Жоғары мектепте оқытудың қазіргі кездегі теориялары және концепциялары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары мектепте оқытудың қазіргі кездегі
теориялары және концепциялары.

1. Дидактика – оқытудың теориясы
2. Оқытудың қазіргі теориялары: оқыту, білім, дамыту
3. Оқытудың қоршаған ортамен қатынасы
4. Оқудың гуманизациясы және жеке индивидуалды теориясы.

1. Дидактика – оқытудың теориясы

Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба
көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен
тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды. (Жүсіпбек Аймауытов)
Оқыту теориясы педагогиканың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сондықтан бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды. Дидактика - гректің
дидактикос деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген
мағынаны білдіреді. Ол педагогиканың бір саласы ретінде көрінетін оқыту мен
білім берудің мәселелерін шешуші жүйе болып табылады. Бірінші болып бұл
сөзді неміс педагогы Вольфранга Ратке (1571-1635) , білім берудің мәні мен
мағынасында өз еңбектерінде қолданған. Сонымен қатар дидактика мағынасын
Я.А. Коменский барлық білім беру әмбебап өнерінің бір жүйесі ретінде
қолданылған.
Педагогикалық процестің қарастыратын негізгі мәселесі оқьпу процесі,
оның зандылықтарын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдістері
мен ұйымдастыру түрлерін жасап шығару.
Дидактиканың негізгі категориялары. Әрбір ғылымның мәні жинақталған
білімнің негізінде бірнеше ұғымдар анықталады. Осыған орай дидактиканы
сипаттайтын өзіне тән түсініктер мен ұғымдар бар. Оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың сабақ түрінде өткізілудің өзіндік тарихи жолы бар.
Орта ғасыр кезінде мектепте мұғалім сабақты оқушылар санының аздығына
байланысты әрқайсымен жеке-жеке жүргізетін. Оқудың бұл түрі балалардың
құрамын көбірек қамтып оқытуға мүмкіндік бермейтін және оқу талай жылдар
бойы ұзаққа созылса да жеміссіз болып отырды.
Сондықтан XYI-XVII ғ.ғ алдыңғы қатардағы ғалымдар оқудың бұл түрін
сынға алып, оқудың жаңа түріне көшуді ойластыра бастады. Осы жолда чехтың
ұлы педагогы Ян Амос Коменский оқудың жаңа түрін теория жүзінде көрсетіп
қана қоймай, оны іс жүзінде де асырды. Бұл қалыпты оқу өнеркәсіп, сауда
қатынастары өркендеп өсіп, ғылымда, техникада жаңалықтар шығып жатқан
заманның тілегіне сай оқу еді.
Я.А.Коменский мектепті тұрақты сыныптарға бөліп, оку жылын, оқу аптасы
мен оқу күнін нақтылы түрде ұйымдастыру арқылы мұғалім бір мезгілде көп
баланы оқыта алатынын көрсетті.
Сөйтіп 6-12 жас арасындағы ер балалар мен қыз балаларды бірдей қамтып
оқыту үшін ана тілі мектебін ұсынды. Өзінің Ұлы дидактика атты кітабында
өзі басқарған мектептің және славян елдеріндегі мектептердің тәжірибесінде
жүргізген зерттеу жұмыстарын баяндады.
Оқушылардың тұрақты бір тобына арналып белгілі жоспар, оқу програмасы,
сабақ кестесі бойынша құрылатын оқудың осы сынып-сабақ түрі өмірге өте
тиімді болатындықтан тез арада бүкіл Европа елдерінің мектептеріне тарады.
Негізінде Я.А.Коменский ұсынған оқытудың сынып сабақ жүйесін
ресейде К.Д.УШИНСКИЙ, т.б. қолдады. Осы уақыттарға дейін жетілдіріліп,
мектеп тәжірибесінен орын алып келеді.
Дегенмен, оқыту ісін ұйымдастырудың басқа да формаларын іздестірушілер
аз болады.
Сынып-сабақ жүйесіне қарсы шығушылар да болды. Олар сыныптағы
балалардың бәрі бір. Қалыпты алғыр емес, жақсы, нашар оқитындарға да бірдей
мөлшерде білім беріледі деген пікірлер білдірді.
