан Ересек көрсететін жеке тұлға әділ, алалмайтын, фактілер
мен логикаға нақты көңіл бөлетін адам, ақпаратты алдыңғы деректерге сәйкес
өңдеуге және жіктеуге тырысады.
Ондай тұлғалар абстрактылы ойлау бағаланатын, адаммен жұмыс істемейтін
мамандықты таңдайды (экономика, есептеуші техника, химия, физика,
математика).
Д.Съюпердің кәсіби даму теориясына байланысты индивидуалды кәсіби
ықылас пен мансап типтері, тұлғаның өзі туралы айтқысы келген пайымдарды
көрсететін адамның МЕН-концепциясын жүзеге асыру талпынысы ретінде
қарастырылады.
Субъектінің мамандыққа қатынасты айтатын барлық пікірлері, оның кәсіби
МЕН-концепциясын анықтайды. Оның жалпы МЕН-концепциясы мен оның кәсіби МЕН-
концепциясына ортақ болатын сипаттамалар кәсіби таңдауды алдын ала болжауға
көмектесуі мүмкін
түсінік сөздігін құрайды. Мысалы, субъект өзі туралы белсенді, іскер,
көрнекті адаммын деп ойласа және заңгерлерде сондай түсініктерге сай деп
ойласа, оның заңгер болуы мүмкін.
Американдық зерттеуші Холландтың кәсіптік таңдау теориясы 70-ші
жылдардың басында дамыған, кәсіби таңдау, тұлғаның қандай тип болып
қалыптасуына байланысты деген қағиданы ұсынды.
Батыс мәдениетінде жеке тұлғаның 6 типі көрсетіледі: реалистік,
зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік, конвенционалдық. Әрбір тип
– көптүрлі мәдениет пен тұлғалық фарторлар (ата-аналар, әлеуметтік топ,
физикалық орта, тұқым қуалаушылық) арасындағы өзара әрекеттердің нәтижесі.
Осы тәжірибеден тұлға іс-әрекеттің кейбір түрін дұрысырақ көруге
үйренеді, ол кейіннен күшті құштарлыққа айналуы, пайдалы қабілеттер
қалыптастыруға әкелуі, белгілі мамандықты ішкі сезіммен таңдауына себепші
болуы мүмкін:
1) Реалистік типтің сипаттамасы: әділ, ашық, ержүрек, материалистік,
табанды, іскер, ұқыпты. Оның негізгі құндылықтары: нақты нәрселер, ақша,
күш, статус. Ол объектілерді жүйелі түрде алмастыра алумен байланысты
жарқын, бұйрықты сипаттағы жұмысты ұнатады, әлеуметтік оқиғаларға
байланысты оқытушылық және терапевтік іс-әрекеттерден алшақ жүруге
тырысады. Ол қимылмен орындалатын дағдыларды, ептілікті, нақтылықты талап
ететін жұмыстармен айналысқанды жақсы көреді. Реалистік типтегі
таңданылатын мамандықтар: ауыл шаруашылығы (агроном, мал шаруасы, егін
шаруасы), механика, техника, электротехника, мануалды жұмыстар;
2) зерттеушілік типтің сипаттамасы: аналитикалық, сақтық, сынаушылық,
интеллектуалдық, интроверт, әдісшілдік, дәлдік, рационалдық, күй
талғамаушылық, тәуелсіздік, әуесқойлық. Оның негізгі құндылықтары: ғылым.
Ол жүйелі бақылаумен, биологиялық, физикалық, мәдени феномендерді бақылау
және түсіну үшін творчестволық зерттеулермен байланысты мамандықтар мен
жағдаяттарды артықтау көреді. Кәсіпкерлік жұмыстан алшақ жүреді;
3) әлеуметтік типтің сипаттамасы: көш басшылық, көпшілдік, жылы
шырайлылық, түсіндірушілік, сендіре алаушылық, жауапкершілік. Оның негізгі
құндылықтары: әлеуметтік және этикалық. Басқа адамдарға әсер ете алумен
байланысты жұмыстарды ұнатады (оқыту, ақпарат беру, ағарту ісі, дамыту,
емдеу). Өзін оқытушылық қабілеттерді игергенмін, басқаларға көмектесуге
дайынмын деп сезінеді. Бұл типтің кәсіби таңдауында: педагогика,
әлеуметтік қамтамасыз ету, медицина, клиникалық психология, кәсібилік кеңес
беру. Ол проблемаларды эмоцияға, сезімге, қарым-қатынастықты білуге сүйене
отырып шешеді;
4) артистік (көркемдік, креативтік) тип: эмоционалды, жан-жақты
елестетуші, импульсивті, тәжірибесіз, өзіне ғана тәндік, иірімді, шешімінің
тәуелсіздігі. Оның негізгі құндылығы – эстетикалық қасиеті. Ол ерікті,
жүйелендірілмеген әрекет түрлерін қалайды, творчестволық сипаттағы
жұмыстарды – музыка, көркем суреттер, әдеби шығармашылықты ұнатады.