XX ғасырдың бірінші жартысында Америка Құрама Штатында әр оқушыны жеке
оқыту мақсаты көзделініп, оқуды ұйымдастырудың жаңа түрлері шыға бастады.
Бұлардың арасынан әсіресе Елена Парккерст ұсынған Дальтонс-план (Дальтон —
қаланың аты) кеңінен тарады. Мұндағы жаңалық - әр пәнге сәйкес өз алдына
кабинет-лаборотория ұйымдастырып, мұғалімнің жасаған тапсырмасы бойынша,
әрбір оқушы сол кабинет-лабороторияда негізгі жұмысты өз бетімен жеке
орындайтын болады.
Бұрынғы Совет мектебінің алғашқы жылдарында Дальтон жоспарын
балалардың дербес жұмыс істеуіне әуестеніп, кейбір педагогтер тәжірибеде
тексеріп, сыннан өткізбестен қолдану жолына түсті. Бұлардың Дальтон-
жоспарға кіргізген өзгерістері мынадай: лабороториялық тапсырманы оқушылар
жекеленбей бірігіп бригада түрінде орындайтын болады. Оқушылар арасынан
бригадалар құрылып, совет мектебінде оқу жұмысын ұйымдастырудың бұл түрі
лабороториялық-бригадалық әдіс деп аталады.
Алайда, сыныптың тұрақты тобының сақталмауы, мұғалімнің консультант,
көмекші дәрежесінде қалуы, уакыттың дұрыс пайдаланылмауы салдарынан
мектептегі оқу жұмысында иесіздік, жауапсыздық, өз бетімен кетушілік орын
ала бастайды. Оқушылардың білім сапасы да төмендеп, олардың көпшілігі
қажетті білім көлемін меңгере алмайтындығы анықталды. Сонымен оқыту
процесін бұл жолмен ұйымдастыру ашықтан-ашық мектепке зиян келтіретіндігі
БК(б)П 0рталық Комитетінің 1932 жылы 25-тамыздағы Бастауыш орта мектепте
оқу программалары және оқудың тәртібі туралы қаулысында сыналды. Бұл
қаулыда Совет мектебінде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ
болуы көрсетілді.
Осы уақыттан бастап жалпы білім беретін совет мектебінің оқу жұмысы
сынып сабақ жүйесіне көше бастады.
Дидактиканың дамуына зор үлес қосқан, дидактиканың негізін қалаушы Чех
халқының педагогы Я.А. Коменский болды. Ол өзінің 1657 жылы жазған Ұлы
дидактика деген кітабында оқыту теориясының түйінді мәселелерін шешіп
берді. Мектептерде қазір қолданып жүрген оқытудың көрнекілік, жүйелілік,
бірізділік принциптерін Ян Амос Коменский ұсынған.
Я.А. Коменский білім беру мен оқыту барысында оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес жүруін, оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланысты
болуын талап етті, оқу ісінің ұйымдастыру түрін де өзгертті. Оқытудың класс-
сабақ системасын белгіледі. Я.А.Коменский тамаша пікірлерін басқа елдердің
педагогтері де қолдады.
Я.А.Коменскийдің дидактикалық теориясын Россияда педагог К.Д.УШИНСКИЙ
одан әрі дамытқан. К.Д.Ушинский ең алдымен оқыту процесінің мәні туралы
ілімді ғылыми негіздеді. Ол оқытудың көптеген мәселеріне психологиялық
терең негіздеме беріп оқыту теориясына толық талдау жасады. Өзінің
дидактикалық көзқарастарын бастауыш мектептерге арналған оқу кітаптарына
баяндады. ХІХ-ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы дидактика
К.Д.Ушинский идеяларының ықпалымен дамыды.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбысты есту, айту, қолмен жазу т.б.
сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс, ... егер де педагог баланың
есінде бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса ол-көз, құлақ, дауыс
бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болсада, иіс және дәм
сезімдерін де, есте сақтап қалу актісіне көбірек қатыстыруға тырысуы
керек, - деген К.Д.Ушинский.
К.Д. Ушинский дүние жүзілік классикалық педагогиканың мұрасын ескеріп
орыс мектебімен педагогика тәжірибесіне сүйене отыра дидактиканың негізгі
принциптерін анықтады.