Вербалдық қабілеттер математикалық қабілеттерден үстемірек болады.
Жүйеленген дәл іс-әрекеттер түрінен, бизнестен, клерктік жұмыстардан
алшақ жүреді. Өзін экспрессивті, өзіндік және тәуелсіз тұлға ретінде
сезінеді. Кәсіби таңдауында - өнер, музыка, тіл, драматургия;
5) кәсіпкерлік тип: тәуекелді, жігерлі, үстемді, менменшіл, көпшіл,
импульсивті, оптимист, рахат іздейді, қызықты оқиғаларды ұнатады. Оның
негізгі құндылықтары – саяси және экономикалық жетістіктер. Кәсіпкерлік тип
- ұйымдастырушылық мақсаттарға жету және экономикалық пайда табу үшін басқа
адамдарға айла-амал қолдануға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер түрін
таңдайды. Монотонды ақыл-ой жұмысынан, қол еңбегімен байланысты біркелкі
ахуалдармен айналысудан алшақ жүреді. Жетекшілік, статустық және
өкімділікпен байланысты мәселелерді ұнатады. Мамандық таңдауда –
кәсіпкерліктің барлық түрі;
6) конвенционалдық типтің сипаттамасы: конформдық, адалдық, іскерлік,
иірімсіз, ұстамды, тіл алғыш, тәжірибелі, тәртіпті ұнатады. Негізгі
құндылықтары – экономикалық жетістіктер. Анық структураландырылған, алдын
ала айтылған ұйғарымдар және нұсқауларға сәйкес сандармен айналысуды қажет
ететін әрекеттерді таңдайды. Мәселелер стереотиптік, тәжірибелік және нақты
сипаттар түрғысынан қаралады. Спонтандылық және оригиналдық тән емес,
консерватизм және тәуелділік сипаты басым болады. Канцелярия және
есептеумен байланысты мамандықтарға ыңғайлылық танытады: машинажазу,
бухгалтерия, экономика. Математикалық қабілеттері вербалдық қабілеттерден
артығырақ дамыған. Ол әлсіз жетекші, себебі шешімдері оны қоршаған
адамдарға байланысты. Бұл типтің мамандық таңдауында – банк қызметтері,
статистика, бағдарламалау, экономика.
Әрбір тпи өзін белгілі адамдармен, объектілермен қорғауға тырысады,
белгілі проблемаларды шешуге мақсат қояды, яғни, өзінің типіне сәйкес орта
құрады.
Эли Гинзберг өзінің теориясында, мамандық таңдау – дамушы үдеріс,
барлығы бір сәтте жүзеге аспайды, ұзақ кезең барысында ғана жүзеге асады
деген фактіге ерекше көңіл аударды. Бұл үдеріс өзіне аралық шешімдер
сериясын енгізеді, олардың жиынтығы қорытынды шешімге әкеледі. Әрбір аралық
шешім өте маңызды, себебі ол әрі қарай таңдау еркін және жаңа мақсаттарға
жету мүмкіндігін шектейді.
Гинзберг кәсіби таңдау үдерісін үш сатыға бөледі:
1) Фантазия сатысы баланың 11 жасына дейін созылады. Бұл сатыда
балалар кім болғысы келетінін, нақты қажеттілікке, қабілеттеріне,
дайындықтарына, мүмкіншіліктеріне қарамастан, сол мамандық бойынша жұмыс
табуды немесе басқа реалистік түсініктерді елестетеді;
2) гипотетикалық саты 11-ден 17 жасқа дейін созылады және 4 кезеңге
бөлінеді. Қызығушылық кезеңі, 11 – 12 жас, балалар өздерінің
бейімділіктерін және мүдделерін жетекшілікке ала отырып, таңдауларын
жасайды. Екінші кезең, 13 – 14 жас, жасөспірімдер, таңдап алынған
мамандыққа қойылатын талаптарды толығырақ біледі, оның әкелетін материалдық
игіліктері, сонымен қатар, оқу және дайындық әдістері, сол мамандықтың
талабына байланысты қолданылатын өздерінің қабілеттері туралы ойлай
бастайды.