Дидактика оқыту теориясы ретінде педагогиканың басқа проблемалармен
қатар тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де мектеп алдына
қойылған міндеттерді қарастырып отырады. Педагогика тарихында бірнеше
дидактикалық жүйе болғандығы мәлім. Ұлы педагогтардың қалдырған оқыту
жүйелері, Я.Н.Коменский, Ж.Руссо, И.Т.Песталлоцци, А.Дистервег, Л.Н.
Толстойдың, және Ы.Алтынсаринның т.б. педагог-дидактиктердің зерттеген,
ұсынған прогресшіл идеялары қазіргі заманғы мектепте де қолданылып келеді.
Ы.Алтынсарин XIX ғасырдың екінші жартысында педагогика тарихында
жинақталған тәжірибе мен идеялардың негізінде, қазақ тарихында ең алғаш
педагогикалық жаңалықтарды және шығыстың ұлы ойшылдарының еңбектерін
творчестволық жолмен зерттеді. Ол қазақ даласына бірінші рет білім
таратудың, мектеп ашудың, оқыту, дидактикалық мәселелерін қарастырған
прогресшіл педагог болды.
Дидактика зерттейтін оқыту мен білім беру процесі тек білім берушілік
сипатта болмай сонымен бірге үлкен тәрбиелік мүмкіндіктеріне негізделеді.
Сондықтан да зерттеуші педагогтерге де, мұғалімдер үшін де педагогика
классиктерінің еңбектерінің маңызы өте зор.
Білім бepy саласының қызметкерлері мен мұғалімдер алдындағы негізгі
міндеттері оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің бір-бірімен тығыз
байланысты екенін көрсетті.
Адамзат тарихында жинақталған білім байлығын игеру, шынайы ғылыми
көзқарасты қалыптастыру, білім беруді адамгершілік тәрбиесімен ұштастыру,
оқытуды өнімді еңбекпен және қоғамдық жұмыспен байланыстыру, білімді,
іскер, жан-жақты дамыған жаңа қоғам мүшелерін даярлау педагогиканың, оның
ішінде дидактиканың даму негізі болып табылады. Әсіресе, балаларды
тәрбиелеу және оқыту жөнінде дидактика оқыту психологиясымен тығыз
байланысты.
Білім мен іскерлікті меңгеру негізінде адамның психологиялық
процестері, оның жеке дара қасиеттері, себептері, мұқтаждықтары,
қызығушылықтары және бейімділікгері байқалады.
Оқыту теориясы психология мәліметтеріне сүйене отырып, оқушылардың
танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ішкі қозғаушы күштеріне жауап
беретін тәсілдері мен амалдарын іздестіреді.
Педагогикалық процесте дидактикалық әдістерді, тәсілдерді және жеке
бастың психикалық процестерін түсіндіруде, дәлелдеуде физиология саласынан
жоғарғы нерв жүйесінің динамикалық стереотиптенуі мен екі сигналдық жүйенің
әрекеттенуімен дәлелденеді.
Дидактика математика,гибернетика, информатика және есептеу
техникасымен ғылыми зерттеулер тұрғысында ғана емес, сонымен қатар мектеп
практикасымен тығыз байланысты.
Соңғы жылдары оқытуды компьютерлендіру кеңінен таралды.
Қазіргі білім саласының бірсыпыра материалдық жағдай туғызылуы,
компьютерлер мектептерде барлық пәндерін оқыту процесінде қолданылуы тиіс.
Өткен уақыттың барлық прогресшіл идеялары оқыту теориясының жүйесіне
енгізілді.
Ғылыми-оқыту процесінің негізін педагогика классиктері қалаған.
Дидактика заңдылықтарына негізделген жаңа ғылыми ойлау адамды табиғаттың
бөлігі деп есептейді, тәрбие басқа да қоғамдық құбылыстар мен тығыз
байланыста қарастырылады, тарихи және таптық сипатта болады. Философия
адамның даму зандылықтарын адамның табиғатына белсенді ықпал жасау
процесінде оны танып білетінін және өзін-өзі өзгертетінін дәлелдейді.
Ғылыми тұрғыдан оқыту үшін ғылыми білімдердің табиғатын және оларды табу
процесін ашып көрсететін таным теориясының мәні өте зор. Прогресшіл
педагогтардың еңбектерінде оқыту саласында зерттеулер мен тәрбие
жұмыстарының негізгі бағыттары әсіресе методологиялық сипаттағы
проблемалары анықталған.

2. Оқытудың қазіргі теориялары: оқыту, білім, дамыту
Оқыту біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Сондықтан да
оған сол процестің барлық негізгі заңдылықтары, құрылым бөліктері тән.
Оқыту процесі - оқытушы мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеттері
жеке бастың жан жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдындағы тұрған
міндеттерді шешуге бағытталған. Кей жағдайларда оқыту процесі мен оқу
процесін атауларын ажыратады. Соңғы атауды нақтылы оқу орындағы оқыту
процесінің ерекшелігі деп түсіндіреді. Бірақ бұл терминдердің шартты
ажыратылуы.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбие құрамды бөліктері – білім
беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп жеке мағына бере бастады.
Білім беру – бұл ұғымды ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн
Генрих Песталоции.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайлы ғылымда жинақталған білім
жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтамыз.
Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы,
орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді.
Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім
беру ҒТП-ның құдіретті факторы болып отыр.
Оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық
талаптар жүйесімен анықталады. Дидактикалық принциптер оқытушылардың таным
қызметінің оқыту мақсаттарымен тығыз байланыста болады.
Оқыту процесі пәндерді оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы
қағидалар болып табылады. Мәселен, оқыту процесіндегі оқу пәндерінің
барлығында да ең жиі қолданылатын көрнекілік принципінде, танымдық нақты
деректер мен құбылыстарды оқушы сезімдік қабылдауынан бастайды. Дәлірек
айтқанда сезім органдарының қатысуы мен оқыту процесі жүзеге асырылады.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың
біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: 1-ден оқытушы
оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, 2-ден оқушы таным
міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және
оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және
компоненттерімен сипатталады. Олар:
1. Білім, іскерлік, дағды. Білім – объективті дүниені бейнелейтін адам
баласының жинақталған тәжәрибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы
құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни
жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске
асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының
саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады.
2. Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқушылармен қарым-
қатынасы.
3. Оқушылар ұжымы.
4. Оқыту әдісі.
5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.
Сонымен оқыту – оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын және таным
қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау, т.б.) дамыту мен қалыптастыру процесі.
Мектептегі оқыту – мұғалім мен оқушының бірлікте атқаратын қызметі, ол
оқушының мұғалімнің басшылығымен саналы және тұрақты білім алуына, шеберлік
пен дағдыларды игеруіне бағытталған.
Оқыту – екі жақты процесс. Бұл процеске бір жағынан, оқытатын, сабақ
беретін мұғалім, екінші жағынан, оқитын оқушылар қатысады. Оқушы үшін
мұғалімнің оқытқаны ғана жеткіліксіз, сонымен бірге оқушылардың оқығаны да
қажет.
Оқытудың мынадай кезеңдері немесе буындары бар:
1. қабылдау;
2. ақылға тоқу;
3. есте сақтау;
4. алған білімін практикада қолдану.
Анықтамаларда көрсетілгендей оқыту процесі екі жақты сипатта болады.
Соңғы жылдардағы психологиялық, педагогикалық зерттеулер оқыту процесін -
мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің екі қосылғыштың қарапайым
қосындысы ретінде қарастыруға болмайды деп көрсетеді.
Оқыту процесінің ғылыми теориясы оқушылардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыруды, олардың білімнің ғылыми жүйесін
тиімді игеруді қамтамасыз ететін іскерлікпен дағдылануды,
танымдық күштерін дамытуды, ақыл-ой іс-әрекетінің нақтылы
амалдарын пайымдайтын, қабілеттілікті, дүние тануды және жеке
басты дамытуды қалыптастыру тәсілдері мен амалдарын зерттеуді
қарастырады.
Сонымен, оқыту процесінде оқушыларды дамыту, білім беру бірлігінде
іске асырылады.
Оқыту процесінің екі жақтық сипатында ішкі және сыртқы жақтарын
ажыратады.
Мұғалімнің материалды баяндауы, оның оқушылармен әңгімелесуі, өзіндік
жұмыстарды әртүрлі тапсырмаларды ұйымдастыру, т.б., сонымен қатар
окушылардың мұғалімнің баяндағанын тыңдау, оның сұрақтарына жауап беру,
ұсынылған тапсырмаларды орындау осының барлығы оқыту процесінің сыртқы
жағдайларына өзара байланысты.