Үшінші – бағалау кезеңі, 15–16 жас, жастар әртүрлі мамандықтарды
өздерінің жеке мүдделері мен құндылықтарына өлшеуге, сол мамандыққа
қойылатын кәсіби талаптарды өздерінің құндылық бағдарлары мен нақты
мүмкіншіліктеріне сәйкестендіруге тырысады.
Соңғы, төртінше кезең - өтпелі (17 жас шамасында), бұл кезде кәсіби
таңдау барысында, мектеп, жолдастары, ата-аналары, коллегалары және басқа
да жағдаяттардың қысымымен орта білім беру мекемелерін бітіру уақытында
гипотетикалық тұрғыдан реалистік тұрғыға өту жүреді;
3) реалистік саты (17 жастан жоғары) жасөспірімдердің соңғы шешім
қабылдауға – мамандық таңдап алуға ынтасымен сипатталады. Бұл саты терең
білім мен түсінік алуға белсенді күш жұмсалатын зерттеушілік кезеңге (17-18
жас) бөлінеді; кристаллизация кезеңі (19-21 жас аралығында), таңдау
диапазоны қомақты тарылатын және болашақ қызметінің негізгі бағыты
анықталатын уақыты; мамандандырылу кезеңі, таңдалған жалпы мамандық,
мысалы, физика мамандығы, нақты мамандандырылған бөлімшелерді таңдаумен
дәлірек анықталады (узкая специализация).
Аз қамтамасыздандырылған отбасыларынан шыққан жасөспірім- дерде
кристаллизация кезеңі ертерек басталады. Бірінші екі кезең – фантазия және
гипотетикалық – ұлдар мен қыздарда ұқсас жүреді, ал реализмге өту аз
қамтамасыздандырылған отбасыларынан шыққан ұлдарда ертерек басталады,
бірақ, қыз балалардың жоспары үлкен икемділік және әртүрлілікпен
ерекшеленеді. Зерттеулер көрсеткендей, өзінің кәсібилік тағдырын өзі
шешетін кезеңнің жасқа байланысты шекарасын дәл анықтау қиын – үлкен
индивидуалды вариациялары бар: кейбір жастар мамандықты мектеп бітіргенге
дейін анықтайды, басқаларына кәсіби таңдаудың кемелденуі тек қана 30 жаста
келеді. Ал кейбіреулері өмір бойы мамандықтарын ауыстыруды жалғас- тырады.
Гинзбург, мансап таңдау бірінші мамандық таңдаумен аяқталмайтынын және
кейбір адамдар мамандық түрін барлық еңбек еткен кезінде ауыстырып
отыратынын мойындады. Әсіресе, аз қамтамасыздандырылған әлеуметтік
топтардың өкілдерінің, аз ұлт өкілдерінің ауқаттылау әлеуметтік топтарға
қарағанда мамандық таңдау барысындағы еріктері кемірек. Әлеуметтік және
басқа да себептерге байланысты бірқатар адамдар өмір бойы мамандықтарын
өзгертуге мәжбүр болады, бірақ, өздерінің тұлғалық ерекшеліктеріне немесе
өте рахаттылыққа бағдарланғандықтарынан және қажетті келісімге баруға
ризашылығы болмағандықтан өз еріктерімен мамандығын ауыстыратын топтарда
бар.
Мамандық таңдауға кім әсер ететінін зерттей отырып, бірнеше
факторларды қарастыру керек:
1 - ата-ананың әсері етуі, олар әртүрлі әдістермен өздерінің әсерін
тигізеді: ата-аналарының мамандықтарын тікелей мұрагерлікпен алу, от
басылық бизнесті жалғастыру; ата-аналары өздерінің мамандықтарына үйрету
арқылы әсер ету; балалардың ерте жасынан бастап олардың қызығушылықтарын
және әуестенулерін мадақтау немесе ренжу арқылы әсерін тигізу, ата-аналар
өздерінің тәртіптерімен әсерлерін тигізеді; ата-аналар балаларының белгілі
мектепте немесе жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға немесе тоқтатуға
көндіріп, олардың таңдауын бағыттайды немесе шектейді (ата-ананың ішкі
мотивтері әртүрлі болуы мүмкін: ол ата-ананың өздерінің кәсіби армандарына
балалары арқылы жету тілектері, баланың мүмкіншілігіне сенбеуі, материалдық
себептер, баласының жоғары әлеуметтік статусқа жетуін тілеу және т.б.);
балалардың мамандық таңдауына ата-аналардың іс-әрекет түрлерін, белгілі
мамандықтарды қалай бағалайтыны да әсер етеді.
2 - жолдастарының және мұғалімдердің әсері. Шынды- ғында, көптеген
жастар өздерінің кәсібилік жоспарларын ата-аналарымен де, жолдастарымен де
келіседі (жолдастарының әсерімен компания құру үшін бір кәсібилік оқу
мекемесіне барулары мүмкін). Сұрастырылғандардың 39%-і жоғары сыныптарда
кәсіби таңдауға мұғалімдердің әсерін атайды. Дегенмен, ата-аналардың әсері
мұғалімдерден әлдеқайда артығырақ.
3 - жыныстықроль стеоретипы. Жастардың мамандық таңдауына қоғамда
қалыптасқан, қандай жұмысты ер адамдар, ал қайсысын әйел адамдар орындауы
керек деген көзқараста әсер етеді.
Жыныстықроль стереотипы жас жеткіншек ұлдарда ғылыми-техникалық
мамандықтарға қызығушылық тудыруы, ал қыз балаларды - өнер мен қызмет
көрсету аймағындағы жұмыстар қызықтыруы мүмкін.
4 - ақыл-ой қабілетінің деңгейіні. Мамандық таңдаудың маңызды факторы
жас адамның шешім қабыдау мүмкіншілігін анықтайтын ақыл-ой қабілеті, оның
интеллектісінің деңгейі. Көптеген жас бозбалалар реалистік емес таңдау
жасайды, өздерінде ол үшін қажетті қасиеттердің жоқтығына қарамастан,
жоғары мансапты мамандықты армандайды. Адамның таңдап алған жұмысында
жетістікке жету қабілеті, оның интеллектісінің деңгейіне байланысты.
Кейбір мамандардың айтуынша, әр мамандыққа тән өзінің интеллектілік
параметрі бар, сондықтан, интеллектісі төмен адамдар ол мамандықта жұмыс
атқара алмайды. Бірақ, интеллектінің жоғары коэффициенті кәсіби жетістіктің
кепілі бола алмайды. Мүдде, мотивация, басқа қабілеттіліктер және тұлғаның
жеке қасиеттері оның жетістікке жетуіне интеллектен кем емес әсерін
тигізеді. Әртүрлі мамандық арнайы қабілеттерді талап етеді. Белгілі
қабілеттердің болуы таңдап алынған қызмет аймағында тез жетістікке жетудің
анықтаушы факторы болуы мүмкін, арнайы оқу және қажетті тәжірибе алғаннан
кейін жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.
5 - адам мүдделерінің құрылымы. Мүдде - кәсіби әрекетте жетістікке
жетудің тағы бір маңызды факторы. Зерттеулер көрсеткендей, өздерінің
орындайтын жұмысына неғұрлым көп адам ынталы болса, олардың еңбектерінң
нәтижесі де әлдеқайда жақсы болады. Жұмыс жағдайлары тең болған кезде өз
мансаптарын жаңа бастаған қызметкерлердің қасысының мүдделері осы уақытқа
дейін сол салада танымалы болғандардың мүдделеріне ұқсас болса, солардың
жетістікке жету мүмкіндіктері жоғары болады. Мамандыққа қызығушылықты
анықтау үшін тестілеуге осы негіз болды: жетістікке жетуді алдын ала болжау
ретінде тестілінетіндердің қызығушылықтар тобының осы уақытқа дейін сол
салада жетістікке жеткендердің қызығушылықтарына ұқсастығы бағаланады.
Таңдап алынған салаға қызығушылықпен қатар интеллектісі, қабілеті,
мүмкіншіліктері және басқа да факторлар болуы қажет. Мысалы, белгілі
жұмысқа қызығушылық, онымен айналысатын жұмыс орны дайын деген ұғым емес,
яғни қызығушылықтың болуы және бос жұмыс орнының болуы сәйкес келе
бермейді. Нарық экономика жағдайында мамандық түрлеріне әлеуметтік-
экономикалық сұраныстың болуын, ол мамандық бойыншы оқудың және жұмысқа
орналасудың мүмкіншіліктерін, оның материалдық және әлеуметтік
мағыналылығын ескеру керек.
Білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық статусы неғұрлым жоғары
болса, олар айтулы мамандықтарды игергілері келеді. Кәсіби ұмтылыс
әлеуметтік статусына, сонымен қатар, интеллектуалдық қабілеті және
жастардың мектептегі үлгеріміне юайланысты. Ескере кету керек, мамандық
түріне қызығушылық пен жарамдылықтың өзара байланыстылығының деңгейі онша
үлкен емес.
Кәсіби қызығушылық пен бейімділікті дұрыс анықтау кәсіби
қанағаттанушылықты болжаудың маңызды факторы болып табылады.
Мамандықтың адекватты еместігінің себептері, өзінің кәсіби
бейімділігін кәсіпқойлықпен орындай алмауы немесе болашақ кәсіби қызметінің
мазмұнын адекватты түсінбегендігімен байланысты сыртқы (әлеуметтік)
факторлар болуы мүмкін. Студенттердің кәсіби мүдделерін зерттеу нәтижелері,
олардың 70%-ның кәсіби мүдделерінің басым көпшілігі таңдап алынған және
игеріліп жатқан мамандықтар саласына жатпайтынын көрсетті.
Әрине, ол жағдаят тек кәсіптік оқу деңгейіне ғана емес, сонымен қатар,
кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижелілігіне де кері әсерін тигізеді.
Бақылау сұрақтары
1. Кәсіби дамудың негізгі психологиялық теориясын атаңыз.
2. Мамандық таңдауға жеке тұлға типінің тигізетін әсерін түсіндіріңіз.
3. Мамандық таңдауға әсерін тигізетін факторларды сипаттаңыз.
Тест түріндегі тапсырмалар
4. Психодинамикалық бағыттың теориялық негізінде
1) З.Фрейд;
2) Э.Тэерн;
3) Д.Съюпер;
4) Холланд;
5) Э. Гинзберг.
Еңбектері жатады.
Жауабы: 1.
5. З.Фрейд ұсынған психодинамикалық бағыттың теориялық негізінде
адамның кәсібилік мінез-құлқы бірқатар факторлардың салдары ретінде
түсіндіріледі:
1) ерте балалық шақта қалыптасқан талаптардың құрылымымен;
2) ерте балалық сексуалдық тәжірибесімен;
3) адамның негізгі құштарлық энергиясын қоғамдық пайдалы жылжыту және
негізгі қажеттіліктердің фрустрациясы себебінен болатын аурулардан қорғау
үдерісі ретіндегі сублимациямен;
4) ата-ананың әсерімен.
Жауабы: 1, 2, 3.
6. Сценарлық теория ұсынылды
1) 40- шы жылдары;
2) 50- шы жылдары;
3) 60- шы жылдары;
4) 70- шы жылдары;
5) 80- шы жылдары
ұсынған ғалым
1) З.Фрейд;
2) Э.Тэерн;
3) Д.Съюпер;
4) Холланд;
5) Э. Гинзберг.
Жауабы: 2), 2).
6. Мамандық таңдауды біртіндеп даму бағдарламасы, ата-анасының әсер
етуімен ерте бала кезінен дағдыланған және адамның мінез-құлқын анықтайтын
өзгеше тіршілік жоспары деп түсіндіретін теория
1) психодинамикалық бағыт;
2) сценарлық теория;
3) кәсіптік таңдау;
4) тұқым қуалаушылық әсері.
Жауабы: 2).
7. Индивидуалды кәсіби ықылас пен мансап типтері, тұлғаның өзі туралы
айтқысы келген пайымдарды көрсететін адамның мен-концепциясын жүзеге асыру
талпынысы ретінде қарастырылатын теория
1). Д.Съюпер теориясы
2) психодинамикалық бағыт;
3) сценарлық теория;
4) кәсіптік таңдау;
5) тұқым қуалаушылықтың әсері
Жауабы: 1.
8. Холланд теориясы
1) психодинамикалық бағыт;
2) сценарлық теория;
3) кәсіптік таңдау;
4) тұқым қуалаушылық әсері
дамыды
1) 30- шы жылдары;
2) 40- шы жылдары;
3) 50- шы жылдары;
4) 60- шы жылдары;
5) 70- шы жылдары.