Мектептердегі оқытудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі даму
бағыттары, жалпы білім беретін орта мектеп туралы ережесінде көрсетілген.
Бұл құжатта жеке адамның даму ерекшелігіне баса назар аударылған. Сонымен
бірге қазіргі таңдағы жалпы білім беретін мектептердің ұлттық даму
ерекшеліктеріне де көңіл бөлінген. Халықтың ұлттық мәдени талаптарын
қамтамасыз етуге жағдай туғызу оқушыларды тәрбиелеуге, оларда саналы
азаматтық позициясын, өмір сүруге, еңбекке және әлеуметтік творчестволыққа,
отан қорғауға, азаматтық жауапкершілікке даярлығын тәрбиелеу керек.
Оқыту теориясы мектептің жұмыс тәжірибесімен тығыз байланыста дамып,
белгілі нәтижелерге жетеді. Онда білім беру мен оқытудың қоғамдық
қатынастардан тәуелділік заңдылығы, олардың жағдайында білім алу процесі
іске асырылатындығы терең дәлелденген.
Бұрынғы совет дидактиктері, психологтері, методистері С.Т.Шацкий,
Т.П.Блонский, Н.П.Груздев т.б.оқушылардың ақыл-ой дамуының оқытудағы мақсат
көздеушілік процесінде белсенді және саналы түрде білімді игеру
проблемаларын зерттеген.
Оқыту тәсілдерінің түрлерін, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін
белсендіре түсуге бағытталған зерттеулер мен айналысқан ғалымдар
Ю.К.Бабанский, Б.П.Есипов, Ш.И.Ганелин, И.Д.Зверов, И.Я. Лернер,
М.И.Махмутов, И.Т.Огородников, И.И.Пидкасистый, М.Н.Скаткин т.б.
Оқыту әдістерін зерттеуге едәуір үлес қосқан - Қазақстандық ғалым
Р.Г.Лемберг. Ол оқыту амалдарының тәрбиелік, білім беру маңыздылығын,
олардың психологиялық құрылысын, методикалық тәсілдерін, сабақ кұрылысының
теориясы мен методикасын дәлелдеген.
Педагогика ғылымында оқыту мен даму аралығындағы байланыс
тереңдетілген түрде ашылып көрсетілген. Қазіргі таңда оқыту мен дамудың
қарым-қатынас проблемалары өте терең ашылған (Л.С..Выготский, А.Н.Леонтьев,
Л.В.Занков, П.Я.Галь-перин, Н.А.Менчинская т.б.)-
Соңғы жылдары мектеп реформасын іске асыру кезеңінде оқыту теориясына
және тәрбиеге белгілі үлесті озат педагогтары қосты (Ш.АЛмонашавили,
Е.Н.Ильин, А.Искаков, Р.Н.Нұ.ртазина В.Ф.Шатлов т.б.) Бұлардың бәріне тән
нәрсе - оқушыларға оқыту процесінің белсенді қатысушы ретінде көзқараста
болулары. Озат педагогтердің барлық ой-пікірлерінің ынтымақтастық
педагогикасы идеясы ретінде таралуы кездейсоқ емес. Олардың барлығы
оқушылармен қарым - қатынасты жеке адамгершілік ыңғайымен құруға тырысады.
Өз тәжірибелерінде озат педагогтар әртүрлі технологиялар мен әдістерді
топтастырып қолданған: блокты-сабақ беруді, оқытудың топтық тәсілі, тірек
белгілер, т.б

3. Оқытудың қоршаған ортамен қатынасы
Педагогикалық процесс - оқушы мен мұғалімнің бірлескен өзара әрекетіне
бағытталған, мақсат көзделінген процесс. Бұл процесс барысында оқушыларға
білім беру, тәрбие беру және оларды дамыту жүзеге асырылады.
Білім беру барысында оқушының жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін
меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.
Оқыту процесінде оқушылардың таным қызметіне мұғалімнің басшылық ету
тәсілі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалды даму деңгейі
Педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындығын дамыту мәселелері
Мотивация жайлы
Антикалық зерттеушілер жұмыстарындағы мотивация мәселелері
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері туралы
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Қазақстан, Ұлыбритания және Канада елдерінде жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану пәнін оқыту ерекшеліктері (салыстырмалы сипатта)
Демография және әлеуметтану
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Пәндер