Жауабы: 3), 5).
9. Батыс мәдениетінде бөлуге болады
1) 3;
2) 4;
3) 5;
4) 6;
5) 7
жеке тұлға типтері
1) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік,
конвенционалдық, нарықтық;
2) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік,
конвенционалдық;
3) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік;
4) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік;
5) реалистік, зерттеушілік, артистік.
Жауабы: 4), 2).
10. Э.Гинзберг көрсетеді
1) 2;
2) 3;
3) 4;
4) 5;
5) 6
кәсіптік таңдау сатыларын
1) балалар сатысы; фантазия сатысы; жасөспірімдік саты; гипотетикалық
саты; тұлғаның қалыптасу сатысы, реалистік саты;
2) балалар сатысы; фантазия сатысы; жасөспірімдік саты; гипотетикалық
саты;
3) фантазия сатысы; жасөспірімдік саты; гипотетикалық саты; тұлғаның
қалыптасу сатысы, реалистік саты;
4) фантазия сатысы; гипотетикалық саты, реалистік саты;
5) фантазия сатысы, реалистік саты.
Жауабы: 2), 4).
11. Жас жеткіншек ұлдарда ғылыми-техникалық мамандықтарға, ал қыздарда
- өнер мен қызмет көрсету аймағындағы жұмыстарға қызығу- шылық тудыруы
мүмкін фактор _______________ .
Жауабы: жыныстықролі.

3 Студенттің психологиялық сипаттамасы
Студент термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты
жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға
ынталанған адам.
Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан
сипатталуы мүмкін:
1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және
қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы,
психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда
болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық
қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен,
нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың
психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;
2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан
шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;
3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі,
анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш,
дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы
басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа
біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында
тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.
Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның
жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер
студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз
сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі
психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады.
Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен
жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы,
вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.
Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, шың жетістітерге
жетуімен сипатталады.
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас –
адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-
құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның
әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және
т.б. Бұл кезең экономикалық белсенділіктің басталуымен байланысты,
демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек
биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп
түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің
өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің
қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының
орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем
шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік
жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына
жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен
олардың нақты жүзеге асуының арасында қайшылықтар қатар жүреді.
Сыртқы көріністің құлпыра түсуімен қатар жүретін үздіксіз жоғарылап
келе жатқан шығармашылық мүмкіншіліктер, интеллектуалдық және физикалық
күштің дамуы, олардың өздерінде күштің жоғарылауы мәңгілік жалғаса
береді, барлық ең жақсы өмір әлі алда, ойдағанның бәріне жеңіл жетуге
болады деген сағымды жасыруға әкеліп соқтырады.
Жоғары оқу орнында оқу уақыты жасөспірімдіктің екінші немесе ер
жетудің бірінші кезеңімен сәйкес келеді, ол кез Б. Г. Ананьев, А.В.
Дмитриев, И.С. Кон, В.Т. Лисовский, 3.Ф. Есарева және т.б. еңбектерінде
талданып, көрсетілген жеке тұғалық белгілердің тұрақтануының күрделілігімен
ерекшеленетін үдеріс.
Бұл жастағы адамгершіліктің дамуының өзіне тән сипаты - мінез-құлықтың
саналы мотивтерінің күшейе түсуі. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезде
өздеріне жетіспеген – мақсатқа талпыну, батылдылық, табандылық,
дербестілік, ынталану, өзін-өзі ұстай алу сияқты қасиеттер нығая бастайды.
Моральдық проблемаларға мүдделері күшейе түседі (мақсаттар, өмір салты,
қарыздар болу, махаббат, адалдық және т.б.) .
Сонымен қатар, жасқа байланысты психология мен физиология саласындағы
мамандардың пайымдауларынша, 7-19 жастағы адамдардың өз мінез-құлқын саналы
түрде реттеу қабілеті толық дамымаған. Лайықсыз мотивтер негізінде қауып-
қатерге баруы, өздерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Балалар психикасының даму сатылары
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Жоғары мектеп психологиясының пәні
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Балалар психологиясының зерттеу әдістемесі
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазғандары
Пәндер